56. Гибридті таксондар (нототаксондар)



бет1/15
Дата17.04.2023
өлшемі68,21 Kb.
#83460
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

56.Гибридті таксондар (нототаксондар) – нототүр және нототуыс,
гибридті емес түрлер мен туыстардың санаттарына сәйкес келеді.
Голотип – түрдің немесе түрішілік таксонның атаулары – автор
колданған немесе номенклатуралық тип ретінде белгілеген иллюстрация
немесе жалғыз авторлық дана. Голотип сәйкес келетін атауын анықтайды.
Қазіргі кезде белгіленген голотип протолог элементі болып табылады.
Изотип – голотиптің әрбір телнұсқасы.
57.Инсерация – гербарлық материалдарды тұрақты сақтауға
орналастыру.
Лектотип – номенклатуралық тип ретінде бастапқы материалдың
арасынан таңдап алынған гербарлық үлгі немесе иллюстрация.
Номенклатуралық тип (typus) – таксонның атауы (дұрыс атау немесе
синонимы болса да ) тұрақты байланысқан элемент.
58.Неотип – әр түрлі себептермен бастапқы материал жоғалған жағдайда,
бірақ ӛсімдік атауы сол материалға негізделген болса, номенклатуралық
тип ретінде таңдап алынған иллюстрация немесе гербарлық үлгі. Бастапқы
материалдардың қандай да бір элементтері анықталған жағдайда неотип
орнына лектотип алынады.
Паратип - протологта дәйектелген дана, ол голотип, изотип немесе
синтип бола алмайды .
Протолог – таксон туралы автордың ең алғаш жазған мәліметі (оның
ішіне морфологиялық сипаты – латынша диагнозы, туыстық байланыстар
туралы дискуссия,ӛзге ұқсас таксондардан айырмашылығы, тип туралы
ақпарат,географиялық таралуы және экологиялық жағдайы кіреді).
Синтип – голотипі белгіленбеген протологта дәйексөз алынған әрбір
дана.
59.Таксондық топтар - әрбір санаттың таксономиялық тобы – таксондар
деп аталады (жекеше түрі -- taxon, көпше түрі - taxa).Әрбір жеке өсімдік
таксондар қатарына жатады, олардың негізгісі – түр санаты
(species).Таксондардың маңызды санаттарына : түр, туыс.тұқымдас, реттік,
класс, бөлім және дүние (әлем) жатады.
Тип (голотип, лектотип немесе неотип)- түр немесе түрішілік таксон
атауы – Гербарийде сақталып тұрған таксон негізінде жасалған гербарлық
үлгі, немесе иллюстрация. Атаулардың типтік даналары үнемі сақталады,
және олар тірі өсімдік немесе дақыл емес.
Эпитип – түсіндіру үшін алынған тип ретінде қолданатын
гербарлық үлгі немесе иллюстрация; әртүрлі себептермен басқа типтер
толыққанды болмаған жағдайда падаланылады (мысалы, таксон туралы
толық мәлімет бере алмайтын өсімдіктің тек бір бөлігі ғана қамтылған.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет