8 тақырып: Инклюзивті білім беру Cұрақтар: «Инклюзия»



Pdf көрінісі
бет1/7
Дата03.05.2023
өлшемі454,75 Kb.
#89292
  1   2   3   4   5   6   7


8 тақырып: Инклюзивті білім беру 
Cұрақтар
1. 
«Инклюзия» және «интеграция» ұғымдары. 
2. 
Инклюзивті білім берудің мақсаты мен міндеттері. 
3. 
Инклюзивті білім берудің негізгі қағидалары. 
Инклюзивті оқыту (фр. Inclusif - ӛзіне енгізуші, лат. Include - 
қосамын, кіргіземін) – ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы 
білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. 
Инклюзивті 
оқыту 
негізінде 
балалардың 
қандай 
да 
бір 
дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік 
қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі 
бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр. Тәжірибе 
кӛрсеткеніндей қатаң білім беру жүйесінен балалардың бір бӛлігі шығып 
қалады, ӛйткені қалыптасқан жүйе мұндай балалардың даралық 
қажеттілігін қанағаттандыра алмайды. Инклюзивті бағыт мұндай 
балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы ӛмір сүру 
мүмкіншілігін қалыптастырады. 
Инклюзивті оқыту - барлық балаларға мектепке дейінгі оқу 
орындарында, мектепте және мектеп ӛміріне белсене қатысуға мүмкіндік 
береді. 
Инклюзивті оқыту - оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым 
іс-әрекетіне қатысуға мүмкіндік береді. 
Инклюзивті оқыту - адамдармен қарым-қатынасына қажетті 
қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. 
Инклюзивті оқыту – барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеретін, 
ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін 
жалпы білім үрдісінің дамуы. Инклюзивті оқыту балалардың оқу 
үрдісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, 
оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын ӛңдеуге талпынады. Егер 
инклюзивті оқытудың оқыту мен сабақ беруге енгізілген ӛзгерістері тиімді 
болса, онда ерекше қажеттіліктері бар балалардың жағдайлары да ӛзгереді. 
Инклюзивті оқытуды ашқан мектептерде оқыған балалар адам құқығы 
туралы білім алуға мүмкіншілік алады, ӛйткені олар бір-бірімен қарым-
қатынас жасауға, танып білуге, қабылдауға үйренеді. Олар мүмкіндігі 
шектеулі құрбыларына кӛмектесе отырып, ӛздері үшін маңызды ӛмірлік 
тәжірибе жинақтайды, әлеуметтік оң кӛзқарас, ӛзіндік пікірлер, ӛзіндік 
сана мен дүниетанымдар қалыптасады, осылардың негізінде шынайы 
достық пен қамқорлық сезімдері қалыптасады. 
Инклюзивтік білім беру - барлық балаларды жалпы білім үрдісіне толық 
енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, 
жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-
аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзеу- педагогикалық және 
әлеуметтік қажеттіліктерін арнайы қолдау, қоршаған ортаның балаларды 
жас ерекшеліктеріне және білімдік қажеттіліктеріне бейімделуіне жағдай 


қалыптастыру, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға 
бағытталған мемлекеттік саясат. 
Сондықтан, заманауи білім беру жүйесіндегі бағдарламалар 
инклюзивті білім беружағдайларын ескеретіндей болып ӛзгеруі керек, әр 
баланы оның жеке ерекшеліктерін ескере отырып қабылдауы және оның 
мүмкіндіктеріне қарай оқытуы қажет. керек. 
Бірақ инклюзия мен интеграция ұғымдарын шатастыруға болмайды. 
Интеграцияның тәжірибесі ерекше оқытуды қажет ететін балаларды 
арнайы мектептерден жалпы білім беретін мектептерге қайтару талабымен 
шектеледі. Бірақ бұл балаларға кӛсетілген арнайы жағдайлар сынып 
шеңберінен 
асып 
кӛрген 
жоқ. 
Интеграцияның 
инклюзиядан 
айырмашылығы – белгілі бір топтарға жеке ерекшелігі бар баланы 
ұжымдық әрекеттер орындауда қосуға талаптанады. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет