№3 (22) 2011 Халел Досмұхамедов атындағы


Использованная литература



жүктеу 2.32 Mb.
Pdf просмотр
бет17/20
Дата22.12.2016
өлшемі2.32 Mb.
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20

Использованная литература
1. Официальный сайт Министерства индустрии и новых технологий РК www.government.kz 
2. Официальный сайт НКОК 
www.ncoc.kz
   

 
104 
 
Түйіндеме 
Мақалада  «жергілікті  компонентті»  ынталандыруға  қатысты  мемлекеттік  саясаттың 
басымдылықтары,  сонымен  қатар  сатып  алу  жүйесінде  Қазақстанның  қатысу  үлесін  арттыруға 
арналған  Қазақстандағы  басқадай  ірі  мұнай  компанияларымен  қоса  Аджип  ҚКО  компаниясының 
міндеттері айқындалған. 
Summary 
The  article  defines  the  priorities  of  state  policy  on  promotion  of  “local  component”  in  oil  and  gas 
sector,  also  Agip  KCO  objectives  jointly  with  other  major  oil  companies  of  Kazakhstan  for  local  content 
increase in procurement system. 
 
 
УДК37.011.31 
 
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ОҚУШЫЛАР ТҰЛҒАСЫН ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ МҰҒАЛІМНІҢ РӨЛІ 
 
Ә.Есмұрзаева, 
Қазақ ұлттық өнер университетінің магистранты
 
       
Қай  елдің  болсын  өсіп-өркендеуі,  әлемдік  ортада  алдыңғы  шептен  орын  алуы  оның  ұлттық 
білім  беру  жүйесінің  қалыптасуына,  даму  бағытына,  қазіргі  таңдағы  оқытудың  дидактикалық  жаңа 
сипаты-  жаңа  оқыту  технологияларын,  оқу  ақпараттарын  ұтымды  пайдалану,  шығармашылық  оқыту 
түрлерін  кеңінен  пайдалануға  байланысты  [1,132].  Себебі,  қазіргі  заман  мектебі  жоғары  деңгейде 
маманданған кәсіпқой  мұғалімді  күтуде. Сондықтан, бүкіл әлем бұл  күнде  тәлім-тәрбие қызметіне ең 
білгір,  ең  талантты,  өте  жауапкершілікті  педагог-мамандарды  қатыстыру  қажеттігін  мойындап  отыр. 
Себебі,  адам  тағдырында  мектептік  кезеңі  аса  маңызды  да  мағыналы  кезең  болып  табылады. 
Балалардың өмірлік бастауында білімсіз педагог тұрса, одан келер шығынды өлшеп болмайды. Егер де 
бала-бақша  тәрбиешісі,  мектеп  мұғалімі  қателесіп,  балаға  қажетті  назар  аудармаса,  оған  қажет 
нәрсені  уақытында  байқап,  бейімдемесе,  онда  бұдан  келер  кемшілікті  ересек  дәуірде  түзеу  оңайға 
соқпайды. 
Міне, сол себепті  болашақ педагог оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасын, олардың бірлікті 
еңбегінің  нәтижесін  мектептегі  басты  құндылықтар  екенін  түсініп,  оны  есінде  мықты  сақтауы  қажет. 
Өйткені, бала тәрбиенің құралы емес, мақсаты, сондықтан баланы мектепке икемдестірмей, керісінше, 
мектеп,  мұғалімдер  бала  табиғатын  өзгеріске  түсіру  ықпалын  жасамай  тұрып,  шығармашылық 
қабілетін  айқындап,  оны  өз  мүмкіндігінше  даму  деңгейіне  жеткізу  үшін  оқушы  болмысына  икемдеуі 
тиіс. 
Шығармашылық-бұл  адамның  өмір  шындығында  өзін-өзі  тануға  ұмтылуы,  ізденуі.  Адам 
бойындағы шығармашылық қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу адамның рухани күшін 
нығайтып, өзін-өзі табуына көмектеседі. Өйткені, адам туынды ғана емес, тудырушы да, жаратушы да. 
Адамның  өз  болмысын  тануына  көмектесіп,  тереңде  жатқан  талап-тілегін,  қабілеттерін,  ерік-жігерін 
дамыту,  сол  арқылы  оған  толыққанды  өмір  сүру  үшін  жаңа  рухани  күш  беру-білімнің  ең  маңызды 
мақсаты. 
Білім  –  бұл  мұғалім  мен  оқушының  субъектив-объектив  әрекет  жолдарымен  мақсатқа  жетуді 
көздеген педогогикалық  процесс жүрісі. Адамның тұлғалық дәрежеге жетуі оның қоғам мұраттарына 
сай қалыптасуы педагогикалық процестен тыс іске асуы мүмкін емес.  
Сондықтан,  қаншалықты  кең  тараса  да,  бір  қарағанға  тұрақты  болып  көрінгенімен,  «білім»  
түсінігі  көп  мәнділігімен  ерекшеленеді.  Әдетте,  бұл  термин  мазмұны  жағынан  келесідей 
түсініктемелерге ие болуы мүмкін: білім жалпы адамзаттық құбылыс; білім  - әлеуметтік мәдени мұра; 
білім – жүйе; білім – педагогикалық процесс; білім – нәтиже, білім - құндылық.  
Құндылық ретінде, негізінен, әлеуметтік ілгерілеумен байланысты ұнамды мән-мағыналы оқиғалар мен 
құбылыстар  ғана  танылады.  Әрқандай  тарихи  нақты  қоғамдық  формация  әлеуметтік  реттілікті 
қамтамасыз  етуші,  өзіне  ғана  тән  құндылықтар  жиынтығына  ие.  Сол  құндылықтарды  танып  меңгеру 
негізінде тұлға қалыптасады, қоғамда қабылданған тәртіптер жүйесі қолдау табады.     
Адамзат  дамуының  әрқилы  кезеңдерінде  де  өзгеріске  түспей,  тұрақты  қалпында  сақталатын 
құндылықтар  да  болады.  Мұндай  құндылықтар:  өмір,  бейбітшілік,  еңбек,  денсаулық,  махаббат, 
әсемдік, шығармашылық және т.б. – адамзат қауымының гуманистік бастауы болған бұл категориялар 
мәңгілік, ешбір төңкеріс не идеология, саясат оларды жоюы мүмкін емес. Әр тарихи кезеңде олардың  
мәні қайта қарастырылып, жаңа көзқараспен басқаша бағалануы ықтимал.   
Міне,  сол  жалпы  құндылықтар  арасында  педагогикалық  құндылықтар  өз  алдына  дербес  топ 
құрайды. Олардың мәні тәрбиелеу және білім беру қызметінің ерекшелігі, оның әлеуметтік рөлі және 
жасампаздық мүмкіншіліктерімен анықталады. 

 
105 
XX ғасырдың басында қазақ халқының көрнекті жазушысы Жүсіпбек Аймауытов: «Сабақ беру 
үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер»,- деп орынды айтқан [2,17]. 
Сондықтан әр мұғалім өзінің өмірлік тәжірибесінде баланы субъект ретінде оқу ісіне өзінше қызықтыру, 
оған  қабілетін  арттыратын  жағдай  туғызу,  ойлау  дағдыларын  жетілдіру,  ынтасын  оятуды  алдына 
мақсат етіп қоюы керек. Осы мақсатпен оқушының шығармашылық қабілетін дамытуды негізгі ұстаным 
ретінде  қолдануы  тиіс.  Ондағы  басты  мәселе:  оқушылардың  дүниетанымдарын  кеңейту  және  оның 
жеке қабілеттерін көре біліп, оны дамытуға толық мүмкіндік туғызып, қабілетіне қарай шығармашылық 
жұмыспен  шұғылдануға  машықтандыру,  бойындағы  қасиетіне  қарай  ізденуге  жол  көрсету,  өз 
жұмысының  нәтижесін  көріп,  өз-өзіне  сын  көзбен  қарауына  және  жеткен  жетістігінен  ләззат  алуға 
мүмкіндік  беру.  Бүгінгі  таңда  қоғам  қойып  отырған  талаптардың  бірі,  міне,  осы  шығармашылық, 
сұранысқа  сай  тұлғаны  тәрбиелеу.  Олай  болса,  шығармашылыққа  баулу,  қалыптастыру  процесі  нақ 
мектепте басталады. 
Яғни,  қазіргі  мектеп  қандай  болу  керек?  Бұл  өте  ауқымды  мәселе.  Бүгінгі  күнде  жалпы  орта 
білім  беретін  мектеп  –  жаңа  қоғам  мектебі,  болашақ  мектебі,  яғни  мәдени  саналы,  халықтық 
мәдениетке  интеграцияланған,  баланың  жеке  басының  дамуына  педагогикалық  жағдай  жасайтын 
және өзін-өзі тануына көмектесетін, физикалық және рухани жағынан экологиялық таза ізгілендірген, 
өмірге,  дүниеге  тік  қарай  алатын,  қоршаған  ортамен  жүйелі  байланыс  түзетін,  білімнің  жаңа 
мазмұнымен  байланысқан,  әлеуметтік  өмірге  бейімделген  бәсекеге  қабілетті  жаңа  ұрпақ  өсіріп, 
дамытып  жетілдіретін  мектеп  болуы  тиіс.  Мұндай  өнімді  және  нәтежелі  сапалы  білімге  ие  болу 
жолында бүгінгі күні  мектептің жаңа формасына деген қажеттілік туады.  
Бізге,  Адамды  –  тәрбиелеп,  өсіретін  қоғамды  жөндей  алатын,  өркениетті  демократиялық 
қоғамның үлкен азаматын қалыптастырып шығаратын мектеп қажет. Ал, мұндай тұлға тәрбиелеу негізі 
мектептің жүрегі мұғалімге жүктеледі. 
Демек,  болашақтың  мектебі  оқушының    көзқарасымен  қалыптасып,  оның  құқығымен  тығыз 
байланысты болуы керек. Сонымен қатар, ол мектеп бірнеше сатылы және әр бағыттағы, әр  салалы 
болғаны жөн. Оқушы өз білім дәрежесіне сай, жүрек қалауымен мектебіндегі пәнге, мұғалімге, сүйген 
мамандығына  баруға  тиісті.  Оқи  жүріп,  қолы  босында  еңбек  ету  үшін  болашақ  тұрмыс,  өмір  сүру 
жағдайларын ойластырғаны жөн. 
Яғни,  білімге,  ғылымға  өнерге  ынтасы  бар  балаларды  педагогикалық-  психологиялық  әдістер 
арқылы бөліп, сол оқушыларға әр түрлі жағдайлар жасау қажет. Ең алдымен, мұғалім алған пәндері 
бойынша ғылымның әр саласынан оқушыларға қажетті дәріс, түсінік бергені дұрыс. Бұл жерде қазіргі 
болсын,  бұрынғы  болсын  қатып  қалған  тәртіптен  айырылу  қажет.  Сыныппен  еркін,  тығыз  табиғи 
байланыста болғаны жөн. Мейірбандылық, имандылық шарттарын сақтай отырып, оқушыларғаеркіндік 
беру  керек.  Жолдастарыңмен  қалай  қатынас  жасасаң,  оқушыларыңмен  де  сондай  қатынаста  болған 
жөн. Тек, өздік ойлауға, өздік ізденіске, білім алуға  үйрету де назардан тыс қалмаса болғаны. 
 Шығармашылық  тұлға  қалыптастырудың  бір  жолы  ең  алдымен  оқушылардың  танымдық 
ізденістерін  тиімді  ұйымдастырумен  жүзеге  аспақ.  Шығармашылық  қабілет  әр  мұғалімнің  табиғатына 
тән  нәрсе.  Мұғалімнің  міндеті,  оқушыға  оның  бойындағы  жасырын  жатқан  мүмкіндіктерін  ашып 
көрсету.  Оқушыны  өз  бойындағы  шығармашылыққа  баулу,  мұғалімнің  өз  еңбегінің  нәтижесін  көруге, 
оны бағалауға бағыттау болып табылады. Шығармашылық қабілетті дамыту шығармашылықпен ойлау 
қызметін  жетілдірумен  тығыз  байланысты.  Мұғалімнің  шығармашылық  қабілеті  оның  ойлауы  мен 
практикалық  әрекеттері,  ізденімпаздығы  арқылы  дамиды.  Сабақ  беру  барысында,  мұғалім  заман 
сұранысына  сай,  барынша  жаңа  технологияларды  пайдаланса,  қызықтыра  білсе  ғана  оқушының 
интеллектісінің көзін ашып, шығармашылық қабілетін дамытады.  
Шығармашылық  қабілет-  ойлаудың  ең  жоғары  деңгейі,  қарекеттің  нағыз  жетілген  түрі, 
жұмыстың  қай  саласында  болмасын  табыс  кілті.  Шығармашылық  еңбектің  негізінде    тиімді  жұмыс 
атқарылады,  сапалы  тауар  шығарылады,  бәсекеге  қабілеттілік  қамтамасыз  етіледі.  Сол 
шығармашылық  үрдістің  нәтижесінде  ғана  ерекше  жаңалық  ашылады,  қайталанбас  іс-әрекет 
жасалады,  ерекше  мол  өнім  алынады,  керемет  құбылыстардың  мәні  айқындалады,  айрықша  сапалы 
қызмет көрсетіледі, адамның қабілеттілі артады, аса байлыққа қол жеткізіледі. Ал, осындай нәтижеге 
қол жеткізу мұғалімнің шеберлігіне ғана байланысты. Сондықтан, мұғалімнің рөлі аса маңызды болып 
табылады.  
Сол себептен, мұғалім білімді, өз ісінің шебері болуы үшін, алдымен, педагогиканы біліп, одан 
кейін  кәсіби  ой  толғастыруға  үйреніп,  содан  кейін  іс-әрекет  жасауы  қажет.  Педагогика  оқу  тәрбие 
қызметінің жағдайлары мен нәтижелері арасындағы жалпы тәуелділік байланыстарды ашып береді. Ол 
оқу  мен  тәрбиенің  көзделген  нәтижесі  қалай  орындалатынын,  неліктен  проблемалар  туындайтынын 
көрсете отырып, күнделікті кезігетін қиыншылықтарды жеңудің жолдарын көрсетеді. 
Оқу-тәрбие  барысында  ең  алдымен  шәкірттерде  құндылықты-  мәнді  сұраныстар  мен  ниеттер 
қалыптастыру  міндеті  тұрады,  олар  тұлғаға  қажет  сапа-қасиеттердің  орнығуына  негіз  ретінде 
қабылдануы  ләзім.  Болашақ  қоғам  мүшесі  –тұлға  педагогикалық  процесс  аймағында  өз  әрекет  – 

 
106 
қылықтарына,  қоғам  мен  ел  тағдырына,  қоршаған  ортаны  қорғауға  деген  жауапкершілік  сезімін 
қалыптастырып,  әділетсіздік  пен  немқұрайлықтан  қашық  болуға  баулынады,  өзінікінен  басқаша 
пікірлерді  ымырашылдықпен  тыңдап,  ұрда-жық  ысырып  тастамай,  қажеттісін  педагогикалық  процесс 
нәтижесінде қабылдауға үйренуі тиіс. 
Педагогикалық  процесс  осыдан  білім  беру,  тәрбиелеу  және  дамыту  міндеттерін  шешуге 
бағытталып, арнайы ұйымдастырылған педагог пен тәрбиеленуші арасындағы өзара ықпалды қызметті 
аңдатады,  яғни  педагогикалық  процесс  –  бұл  анайы  тар  мағынадағы  оқу  мен  тәрбиенің  бірлігін 
қамтамасыз ету жолымен кең мәндегі тәрбиені іске асыруды көздеген біртұтас процесс.  
Мәндік,  мағыналық  тұрғыдан  педагогикалық  процесс-әлеуметтік  құбылыс.  Педагогикалық 
процестің  басты  мақсаты-  қоғамның  әлеуметтік  тапсырысын  іске  асыру,  яғни  өздеріне  жүктелінген 
міндеттерді  табысты  шеше  білетін  адамдардың  жан-жақты  дайындығын  қамтамасыз  ету. 
Педагогикалық процеске әлеуметтік тәжірибе ұсынылады, әрі ол белсенді игеріліп барады, бұл мақсат 
бағдарлы  ұйымдастырылған  іс-әрекеттер  жәрдемімен,  тәрбиелеуші  және  тәрбиеленушілер  қарым-
қатынасымен, шәкірттер санасына, еркі мен көңіл-күйіне жүйелі әсер етумен орындалып жатады.  
Педагогикалық  процестің  ең  алдымен  көзге  түсер,  тілге  алынар  бірліктері-  бұл  оқу  және 
тәрбие.  Осылардың  арқасында  тұлғаның  білімділігі,  тәрбиелілігі  және  дамуындағы  іштей  өзгеріс 
процестері іске асады. Өз кезегінде, оқу және тәрбие процестері бір-біріне ұштасқан нақты іс-әрекет 
процестерінен құралады: оқу-оқыту, білім алу және бұдан туындайтын өзіндік тәрбие. 
Білім  мазмұнының  міндеті-қоғамның  әлемдік  деңгейге  сай  жалпы  және  кәсіби  мәдениетін 
көтеру,  оқушылар  санасында  осы  заман  білім  деңгейі  мен  білімдену  бағдарламасының  талаптарына 
сәйкес  әлем  бейнесін    қалыптастыру;  тұлғаның  ұлттық  және  әлемдік  мәдениетке  араласуына;  осы 
күнгі  қоғамның  төл  тумасына  айналған  және  сол  қоғамды  жетілдіруді  мүдделеген  адам  және  азамат 
тәрбиелеу; қоғамның мамандар қорын жаңғырта көбейтіп, әрі қарай дамыту. 
Міне,  осы  айтылған  адами  қасиеттер  мен  құндылықтардың    бәрі  тұлғаның  бойына  тек 
мұғалімнің жасаған ерен еңбегі,білімі мен шеберлігінің нәтижесінде ғана бойға дариды. 
 Сондықтан, ғарыштық жылдамдықпен дамып келе жатқан ұшқыр уақыт бізден білім беруді бір 
сәт те босаңсытпауды талап етеді. ХХІ ғасырда мемлекеттердің өркениеттілігі мен қуат көзі — шикізат 
байлықтарымен,  көне  тарихи-мәдени  мұраларымен  ғана  емес,  сол  ел  тұрғындарының  интел-
лектуалдық,  білімділік  деңгейлерімен  де  анықталмақ.  Олай  болса,  білім  —  мемлекеттің  тұрақты 
экономикалық  дамуы  мен  елдің  бәсекелестік  қабілетін  анықтаушы  фактор  және  қауіпсіздік  кепілі 
десек, мұғалім соған жетудің кілті. 
 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы.-Астана, 2004 ж 
  2. Аймауытов  Ж. Таңдамалы шығармалары.-Алматы, 2000 ж. 
3. Жұмабаев М. Педагогика. – Алматы,1991ж. 
4.Қоянбаев Ж.К. Педагогика. – Алматы, 2001 ж.  
5. Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика.- Алматы, 2000 ж. 
6. Ұзақбаева С. Тамыры терең тәрбие. – Алматы, 1995 ж. 
 
Резюме 
     В  статье  автором  рассматривается  роль  учителя  в  формировании  и  развитии  творческой  и 
интеллектуальной личности школьника. 
Summary 
      Inventor is examinesing forming and development of pupil`s in their`s forming and development. 
 
 
ҒАЛЫМДАР  ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ  РУХАНИ  АДАМГЕРШІЛІК  ТӘРБИЕСІНІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ  
МӘНІ 
 
А.Қ.Асқарова, 
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің магистранты
 
           
         Әуелі біз елді түзеуді бала оқыту ісін түзеуден бастауымыз керек,неге  
              десеңіз, болыстық та, билік те,халықтық та оқумен түзеледі.                                                                                                       
 А.Байтұрсынов 
 
Адам  өмірінің  алтын  бесігі – мектептің есігін ашқан  жас ұрпаққа  адам  бойындағы адамдық 
асыл қасиеттерді қастерлеп,өмір талабына сай  заңдылықтарды көңілге түйіп,әдептілік,  имандылық, 
инабаттылық, мейірімділік, қайырымдылық  қалыптасқан халқымыздың асыл да абыройлы қасиеттерін  
олардың  сана-сезіміне,  ақыл-парасатына  ұялата    білу  үшін,  әрбір    тәрбиеші,  ұстаз  халық 

 
107 
педагогикасын,  сан  ғасырларда  қалыптасқан  салт-дәстүр  мен  әдет-ғұрыптарды    жан-жақты  терең  
білумен қатар, өзінің бойына  адамдық қасиеттерді терең  сіңірген, рухани жаны  таза  адам  болуы 
шарт.  Ол    рухани-адамгершілік  тағылымдарды  әр    ұстаз  барлық    сабақ    кезеңдеріне  негізге    алып, 
өмірмен байланыстыра  отырып    өткізсе,  көкірегі ояу,  мінез-құлқы  дұрыс, саналы адам тәрбиелеп 
шығарады. 
Рухтың  мекені  –  адамның    жүрегі.  Жүректің  жылуы,  махаббат,  ар-намыс,  қайрат-жігер  деген 
сезімдердің барлығы да осы рухтан  туындайды. 
Әбу-Насыр  Әл-Фараби
  (850-950)  білім-ғылымының  барлық    салаларының  негізін  қамтитын 
орасан    мол    мұра    қалдырды.  Аристотельден  кейінгі  «Екінші  ұстаз»  атанды.  Әлемнің    негізгі  
тұрақтысы-адам.  Адамның  ақыл-ой  парасаты  ойдағыдай  дамып  жетілсе,  дұрыс  өркендей  алады. 
Қажетті дағдылар мен жақсы мінез-құлық  адамды бақытқа кенелтеді. Жаман мінез-құлық  бұл рухани 
дерт, жақсы мінез-құлық  пен ақыл-ой парасаты адамның басты қадір – қасиеттері қалыпты іс-әрекет 
үстінде ғана қалыптасады.  
 Қандай  болсын  әдіс,  тәсіл(мақтау,  бетіне  басып    ұялту,  көзін  жеткізу,  көндіру,т.б.) 
тәрбиешіден  асқан  имандылық  ,  ізетті  талап  етеді,    осылай    ғана  ол    шәкірттерден  шындықты, 
адамгершілікті, сыпайылықты, әділдікті  талап  ете  алады.Жақсы  мінез-құлық  пен ақыл күші  болып, 
екеуі біріккенде – бұлар адамшылық қасиеттер болып  табылады. Біз қажеттер дегенде әрбір нәрсенің  
игілікті жағын айтамыз. Адам  бойындағы  мінез-құлық  сапаларының абзалы да,  оңбағаны да  жүре-
тұра пайда болды. 
Қожа-  Ахмет  Яссауи
  (12ғ.)«Диуани  хикметте»  иманды,  адам,ақыл-парасатқа  жетелеу, 
шыдамды, төзімді болу, жүріп-тұру секілді жалпы адамгершілік  нормалар дәріптеледі. 
                                         Рахым  болып ғаріптерге шапағат еткін, 
                                         Ғаріптерді көрген жерде қорламаңыз. 
                                         Ғаріптерге ашумен сөз қатпаңыз, 
                                         Сорлы екен деп, ғаріптерге тас атпаңыз. 
                                         Бұл дүниеде ғаріптердей адам болмас,  
                                         Құмар болса, ей достар, нәпсіге еріп, 
                                         Ертелі-кеш жалған айтып, байғам жүріп. 
Асан  Қайғы    жырау
  (15ғ.)  ру-тайпалық    одақтардың    құрылымы,  халықтың  дәстүрлері,  
жақсылық    пен    жамандық    туралы    сыр    шертеді,    қандастарын  тату-тәтті,  бейбіт  өмір  кешуге,  ізгі 
ниетті адал  жан болуға  шақырады. 
                      Таза мінсіз  асыл  тас 
                      Су  түбінде  жатады, 
                      Таза  мінсіз  асыл сөз 
                      Ой  түбінде  жатады. 
                      Су  түбінде  жатқан тас 
                      Жел  толқытса  шығады. 
                      Ой  түбінде  жатқан сөз 
                      Шер  толқытса  шығады. 
Шоқан Уалиханов
 (1835-1865)Ол қоғамдық  психология  проблемаларына, халықтық этностық  
психология  мәселелеріне  ерекше  мән  берді. Мәдениетті дамыту  жолында, ол «халықтық  рухты»  
жандандыруға  шақырады.  
        Қазақ  халқы  туралы  асқақтата  ой  айтуға  болады:  олар  өздерінің  нанымдарымен,  әдет-
ғұрыптарымен,  сауық-сайрандарымен,  ақыл-ой,  қажыр  –  қасиеттерімен    ақындық    дарынды    тарихи  
аңыздарының орасан  мол  қоры бар. 
     Ыбырай Алтынсарин
 (1841-1889) Ол қазақ  жастарын  адал, шыншыл, еңбексүйгіш, өнегелі  болуға 
шақырды,  ұрлық-зорлық, жатып ішер жалқаулық  сияқты жат  мінездерден аулақ  болуды уағыздады. 
                       Жоғары қарап оқ атпа
                       Өзіңнің түсер қолыңа!  
                       Ақылсыз жанды досым деп, 
                       Басыңды қосып сыр  айтпа. 
    
Абай  Құнанбайұлы
  (1845-1904)  Абай  өлеңдері    мен    қара  сөздерінде    адам  мінезіндегі  орынсыз 
мақтан, ойсыздық,  көрсеқызарлық  сияқты  жаман  әдеттердің  ақыл мен ойды тоздыратынын айта 
келіп,    естігенді    еске    сақтау  көргеннен  үлгі-өнеге  алу,  ұстамды  болу  сияқты    адамгершілік  
қасиеттерді  насихаттайды:  
                  Бес  нәрседен қашық  бол, 
                  Бес  нәрсеге  асық  бол, 
                  Адам   болам  десеңіз 
                  Тілеуің, өмірің  алдыңда. 
                  Оған  қайғы жесеңіз 

 
108 
                  Өсек,  өтірік, мақтаншақ 
                  Бес  дұшпаның  білсеңіз, 
                  Талап, еңбек, терең ой, 
                  Қанағат  рақым ойлап қой- 
                  Бес асыл іс көнсеңіз 
                  Ғалым болмай немене  
                  Балалықты  қисаңыз? 
     
Шәкәрім    Құдайбердіұлы
        өлеңдерінде    жастарды    өнер  –  білімге,    тәрбиелік      мәні    зор,  адам  
бойындағы  асыл  қасиеттер  дәріптеледі. 
                 Өз  білмегеніңді  кісіден  сұра, 
                 Үлкен  жоқ  болса,  кішіден  сұра. 
                 Әдептілік  белгісі – иіліп  сәлем  бергені. 
                 Сыйлассаң,  сыйымды  боларсың. 
                 Ұлық  болсаң,  кішік  бол. 
      Адам  баласына  адам  баласының  бәрі  дос. 
      Адам  баласы  адам  баласынан  ақыл,  ғылым,  ар,  мінез  деген  нәрселермен  озады.Адамның  
адамшылығы – ақыл,  ғылым,  жақсы  ата,  жақсы  ана,  жақсы  құрбы, жақсы  ұстаздан  болады. 
      Адам  ата – анадан  туғанда  есті  болмайды: 
      Естіп,  көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы жаманды танидыдағы,   
сондайда  білгені,  көргені  көп  адам  білімді  болады. 
Ахмет  Байтұрсынов
  бай  адамдардың  қыңыр  мінезін,  «алтын  көрсе,  жолдан  таятын 
періштелердің» әрекетін, қазақтың қырт жалқаулығын, шаруаға қырсыздығын «Қырық мысалға» арқау 
еткен.  
«Айна мен маймылда»- 
айнадан  өзінің  ұсқынсыз  түрін  көрген  Маймыл  қасында  тұрған  аюдың  ақылына  құлақ  аспай,  «дәл 
осындай ұсқынсыз түрім болса, өз-өзіме пышақ салып өлер едім»дейді. Өзгені сынағанда алдына жан 
салмайтын, өзінің кемшілігін өзіне теліп, мінсіз болып көрінгісі келетін Маймылдар өмірде де кездеседі.  
           Мысалы, адам – Маймыл, 
                         өлең –Айна,  
 
Өлеңді түсінгенге бар көп пайда. 
 
Айтылған өлеңдегі мінін көріп, 
 
Түзейтін мінез-құлқын адам қайда? 
 «Кісі мен арыстанда» -  
аң  атаулыны  баудай  түсіретін  Аңшы  бір  күні  құрған  торын  сырттай  бақылай  тұрып,  Арыстанға  кез 
болыпты. Екеуі құрулы тұрған тордан өтіп, күш сынаспақ болады. Кісі зып беріп өте шығады да, қара 
күшіне сенген арыстан тордан өте алмай шырматылып, аңшының олжасына айналады.  
          Бұл жазған бозбалаға бір өсиет, 
 
Өнерсіз қара күште жоқ қасиет. 
 
 
Ойламай, күшке сеніп еткен істің, 
 
Зарары әр уақытта басқа тиеді.  
«Иттің достығында» -  
бір байдың Төрткөз, Мойнақ деген тату, әдепті иттері болады. Қарындары тоқ кезде «Төрткөзім!», 
«Мойынекем!» деп қатты сыйласады. Бір күні ас үйден омыртқа лақтырылғанда, айтқан серт пен 
достық жайына қалып, екеуі таласып, жұлынған жүндері бұрқырап аспанға ұшады. Жиылған жұрт су 
құйып жүріп, әзер ажыратып алады.  
 
Иттерге таласса да жарасады,  
 
Әйтпесе ит әдетінен адасады. 
 
Дос болған адамдарға қарап тұрсақ
 
Биікпен тең деп болмас аласаны. 
 
Сүйектей арасына нәрсе түссе, 
 
Иттерден олар артық таласады.  
Жеке  тұлғаны  рухани    адамгершілік    тәрбиесі    арқылы    толыққанды    жетілген    азамат    етіп  
тәрбиелеу  –  қоғамымыздың      басты    мақсаты.    Рухани    білім    беру    адам    дамуының      рухани  
үйлесімділіктерін      түсінуді    қамтамасыз    ете  отырып,    ақыл  –  ой    мен  іс  -  әрекеттерін    ізгілік   
мұраттарға  бағыттап,   рухани  көзқарасын  қалыптастыратындығын   естен  шығаруға  болмайтын  
сияқты.   
Адамзаттың  ақыл – ойын  әрқашанда  ойландыратын – адамгершілік  пен  рухани  байлықтың  
бірлігі.    Жаңа    ғасырдың    басында      адамдар    білімінің    шекарасы    кеңейіп,    жалпы    адамзаттың  
этнохалықтық  өзекті  мәселесі  алдыңғы  жолға  қойылып келеді.Қазіргі  қоғамдық  сұранысқа  сәйкес  
«Өзін - өзі  тану»  курсын  тәжірибеге  енгізу  келешекте  өз  ісіне  мығым,  рухани  жан  дүниесі  бай,  

 
109 
жұртшылықпен    араласқанда      жеке    басындағы    жағымды    қасиеттерін    байқата    алатын,    мінез  – 
құлықтың  теріс  жақтарын  саналы  түрде  тежей  алатын  тұлғаны  тәрбиелеуді  талап  етеді.Өзін  
жақсы  адам  ретінде  тәрбиелеу  үшін  ең  алдымен  өзін  тәрбиелей  білуі  тиіс.  Өзін - өзі  тани  білу  
өзіндік  сананың  қалыптасуынан  байқалады.   
Өзін-өзі  тану,  ойлау  арқылы  жеке  тұлғаның  өзіндік  танымы  жетіледі.   
 Болашақ    ізбасарларға    адамгершілік,    имандылық,    әдептілік    сияқты    қасиеттер    арқылы    жас  
кезінен  сан  ғасырлар  бойы  қалыптасқан  өзіндік  тарихы  бар  құндылықтар  негізінде  тәрбиелеудің  
саласы    мол,    мазмұны    бай,    атадан    балаға    ұласатын    құндылық    сезім    ниеттерден,    ізгі  
қасиеттерден  жалғасып  отырады.     


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет