№3(75)/2014 Серия филология


Ходжа Ахмет Ясави — поэт, заложивший основы поэзии суфизма



Pdf көрінісі
бет3/10
Дата27.03.2017
өлшемі1,17 Mb.
#10567
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Ходжа Ахмет Ясави — поэт, заложивший основы поэзии суфизма,  

и духовный учитель мусульман Востока 

В  статье  описана  жизнь  и  деятельность  выдающегося  поэта  Средневековья,  основателя  поэзии 

суфизма  в  тюркском  мире,  духовного  учителя  и  лидера  всех  мусульман  Востока — Ходжа  Ахмета 

Ясави. Дана оценка его главному гениальному поэтическому творению — «Дивани Хикмет». Автором 

высказано пожелание о том, что произведения Ясави достойны занять прочное место в хрестоматиях 

и антологиях казахской поэзии, а изучение его творческого наследия могло бы войти в учебные про-

граммы школ и вузов. Приведены сведения о мавзолее Ходжа Ахмета Ясави в Туркестане, который 

стал центром паломничества всех тюркских народов. 

 

R.S.Karenov 



Hodge Ahmet Yasavi — poet, laidbasics of poetry 

Sufism and spiritual teacherMuslim East 

In the article describes the life and work of an outstanding poet of the Middle Ages, the founder of the Sufi 

poetry in the Turkic world, spiritual teacher and leader of all the Muslims of the East — Khoja Ahmed 

Yasawi. Assesses his chief poetic genius creation — «Diwani Hikmet». Author expressed the wish to work 

Yasavi took a firm place in anthologies and anthologies Kazakh poetry, and the study of its artistic heritage 

included in the curricula of schools and universities. Provides information about the mausoleum of Khoja 

Ahmed Yasavi in Turkestan, which became the center of pilgrimage for all the Turkic peoples. 

 

References 



1  Syuinshaliev Kh. History of Kazakh literature: Textbook, Almaty: Ana tili, 1991, 129 p. 

2  Kelimbetov N. Literature of the Ancient World: A Textbook, Almaty: Ana tili, 1991, 264 p. 

3  Boranbai Zh. Akikat, 2013, 7, р. 59–64. 

4  Zhandarbek Z. Alash, 2011, 1 (34), р. 23–25. 

5  Yasavi Hoja Ahmed. Divani Hikmat (Wisdom) / The book was translated into the Kazakh language and prepared for 

publication: M.Zharmuhameduly, S.Dautuly, M.Shafigi, Almaty: Research and Publishing Center «Murattas», 1993, 262 p. 

6  Koktandi Kh. Turkestan — Center Turkic civilization, Almaty: LLP Publ. «Кasiet», 2008, 192 p. 

7  Tazhikova K., Shagataeva Sh. Khoja Ahmet Yasavi, Kazakhstan: Textbook, Almaty: Bilim, 1994, p. 147.  

8  Nysanalin A. Zhalyn, 2011, 4, р. 52–55. 

9  Karibaev B. Arystan Bab, Egemen Kazakhstan, 2010, October, 2, p. 1,5 and 6. 

10  Umarovа G.S., Sharabasov S.G. History of Kazakh literature: Textbook, Astana: Folio, 2007, р. 85. 

11  Kazakhs. Three times that: History, Almaty: Publ. House «Bilim», 2003, р. 34. 

12  Eszhanov S. Akikat, 2011, 5, р. 108–109. 

13  Akhmetbek A. Khoja Ahmet Yasavi: Accessory tutorial, Almaty: Sanat, 1998, р. 112.  

14  Nysanbaev A. Worldview and philosophy of Khoja Ahmed Yasavi / Thinkers Kazakh steppe (IX–XII century), Almaty: 

Gylym, 1995, р. 136.  

15  Kyraubaeva A. Scientific works in five volumes. The second volume / Vol. prepared for printing: G.Askarova, N.Matbek, 

Almaty: Oner, 2008, р. 180.  

16  Turkestan. International encyclopedia // Chief editor A.Nysanbaev, Almaty: Home Encyclopedia «Kazakh Encyclopedia», 

2000, р. 428.  

17  Turkestan: Fotoalbum // Compilers R.Nasyrov, Almaty: Oner, 1993, p. 10. 

18  Nurmahamedov N.B. Mausoleum of Khoja Ahmed Yasavi: Album, Almaty: Oner, 1980, p. 8. 

19  Korganbekov B. Zhuldyz, 2010, 12, р. 176–179. 


Қасым Аманжолов поэзиясы жəне əдеби-көркем сын 

Серия «Филология». № 3(75)/2014 

31 

ƏОЖ 82.0 



Ж.Қ.Смағұлов 

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті 

(Е-mail: jandossmagulov@mail.ru) 

Қасым Аманжолов поэзиясы жəне əдеби-көркем сын 

Мақалада қазақ поэзиясының асқар шыңдарының бірі, дауылпаз ақын Қасым Аманжоловтың көркем 

əдебиетке  қосқан  үлесі  қарастырылды.  Ақын  шығармаларындағы  ұлттық  əдебиеттану  мен  сында 

ғылыми  негізделе  бастаған  «социалистік  реализм»  аталатын  жасанды  көркемдік  əдістің  ықпалы 

көрсетілді. Қ.Аманжоловтың əдеби сын саласында жазған мақалалары талданды. 

Кілт  сөздер:  ұлттық  поэзия,  Қасым  Аманжолов,  əдеби  сын,  жыр,  өлеңдер  жинағы,  социалистік 

реализм. 

 

Қазақ  поэзиясының  асқар  шыңдарының  бірі,  дауылпаз  ақын  Қасым  Аманжоловтың  көркем 



əдебиетке  араласа  бастаған,  өзінің  алғашқы  жырларымен  оқырман  жұртты  елең  еткізген  кезеңі  ұлт 

əдебиеті  тарихындағы  өте  бір  күрделі  уақыт  болатын.  Халықтық  фольклор  мен  ақын-жыраулар 

мұрасы, Ұлы Абайдан бастау алатын ұлттық поэзия, оның ішінде Алаш Арыстары шығармашылығы 

жас  таланттың  ақындық  кредосының  қалыптасуына  тірек  болмады  дей  алмасақ  керек. 1924–1930 

жылдар  аралығында  Семейде  əуелі  интернатта,  одан  соң  техникумда  оқыған  кездері  болашақ 

ақынның  дүниетанымдық  болмысына  ықпал  еткені  сөзсіз.  Себебі  Алаш  рухын  асқақтатқан  Семей 

жұртынан  зерделі  де  зерек  жас  көп  нəрсені  көкейіне  түйіп  өскеніне  дау  жоқ.  Алайда 1930 жылы 

Алматыға  келіп  «Лениншіл  жаста»  жұмыс  жасай  бастаған  шағында,  сол  кездегі  əдеби  сында  орын 

алған  əсіре  тапшылдық  көзқарас  пен  «тұрпайы  социологизм»  теориясы  оның  шығармашылық 

мұратына белгілі бір дəрежеде əсер етпей қалған да жоқ емес. Өйткені əдеби сында асыра дəріптеліп 

жатқан  «жаңашыл»  тақырыптар  кеңестік  дəуір  идеологиясының  осы  талап-тілектеріне  сай 

негізделген  болатын.  Ал 1932 жылдан  ұлттық  əдебиеттану  мен  сында  ғылыми  негізделе  бастаған 

«социалистік реализм» аталатын жасанды көркемдік əдістің ықпалы кейін ақынды «Советтік менің өз 

елім» деп жырлауға мəжбүрледі. Бұл жөнінде академик С.Қирабаев: «Əдебиет тарихының көп беттері 

«ақтаңдақ»  күйінде  қалды,  социалистік  реализм  теориясы  əдебиеттік  əдісімізді  бір  жақты,  жалаң 

мадақтаудан аса алмады, əдебиет сыны да өз міндеттерін ойдағыдай орындаған жоқ», — деп дұрыс 

атап өткен болатын [1; 20]. Сондықтан ақынның алғашқы бір өлеңі «Əскер жырында»: «Тап қорғауға 

талап қып келдік біздер... Жаса, жаса, Социалистік Отанның күзетшісі» деп жырлаудан басталуы да 

заңды.  Мағжандай  дарынды  «Тоқсанның  тобырын»  жазуға  дейін  мəжбүр  қылған  қылышынан  қан 

тамған қызыл империя ұлттық мүддеге тамыр тартатын кез келген қадамды жойып жіберу зұлматын 

бастап та кеткен болатын. 

1939 жылы «Өмір сыры» атты өлеңдер жинағы шыққанға дейін əдеби сын Қ.Аманжолов туралы 

арнайы  пікір  білдіре  қоймаған.  Тек  сол  кездегі  қазақ  поэзияның  даму  барысы  жайындағы  шолу 

мақалалар  мен  Жазушылар  одағы  тарапынан  жиі  ұйымдастырылған  жиындар  мен  пленумдардағы 

баяндамаларда  ақынның  шығармашылық  ізденістері  жақсы  аталып  отырды.  Керісінше, 

Қ.Аманжоловтың өзі əдеби сын саласында қалам тартып, 1937 жылы «Лениншіл жаста» «Ер Тарғын» 

операсы — коллективтік  еңбектің  жемісі» (27.09.), «Алма  бағында» (18.06.) (М.Əуезов  пьесасы 

туралы)  атты  рецензиялық  мақалаларын  жариялайды.  Бұл  бағытта  əдеби  ортада  таныла  түсуі 1938 

жылы  «Қазақ  əдебиеті»  газетінде  жарияланған  «Көп  оқып-үйреніп,  жақсы  жазайық» (16.01), «Ірі 

табыс» (4.03), «Жамбыл — халықтың ақыны» (10.04) жəне тағы басқа да мақалаларына жалғасты. Ал 

«Социалистік Қазақстанда» 1939 жылы «Халық композиторы ақын Естай» (5.01.), 1940 жылы «Ұлы 

ақын  туралы  трагедия», (05.01.), «Жамбыл  шығармаларының  аудармасы  туралы» (20.02.) «Жоқтан 

барды  жамау-жасқау» («Өлең-əндер»  деген  жинақ  туралы) (29.01.) атты  мақалалары  жарық  көреді. 

Бұларға  арнайы  тоқталып,  термелей  талдап  жату  артық  жəне  қажет  те  емес.  Жас  талапкер  оларда 

қазақ əдебиеті сынын белгілі бір биіктіктерге  жеткізіп тастады деп те айта алмаймыз. Алайда атап-

атап  көрсетудегі  басты  себебіміз — Қасым  ақынның  өлең  сөздің  теориялық  мəселелеріне  жетік 

болуымен  қатар,  сын  жанрларынан  да  молынан  хабардар  болғандығын  таныту  ғана  емес.  Біз  сол 

арқылы  ақынның  «халық  жауларын»  əшкерелеу  науқанына  белсене  кіріскен  «солақай 

сыншылдардың» қатарынан көрінбегендігіне назар аудартуды қажет деп таптық. Қазан төңкерісінен 


Ж.Қ.Смағұлов 

32 


Вестник Карагандинского университета 

бергі жиырма жылда кеңестік аталатын əдебиеттің барлық ауыр жүгін көтерген ақын-жазушылардың 

алды  атылып, қалғаны  қуғынға  түскен  кездегі Қасым  ақынның  азаматтық  тұлғасы  қандай  дəрежеде 

танылғанын  байқау  қиын  емес. «Большевиктік  өзара  сынды»  күшейту  арқылы  «тап  жауларын» 

əшкерелеуге  шақырған  кеңестік  идеологияның  шылауында  «қолшоқпарға»  айналып  кеткен  сыншы-

əдебиетші,  ақын-жазушылар  туралы  нақты  мысалмен  ұзақ  тізім  келтіруге  де  болар  еді.  Əрі-беріден 

соң  олардың  осы  кездегі  қаралағыш  мəндегі  талқандағыш  мақалалары  ұлт  əдебиетінің  қара 

шаңырағын  ортасына  түсіре  жаздады.  Соның  салдарынан  қазақ  əдебиеті  бүкіл  одақтық  көлемде 

Ж.Жабаев бастаған халық ақындары «шапанының» тасасында қалып қоя жаздағаны да жалған емес. 

Ал  аманжоловтанудағы  тұңғыш  ізашар  мақала 1939 жылы  «Əдебиет  жəне  искусство» 

журналының  № 6  санындағы  Кəріжан  Дəукенов  деген  автордың  «Бір  жинақ  туралы» 

(Қ.Аманжоловтың  «Өмір  сыры»  жинағы  жайында)  аталатын  рецензиясы  болды.  Сыншы  ақын 

өлеңдерінің  тақырыптық-идеялық  тұрғыдағы  жан-жақтылығына,  түр  мен  мазмұн,  ұйқас  пен  ырғақ 

туралы  жаңашылдық  сипатына  ерекше  тоқталған. «Хан  Тəңірі», «Горький»  атты  өлеңдеріндегі 

В.Маяковский  əсеріндегі  футуризмді, «Толғау», «Тұрмыс  толғауы», «Ұлы  Октябрь»  жəне  т.б 

өлеңдеріндегі  халықтық  толғау-термелік  дəстүрді  шығармашылық  шыңдалу  жолындағы  ізденістері 

деп табады. Сыншы дұрыс атап өткеніндей, осы жинақтағы «Ақын ескерткіші», «Руставели Шотаға» 

атты  жырлары  ұлттық  лирикада  шын  мəнінде  соны  жаңалық  еді.  Себебі,  əр  тармағы 15–16 буынан 

тұратын жəне «аа», «бб» түріндегі егіз ұйқасқа құрылған өлең түрі Қасым ақынға дейін бола қойған 

жоқ.  Бұл  өлең  түрі  кейін  Т.Айбергеновтің,  М.Шахановтың  шығармашылықтарында  жалғасын 

тапқаны  мəлім. «Бурабай  толқындары», «Көкшетау», «Сұлтанмахмұт  туралы  баллада», «Жаңбырлы 

кеште,  көшеде»  сияқты  тамаша  туындылары  мен  «Қытай  қызы», «Бикеш»  поэмалары  туралы 

пікірлері арқылы сыншы ұлт əдебиетіне кең тынысты дарын келгенін бағамдайды. Əрине, рецензия 

болған соң сын айтылуы да заңды. Бірақ оларда тапшылдық көзқарастан туындап жатқан саяси мəн 

іздеу  сипаты  жоқ.  Мейлі,  əдеби-теориялық  тұрғыдағы  талдаулары  қазіргі  кездегі  талап  деңгейінен 

көп  төмен  жатса  да,  алғашқы  айтылған  бағаның  мəні  қашан  да  зор  екені  белгілі.  Қалай  десек  те, 

барша жазушылар ұжымының кіндік басылымы саналатын «Əдебиет жəне искусство» журналындағы 

осы екі-ақ беттік мақаланың Қасым ақынды қанаттандырғаны анық. 

Соғыс  жылдарындағы  «Бəрі  де  жеңіс  үшін!»  ұранына  қазақ  қалам  қайраткерлері  де  жедел  үн 

қосып,  патриотизм  мен  отансүйгіштікті,  ел  қорғаушы  ерлердің  өршілдігін  дəріптеуді  қажет  еткен 

талапқа  сай  бірсыпыра  жаңа  шығармалар  жарияланды.  Бірақ  көпшілігі  науқандық  деңгейдегі  үгіт-

насихат, ұраншылдық сипатта болғандығын да жасыруға болмас. Өйткені соғыс жағдайындағы өмір 

шындығын,  қанды  майдан  даласын,  ондағы  жауынгер  психологиясын  терең  білмеуден  туындаған 

қиындықтар  шын  шеберлік  деңгейінде  жырлауға  еш  мүмкіндік  бере  бермеді.  М.Əуезовтің  «Намыс 

гвардиясы»  туралы  Б.Момышұлының: «Елгезек  солдатты,  мойынсұнғыш,  өте  əділ,  айбынды,  ер 

жүрек,  қарапайым  жауынгерді  қайда  жібергенсіз?  Сіздің  Төлегеніңіз  ұрыс  даласының  солдатынан 

гөрі сахна сайқымазағына айналған» деген пікірі майдан даласын көрмей, білмей жазу секілді елеулі 

олқылықты дөп басуымен ерекшеленеді [2]. 

Ұлы  Отан  соғысы  тақырыбындағы  қазақ  поэзиясының  ірі  жетістігі  дегенде,  Қ.Аманжоловтың 

«Ақын  өлімі  туралы  аңыз»  поэмасы  айрықша  аталатыны  заңды.  Бұл  шығарманы  үлкен  ақындық 

дарын  қуаттылығының  нəтижесі  деп  бағалаған  орынды.  Себебі,  қолына  қару  ұстап,  соғыс 

жағдайынан мол хабардар болғанмен, Қасым ақын поэма жазған 1943 жылы Қиыр Шығыстағы армия 

қатарында болатын. Ол да қанды қырған соғысты «үстіндегі сұр шинелімен ақсаңдай басып» бастан 

кешіп  жүрген  жоқ  еді.  Бұл  поэма  арқылы  ол  майдан  даласын,  шығармаға  өзек  болған  оқиғаны 

көзімен  көрмей  де  классикалық  туынды  жазуға  болатынын  дəлелдеп  берді.  Сол  себепті  де  Қасым 

поэмасы шығармашылық ортада резонанс тудырды да, əдеби сын тарапынан өте жоғары бағаланды. 

Осы жерде көркемдік деңгейі биік бұл соны туындыны бағалауда сол кездегі сыншылдық ой-пікірдің 

ұшқырлық  таныта  білгенін  де  атап  өту  керек.  Поэманың  Ғ.Мүсірепов  секілді  сөз  зергерінің 

сыншылдық-эстетикалық  таным-талғамының  деңгейінде  табылуының  өзі  көп  жайды  аңғартады. 

Жазушының  «Майданнан  соққан  жаңа  леп»  мақаласы  тек  осы  шығарма  үшін  ғана  емес,  сол 

жылдардағы  ғылыми  жəне  теориялық  деңгейі  төмендеп  кеткен  əдебиет  сыны  үшін  де  үлкен  олжа 

болды. 


«Поэма майданда ерлік көрсетіп, елі үшін қаза тапқан ақын жайында, ақын Қасым жанының бар 

толғануын, кек күшін, сезім тереңдігін бере алған. Жалынды сөзбен жауға аттандырар, жан сөзімен 

жас тамшылатар ақын сөзі өзегін өртеп, жүрегін тербеп шыққан» деген пікірі арқылы шығарманың 

идеялық  арнадағы  поэтикалық  жəне  өршіл  романтикалық  тереңдігін  жоғары  бағалады [3]. Автор 



Қасым Аманжолов поэзиясы жəне əдеби-көркем сын 

Серия «Филология». № 3(75)/2014 

33 

сонымен  қоса  Ə.Сəрсенбаевтың  «Ақша  бұлт»  өлеңіне  тоқтала  келіп, «Қасым  мен  Əбудің  осы  екі 



шығармасы  майдандағы  ақындарымыздың  ойлау,  тереңдеу  үстінде  екендіктерін  де  дəлелдейді…, 

өйткені бұл  өлеңнің  екеуі  де «байырғы  даңғыл»  емес. Осы  күнгі барлық кеңес  поэзиясының  жақсы 

үлгілерімен салыстыруға болатын шығармалар» деген тұжырым жасап, «...қазақ поэзиясындағы жаңа 

леп, көркемдік дамуымыздағы тың серпін» деп түйіндейді. 

Одақ  көлемінде  қабылданған  қаулы-қарарлар  Қазақстан  КП  (б)  Орталық  Комитетінің  «Қазақ 

ССР  Ғылым  академиясы  Тіл  жəне  əдебиет  институтының  жұмысындағы  өрескел  саяси  қателіктер 

туралы» (21.01.1947), «ВКП (б) Орталық Комитетінің «Драма театрларының репертуары туралы жəне 

оны  жақсарту  жөніндегі  шаралар  туралы»»  Қаулысын  орындау  барысы  туралы» (29.04.1947) атты 

қаулылары  арқылы  заңды  жалғасын  тауып  жатты.  Мұндай  өктем  қаулылар  республикада 

ұлтшылдыққа  қарсы  күрестің  өршуіне, «тұрпайы  социологизмнің»  солақай  сынының  қайта  өріс 

алуына  негіз  болды. «С.Мұқановтың,  Ғ.Мүсіреповтің,  С.Беғалиннің,  Қ.Аманжоловтың, 

Қ.Əбдіқадыровтың,  А.Тоқмағамбетовтің,  Ш.Сыздықовтың,  Ə.Тəжібаевтың,  Ə.Əбішевтің  жəне 

басқаларының жекелеген шығармалары идеялық жағынан зиянды, ұлтшыл жəне саяси тұрғыда қате 

шығармалар  ретінде  айыпталды.  М.Əуезовтің,  Қ.Жұмалиевтің,  Е.Ысмайыловтың,  Т.Нұртазиннің, 

Ə.Қоңыратбаевтың,  Ə.Мəметованың  еңбектері  өткір  сынға  алынып,  оларға  феодалдық-рулық 

құрылысты марапаттайды, өткен кезең ақындарының творчествосына таптық емес көзқараста болды 

деген  айып  тағылды» [4]. Кеңестік  идеологияның  талаптарына  сай  тағы  да  саяси  зобалаң  толқыны 

басталып, мерзімді басылым беттерінде «ұлтшылдық» пен «саяси қателіктерді» айыптаған, қаралаған 

сын мақалалар жазылды. Əрине, бұл мəселелер қазіргі əдебиеттануда өз деңгейінде қарастырылмады 

деп  айта  алмаймыз.  Осы  мақала  авторларының  «Қазақ  əдебиеттану  ғылымының  тарихы» (1999), 

«Əдеби  сын  белестері» (2011) аталатын  ғылыми  монографиялық  зерттеулерінде  жан-жақты 

қарастырылды. «Бұл  тұрғыда 1946–1948 жылдардағы  ВКП  (б)  Орталық  Комитетінің  идеология 

саласындағы  қаулыларының, 1947 жылғы  Қазақстан  Коммунистік  партиясы  Орталық  Комитетінің 

«Қазақ  ССР  Ғылым  академиясының  Тіл  жəне  əдебиет  институтының  жұмысындағы  өрескел 

қателіктер туралы» Қаулысының атқарған зиянды рөлін бүгін ашып айтуға тиіспіз» деген С.Қирабаев 

пікірі аталған қаулылар зардабын тереңірек байыптауға ой салады [1; 24]. Қазақ əдебиеті тарихынан 

жазылған  оқулықтарды  «тұрпайы  социологизм»  тұрғысынан  сынау,  саяси-идеологиялық  қателіктер 

қазбалауға арналған көптеген мақалаларының өзегі болды. Əсіресе П.Кузнецовтің «Идеясыздық жəне 

жайбарақаттық  жағдайында»,  С.Бəйішевтің  «Идеясыздық  пен  сауатсыздықтың  жинағы»  атты 

мақалалары  қазақ  əдебиетіндегі  елеулі  шығармалардан  тек  қателіктерді,  кемшіліктерді  əшкерелеу 

мақсатын  ұстанды.  П.Кузнецов  аталған  мақаласында: «Қазақстанның  Совет  жазушылары  одағының 

партия  ұйымының  жұмысын,  жаңа  əдеби  шығармалардың  жарыққа  шығуын,  жеке  жазушылардың 

творчестволық  жолын  Қазақстан  КП  (б)  Орталық  Комитетінің  үгіт  жəне  насихат  бөлімі  мұқият 

қадағалап отырмаған. Жазушылар одағындағы көкейкесті, күрделі мəселелерге назар аударылмаған. 

Əдебиет тіршілігінің өте маңызды мəселелері, əдебиет сыны, театрлардың репертуарлары жөніндегі 

аса  маңызды  мəселелер  Қазақстанда  оңаша  жағдайда  шешіліп  отырған», — деп,  əдебиет  пен  өнер, 

сын  мəселелеріне  Қазақстанда  саяси  тұрғыда  жете  көңіл  бөлінбей  отыр  деген  біржақты  баға  берді 

(Социалистік  Қазақстан, 1946, 4 қазан).  Ə.Тəжібаев,  Қ.Шаңғытбаев,  Ғ.Мүсірепов,  Ғ.Мұстафин, 

Қ.Жұмалиев,  Қ.Аманжолов,  С.Мұқановтардың  шығармаларындағы  кемшіліктерді  де  П.Кузнецов 

барынша  əшкерелеуді  мақсат  еткен.  Бұлардан  бірыңғай  саяси  қателіктерді  қазбалай  келіп,  оның 

негізгі  себебін: «Идеология  майданында  қырағылықтың  мұқалғандығынан,  қазақ  əдебиетіне  идея, 

принциптік  жағынан  большевиктік  талап  қоюдың  ұмытылғандығынан  ғана  болып  отыр», — деп 

түсіндіреді.  Бұл  мақала  қазақ  зиялыларына  төнген  қауіпті  танытып  қана  қоймай,  олардың  береке-

бірлігіне  іріткі  салуды  діттегенін  де  көрсетеді.  Əсіресе  қазақтың  басты  қаламгерлеріне  шүйлігуі  де 

ойлантпай  қоймайды.  С.Бəйішев  өз  мақаласында  сын  нысанасына  С.Мұқанов,  Қ.Аманжолов, 

Қ.Шаңғытбаев  шығармаларын  алуымен  шектелмей, «Əдебиет  жəне  искусство»  журналы  тарапынан 

орын  алған  қателіктерді: «Еліміз  алдында  тұрған  міндеттерге  сəйкес,  оқушылардың  өскен  тілегіне 

сай,  қалың  еңбекшілер  бұқарасын  коммунистік  рухта  тəрбиелеу  ісіне  бағытталған  материалдарды 

ғана  ұйымдастыру,  жазғызу  жəне  жариялау  орнына,  қолға  не  түссе,  соны  ешбір  талғамай  баса 

берген… Кейбір нашар шығармаларды орынсыз мақтауға салынған», — деп тізбелейді (Социалистік 

Қазақстан, 1946, 27 қазан). Автор журналда жарияланған Ш.Құсайынов, Қ.Шаңғытбаев, С.Мұқанов, 

Қ.Аманжолов  шығармаларынан  іліп  алар  ештеңе  таппай,  олардан  кемшілік  тізіп  мəнсіз,  мағынасыз 

туындылар деп табады. «Дəл қазіргідей уақытта идея жағынан ұстамсыз, көркемдік жағынан құнсыз, 

мəдени дəрежесі төмен шығармаларға орын беріп, идеясыздық пен сауатсыздықтың жинағына айналу 



Ж.Қ.Смағұлов 

34 


Вестник Карагандинского университета 

себебі не? Мұның себебі, ең алдымен, Жазушылар Совет өмірі мен Совет шындығын, олардың даму 

заңдарын маркстік-лениндік ғылым тұрғысынан əлі жетік білмейді» деген қорытынды жасайды. Сол 

арқылы  əдеби  сын  марксизм-ленинизмді  ту  етіп  ұстану  жолында  саяси  тереңдікті  мейлінше  ұштау 

қажеттігін ескертіп, осы бағыттағы идеологиялық кемшіліктердің «атын атап, түсін түстеп» берді. 

Алайда əдеби сын бүткілдей кеңестік идеологияның көркемөнер мен əдебиет туралы керітартпа 

саясатының  шырмауында  кетті  десек,  қателесер  едік. 1949 жылғы  қарашада  болған  Қазақстан 

Жазушылар  одағының  ІV  пленумында  С.Мұқанов 1947–1948 жылдардағы  қазақ  əдебиетінің  даму 

барысына шолу жасап, баяндама жасады. Жазушы əр жанрдағы жетістіктер мен кемшіліктерге шолу, 

тоқталу  барысында  поэзия,  проза,  драматургиядағы  елеулі  шығармаларды  талдаған.  Баяндаманың 

өзіндік  ерекшелігі  ―  əдеби  даму  барысының  байыпты  саралануында,  əр  ақын,  жазушы 

шығармаларының  əдеби-теориялық  тұрғыдан  талдануында.  Қ.Бекхожин,  Ж.Саин,  Д.Əбілов, 

Ə.Сəрсенбаев,  Ғ.Орманов,  Т.Жароков,  Қ.Аманжолов,  Х.Ерғалиев,  А.Тоқмағамбетов,  Ж.Сыздықов 

сынды  ақындар  поэзиясының  тақырыптық,  стильдік  ерекшеліктері  ажырата  көрсетіліп,  əр  ақынның 

өзіндік  даралығы  туралы  эстетикалық  байыптаулар  берілген. «Өзге  қазақ  ақындарынан  гөрі 

Маяковскийге  жуықтайтын  бізде  екі  ақын  бар,  біреуі  ―  Тайыр  Жароков,  біреуі  ―  Қасым 

Аманжолов». «Меніңше,  Қасым  өз  заманының  бейнесіне  үйлес  мықты  сөз  табуға  дағдыланып  келе 

жатқан  ақын»  деген  əдеби-теориялық  байламдары  баяндамашының  сынның  эстетикалық,  ғылыми 

сипатын ұстанудағы бағытын айқындай түседі. 

«Ұлтшылдыққа»  қарсы  жүргізілген  идеологиялық  күрес 1940 жылдардың  соңында 

көркемөнердегі космополитизмге қарсы саяси науқанға ұласты. Батыс мəдениеті мен əдебиетіне бас 

июшілікке  қарсы  күрес  «Космополитизм — импералистік  реакцияшыл  идеологияның  улы  қаруы» 

атты  мақала  арқылы  көрініс  берді  де,  сыншылдық,  ғылыми-зерттеушілік  ой-пікірді  жаңа  бір  қасаң 

қағида  шырмауына  салды.  Қасым  ақын  шығармашылығынан  «əшкереленген  ұлтшылдық»  енді 

басқалармен бірге космополитизмді талқандауға бағытталған жаңа науқанның нысанасына айналды. 

Қ.Аманжоловтың тура осындай кезде баспадан шыққан «Дауыл» (1948) жинағын оқырман қауым өте 

жақсы  қабылдағанымен,  əдеби  сындағы  космополиттік  саяси  қателікке  толы  мін  іздеген  «солақай 

сыншылардан»  аман  қалмады. «Дауылдан»  соң  атағы  жалпақ  жұртқа  дүркіреп  кеткен  дарынның 

ұлттық  мүддеге  тамыр  тартатын  идеялары  саяси  билікке  ұнамаса,  оған  əдеби  ортадағы 

көреалмаушылық  пен  қызғаныш  қосылып,  ақынды  мүлде  тұқыртуды  жедел  қолға  алды.  Қасым-

тағдырының қиян-қыстаудан тұратын азапты кезеңі осылайша басталған еді. 

Космополитизмді  əшкерелеу 1951 жылы  өткен  VІІІ  пленумда  ҚК  (б)  П  Орталық  Комитетінің 

хатшысы  Ж.Шаяхметов  жасаған  баяндамаға  басты  арқау  бола  отырып,  саяси  билік  жүйесінде 

түпкілікті қолдау тапты. Баяндамашы «идеологиялық жұмыста, əсіресе тарих ғылымы, əдебиет жəне 

искусство  саласында  əлі  де  ірі  кемшіліктер, саяси  қателер  мен  ұлтшылдық  бұрмалаушылықтар  бар. 

Бұл  қателер, əсіресе, Кенесары  Қасымовтың  қозғалысына  баға  беруде  айқын  көрінді» [5; 2], — дей 

келіп,  тарихшы  Е.Бекмаханов,  əдебиетшілер  Е.Ысмайылов,  Қ.Жұмалиев,  қаламгерлер  М.Əуезов, 

С.Мұқанов,  Қ.Бекхожиннің  Кенесарыға  қатысты  еңбектері  мен  шығармаларын  идеологиялық 

тұрғыда  өткір  сынға  алып, «ұлтшылдық»  таңбасын  басты.  Сонымен  қатар  Қ.Əбдіқадыров, 

Қ.Аманжолов,  С.Беғалин,  Ə.Əбішев,  Ə.Тəжібаев  шығармаларындағы  ұлт  тарихына  тамыр  тартқан 

идеялық  арналардан  «қателіктері»  теріліп,  олардың  «кемшіліктерін»  көрсете  кетуі  де  назардан  тыс 

қалдырмады.  Бұл  кеңестік  қоғам  орнағаннан  бастап  саясаттың  «қол  шоқпары»  болып  қит  етсе,  жау 

іздеуге əбден дағдыланып алған, əшкерелегіш жолды қатты ұстанған əдеби сынға жаңа нысана тауып 

беруге  жасалған  бағыт-бағдар  десе  де  болады.  Коммунистік  идеология  осы  қаулы-қарар 

негіздеріндегі  ұлтшылдықты  əшкерелеу  жұмыстарына  бұрынғыдай  əдеби  сынды  тағы  да  кеңінен 

пайдалануға ұмтылды. 

Космополитизмге қарсы күрес науқанына барлық ғылым саласы жұмылдырылғандықтан, əдеби 

сын  да  одан  шет  қалмады.  Одақ  деңгейінде  үлкен  идеологиялық  мəн  берілген  бұл  науқанға  қазақ 

əдеби  сыны  да  өз  «үлесін»  қосуға  ұмтылды.  Сондықтан  да  қазақ  əдебиеттануы  мен  сынында 

Кенесарыға, Наурызбайға қатысты зерттеулер мен көркем туынды жазған ғалымдар, қаламгерлердің 

бəрі  де  «ұлтшыл»  атанып  шыға  келді.  Мəселен,  Е.Ысмайыловтың  «Кенесары  Қасымовтың  қазақ 

халқын  азат  ету  жолындағы  күресі  туралы»  мақаласы,  Қ.Бекхожиннің  «Батыр  Науан»  поэмасы, 

М.Əуезовтің  «Хан  Кене»  драмасы  мен  «Ақын  ағасы»  романы,  С.Мұқановтың  «Балуан  Шолақ» 

повесі,  Қ.Жұмалиевтің  «Батыр  Мəлік»  мақаласы  саяси  өлшеммен  қаралғандықтан, «қара  тізімге» 

алынып,  қауіпті  шығармалар  сипатында  танылды.  Əдебиет  пен  өнердегі  «саяси  ауа 

жайылушылықты»,  космополитизмді  барынша  əшкерелеуді  мақсат  еткен  Ж.Шаяхметов: 



Қасым Аманжолов поэзиясы жəне əдеби-көркем сын 

Серия «Филология». № 3(75)/2014 

35 

«Қ.Аманжолов  «Дауыл»  деген  өлеңдер  жинағында  қайдағы  бір  ежелден  келе  жатқан,  жапа-жалғыз 



Қазақстанды жырлайды. Ол Қазақстанды «ата-бабаларының жері» деп сүйеді. Ол үшін Қазақстан — 

«Жер  мен  көктің  бірден-бір  жұмағы»,  ал  Ертіс  өзені — «бостандықтың  бесігі».  Ə.Тəжібаев  «Жас 

қазақ» деген өлеңінде елеулі ұлтшылдық қате жібереді. Ақын Бекхожин «Мария Жагорқызы» деген 

поэмасында  халықтар  достығы  туралы  маңызды  тақырыптағы  тарихи  шындықты  бұрмалайтын 

өрескел  қателерге  жол  берді», — деп  əдеби  сынның  ендігі  ұстанар  бағыты  мен  мақсатын  да 

«айқындап» берумен қатар, «ұлтшыл» ақындар қатарын жаңа есімдермен толықтыра түсті [5; 6]. 

1951  жылы 2 шілдеде  «Правда»  газетінде  «Против  идеологических  извращений  в  литературе» 

атты  бас  мақала  жарияланды.  Бұл  мақаланың  жазылуына  А.Прокофьевтің  «Звезда»  журналында 

В.Сосюраның «Украинаны сүй» өлеңінің аударып жариялауы басты себеп болды. Украина Жазушы-

лар  одағының  арнаулы  шақырылған  VІ  пленумында  А.Корнейчук  «Правдада»  жарық  көрген 

мақаланың  маңызын  «партияның  біздің  əдебиет  тағдырына,  біздің  Украина  мəдениетіне  əкелік 

қамқорлығының  көрінісі», — деп  бағалады [6]. Сол  арқылы  В.Сосюраның  аталған  өлеңі 

«ұлтшылдық» тұрғыдағы көрініс деген пікір жер-жерлерде, яғни КСРО-ның өзге республикаларында, 

қолдау тауып қана қоймай, əр ұлттың əдебиетіндегі ақындар шығармашылығынан «В.Сосюраларды» 

іздеу науқаны белең алды. «Қазақ баспасөзінің бетінде біреуді біреу қаралаған мақалалар үсті-үстіне 

жарияланып  жатты.  Əр  түрлі  мезгілде  қазақ  поэзиясының  қазынасын  молайтқан  дала  жайындағы 

жырларды қырағы көздер суық қабақ сүзгісінен қайтадан өткеріп, көрген кінəраттарына жерден жеті 

қоян тапқандай шаттанды» [7; 69]. Бұл үрдістен Қазақстан да шет қалмай Қ.Аманжолов, Ə.Тəжібаев, 

Қ.Бекхожин сынды ақындар өлеңдері қатты сынға алынды. «Көркем əдебиетті белгілі штамппен сы-

найтын,  ол  өлшеулеріне  сыймағанды  басқа  көзге  төпелейтін  тоқпақты  сыншылар  да  көбейіп  кетті», — 

деп жазған Ə.Тəжібаев пікірі сол уақыт шындығына жəне əдеби сынға тəн басты сипат еді [8]. Бұл 1930 

жылдар  ойранынан  соңғы  аз  уақыт  аралығында  қазақ  поэзиясының  көркемдік  арнаға  бет  бұруында 

елеулі  еңбек  сіңірген  көрнекті  өкілдерін  жасытып,  шығармашылық  дағдарысқа  ұшыратты.  Бұл 

турасында  «Халқым,  елім»  деген  ақындардың  бəрі  жаппай  айыпқа  ілінді.  Əсіресе  Ə.Тəжібаев, 

Қ.Аманжолов,  Қ.Бекхожин  қатты  сыналған  еді.  Нағыз  патриоттық  рухта  жазылған  осындай  жəне 

басқа  ақындардың  бірсыпыра  өлеңдеріне  танылған  кінə  қисынсыз-ақ  еді.  Сондықтан  да  Қасым 

сияқты  лаулап  тұрған  талант  иелері  біраз  тоқырауға  ұшырап  қалды», — деп  жазады  ғалым 

М.Дүйсенов [9]. 

Əдеби  сынның  ғылыми  принциптері  мен  эстетикалық  сипатынан  алшақтағаны  соншалық,  бұл 

ақындардан  «декаденство,  мистицизм,  буржуазиялық  символизмді»  табу  сияқты  өрескел  қателіктер 

орын алды. Ал  Қасымның «Қазақстан», «Сарыарқа», «Ертіс» өлеңдері, Қ.Бекхожиннің «Батыр  Нау-

ан»  поэмалары  ұлтшылдықты  дəріптейтін  шығармалар  тұрғысынан  қарастырылып,  сыңаржақ  сын-

дарда  қате  бағаланды.  Мəселен,  А.Нұрқатовтың:  Қасым  «Қазақстан»  деген  өлеңінде  халқымыздың 

жаңарған  өмірін,  жарқын  бейнесін  суреттеудің  орнына  ескілікті  дəріптейді.  Өз  творчествосында  да 

буржуазиялық-солшылдық  пен  символизмге  ұрынып  жүрген  Ə.Тəжібаев  Қ.Аманжоловтың 

ұлтшылдық  сарындағы  өлеңдеріне  бас  иеді»  деген  пікірі  соған  дəлел  бола  алады («Əдебиет  жəне 

искусство», 1951, 75-б.).  Осындай  солақай  сыншылдық  пікірлер  ақынның  өлең  өнеріне  деген 

азаматтық  кредосынан  бəрібір  де  тайдыра  алған  жоқ.  Пленумдар  мен  жиындарда  жəне  баспасөз 

бетіндегі негізсіз сындарға кейістік білдіргенімен кейбіреулер секілді ақындық позициясынан тайып, 

қазақтың  қара  өлеңіне  сатқындық  жасаған  емес.  Оған  жазушы  Ж.Бектұровқа  «Дариға,  сол  қыз» 

өлеңіне  жазылған  сын  туралы  айтқан: «Өзің  жақсы  білесің,  өзіміздің  С.  дейтін  ескі  досымыз  осы 

өлеңді  баспасөз  бетінде  қатты  сынап  тастады. «Келмейді-ау  өлгім»  деегенімді  сыншы  жолдас 

республикалық беделді газетте пессимизм деп, торығу, тарығу, жабығу деп, дарашылдық, күйректік, 

күйгелектік  деп  сөкті.  Сынды  жақсы  көреміз-ау,  тек  сын  əділ  болса  екен.  Тек  сыншылар  мен 

сынаушылардың  бір  жарғысы  өмірді  дəл  бір  киімнің  пішуі  үлгісінде  көреді.  Сын  есті  болса  ғой. 

Мейлі  сынай  берсін,  мін  таға  берсін,  өзім  жөн  деп  білсем,  өзгеге  пысқырып  та  қарамаймын.  Жаза 

берем, жаза берем, төпеп жаза берем», — деген пікірі дəлел. 

«Əдебиетімізді  жат  пікірлер  мен  қателерден  біржола  арылтайық»  деген  Т.Жароков 

Қ.Бекхожиннің  «Батыр  Науан»,  Ə.Тəжібаевтың  «Жас  қазақ»,  Қ.Аманжоловтың  «Ертіс»  өлеңін 

ұлтшылдық  сарын  деп  тапты.  Мұның  бəрі  əдеби  сынға  саяси-əлеуметтік  жағдайдың,  партиялық 

қаулылардың  қаншалықты  кереғар  ықпал  етуін  танытса,  сонымен  қатар  сынның  əділ  де  принципті 

жолынан  жаңылып,  идеология  талабын  мүлтіксіз  орындау  құралына  айналғанын  көрсетеді. 

«...Тұрпайы  социологиялық  сын  Қазақстанды  көркейтудегі  «аға»  ұлттың  шексіз  қамқорлығын, 

Сталиннің  данышпандық  қызметін,  партияның  көрегендік  саясатын,  жұмысшы  табының  жетекші 



Ж.Қ.Смағұлов 

36 


Вестник Карагандинского университета 

рөлін,  тың  игерудің  теңдессіз  мəнін,  тағысын-тағыларды  ұйқастыра  мақтап,  марапаттауды  күштеп 

таңды.  Мұның  сансыз  мысалы  сол  тұстағы  кез  келген  басылымның  бетінде  жарыса  жамырап  тұр» 

деген  ғалым  А.Шəріптің  пікірінен  сол  дəуірдің  келбетін,  замана  шындығын, «халықтар  көсемі» 

басқарған партияның сынды өзінің қаруы ретінде пайдаланғанын байқауымызға болады [7; 70]. 

Ендігі  кезекте  идеология  əдеби  сынды  тұтас  ұлттың  рухани  құндылығын  тұқыртушы,  оны 

кемсіту  құралына  да  шебер  айналдыра  білді.  Бұған  қосымша  «Əдебиеттің  жоғары  идеялығы  үшін 

күресейік», «Əдебиетіміздің  идеялы  тазалығы  үшін  күресейік»  деген  қағидалар  ту  етіп  көтерілді. 

Қазақстан  Жазушылар  одағы  партия  ұйымының  ашық  жиналысында,  жазушылардың  қалалық 

жиналысында  əдебиеттің  таптығы,  идеологиялық  жұмыстардағы  «ұлтшылдық», «буржуазиялық» 

қателіктермен күрес жолдары жаңа қырынан айқындала түсті. Сөз өнерінің эстетикалық сипаты мен 

алар  көркемдік  асуларын  саралайтын  əдеби  сын  қаламгердің  саяси  ұстанымдарына  сай  нені  жазу 

керек,  неден  бас  тарту  керек  дейтін  мəселеге  орынсыз  килікті.  Сол  арқылы  əдебиет  пен  сынның 

беделіне, оқырмандардың эстетикалық талғамына сызат түсірді. 

Осыған  сай  Қ.Аманжолов  шығармашылығы  ұлтшылдық  сарыны  бар  деп  табылған  басқа  да 

қаламдастарымен  бірге  қосақ  арасында  міндетті  түрде  аталып  отырды.  Нақты  деректер  арқылы 

көрсетер  болсақ, «Қазақ  əдебиеті»  газетіндегі  Ə.Жəмішевтің  «Бір  ақынның  творчествосындағы 

идеологиялық  бұрмалаушылық» (23.11.1951), Ə.Жұмабаевтың  «Жалған  жасанды  шығарма» 

(20.09.1951),  Ə.Қарағұловтың  «Құнсыз  жинақ,  қанағатсыз  ақын» (7.10.1951), Қ.Сатыбалдиевтің 

«Көркем  аудармадағы  өрескел  бұрмалаушылықтарға  қарсы» (24.10.1951), М.Сəрсекеевтің 

«Қ.Бекхожин  шығармашылығындағы  ұлтшылдық  сарын» (22.07.1951), Қ.Тұрғанбаев  пен 

Т.Амандосовтың  «Кейбір  ақын-жазушылардың  артта  қалуы  туралы» (13.12.1951), «Социалистік 

Қазақстан»  газетінде  «Əдебиет  сынының  большевиктік  принциптілігі  үшін» (9.12.1951), 

Ə.Нілдібаевтың 

«Қ.Жармағанбетов 

творчествосындағы 

саяси 

жат 


сарын» (14.10.1951), 

М.Сəрсекеевтің  «Тағы  да  Қ.Бекхожиннің  творчествосындағы  қателіктер  туралы» (12.12.1951), 

Қ.Тұрғанбаев, М.Сармурзинаның «Қазақ əдебиетінің программасындағы өрескел қателіктер туралы» 

(27.04.1951),  Ə.Хасеновтің  «С.Аманжолов  еңбектеріндегі  ұлтшылдық  қателер  туралы» (21.12.1951), 

«Лениншіл жас» газетінде Қ.Сатыбалдиевтің «Қателіктерді бүркемелейтін монография» (1951, № 12), 

М.Сəрсекеевтің  «Тарихи  шындық  бұрмаланбасын» (1951, № 7),  Т.Исмаилов,  С.Жұмағалиевтің 

«Қ.Бекхожин  шығармаларындағы  буржуазияшыл  ұлтшылдық» (1951, № 10),  Х.Ерғалиевтің 

«Ə.Тəжібаев творчествосындағы өрескел қателіктер туралы» (1951, № 1) «Əдебиет жəне искусство» 

журналында,  С.Сейітовтің  «Жаңсақ  жолда» (1951, № 6),  Н.Жандилдиннің  «Сұлтанмахмұт  туралы 

сапасыз  кітап» (1951, № 5)  жəне  тағы  басқа  басылымдардағы  бас-аяғы  отызға  жуық  мақалалардың 

жариялануы көп жайды аңғартады. 

Əдеби сын «ұр да жық» тұрпайы социологияның өрістеуінен қателіктерге орын беріп, қаламгер 

шығармашылығын,  əдеби  туындыны  талдауда  сынампаздық,  дəйексіздік  сияқты  қате  қағидалар 

қалыбынан шыға алмады. Сын əдебиеттің идеялық шыңдалуына, поэтикалық тұрғыдан кемелденуіне, 

көркемдік деңгейінің өрістеуі мен эстетикалық бағыт-бағдарын бағамдауда шығармашылыққа өрісті 

ықпал етудегі беделі мен ықпалынан айрыла бастады. Біздің тек қана осы 1951 жылғы жарияланған 

отызға  жуық  мақаланың  ұзақ-сонар  тізімін  келтірудегі  мақсатымыз  сынның  басты  назар  аударған 

бағыты мен нысанасын байқату ғана емес, Қ.Аманжолов осы солақай сынның соққысына ұшыраған 

жалғыз ақын емес екенін де таныту еді. Ақиқатын айтар болсақ, осы солақай сынға ұшыраған кейбір 

қаламгерлерден  өзінің  «ұлтшыл  емес»  екенін  дəлелдеу  мақсатында  бұл  саяси  науқанға  қалай 

араласып  кеткенін  байқамай  да  қалғандары  бар.  Ал  ондай  далбасалықтан  Қ.Аманжолов  өзіне  туа 

біткен тура мінезіне сай аулақ болғанын байқауға болады. Ақын Т.Жароковтың əзілмен айтылса да: 

«Өзім де қумын ғой, Ұлы Октябрьден əрі кезеңге аяқ баспаймын» деген сөзінде сол заманның ащы 

шындығы жатыр. 

Тума  талант  Қ.Аманжоловтың  əдеби  сынның  осындай  күйге  ұшырауына  қынжыла  отырса  да 

түсіністікпен қарауы таң қалдырады. Оны: «Сыншыларда да кінə жоқ, оларда жазық та жоқ. Сынның 

арнаулы  тапсырмамен  жазылатындығы  да  бар.  Кейбір  өресі  тар,  білімсіз  басшылар  кешкі,  таңғы, 

күндізгі  желдің  бетіне  қарай  тапсырма  бере  салады.  Бізде  əлі  сынның  өрісі  тар.  Келелі  сын  болуы 

үшін үлкен əдебиет жасалуы керек», — деген пікірі дəлелдейді [10]. Дауылпаз ақынның «сен неткен 

бақытты  едің  келер  ұрпақ»  дейтін  өлең  жолдары  еске  еріксіз  түседі.  Дарындылық  түйсік  дейміз  бе 

əлде ақындық оптимизмнің асқақ рухы дейміз бе, əйтеуір бүгінгі ұрпақтың көркем əдебиет пен сында 

еркін қалам тартуын көрегендікпен болжай алғаны шындық. 

 


Қасым Аманжолов поэзиясы жəне əдеби-көркем сын 

Серия «Филология». № 3(75)/2014 

37 

Əдебиеттер тізімі 



1  Қирабаев С. Əдебиетіміздің ақтаңдақ беттері. — Алматы, 1995. — 282-б. 

2  Момышұлы Б. Қанмен жазылған кітап. — Алматы, 1991. — 220-б. 

3  Мүсірепов Ғ. Суреткер парызы. — Алматы, 1970. — 187-б. 

4  Əдебиет  пен  өнер  мəселелері  бойынша 30–40-жылдар  кезеңі  мен 50-жылдар  басында  қабылданған  қаулыларды 

зерттеу  жөніндегі  Қазақстан  Компартиясы  Орталық  Комитеті  комиссиясының  қорытындысы / Социалистік  Қазақстан. — 

1989. — 9 желт. 

5  Добренко Е. Борьба с вечностью / Литературная газета. — 1991. — 26 июня. 

6  Шаяхметов  Ж.  Республикалық  партия  ұйымдарында  идеологиялық  жұмыстың  жайы  мен  жəне  оны  жақсарту 

шаралары туралы / Əдебиет жəне искусство. — 1951. — 1–14-б. 

7  Шəріп А. Қазақ поэзиясы жəне ұлттық идея. — Алматы, 2000. — 336 б. 

8  Тəжібаев Ə. Шығармалар жинағы. — 4-т. — Алматы, 1981. — 241-б. 

9  Дүйсенов М. Ақын мұраты. — Алматы, 1967. — 95-б. 

10  Бектұров Ж. Баяғы Қасым, бір Қасым... / Ана тілі. — 2011. — 8–14 қырк. 

 

 



Ж.К.Смагулов 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет