© 2022 Al-Farabi Kazakh National University
28
ISSN 2413-3558 eISSN 2521-6465
Хабаршы. Дінтану сериясы. №4 (32) 2022
https://bulletin-religious.kaznu.kz
ҒТАМР 21.21.31
https://doi.org/10.26577//EJRS.2022.v32.i4.r3
А. Рыскиева
1
, Ә. Құранбек
2*
, Б. Аташ
2
1
Нұр-Мүбәрак Египет ислам мәдениеті университеті, Қазақстан, Алматы қ.
2
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.
*
e-mail: akuranbek@gmail.com
ТӘҢІРШІЛДІК САНА: ЕЛІМІЗДЕГІ
ӘЛЕУМЕТТІК-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЛИМАТ
Бұл мақалада қазіргі Қазақстан жағдайындағы тәңіршілдік сенімнің психологиялық-әлеуметтік
климатына феноменологиялық, психоанализдік, құрылымдық талдаулар дін философиясы
тұрғысынан жүргізілді. Қоғамдық санадағы талқыланып отырған дискурстар алаңындағы
мәселелер жиынтығы ұсынылды. Тәңіршілдікке қатысты шоғырланған жағымды және жағымсыз
көзқарастар жүйесі жинақталып көрсетіле келе, олардың динамикасы ретінде қазіргі әлеуметтік
ақпараттық желілерге контент-анализ жасау арқылы зерттелінді. Қазіргі кездегі тәңіршілдік
архетиптерінің нақты көрініс тауып отырған белгілерін мемлекеттік рәміздер, өнер туындылары
арқылы дәйектей келе, тәңіршілдердің этикасы мен мінез-құлқының негізгі картинасы жасалды.
Қазіргі Қазақстандағы тәңіршілдердің негізгі бағыттарын жіктеп көрсетіп, оны әрі қарай зерттеудің
негізгі бағдарлары қалыптасты. Сондай-ақ қоғамдық санадағы тәңіршілдікке өтудің тетіктері
көрсетілді, тәңіршілдікке берілгендіктің эмоциялық деңгейлері, тәңіршілдік фобиясы, тәңірлік
тәжірибелері қоғамдық өмірді тікелей зерттеу барысында тұжырымдалды. Аталған құбылысты
танудың онтологиялық және теориялық танымдық аспектілерден аксиологиялық, идеологиялық
ракурске өту барысын талдаудың методологиялық негіздерін зерделеудің өзектілігі анықталды.
Мақала авторлары заманауи әлеуметтік құрылымдар, заманауи әлеуметтік институттар, сондай-ақ
осы қатынастар мен құрылымдар аясы негізінде қазіргі қоғамдағы тәңіршілдік сананы зерттеудің
парадигмалары мен бағыттарын қалыптастырудың қажеттілігін негіздейді.
Түйін сөздер: Тәңіршілдік, шамандық, архетип, ислам, салт-дәстүр.
A. Ryskiyeva
1
, A. Kuranbek
2*
, B. Atash
2
1
Egyptian University of Islamic Culture Nur-Mubarak, Kazakhstan, Almaty
2
Al-Farabi Kazakh National University, Kazakhstan, Almaty
*
e-mail: akuranbek@gmail.com
Достарыңызбен бөлісу: |