§14 Энергияныњ графикалыќ кµрінісі


§ 35. Салыстырмалықтың арнайы теорияның постулаттары



бет31/40
Дата27.01.2022
өлшемі1,42 Mb.
#24455
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   40
§ 35. Салыстырмалықтың арнайы теорияның постулаттары.
Ньютонның классикалық механикасы жылдамдығы аз макроденелердің қозғалысын бейнелейді. Бірақ ХІХ ғасырдың соңында кейбір тәжірибелер үшін классикалық механиканың заңдары орындалмады. Мысалы, зарядталған бөлшектердің шапшаң қозғалысы бұл заңға бағынбайды. Сонымен қатар, жарықтың таралуын Ньютон механикасымен түсіндіруге болмайды. Егер жарық көзі және жарық қабылдағыш бір-біріне қатысты түзусызықты және бірқалыпты қозғалса, классикалық механика заңын сәйкес, өлшенетін жылдамдық олардың салыстырмалы қозғалыс жылдамдығына тәуелді болуы қажет. 1881 жылы американ физигі А.Мойкельсон (1851-1913) өзінің тәжірибесінде және 1887 жылы Е.Морлимен қосылып интерферометр қолданып эфирге қатысты Жердің қозғалысын (эфирлі желді) анықтамақшы болды. Бірақ, оның бұл тәжірибесі ещқандай қорытындыға әкелмеді. Басқа да тәжірибелер сияқты бұл тәжірибе кезінде бір-біріне қатысты қозғалатын жүйелерде жарық жылдамдығы бірдей бола берді. Бұл классикалық механикадағы қосу ережесіне қарсы келеді.

Соған қоса, жарықты электромагниттік толқын деп санаған Дж.К.Максвелл мен классикалық теория арасында келіспеушілік пайда болды.осындай келіспеушіліктерді шешу үшін жаңа теоиря қажет болды. Оған физика негізін қалаушылардың бірі А.Эйнштейннің еңбегін жатқызуға болады. Эйнштейн әлемдік эфирдің – абсалютты жүйе ретінде алынатын ерекше ортаны болмайтындығын дәлелдеді. Сонымен қатар, салыстырмалылық арнайы теориясының негізін қалаған Эйнштейн болатын бұл теория бойынша уақыт біртекті, ал кеңістік және изотропты болып табылады. Салыстырмалылық арнайы теориясын релятивистік теория деп те атайды, ал осы теориямен сипатталатын спецификалық құбылысты – релятивистік эффект деп атайды.



Эйнштейн 1905 жылы салыстырмалылықтың арнайы теориясының постулаттарын тұжырымдады:

  1. Салыстырмалылық принципі: Берілген инерциялды санақ жүйесінде жасалған тәжірибелердің ешқайсысы жүйе тыныштықта тұрғанын немесе бірқалыпты және түзусызықты қозғалатынын анықтауға мүмкіндік бермейді; бір инерциялды санақ жүйесінен басқаға өтуге қатысты барлық заңдар инвариантты болып табылады.

  2. Жарық жылдамдылығының инварианттілік принципі. Вакуумдегі жарық жылдамдығы бақылаушының немесе жарық өзінің қозғалыс жылдамдығына тәуелсіз және барлық инерциялды анақ жүйесінде бірдей. Эйнштейннің І постулаты Галлилей принципінің жалпыламасы бола отырып, таңдап алынған инерциялды санақ жүйесіне қатысты барлық физикалық заңдар инвариантты деп, ал осы заңдарды сипаттайтын теңдеулер барлық инерциалды санақ жүйесінде бірдей деп тұжырымдайды. Яғни осы постулатқа сәйкес барлық инерциялды санақ жүйесі тепе-тең. Эйнштейннің ІІ-постулатына сәйкес жарық жылдамдығының тұрақтылығы – табиғаттың іргелі қасиеті болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет