8- наурыз аналар мерекесіне арналған мерекелік бағдарлама
Мақсаты: Балаларға көктем туралы, 8- наурыз мерекесі туралы түсінік беру, отбасындағы ананың орнын, анаға деген құрметті ұғындыру, еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, адамгершілікке, қамқорлыққа, достыққа, ұйымшылдыққа баулу және әдемілікті сезіне білуге тәрбиелеу.
Мұғалім: Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар,
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, асыл әжелер мен аналар!
Мұғалім: Қош келдіңіздер аяулы аналар, асыл әжелер, қызғалдақ қыздар. Көңілдеріңізге көктем шуағындай, сезім мен нұр құйып 8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Осынау көктем мерекесінің қай кезде де орны бөлек. Өйткені аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Себебі, ана – өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Ендеше көктемнің алғашқы күндеріне арналған ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер. Енді балаларымыздың өнерін тамашалаңыздар. Қошеметпен балаларды шақырайық.
Барлық балалар хормен: Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті апа, аналар!
Мұғалім: Бала, бала, бала деп,
Түнде шошып оянған.
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған.
Бұл кім балалар?
Балалар: Ана, Ана, Ана.
Мұғалім:Ақ қар еріп
Су көбейіп! Сай салаға толады.
Ағаш басы бүршік атып,
Гүл бәйшешек басады.
-Балалар, айтындаршы бұл қай кезде болады? \Көктем мезгілінде\
-Балалар менің айтып тұрғаным жылдың қай мезгілі деп ойлайсыңдар?
Қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар: Көктем
- Дұрыс айтасыңдар балалар,
Мұғалім: Сіздер үшін ән мен би өлеңдері,
Сіздер үшін мереке шашулары.
Оқушыларымыздың орындауындағы «Анашым қартаймашы» әнін қабыл алыңыздар.
Оянғанда түнде жұбатып,
Ақ сүт беріп өсірген
Басқанымда тәй-тәй қуантып,
Тұсауымды кестірген
Қайырмасы:
Анашым құдіретіңе табынамын,
Көрмесем бір күн сені сағынамын
Анашым қартаймашы жалынамын
Көз алдымда дәурен балалық,
Тілімді алмай есірген
Балалық қылсам шалалық,
Әр кез мені кешірген