№130 (28858) 9 шілде сенбі 2016 жыл ақпараттар ағыны ●



Pdf көрінісі
бет13/57
Дата31.03.2017
өлшемі7,41 Mb.
#10891
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   57

5. Форс-мажор

18. Еңсерілмейтін күш мəн-жайлары (жер сілкінісі, су тасқыны, өрт, эмбарго, соғыс немесе соғыс 

іс-қимылдары, мемлекеттік органдардың міндеттемелердің орындалуына тыйым салатын неме-

се қандай да бір өзгеше түрде кедергі келтіретін нормативтік құқықтық актілер басып шығаруы) 

салдарынан жəне міндеттемелер Тараптардың еркінен тыс əрі тараптардың кез келгеніне осы 

шарт бойынша міндеттемелерін орындауына мүмкіндік бермесе, Тараптар осы шарт бойынша 

міндеттемелерді толықтай немесе ішінара орындамағаны үшін жауаптылықтан босатылады. 

19.  Осы  шарт  бойынша  міндеттемелердің  орындалу  мерзімі  еңсерілмейтін  күш  мəн-

жайларының, сондай-ақ осы мəн-жайлардан туындаған салдар əрекет еткен уақытқа шегеріледі. 

20. Тараптардың кез келгені еңсерілмейтін күш мəн-жайлары туындаған кезде басқа Тарапқа 

осы мəн-жайлардың басталуы туралы күнтізбелік 30 күн ішінде жазбаша түрде хабарлауға міндетті. 

21.  Хабарламау  немесе  уақтылы  хабарламау  Тарапты  жоғарыда  көрсетілген  кез  келген 

жағдайға міндеттемелерді орындамағаны үшін жауаптылықтан босататын негіз ретінде сілтеме 

жасау құқығынан айырады. 



6. Құпиялылық

22. Тараптар шартта қамтылған ақпараттың құпия болып табылатынымен келісті жəне Тараптар 

оны қорғау үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды.

23.  Тараптардың  əрқайсысы  басқа  Тараптан  алынған  құпия  ақпаратты  жарияламауға 

міндеттенеді жəне бұл ақпаратты Қазақстан Республикасының заңнамасында тікелей көзделген 

жағдайларды  қоспағанда,  басқа  Тараптың  алдын  ала  жазбаша  келісімінсіз  үшінші  тұлғаларға 

жариялауға құқығы жоқ.

7. Дауларды шешу

24.  Осы  шарттан  туындайтын  барлық  даулар  мен  келіспеушіліктер  келіссөздер  арқылы 

шешіледі.

25. Даулар мен келіспеушіліктерді келіссөздер арқылы шешуі мүмкін болмаған жағдайда, дау 

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен сот органдарында қаралуы тиіс. 

8. Шарттың қолданылу мерзімі

26. Осы шарт Тараптар қол қойған күнінен бастап күшіне енеді жəне

 _______________________________________________________________________________ 

______________________________________________________________дейін қолданылады.



9. Шарт талаптарының орындалуын бақылау

27. Осы шарт талаптарының орындалуын бақылауды сатушы жүзеге асырады.

Бұл мақсатта сатушы басқа мүдделі мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен комиссия да 

құра алады. Тəуелсіз консультант мұндай комиссияның қарауына қажетті құжаттар мен есептерді 

комиссия белгілеген нысанда жəне мерзімде беруі тиіс.

10. Өзге де талаптар

28. Осы шартта көзделмеген қалған барлық жағдайларда Тараптар Қазақстан Республикасының 

заңнамасын басшылыққа алады.

29. Сатушы мен тəуелсіз консультанттың өзара келісім бойынша қосымша келісімдер жасасу 

арқылы осы шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізуге құқығы бар.

30. Осы шартқа қосымша келісімдердің бəрі оның ажырамас бөлігі болып табылады жəне оған 

Тараптардың уəкілеттік берілген өкілі қол қоюы тиіс.

31. Осы шарттың қолданылу мерзімінің тоқтатылуы ол бойынша Тараптар міндеттемелерінің 

тоқтатылуына əкеп соғады, бірақ егер осы шарттың талаптарын орындау кезінде бұзушылықтар 

орын алған болса, осы шарттың Тараптарын оны бұзғаны үшін жауапкершіліктен босатпайды. 

32. Осы шарт Тараптардың əрқайсысы үшін мемлекеттік жəне орыс тілдерінде бір-бір данадан 

бірдей заңды күші бар 2 данада жасалды.



11. Тараптардың мекенжайлары мен деректемелері:

Сатушы: 


____________________________

«______________________» ММ

БСН 0000000000000, 

БСК 0000000000000

ЖСК 0000000,

Телефон: 8 (7172) 00000000

__________________________

(қолы, тегі, аты, əкесінің аты) 

М.О. 

Тəуелсіз консультант: 



__________________________

__________________________ 

БСН 0000000000000,

БСК 0000000000

ЖСК 0000000,

Телефон: 8 (7172) 00000000

__________________________

(қолы, тегі, аты, əкесінің аты)  

М.О. 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

2016 жылғы 29 маусым                        №383                        Астана, Үкімет Үйі



Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің 

күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1) «Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2012-2016 

жылдарға арналған салалық бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 

12 сәуірдегі №451 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 43, 571-құжат);

2) «Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2012-

2016  жылдарға  арналған  салалық  бағдарламасы  туралы»  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің 

2012 жылғы 12 сәуірдегі №451 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан 

Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 8 шілдедегі №778 қаулысы (Қазақстан Республикасының 

ПҮАЖ-ы, 2014 ж., №45, 450-құжат).

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа 

енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

2016 жылғы 30 маусым                        №386                        Астана, Үкімет Үйі



«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық 

Банкінің Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған 

көрмесіне арналған жылжымайтын мүлік және сауда ойын-сауық 

орталығының объектілерін қаржыландыру, басқару, құрылысын салу 

және сату үшін шараларды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл 

жоспарын бекіту және «ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған 

көрмесін ұйымдастырудың және өткізудің 2013– 2018 жылдарға арналған 

ұлттық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 

2013 жылғы 15 қаңтардағы №10 қаулысына толықтыру енгізу туралы» 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 1 шілдедегі №753 қаулысына 

өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Астана 

қаласындағы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне арналған жылжымайтын 

мүлік және сауда ойын-сауық орталығының объектілерін қаржыландыру, басқару, құрылысын салу 

және сату үшін шараларды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарын бекіту және 

«ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастырудың және өткізудің 2013 

- 2018 жылдарға арналған ұлттық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 

2013 жылғы 15 қаңтардағы №10 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы 

Үкіметінің 2014 жылғы 1 шілдедегі №753 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 

ж., №45, 435-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген  қаулымен  бекітілген  Қазақстан  Республикасының  Үкіметі  мен  Қазақстан 

Республикасы Ұлттық Банкінің Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған 

көрмесіне  арналған  жылжымайтын  мүлік  және  сауда  ойын-сауық  орталығының  объектілерін 

қаржыландыру, басқару, құрылысын салу және сату үшін шараларды қамтамасыз ету жөніндегі 

бірлескен іс-қимыл жоспарында:

5-тармақтың жетінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«СОО бойынша жобалау компаниясына көрсетілген компания ұсынылатын қосымша аванстық 

төлемнің бүкіл сомасына сақтандыру шартын, корпоративтік кепілдікті және бұрын ұсынылған 

жылжымайтын мүлік кепілдіктерін ұсынған жағдайда, инвестициялаудың жалпы сомасының 60%-

нан аспайтын мөлшерде қосымша аванстық төлем берілетін болады.»;

15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«15. «Бәйтерек девелопмент» АҚ СОО-ны үлестік меншігіне алғаннан кейін күнтізбелік 30 күн 

ішінде сатып алу-сату шартына сәйкес өз үлесін СОО бойынша жобалау компаниясына мынадай 

негізгі шарттармен сатады:

Шарттың нысанасы  

- «Бәйтерек девелопмент» АҚ-ның СОО-дағы үлесін бөліп төлеу 

 

мүмкіндігімен сату;



Шарттың бағасы  

- «Бәйтерек девелопмент» АҚ-ның СОО құрылысына 

 

инвестицияларының құрылыс кезеңінде жиналған пайыздар 



 

ескерілген мөлшері;

Бөліп төлеу кезеңі  

- инвестициялау шартына қол қойылған күннен бастап 19 жыл 10 ай;

Төлем тәртібі  

- кестеге сәйкес;

Үлесті сатып алу - 

2018 


жылғы 1 желтоқсан;

бойынша бірінші

төлем күні

Бөліп төлеу кезеңіндегі   - 2018 жылғы 1 желтоқсанға дейін:

сыйақы  

- жылдық 2,5% инвестицияланған қаражат сомасына және капитал-

 

дандырылған пайыз сомасына есептеледі және жартыжылдық негізде 



 

капиталдандырылады;

 - 

жылдық 0,5% инвестицияланған қаражат сомасына және капитал-



 

дандырылған пайыз сомасына есептеледі және жартыжылдық 

 

төлемдермен төленеді,



 2018 

жылғы 1 желтоқсаннан бастап:

 - 

жылдық 3% инвестицияланған қаражат құнының қалдығына 



 

есептеледі және жартыжылдық төлемдермен төленеді;

Қамтамасыз ету  

- СОО ғимараты, СОО бойынша жобалау компаниясының жарғылық 

 

капиталындағы СОО бойынша жобалау компаниясы 



 

қатысушыларының қатысу үлесінің 100 %;

Айрықша шарттар  

- СОО бойынша жобалау компаниясының СОО қызметінен алған 

 

таза табысы «Бәйтерек девелопмент» АҚ үлесін сатып алуға 



 

жұмсалады».

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

2016 жылғы 30 маусым                        №387                        Астана, Үкімет Үйі



Нормативтiк құқықтық актiлердің мəтiндерiн кейiннен ресми жариялауды 

баспа басылымдарының жүзеге асыру қағидаларын бекiту туралы

«Құқықтық  актiлер  туралы» 2016 жылғы 6 сəуірдегі  Қазақстан  Республикасының  Заңы 

37-бабының 4-тармағына сəйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

1. Қоса берiлiп отырған Нормативтiк құқықтық актiлердің мəтiндерiн кейiннен ресми жариялауды 

баспа басылымдарының жүзеге асыру қағидалары бекiтiлсiн.

2.  Осы  қаулыға  қосымшаға  сəйкес  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  кейбір  шешімдерінің 

күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа 

енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МƏСІМОВ

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 

2016 жылғы 30 маусымдағы №387 қаулысымен бекітілген

Нормативтiк құқықтық актiлердің мəтiндерiн кейiннен ресми жариялауды баспа 

басылымдарының жүзеге асыру қағидалары

 1. Жалпы ережелер

 1.  Осы  Нормативтiк  құқықтық  актiлердің  мəтiндерiн  кейiннен  ресми  жариялауды  баспа 

басылымдарының жүзеге асыру қағидалары (бұдан əрі – Қағидалар) «Құқықтық актiлер туралы» 

2016 жылғы 6 сəуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 37-бабының 4-тармағын iске асыру 

мақсатында əзiрлендi жəне нормативтiк құқықтық актiлердiң мəтiндерiн баспа басылымдарының 

кейiннен ресми жариялауының тəртiбiн айқындайды.

2. Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

1) уəкілетті орган – облыстардың, Астана жəне Алматы қалаларының Əділет департаменттері;

2) сараптама – оның барысында баспа басылымы ұсынатын нормативтік құқықтық актілердің 

мəтіндерін Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiнде 

сақталатын  нормативтiк  құқықтық  актiлердiң  ресми  мəтiндерiне  сəйкестiгiн  тексерудi  уəкiлеттi 

орган жүзеге асыратын рəсiм;

3)  макет – кейiннен  ресми  жариялауға  жататын  нормативтiк  құқықтық  акт  мəтiнiнiң  алдын 

ала үлгiсi.

3. «Құқықтық  актiлер  туралы»  Қазақстан  Республикасы  Заңының 7-бабында  түрлерi 

көзделген  Қазақстан  Республикасының  нормативтiк  құқықтық  актiлерінің  мəтiндерiн  кейiннен 

ресми  жариялауды  (бұдан  əрі – кейіннен  жариялау)  өздері  жариялайтын  мəтiндер  Қазақстан 

Республикасының  нормативтiк  құқықтық  актiлерiнiң  эталондық  бақылау  банкiне  сəйкестiгі 

тұрғысынан  сараптамадан  өткiзiлуi  жəне  кейiннен  ресми  жариялауға  уəкілетті  орган  беретін 

қорытындыны алуы шартымен баспа басылымдары жүзеге асырады.



 2. Нормативтік құқықтық актілердің мəтiндерiн кейіннен ресми жариялау тəртібі

 4. Нормативтік құқықтық актілердің мəтiндерiн кейiннен ресми жариялау мақсатында баспа 

басылымы уəкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады: 

1) осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген нысандағы өтiнiш;

2)  баспа  басылымының  заңнамада  белгiленген  тəртiппен  куəландырылған  құрылтай 

құжаттарының көшiрмелерi;

3) макет.  

5. Осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетiлген қажеттi құжаттар келiп түскеннен кейiн уəкілетті 

орган күнтiзбелiк 15 күн iшiнде сараптама жүргiзедi.  

Сараптаманы  ұсынылған  макеттердi  Эталондық  бақылау  банкiнде  сақталатын,  сондай-ақ 

Нормативтiк құқықтық актілердiң мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiлген нормативтiк құқықтық актiлердiң 

ресми мəтiндерiмен салыстыру арқылы уəкілетті органның қызметкерлерi жүргiзедi.

6.  Жүргiзiлген  сараптама  нəтижелерi  бойынша  уəкілетті  орган  кейiннен  ресми  жариялауға 

қорытынды беру туралы не кейiннен ресми жариялаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

7.  Уəкілетті  органның  оң  қорытындысы  болған  кезде  баспа  басылымы  кейiннен  ресми 

жариялауды жүзеге асырады.

Бұл ретте уəкілетті орган кейiннен ресми жариялануға жататын нормативтiк құқықтық актiнiң 

мəтiнiне осы Қағидаларға 2-қосымшаға сəйкес көк түсті жазуы бар «Ресми мəтiн» деген мөртабан 

қояды. Мөртабан кейіннен ресми жариялауға уəкілетті органның басшысы бекіткен тиісті қорытынды 

берілетін макет мəтінінің бірінші парағының жоғарғы оң жақ бұрышына қойылады.

Кейіннен ресми жариялауға уəкілетті орган қорытынды берген нормативтік құқықтық актілердің 

мəтіні тиісті баспа басылымына ілеспе хатпен жіберіледі не заңнамаға сəйкес баспа басылымының 

уəкілетті өкіліне қолма-қол беріледі.

Уəкілетті органның қорытындысы оң болған кезде баспа басылымының құрылтай құжаттарының 

жəне макеттің көшірмелері уəкілетті органда қалады.

8. Уəкілетті орган кейіннен ресми жариялауға қорытынды алынған нормативтік құқықтық актілер 

мəтіндерінің жəне баспа басылымдарының есебін жүргізеді.

Есеп осы Қағидаларға 3-қосымшаға сəйкес нысан бойынша жүргізілетін нормативтік құқықтық 

актілердің мəтіндерін кейіннен ресми жариялауға қорытындыларды есепке алу кітабына жазбалар 

енгізу арқылы жүзеге асырылады.

9. Кейіннен ресми жариялауға қорытынды беруден бас тартылуы мүмкін. Осы Қағидалардың 

4-тармағында  көзделген  барлық  қажетті  құжаттардың  табыс  етілмеуі  немесе  құжаттарда 

ақпараттың толық немесе дұрыс көрсетілмеуі кейіннен ресми жариялауға қорытынды беруден 

бас тартуға негіз болады. 

Қазақстан  Республикасының  нормативтік  құқықтық  актілерінің  мəтіндерін  кейіннен  ресми 

жариялаудан бас тарту туралы уəкілетті органның қорытындысы бас тарту себептерінің дəлелді 

негіздемесімен жазбаша нысанда баяндалады жəне баспа басылымының құрылтай құжаттарының 

көшірмесімен жəне макеттермен бірге баспа басылымына жіберіледі, макеттің көшірмесі уəкілетті 

органда қалады. Бұл ретте макеттерге мөртабан қойылмайды.

10. Сараптама жүргізудің дұрыстығы жəне анықтығы үшін уəкілетті органның басшысы немесе 

оның міндетін атқару жүктелген адам жауапты болады.

11. Кейіннен ресми жариялауға қорытынды алған баспа басылымдары нормативтік құқықтық 

актілердің ресми мəтіндерін олардың Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің 

эталондық бақылау банкіне дəлме-дəл сəйкестікте корректорлық жəне редакторлық түзетулерсіз 

жəне қысқартуларсыз жариялайды.

12. Баспа басылымдары нормативтік құқықтық актілердің ресми мəтіндерін кейіннен ресми 

жариялау кезінде олардың қолданысқа енгізілген күнін міндетті түрде көрсетеді.

13. Нормативтік құқықтық актілердің ресми мəтіндерін кейіннен жариялау кезінде жарияланатын 

нормативтік  құқықтық  актілерге  баспа  басылымының  қандай  да  бір  түсіндірмелеріне  жол 

берілмейді.



3. Қорытынды ережелер

14. Осы Қағидалардың сақталуын бақылауды уəкілетті орган жүзеге асырады. 



1-қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 30 маусымдағы 

№387 қаулысымен бекітілген Нормативтiк құқықтық актiлердің мəтiндерiн кейiннен 

ресми жариялауды баспа басылымдарының жүзеге асыру қағидаларына қосымша

Нормативтік құқықтық актілердің мəтіндерін баспа 

басылымдарының кейіннен ресми жариялауына

ӨТІНІШ

__________________________________________________________________ 

(баспа басылымының атауы)

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 37-бабының 4-тармағының жəне 

«Нормативтік құқықтық актілердің мəтіндерін кейіннен ресми жариялауды баспа басылымдарының 

жүзеге  асыру  қағидаларын  бекіту  туралы»  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің 2016 жылғы 

_____________ № _____ қаулысының негізінде уəкілетті органнан қосымшаға сəйкес Қазақстан 

Республикасының нормативтік құқықтық актісінің (лерінің) мəтінін (дерін) кейіннен ресми жариялауға 

қорытынды беруін сұрайды.

Өзге мəліметтер: ________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________

(баспа басылымының орналасқан жері жəне өзге де деректемелер)

Баспа басылымы басшысының қолы ______________________________

20___жылғы « ____» ______________



2-қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 30 маусымдағы 

№387 қаулысымен бекітілген Нормативтiк құқықтық актiлердің мəтiндерiн кейiннен 

ресми жариялауды баспа басылымдарының жүзеге асыру қағидаларына қосымша

Ресми мәтін.

 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі

___________________әділет департаменті 

(облыс, Астана және Алматы қалалары)

3-қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 30 маусымдағы

№387 қаулысымен бекітілген Нормативтiк құқықтық актiлердің мəтiндерiн кейiннен 

ресми жариялауды баспа басылымдарының жүзеге асыру қағидаларына қосымша

Нормативтік құқықтық актілердің мəтіндерін кейіннен ресми жариялауға 

қорытындыларды есепке алу кітабы

Р/с



Баспа 

басылымы-

ның атауы

Нормативтік 

құқықтық 

актілердің тізбесі

Құжаттардың 

берілген күні

Кейіннен ресми 

жариялауға қоры-

тынды берілген күн

Өзге 

мәліметтер

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 

2016 жылғы 30 маусымдағы №387 қаулысына қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

1. «Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мəтiндерiн кейiннен ресми 

жариялау ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 22 тамыздағы 

№ 938 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 28, 315-құжат).

2. «Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  кейбір  шешімдеріне  өзгерістер  мен  толықтырулар 

енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 ақпандағы № 99 қаулысымен 

бекітілген  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  кейбір  шешімдеріне  енгізілетін  өзгерістер  мен 

толықтырулардың 5-тармағы.

3. «Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу 

туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 2206 қаулысымен 

бекітілген (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 2, 16-құжат) Қазақстан Республикасы 

Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағы. 



Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің бұйрығы

2015 жылғы 26 қаңтар                           №44                            Астана қаласы



Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын

сақтау нормативтерін бекіту туралы

«Азаматтық  қорғау  туралы» 2014 жылғы 11 сəуірдегі  Қазақстан  Республикасының  Заңы 12-1-бабының 

11)-тармақшасына сəйкес бұйырамын:

1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау нормативтері 

бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Əділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) Қазақстан Республикасы Əділет министрлігінде осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он 

күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарына жəне «Əділет» ақпараттық – құқықтық жүйесінде ресми жариялауы-

на жіберуін;

3)  осы  бұйрықтың  Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  экономика  министрлігінің  ресми  интернет – ресурсында 

жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің «Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық 

құндылықтарын сақтау нормативтерін бекіту туралы» 2014 жылғы 9 маусымдағы № 278 бұйрығының (нормативтік 

құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9542 тіркелген) күші жойылған деп танылсын.

4. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа 

енгізіледі.

Министр Е.ДОСАЕВ

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 

2015 жылғы 26 қаңтардағы №44 бұйрығымен бекітілді

Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын 

сақтау нормативтері

1. Жалпы ережелер

 1. Осы мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау нормативтері 2014 жылғы 11 

сəуірдегі Қазақстан Республикасы «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 12-1-бабының 11)-тармақшасына сəйкес 

əзірленді жəне мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын күтіп-ұстау жəне сақтау шарттары жөніндегі 

техникалық талаптарды қамтиды.

2. Тамақ өнімдері

1-параграф. Ұн мен түрлі жарма (МЕМСТ 26574, МЕМСТ 26791)

2. Ұн тарту мен жарма өнімдерін сақтау экологиялық, құрылыс, өрт қауіпсіздігі жəне санитарлық-эпидемиологиялық 

талаптарға жауап беретін қойма үй-жайларында, тамақ өнімінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жəне оның жолай 

ластану мүмкіндігін болдырмайтын жағдайларда жүзеге асырылады. 

Қаптарды «үшбұрыштап» немесе «бесбұрыштап» тігісін ішіне қаратып қатар қояды.Жақсартылған желдетуді 

талап ететін ұн мен жарманы «төртбұрыштап» жатқызып қойған жөн. Бұл жағдайда бірінші қатардағы екі қапты 

қырынан  шағын  саңылаулармен  бір-біріне  қатарлас  қояды;  сол  тəртіппен  екінші  қос  қаптарды  біріншінің  үстіне 

салады, ал үшіншісін екіншісіне жəне тағы сол сияқты.

3.  Жарылған,  жыртылған,  кеміргіштер  зақымдаған  қаптарды  қатарға  қоюға  болмайды.  Бұндай  қаптардағы 

өнімдер басқа берік ыдысқа аударылуы тиіс.

4. Штабельдің төменгі қатардағы термоылғалдиффузия салдарынан тауардың дымқылдануын болдырмау үшін, 

едені бетон, асфальт жəне тас бөлмелерде ұн мен жармасы бар қаптарды биіктігі 10 сантиметрден кем емес құрғақ, 

тақтайдан жасалған, бір – біріне тығыз байланысқан стеллаждарда жатқызып қою қажет.

Қызу ылғалдылығының араласуынан қорқпауға болатын, едені тақтай бөлмелерде ұн мен жарманы стеллаж-

сыз тура еденге жатқызып қояды.

5. Өнімдерді топтарымен, түрімен жəне сұрыптарымен штабельге жатқызып қояды. Шығару мерзімі əр-түрлі 

немесе түрлі кəсіпорынан шыққан ұн мен жарманы бір қатарға жатқызып қоюға болмайды. Қатар биіктігі өнімдердің 

түрі мен жай-күйіне жəне ауа температурасына (жыл кезеңіне) байланысты.

Неғұрлым сақтауға берік ұн мен жарманың басқа түрлерінің қатарлау биіктігі сəйкесінше 8 жəне 10 – 12 қатар. 

Штабель биіктігі «төртбұрыштап» төсеу кезінде алты қабаттан аспауы тиіс.

Көктемгі жаз мезгілінде қат – қабат биіктігін тағы бір – екі қабатқа азайтады. Өлшеп орамдалған өнімдерді ме-

талл, ағаш, сондай-ақ картон жəшіктерінде сақтайды.

6.  Ұн  мен  жарма  өткір  иісі  бар  тауарлармен  бірге  сақтауға  болмайды.  Əрбір  партиядағы  ұн  мен  жарманың 

штабель дің заттаңбасы болуы тиіс, онда өнімнің атауы, сұрпы, шығару мезгілі, вагон мен жүкқұжатының нөмірі, 

салмағы, орын саны, қоймаға түскен мезгілі мен мəліметі, сапалық куəлігінде көрсеткен (дəмі, иісі, дымқылдығы) 

деректер болуы тиіс.

Штабельді тексергенде анықталған өнімнің сапалық өзгеруін штабель заттаңбасына енгізеді.

Сақтау үдерісінде өнімдерді бақылау үшін керекті жағдай жасау жəне қоймаларды желдету, штабельдің ара-

сында, сонымен қатар ғимараттың қабырғалары мен штабель арасында 0,7 метр өткел қалдырады. Көтеру - түсіру 

жұмыстарын жүргізу қажет орындарда қат-қабат арасында 1,25 метр арақашықтық қалдырады.

7. Ұн мен жарманы қысқы мезгілде ауа температурасы 8-12

о

С төмен емес, жазғы мезгілде 25-35



о

С жоғары емес 

ғимараттарда сақтайды. Ғимараттағы ауаның салыстырмалы ылғалдылығын 60 – 75 %.

8.  Ғимараттардағы  керекті  температуралық  ылғалдылық  режимін  жылыту  (салқындату)  көмегімен  жəне 

қоймаларды желдету, сонымен қатар ауаны кондиционерлік əдісі арқылы реттейді. 

9. Көктемгі жазғы мезгілде қойманың температурасын төмендету үшін желге қарсы барлық есіктер мен желкөздері, 

ал жел ық жағында тек желкөздері ашылуы тиіс.

10. Қойма ішіндегі ылғал мен жылы ауаны сорып шығару үшін дефлектор немесе қойманың жоғарғы жағындағы 

ауа сорып шығатын тесіктер қолданылады. Дефлекторлар ысырмамен жəне су бұру үшін қабылдау науасымен 

жабдықталады.

11. Ұн мен жарманың түсін, дəмі мен иісін жылдың суық мезгілінде (олардың температурасы 5

о

С жəне төмен) 



кемінде айына 1 рет, жылы мезгілінде кемінде онкүндікте 1 рет анықтайды. Түсі өзгергенде, бөгде дəм мен иіс пайда 

болғанда желдету, суыту, кептірудіқолдану қажет.

12. Өнімнің температурасын жылдың суық мезгілінде кемінде айына 1 рет, ал жылы мезгілінде кемінде 2 рет өлшейді. 

13. Ұн мен жарманың ылғалдылығымен қышқылдығын кемінде айына 1 рет анықтайды.

14. Сақтау мерзімдері:

1) бидай жəне қара бидай ұны – 1 жыл;

2) қарақұмық жармасы – 15 ай;

3) күріш жармасы – 12 ай.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет