31. Жырау мен ақындар шығармаларының арасындағы байланыс. XVIII ғасырда әдеби өмір жандана түседі. Ғасырдың алғашқы ширегінде топандай басқан жоңғар шапқыншылығы және ақтабан шұбырынды, алмағайып кезең, қырғын соғыстар мен жеңісті жорықтар, саяси және қоғамдық өмірдегі өзгерістер бұл кездегі қазақ поэзиясының идеялық бағыт-бағдарына тақырып аясына айырықша ықпал етті. Ел өміріндегі елеулі оқиғалардың барлығында ақын-жыраулар өнернамасында өзінің көркемдік шешімін табады.
Жоңғар басқыншыларына қарсы күрес сарыны әсіресе Ақтамберді, Үмбетей жырау, Тәтіқара ақын шығармаларынан айқын көрінеді. Ақтамберді өз толғауларында жау қолында қалған жерлерді азат етер күнді аңсайды, исі қазақ болып атқа қонуды, ойраттарға күресте күйрете соққы беруді армандайды, жұртшылықты ерліккке үндейді, жауға тайсалмай шабуға жігерлендіреді. Бұл жыраулары өнернамасындағы отанщылдық, потриодтық сарындар XVIII ғасырдағы қазақ поэзиясының бағыт-бағдарын, өзекті ойларын айқын танытады
Ақындар мен жыраулардың бір-бірінен айырмашылығы кейде олардың шығармашылығындағы көркемдік болса, кейде олардың туындыларындағы ой ұшқырлығы мен ой тереңдігінде жатады. Ал, көркемдік пен ойды ұштастыра білген ақын, ойшыл ақын мәртебеге қол жеткізеді. Халықтың жүрегі мен санасында ұзағырақ өмір сүру діңгегі ақын не жыраудың ой-өрісінде жататыны да адамзат тарихынан мәлім
«Жырау - өз жанынан шығарып айтатын және эпикалық дастандар мен толғауларды орындайтын халық поэзиясының өкілі жырау атауы-«жыр» сөзінен туындайды» деген түсінік жырауға «Қазақ әдебиетінің энциклопедиясында» берілген. Өз жанынан суырып шығарып жырлайтын жыраулар XV ғасырда ғана туа салған жоқ. Жырау тұлғасының тарихы тереңде. «Сәугейлік, батагөйшілдік, түс көру, ырым айту, табиғат құбылыстарына т.б. жайларға қарай болжам жасау, абыздың бір міндеттерін атқару – көне дәуір жырауларына тән қасиет»
Сыпыра жырау:
Көп ішінде сөйлесем,
Жас жігіт саған қарасам –
Қара лашын тұйығынсын
Асылыңа қарасам –
Құс алатын қырғисың
Қызыл тілге келгенде
Сар садақтың оғындай
Көлденеңдеп сырғисың
Көрмегеннен сұраймын,
Асылыңды білдірші
Қай ұлыс елдің, жарқыным?!
Сөзді жұптап, түйдектеп
Бәйге атындай шұлғисың!
Доспамбет жырау:
Арғымаққа от тиді,
Қыл мықынның түбінен.
Аймедетке оқ тиді,
Отыз екі омыртқаның буынынан,
Зырлап аққан қара қан
Тыйылмады жонның уақ тамырынан.
Сақ етер тиді саныма
Сақсырым толды қаныма
Таза, мінсіз асыл тас
Су түбінде жатады.
Таза, мінсіз асыл сөз
Ой түбінде жатады.
Су түбінде жатқан тас
Жел толқытса шығады,
Ой түбінде жатқан сөз
Шер толқытса шығады.