7-тақырып. Қазіргі философиядағы адам мәселесін салыстырмалы талдау



бет1/6
Дата24.03.2022
өлшемі33,56 Kb.
#28645
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6

7-тақырып. Қазіргі философиядағы адам мәселесін салыстырмалы талдау.



Сабақтың мақсаты: Адамды әлеуметтік-биологиялық түсіну концепциясымен таныстырып, адам- дүниедегі ең жоғарғы құндылық екенін көрсету.

Жоспар:

1.Адам ұғымы.

2.Адамның дүниеге келу мәселесі.

3.Адамның биологиялық және әлеуметтік табиғаты.

4.Адам өмірінің мән-мағнасы.
Адам ұғымы

Адам – ғарыштың тудырған ғажап пендесі. Өйткені, оның денесі болса да, ол ең алдымен – рух. Осы тұрғыдан алып қарағанда адмның басқа тіршілік әлемінен айырмашылығы – шексіздікке кетеді. Сондықтан, ғасырлар бойы қайсыбір дін «адамды Құдай жаратты» деген қағиданы осы уақытқа дейін ұстап отыр.

Философияның көп мәселелері ішіндегі ең өзектілерінің бірі – адам мәселесі. Бүгінгі таңда тек гуманитарлық ғалымдар ғана емес, сонымен қатар, жаратылыс танушылар да «антроптық принципті» қолдап отыр. Осыдан 13 млрд. жыл бұрын «Ұлы Жарылыстың» негізінде пайда болған Дүние – Ғарыш Әлемі – қажетті түрде сан-алуан кездейсоқтар тоғысының барысында тіршілікті, содан кейін саналы пендені – адамды тудырады екен.

Философия тарихында мыңдаған жылдар шеңберінде адамға деген сан-алуан анықтамалар жасалды. Солардың ішіндегі ең көп таралғаны – «Homo Sapiens» - саналы адам, яғни, ол – рухани пенде.

Американың саяси қайраткері Д. Франклин адамға «Homo Faber» - құралданған адам,- деген анықтама берді.

Уақытында ұлы Аристотель адамды «Zoon Politikon» - қоғами жануар – деген болатын. Ол да адамның тестік қасиеттерінің бірі. И.Кант адамның ішкі ар-ұжданына таңғалып, оған «Homo Morales» деген анықтама берген болатын. Уақытында ұлы Абай оны «нұрлы жүрек» , - десе, Шәкәрім «үш анықтың» біреуіне жатқызды. Егер де адамның ар-ұжданы болмаса, ол жануарлардан қулық-сұмдығы жүздеген есе асатын нағыз жан түршігерлік сайтанға айналар еді. Австрия ғалымы В. Франклен Құдайды Ғарыштан, тіпті оның әр жағынан іздеу керек емес, ол – адамның ішіндегі оның ар-ұжданы деген ғажап ой айтады.

«Homo Aesteticus» - сұлулыққа ұмтылған адам – деген анықтама да адамның ғажап жағын бізге көрсетеді. Адам дүниедегі кез келген нәрсенің әсем жағын байқап одан ләззат алатын пенде.

Голландия ойшылы И.Хейзинга адамға «Homo Ludens» - ойнайтын адам – деген ат қойып, сол жөнінде көлемді еңбек жазды. Адам өз өмірінің шеңберінде жүздеген әлеуметтік рөлдерді ойнайды.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет