№№7-12(85-90), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014


Ащы  жусан  –  (Полынь  горькая/вермут)  –  Aabsinthium  L



Pdf көрінісі
бет12/22
Дата14.02.2017
өлшемі3,76 Mb.
#4099
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   22

Ащы  жусан  –  (Полынь  горькая/вермут)  –  Aabsinthium  L.  Ащы  жусан  – 
күрделігүлділер  тұқымдасының  жусан  туысына  жататын  көп  жылдық  өсімдік. 
Қызылорда  өңірінің  барлық  алқаптарында  елді  мекендер  маңында,  жол  бойында, 
бау-бақшаларда,  егістіктерде,  жайылымдар  мен  шалғындарда,  ормандар  мен  таулы 
жерлерде  өседі.  Биіктігі  60-100  см,  кейде  120  см-ге  дейін  жетеді.  Тамыры  жуан. 
Сабағы  дара  қырлы  келеді,  сыртын  ақ  сұр  түк  басқан.  Жиегі  иректелген, 
жапырақтарының бет жағы көк жасыл, ал астыңғы жағы ақ түсті, қауырсын тәрізді 
болып  келеді.  Гүлдері  ұсақ,  қысқа  сағақты,  шоғырлана  өседі.  Шілде  –  маусым 
айларында гүлдейді. Ащы жусан – дәрілік өсімдік, медицинада кеңінен пайдаланады. 
Сынақ  бөлімі.  Жусанның  түрлерінен  кептіріліп,  гербарий  жасалды  және 
оларды жинап кептіру тәсілдерін үйреніп, химиялық қасиеттері мен дәрілік ретінде 
қолданылуы  зерттелді.  Ащы  жусан  түрлерінің  күліне  микрохимиялық  анализ 
жасалды.  Бұл  әдіс  өсімдік  күлінің  құрамындағы  микро  және  макро  элементтердің 
бар екендігін анықтауға негізделген. 
Пробирка  алып,  оның  ішіне  күлді  салып,  оның  көлемінен  төрт  есе  артық  1% 
тұз қышқылын құйып, араластырып, сорғыш қағаз арқылы екінші пробиркаға сүзіп 
алынады.  Заттық  шынының  үстіне  Са,  Мg,  P  және  S  пен  F   анализ  жүргізілді.  Ол 
үшін  зерттелетін  пробиркадағы  ерітіндіге  (күлдің  ерітіндісі)  шыны  таяқша  ұшын 
тигізіп, бір тамшы ерітіндіні заттық шынының үстіне тамызады. Ол тамшыдан 2-3 см 
қашықтықта белгілі элементті анықтау үшін қажетті реактив тамызылып, екі тамшы 
арасы өте жіңішке доға тәрізді етіп қосылады. Екі ерітіндіні қосқанда реакция өтіп, 
кристалдар  түзіледі.  Түзілген  кристалды  микроскоппен  бақылаймыз.  Пайдаланған 
шыны таяқшаны әр ерітіндіден кейін жуып, сорғыш қағазбен сүртіп отыру керек. 
Кальций  ионын  анықтау  үшін  1%-дық  күкірт  қышқылы  қолданылады.  Жусан 
өсімдігінің  күлі  ерітіндідегі  кальций  хлориді  күкірт  қышқылымен  мына 
теңдеудегідей әрекеттеседі: C C 

+ H
2
SO
4  
      CaSO

+ 2HCl 
Магнийдің  бар  екендігін  анықтау  үшін  зерттелуші  ерітінді  тамшының  үстіне 
бір тамшы аммиак ерітіндісі тамызылып, ал реактив ретінде 2-3 см қашықтыққа 1% 
фосфор қышқылы натрий ерітіндісін пайдаланамыз. 
Реакция  мына  төмендегі  теңдеумен  өтіп,  көрсетілген  әр  түрлі  пішінді 
кристалдар түзілді: MgC 
2
+Na
2
HPO
4
+NH
3
        NH
4
MgPO
4
+2NaCl 
Фосфорды  анықтау  үшін  1%  молибден  қышқылы  аллюминий  тұзының  азот 
қышқылындағы ерітіндісі пайдаланылады. Реакция мына төмендегідей өтті: 
H
2
PO
4
+12(NH
4
)
2
MоO
4
+21НNО
3       
(NH
4
)
3
PO
4
х12
3
MоO
3
+21NН
4

2
+12Н
2
О 
Түзілген кристалдар түсі сарғыш жасыл болды. 
Күкіртті анықтау үшін 1% азот қышқылы стронций ерітіндісі пайдаланылады. 
Реакция төмендегідей өтті. N 
2
SO
4
+S (NО
3
)
2          
SrSO
4
+2N NО
3
 
Күкірт қышқылы стронцийдің кристалдары дөңгелек формада көрінеді. 
Жасалған жұмыстың нәтижесі. Ащы жусанның түрлерінде Са, Мо, P және S 
макро элементтері кездеседі. 
Жусан түрі 
Өскен 
жерінің 
топырағы 
Са 
Мо 
Р 

Ащы жусан  Сор топырақ 




Ащы  жусанды  халық  медицинасында  көптеген  ауруларға  емдік  ретінде 
пайдаланады.  Мәселен,  асқынған  іріңді,  жараны  құрғатып,  қанды  тазартуға  дәрі 
ретінде  қолданған.  Сондай-ақ  сары  ауру,  бауыр,  қуық,  көкбауыр,  ішекке  жабысқан 
аурулармен қоса талма, ұстамалы ауруларға дәрілік қасиеті тым жоғары. 

№№7-12(85-90), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014          ISSN 2307-017X 
                         – M   n  čn h  ss  dov n j – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
95 
Қаражусан. Полынь обыкновенная. Душистая  – Artemisia  Fragrans Willd. 
Қаражусан  –  күрделі  гүлділер  тұқымдас,  көпжылдық  өсімдік.  Күлгін  түсті  бұтағы 
сабағы болады. Жапырақтары кезектесе шығады. Үстіңгі жағы қою жасыл, астыңғы 
жағы  ақшылдау.  Гүл  қауашақтары  ұсақ,  сопақша.  Биіктігі  1-1,5  метрдей.  Шілде  – 
тамыз  айларында  гүлдейді.  Қызылорда  облысының  барлық  аймақтарында  кең 
тараған, бұта арасында, сайларда, өзен жағасында, ылғалды жерлерде өседі. 
Химиялық құрамы. Қаражусан шөбінің құрамында шырышты және шайырлы 
заттар,  керотин,  С  витамині,  эфир  майы  мен  аздаған  алколоидтар  бар.  Тамырында 
илік заттар, инулин және эфир майы болады. 
Қолданылуы. Емдік мақсатқа шөбі мен тамырын пайдаланады. Шөбін шілде – 
тамыз,  ал  тамырын  күздің  соңғы  айларында  жинайды.  Қаражусанның  шөбі  мен 
тамырының  тұнбалары  тәбет  ашады,  асқазан,  ішек  бездерінің  қызметін  күшейтеді, 
толғақты  жеделдетеді,  жүйке  жүйесін  тыныштандырады,  әр  түрлі  шаншулар  мен 
құрыспаларды, ауруларды басады, ұйықтатады. 
Сондай-ақ оның тер шығаратын, ішек құртын түсіретін қасиеті бар. Шөбі мен 
тамырының  тұнбасын  жүйкені  тыныштандыратын  дәрі  ретінде  ішеді.  Қаражусан 
тамырының  ақ  шарапқа  қосылған  қайнатындысына  бал  қосып,  өкпе  туберкулезіне 
тыныс  органдары  ауруларына  қарсы  ішкізеді.  Суық  тигенде  одан  ванна  жасайды. 
Демікпеге  шалдыққан  адамға  қаражусанның  сабағы  мен  жапырақтарының  түтінін 
иіскетеді. 
Қояншық  ауруын  емдеу.  Дайындау  тәсілі.  100  гр  тамырды  0,5  литр  араққа 
салады да, 3 күн тұндырып, тәулігіне 4-5 рет ішеді. 
Қаражусан  тамырын  ұсақталған  көкшешек  шөбімен,  түймешетен  гүлдерімен 
арыстанқұйрық шөбімен, таушымылдық тамырымен жақсылап араластырады. Сонан 
соң олардың 10 гр. 0,5 литр суға салады да, 1 түн тұндырып қояды. Мұнан кейін баяу 
жанған отқа 10 минуттай қайнатады да, суыған соң сүзіп алады. Бұл қайнатындының 
науқас адам 3 ас қасықтан 4 рет тамақтан жарты сағат бұрын ішеді. 
Бүйректас ауруын емдеу. Дайындау тәсілі. Қаражусан тамырына қызылтаспа 
шөбін,  жүгерінің  аналық  ауызын,  итмұрын  тамырын,  ошаған  тамырын,  аюқұлақ 
жапырағын, сәбіз ұрығын қосып пайдаланады. Ол үшін оларды араластырады да, 15 
грамын, 0,5 литр суға салқын жерге 12 сағаттай қояды. Одан кейін баяу жанған отқа 
10 минуттай қайнатады да, 3 ас қасықтан күніне 3 рет, ал кешке жатар алдында 100 
грамман ішеді. Емделу ұзақтығы 5-6 ай. 
Ұйқы  қашқан  ауырын  емдеу.  Дайындау  тәсілі.  Арыстан  құйрық  шөбін, 
түймешетен гүлдерін, көкбас шөп шөбін және қаражусан шөбін араластырады. Осы 
қосындыдан 10 грамм алып, жарты литр суға салады да, 10 минут қайнатады. Мұнда 
3 ас қасықтан күніне 3 рет тамақтан жарты сағат бұрын ішеді. 
Талақ  ауруын  емдеу.  Дайындау  тәсілі.  1  стақан  қайнаған  суға  1  шай  қасық 
ащы жусан тамыр ұнтағын салып, бал қосқан шай секілді араластырып, күніне 1 рет 
тамақтан жарты сағат бұрын ішеміз. 
Асқазан  ауруын  емдеу.  Дайындау  тәсілі.  Ащы  жусанның  20  грамм  тамыр 
ұнтағын 100 мл спритке салып немесе 1 стакан араққа салып, 15-20 тамшы тамызып, 
күніне 3 рет тамақтан жарты сағат бұрын ішеді. 
Ішімдікті  емдеу  тәсілі.  Жусан  мен  алтынмыңжылдықтың  құрамын  бірдей 
мөлшерде  алып,  қайнатынды  дайындаймыз. Осы  қайнатындыны  ауруға  шалдыққан 
адамға ішкізетін болсақ, араққа деген тәбеті құриды. 
Қорытынды.  Сыр  өңірінің  бүгінгі  тарихы  бүкіл  елімізде  белең  алған  өмірлік 
даму реформаларымен өзектес. Осынау әрқилы географиялық аймақта қоныс тепкен 
туған  өлке  жеріндегі  шипалық  қасиетке  ие  жусанның  алуан  түрлі  ерекшеліктері, 
шығу тарихы туралы деректер мен материалдар жинақтап, барлық туған өлкеміздің 

№№7-12(85-90), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014          ISSN 2307-017X 
                         – M   n  čn h  ss  dov n j – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
96 
жас жеткіншектерімен ұрпақтарына таныстырылса. Дәрілік өсімдік жусанның емдік 
қасиеттерін  кең  көлемде  іздестіріп,  облыс  көлеміндегі  газеттерде  мақала  болып 
жарияланса деп ұсыныс білдіремін. 
 
Әдебиеттер 
1 «Алтын ғасыр» газеті. Республикалық басылым. – 15.09.2006. 
2 Ақыпбеков К. Халық емшілігінің құдіреті. – Алматы: Қайнар, 1993. 
3 Байтенов М.С. В мире редких растений. – Алматы: Қайнар, 1985. 
4 «Денсаулық» журналы. Республикалық басылым. – №1. – 1991. 
5 Кежеев Қ. Өсімдіктер физиологиясының практикумы. – Алматы, 1989. 
6  Қалиев  Б.  Өсімдік  атаулары.  Орысша-қазақша  сөздік.  –  Алматы:  Ана  тілі, 
1993. – 54 б. 
7 Қанпияұлы М. Қазақтың халық емі. – Алматы: Өнер, 1995. 
8 Қожабеков М., Қожабекова Г. Дәрілік өсімдіктер. – Алматы: Қазақстан, 1982. 
9 Іскендіров Ә. Қазақстанның дәрілік өсімдіктері. – Алматы: Қазақстан, 1982. 
10 Табиғат дауысы. Облыстық басылым. – №13. – 2002. – 11 б. 
 
ОРЫНБЕК Нұрхат Орынбекұлы, 
«Қ. Сұлтанбеков атындағы шағын орталықты орта мектебі» КМК 
8 «А» сынып оқушысы, Жақсылық ауылы, Т. Рысқұлов ауданы, 
Жамбыл облысы, Қазақстан Республикасы 
 
Жетекшісі: ТАНБАЕВА Шүйгінкүл Қамшыбекқызы, 
«Қ. Сұлтанбеков атындағы шағын орталықты орта мектебі» КМК 
«Физика» пәнінің мұғалімі, Жақсылық ауылы, Т. Рысқұлов ауданы, 
Жамбыл облысы, Қазақстан Республикасы 
 
ҚАЗАҚ БОЛМЫСЫНДАҒЫ КҮНТІЗБЕ 
 
Жұлдыз  ғылымы  –  астрономия  ерте  замандарда  мал  жайлаған  жазық 
далаларда, жойқын өзендердің егін салған аңғарларында туған. Оны тудырушылар – 
өмір  талаптары,  өндіріс  процестері.  Астрономия  мал  өсіретін  және  егін  салатын 
халықтарға  жыл  мезгілдерін  айыру  үшін  сөзсіз  қажет  болған.  Астрономия  тек 
математиканың жәрдемімен дами алады. 
Сонымен  аспан  ғылымының  тарихы  ғасырлар  түпкірінен  басталады.  Оның 
бізге белгілі алғашқы отаны – Мысыр (Египет). Ніл өзенінің тасуы мысырлықтарды 
үнемі  күйзеліске  ұшыратып  отырды.  Бертін  Мысыр  абыздары  өзеннің  Сүмбіле 
жұлдызы  туған  кезде  таситынын  аңғарды.  Осыдан  Сүмбіле  календары  жасалып, 
астрономиялық білімдер қорлана бастады. 
Кең де алып даланы бесігім деп таныған бабаларымыз қарақан басының қамы 
үшін  емес,  күнделікті  күн  көрістің көзі  саналған  төрт  түлікті  үнемі  бабында  ұстап, 
уақыт жүйелерін үнемі анықтап отырған. 
Есепші. Ғылым жетілмеген кезде халық арасында аспан денелерінің қозғалысы 
мен  табиғат  құбылыстарына  бақылау  жасайтын  адамдар  болған.  Олар  қазір  де  бар. 
Бұл  жөнінде  Шоқан  Уалиханов:  «Алдын-ала  ауа-райының  құбылыстарын, 
жұлдыздарға  байланысты  астрономиялық  білгірлік  танытатын  адамдарды  есепші 
деп атайды», - деп жазған. 
Халықтың  табиғат  құбылыстарына  көп  жылдық  бақылауы  нәтижесінде 
жинақталған астрономиялық  түсініктері  мен білімдерінен байырғы қазақ күнтізбесі 
пайда  болды.  Ежелгі  есеп  бойынша  он  екі  ай  –  бір  жыл,  он  екі  жыл  –  бір  мүшел 

№№7-12(85-90), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014          ISSN 2307-017X 
                         – M   n  čn h  ss  dov n j – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
97 
болып алынған. Үш айды бір тоқсанға есептеген, яғни ай ішіндегі күн саны орташа 
есеппен  отыз  тәулік  деп  қарастырылып,  жылдың  төрт  мезгілі  үш  айдан  –  тоқсан 
тәуліктен тұрады. 
Сондай-ақ  әр  жыл  мен  айға  апта  күндеріне  өз  атауын  береді.  Халқымыздың 
байырғы  астрономиялық  түсінігі  бойынша  бір  жыл  алты  ай  жаз  бен  алты  ай  қыс 
бөлінген.  Бұл  жерде  есепшілер  күн  мен  түннің  көктемгі  және  күзгі  теңелулерін 
болжай  білген,  мұның  біріншісі  наурыздың  21-інде  күн  мен  түн  ұзақтығы  теңесіп, 
бұдан  кейін  күн  ұзарып,  жылынады.  Күннің  ұзарып,  жылына  бастағаны  –  жазға 
айналғаны.  Екіншісі  қыркүйектің  23-іне  сәйкес  келеді,  бұл  кезеңде  керісінше 
құбылыс  байқалады.  Тіліміздегі  «алты  айдың  жазында»,  «алты  ай  қыстай»  сөздер 
осындай түсініктерден туған. 
Халық  есепшілері  Үркер  «жерге  түсіп»,  көрінбей  кеткен  уақытты  жаз  айына, 
Сүмбіле туып, Үркер көкке көтерілген уақытты қыс айларына жатқызады. 
Шығыс ғұламалары ерте заманның өзінде-ақ күн мен түннің теңесетін мезгілін 
астрономиялық уақытпен тура тауып, жер жиһан жаңарып, жасарып жататын жайсаң 
бір  шақты  «Наурыз»,  яғни  жыл  басы  –  «жаңа  күн»  деп  атаған  екен.  Күн  мен  түн 
теңелгенде бүкіл аспан денелерінің бәрі бастапқы орнына келіп, айналадағы табиғат 
атаулының бәрі жаңарады деп есептеген. 
Көктің  тынысын  тыңдап,  жердің  тамырын  басқан,  тұрмыс-тіршілігі  табиғат-
анамен  тығыз  байланысты  халқымыз  жыл  басы  Наурызды  қараңғының  –  жарыққа, 
ызғардың  –  жылыға,  қараның  –  аққа,  жоқтың  –  барға  ауысатын  табалдырығы  деп 
таныған. 
Сондай-ақ,  осы  күндегі  алақан  жайып,  ғибадат  қылу,  тілек  тілеу,  бата  беру 
халық  тіршілігінің  көк  аспанмен  байланыстылығын  көрсетеді.  Халқымыздың 
ұрпақтан-ұрпаққа  мирас  болған  ежелгі  мұраларының  қай  қайсысының  да  пайда 
болуы мен қолданылуында белгілі бір ғылыми негіз заңдылық бар. 
Халық  табиғаттың  кез-келген  тылсым  құбылысын  түсіндіру  үшін  оны  нақты 
бір  бейнеге  келтіреді.  Соның  бір  көрінісі  бес  саусағы  арқылы  жыл  мезгілдерін 
бейнелеу.  Халқымыз:  «Бес  саусақ  бірдей  емес»,  -  дейді.  Соған  сай,  жылы  ішіндегі 
күннің  көкжиектен  түсі,  биіктігі  мен  ұзақтығының  өзгерісін  саусақ  пен  оның 
буындары  ұзақтығына  қарай  дәл  бейнеленген.  Жылдың  төрт  мезгілін  сұқ  саусақ, 
ортан  қол,  аты  жоқ  саусақ,  шынашақ  арқылы  көрсетеді.  Әр  жыл  мезгілі  үш  айдан 
тұратыны сияқты, соған сай әр саусақ та үш буыннан тұрады. Демек төрт саусақ  – 
жылдың  төрт  мезгілі,  яғни,  сұқ  саусақ  (көктем)  –  наурыз,  сәуір,  мамыр;  ортан  қол 
(жаз)  –  маусым,  шілде,  тамыз;  аты  жоқ  саусақ  (күз)  –  қыркүйек,  қазан,  қараша; 
шынашақ (қыс) – желтоқсан, қаңтар, ақпан. Төрт саусақтағы буындар саны – он екі. 
 
 

№№7-12(85-90), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014          ISSN 2307-017X 
                         – M   n  čn h  ss  dov n j – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
98 
Күн  сәулесінің  белгілі  бір  жыл  мезгілі  мен  айдағы  ұзақтығы  саусақ  пен 
буынның  салыстырмалы  ұзындығынан  білуге  болады.  Наурыз  бен  қыркүйекте  күн 
мен  түн  теңеледі  (21  наурыз,  23  қыркүйек).  Олай  болса,  сұқ  саусақ  пен  аты  жоқ 
саусақтың және олардың бірінші буындарының ұзындықтары бір-біріне шамалас. 
Жыл ішіндегі күннің ең ұзаратын айы – маусым (22 маусым), оны қолдағы ең 
ұзын  саусақ  ортан  қолдың  бірінші  буыны  көрсетеді,  ал  ең  қысқаратын  айы 
желтоқсан (22-ші желтоқсан), шынашақтың бірінші буынына сәйкес келеді. 
Жалпы  халқымыздың  ғасырлар  бойы  жинақталған  рухани  мол  мұрасы  жас 
ұрпақтың табиғат құпиясын терең түсінуге жол ашады. 
 
 
 
Темірқазық – көктің кіндігі. Қазақ атаулының күллісіне мәшһүр Темірқазық 
жұлдызы  ғылым  тілінде  Кіші  Аюдың  d  дейтін  жұлдыз.  Дүние  полюсіне  жақын 
тұрғандықтан,  оны  көбінесе  «Полярная  звезда»  деп  атайды.  Арабша-орысша 
сөздіктен оның арабша аты «Құтыб» екенін көреміз. 
Киіз  үйлі  қазақтың  үйін  дауылға  жықтырмай,  көгендегі  қозысын,  желідегі 
құлынын,  арқандаулы  атын  бейсауат  жібермей,  ұстап  тұратын  мықты  қазықтың 
тұрмыста  керегі  соншама  еді.  Ертедегі  қазақ  тұрмысында  түнгі  жүріс  көп-ақ-ты. 
Қағулы  қазықтай  жылжымай  тұрып  алып,  сарпылтаң  жүрістерде  адастырмайтын 
жұлдыздың  маңызы  төтенше  күшті  болды.  Жетіқарақшы,  Ақбозат,  Көкбозат, 
Темірқазықты айналып жүреді деп елдің бәрі ашып айтады. 
Аспан  меридианының  жуық  бағытын,  Темірқазық  бойынша  осылай  анықтау, 
сонан  соң  жұлдыздардың  осы  меридианмен  өтуін  бақылау  астрономияда  белгілі 
тәсіл.  Ертедегі  астрономдар  осындай  оңай  тәжірибеге  сүйеніп,  құнды  өлшеулер 
жүргізген.  Сөйтіп  ел  ортасында  құр  ғана  бақылау  жасап  қоймай,  өз  қолымен 
қарапайым тәжірибе істеп талпынғандар да болған. 
Қол диірменінің ортасы сияқты, Темірқазық – аспанның ортасы. Осы сөздерден 
білетініміз,  өзге  жұлдыздардың  бәрі  қозғалады.  Темірқазақ  қозғалмайды,  аспан 
диірменінің тас сияқты ортасындағы Темірқазықты айналады деген ұғымға келеміз. 
Өлген  кісінің  басын  Темірқазыққа  қаратып  қою  –  ескіден  келе  жатқан  салт. 
Қазақтың  мұнысы  әлде  қалай  ұстала  салған  осал  салт  емес.  Күллі  жұлдыздардың 
тұтқасы  сияқты,  көрер  көзге  тапжылмай  тұратын  Темірқазық  жұлдызы,  адамның 
сәбилік  сатыдағы  сана-сезіміне  мықты  әсер  етті.  Ендеше  өліктің  бас  ағзасын  соған 
бейімдеп  қою  табиғи  нәрсе,  мұнда  бейсауаттық  жоқ.  Ал,  өліктің  бетін,  малдың 
бауыздауын «оңға» – құбылаға қарату кейінірек мұсылман дінінің ықпалымен енген 
әдет. 

№№7-12(85-90), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014          ISSN 2307-017X 
                         – M   n  čn h  ss  dov n j – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
99 
 
 
Үркер  есебі  қазақ  календарының  арқауы.  Түнгі  аспанға  қарасаң,  ондағы 
жұлдыздардың  санына  жету  мүмкін  емес.  Олардың  ішінде  аса  жарығы  да,  жай 
көзбен әзер көрінетіндері де баршылық. Сөйтсе де көне дәуірлерде өмір сүрген ата-
бабаларымыз  неліктен  Үркер  жұлдыз  шоғырын  таңдап  алған  деген  заңды  сұрақ 
туады. 
Ғасырлар  бойы  мәдениетті  елдердің  қолданып  жүргені  –  күн  календары, 
қазақтың Үркер есебі де күн қозғалысына негізделген күн календары. 
Біріншіден, Үркер жұлдыз шоғыры түнгі аспанда шоқтай болып, көзге бірден 
түседі. 
Екіншіден,  14  мамыр  мен  21  маусым  аралығынан  басқа  уақыттарда  Үркер 
жұлдыз шоғыры түнгі аспанда көрініп тұрады. 
Үшіншіден, Ай батыстан туып, шығысқа қарай қозғалғанда, Үркер шығыстан 
туып,  батысқа  қарай  қозғалады.  Бір-біріне  қарсы  қозғалған  екі  аспан  денесінің 
кездескен  уақыты,  яғни  «тоғысқан»  мезгілі  уақытта  дәл  белгілеу  үшін  таптырмас 
белгі.  Қазіргі  ғылымда  мұндай  уақыт  мөлшерін  Жұлдыздық  ай  есебі  деп  атайды. 
Оның мөлшері жуық түрде 27 күн 7 сағат 43 минутқа тең. 
Ертеде  дәл  есептейтін сағат  болмағандықтан  ата-бабаларымыз  Жұлдыздық  ай 
мөлшерін 28 күн етіп белгілеген. 
Бір жыл ішінде Ай мен Үркер 13 рет қана «тоғыса» алатындықтан, нәтижесінде 
Тоғыс  есебінде  –  364  күн  болған.  Егер  ерте  замандарда  ең  өркениетті  деген 
халықтардың өзі, жыл есебін шатасып, 360 күн етіп белгілегенін ескерсек, онда ата-
бабаларымыздың астрономиялық ілімі қай деңгейде болғаны айтпаса да түсінікті. 
Бір қызығы, артында «Іздеушісі» жоқ болғандықтан, жүйесі дәл Тоғыс есебінен 
аумайтын  уақыт  жүйесін  ХІХ  ғасырда  француз  философы  Огюст  Конт  өз  жобасы 
ретінде  –  дүние  жүзілік  ортақ  күнтізбе  жүйесі  етуге  әрекет  жасаған.  Бірақ,  13 
санынан өлердей қорқатын ырымшыл Еуропа жұртты бұл жобадан саналы түрде бас 
тартқан... 
Тілімізде  Тоғыс  есебіне  тікелей  қатысты  сөз  тіркестері  көп  сақталған. 
Солардың бірі: «Қырқына шыдап, қырық  біріне шыдамапты», - деген сөз. Енді осы 
тұрақты  сөз  тіркесін  математика  тіліне  аударғанда  мынадай  қызық  есеп  пайда 
болады: 
28 күн *39 ай = 1092 күн : 40 ай = 27,3 күн – 27 күн 7 сағат 12 минут. 
28 күн * 40 ай = 1120 күн : 41 ай = 27,317 күн – 27 күн 7 сағат 36 минут : 1092 
күн : 3 жыл = 364 күн, 1120 күн : 3 жыл = 373.33 күн. 
Яғни,  40  айда  Тоғыс  есебімен  Күн  жылы  жуық  түрде  дұрыс  теңеледі.  Ал,  41 
айда Тоғыс есебінің мөлшері дұрыстала түскенімен, Күн жылы өз мөлшерінен 8 күн 
асып түседі. 

№№7-12(85-90), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014          ISSN 2307-017X 
                         – M   n  čn h  ss  dov n j – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
100 
Тоғыс есебін дұрыс түсіну үшін пәлендей дайындық пен білімнің қажеті жоқ. 
Мәселен,  осы  жылдың  27-30  наурыз  аралығында  Қазақстанның  түнгі  аспаны  ашық 
аймақтарында  Ай  мен  Үркердің  «тоғысын»  бақылауға  болады.  Ай  мен  Үркердің 
тоғысуын  халқымыз  3  күнге  бөледі.  Ай  мен  Үркер  бір-біріне  жақын  келген  күнді 
«Ауыл-үй қонды» дейді. 
Ай  орағының  немесе  табағының  тас  астында  Үркердің  көрінбей  қалуын 
«Тоғамдасты» дейді. Айдың Үркерді басып өткен үшінші күнін «Өріп шықты» дейді. 
Алдымызда  болатын  жоғарыда  айтқан  бұл  тоғыс  «Бес  тоғыс»  деп  аталады.  Осы 
тоғыстан бастап Қазақстан жерінде жер көктеп, ағаштар бүршік жара бастайды. 
Ай  мен  Үркердің  «тоғысуына»  орай  халқымыздың  тұрмысында  көптеген 
болжамдап  айту  қалыптасқан.  2008  жылғы  тоғыста  Ай  шалқасынан  қып-қызыл 
болып  жатып,  Үркерден  алыс  тоғысты.  Мұндай  тоғысты  ертеде  халқымыз  «Жұт 
тоғыс»  деп  атаған.  Айтса  айтқандай,  биылғы  ақпан  айы  Солтүстік  және  Оңтүстік 
Қазақстан  аймақтары  үшін  жұт  әкеледі.  Төрт  түлікпен  бірге  бірлі-жарым  адам 
өлімдері де болады. «Білсең – құтпын, білмесең – жұтпын», - дейтін осы оқиғалардан 
кейін ата-бабалардың даналығы мен ілімдеріне бас имессің. 
Халқымыздың тұрмысында бұл есептен басқа «Тоғыз шілде», «Қырық күн – 9 
шілде – 360 күн», «4 тоқсан – 90 күн – 4 маусым», 360 күн – азаматтық ай, «30 күн – 
12 ай – 360 күн» және т.б. уақыт жүйелері болған. Ал қазіргі күнтізбедегі қазақша ай 
атаулары жоғарыда айтқан «азаматтық ай» есімдері болып табылады. 
 
 
Аспан  сағаты  –  Жетіқарақшы.  Қазақ  атаулы  түгел  білетін  шоқ  жұлдыздың 
бірі – Жетіқарақшы (Большая медведица). 
Жетіқарақшы бір тәулікте Темірқазықты (дәлірек айтқанда дүние полюсін) бір 
айналады.  Оның  іңірдегі,  түн  ортасындағы,  таң  алдындағы  орны  жыл  мезгілдеріне 
қарай әр қилы келеді. 
Жетіқарақшының  қозғалысын  жақсы  білетін  малды  елдер  мыңдаған  жылдар 
бойы  оның  түн  мезгілдерін  білдіретін  аспан  сағаты  себебінде  пайдаланып  келеді. 
Бажырайған  жеті  жұлдыз  аспанды  бір  шолғанда-ақ  өзінің  ерекше  түрімен:  «Мен 
мұндамын», - деп көзге түсе кетеді. 
Тек аспан ашық болса болғаны. Қалтадағы сағатты алып, оның тілін жарыққа 
ұстап көріп, әуреленіп жатпайсың. 

№№7-12(85-90), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014          ISSN 2307-017X 
                         – M   n  čn h  ss  dov n j – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
101 
 
Жетіқарақшы – батпайтын жұлдыз, ол тек шырайланады. Төрт жұлдызы бары – 
оның  бас  жағы.  Үшеуі  артында,  ол  –  құйрығы.  Ол  күндіз  де  жүреді.  Ал  тамызда 
күндізгі  сағат  үште  ол  төбеге  таман  келеді.  Жұлдыздардың  күндіз  жүретіні  күн 
тұтылғанда байқалады. 
Қазақтың  бұрынғы  сағаты  –  Жетіқарақшы.  Ол  шырайланып  жүреді.  Ол  таң 
қысқа  кезде  қысқа  айналып,  ұзарғанда  ұзын  айналып,  еңістеп  барып,  күншығысқа 
қарай көлденеңдеп жүріп, содан өрге ұмытылады. 
Еңістегенде таң атады (жазғы салым). Қысқа қарай мынадан шығып, айналып 
төбеге келіп, құбылаға қарай бұрылғанда таң атады. Таңды айнытпай білдіреді. 
Қыс  басында  Жетіқарақшы  төбеге  келгенде  таң  атады.  Түн  ұзарған  сайын 
төбеден  ауа  таң  білінеді.  Түн  ұзарғанда  қой  мен  жылқы  күзетшілері 
Жетіқарақшының орнына қарап, ауысып күзетеді. Күзде күн қысқарғанда, биені таң 
жусауында қосақтап, боземшек қылып, сәскеге жеткізбей, күн шыға ауылға әкеледі. 
Сонда үлкендер: «Жетіқарақшы маңдайға айналғанда биені қосақта», - дейді. 
Жетіқарашыны  сағат  есебінде  қалай  пайдаланатынын  байқау  үшін 
бақташылардың тосын сөздерінің өзі де жетіп жатыр. Есепші Жетіқарақшының тіпті 
күндізгі орнын да дәл айтып береді. 
Шаруалар  Жетіқарақшыға  қарап,  жыл  мезгілдерін  белгілеумен  қатар,  онымен 
жыл  мезгілдерін  де  айырады.  Жетіқарақшы  төмен  еңкейіп  келмей,  жаз  болмайды, 
жазға таман бұл да еңкейеді. Ал, күзде Жетіқарақшы көбінесе жамбасқа (көкжиекке) 
келеді. 
Қыркүйектің 20-сы (күзгі күн мен түн теңелу) қарсаңында іңірде Жетіқарақшы 
төменгі кульминацияда болып, етектеп, көкжиекке төніп жүреді. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет