Абай қҰнанбайұлы (1845-1904) Абай Құнанбайұлы дүниеге келген: Семей облысындағы Шыңғыс таудың баурайында



бет6/19
Дата13.10.2022
өлшемі104,49 Kb.
#42751
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
ШЕРХАН МҰРТАЗА
«Егер көркем әдебиет ауыр артиллерия болса, публицистика – жеңіл кавалерия» деген: Шерхан Мұртаза.
Шерхан Мұртаза дүниеге келді: 1932 жылы 28 қыркүйекте, Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Мыңбұлақ ауылында.
Шерхан Мұртаза тәмамдаған оқу орны: Мәскеу мемлекеттік университетінің журналистика факультеті.
Шерхан Мұртаза қызмет етті: 1956-1963 жж «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш»), «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газеттерінің тілшісі, әдеби қызметкері, редакторы.
Шерхан Мұртаза қызмет етті: «Жазушы» баспасының, «Жалын» альманахының бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының екінші хатшысы, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы болды.
Шерхан Мұртаза қызмет етті: 1989-1992 жж «Егемен Қазақстан» газетінің бас редакторы, 1992-1994 жж ҚР мемлекеттік телерадио компаниясының төрағасы, ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаты болды.
Шерхан Мұртазаның жарық повесттері: «Табылған теңіз» (1963), «Белгісіз солдаттың баласы» (1969), «Ахметжанның анты» (1973), «Мылтықсыз майдан» (1977).
Шерхан Мұртазаның әңгімелері: «41-жылғы келіншек», «Интернат наны» (1974).
Шерхан Мұртазаның романдары: «Қара маржан»(1977), бес кітаптан тұратын Тұрар Рысқұловтың өмірі жайлы «Қызыл жебе», «Ай мен Айша»(1999).
Шерхан Мұртазаның шығармалар жинағы жарық көрді: 4 томдығы (1990-2000 жж), 6 томдығы, таңдамалы шығармаларының 7 томдығы (1998).
Шерхан Мұртазаның қандай кітаптары жарық көрді: «Елім саған айтам, Елбасы, сен тыңда» (К.Смайыловпен бірге, 1998), «Бір кем дүние» (2008).
«Шерхан Мұртаза – қазақ руханиятындағы өте тұлғалы есім. Уақыт өтіп, тарих ұмытыла бастағанда көп адамдар ұмытылады. Себебі жазылған дүниенің уақыты өтеді, ескіреді. Меніңше, бұл кісі әңгіме жанрының көгінен ешқашан жұлдыз болып түспейтін сияқты. Азаматтығына келер болсақ, жалпы Шераға Тұрар Рысқұлов, Бауыржан Момышұлылардың мектебінен шыққан. Сондай батырлық, ерлік қасиеттер дарыған адам. Қазақ қарияларының ұстанымы дәл осы Шерхан ағамызда бар» деген: Жұмабай Шаштайұлы.
«Шерхан Мұртаза даңғыл жолмен дабырлы да дүбірлі тірлікке бас қойып, қамсыз ғұмыр кешер мүмкіндіктің бәрін Қызыл жебедей дір-дір еткен шындық соқпағының қатерлі сапарына айырбастап, бір сәт те сыр бермей, жел өтіндегі құзар шыңға тура келе жатыр. Біреулер бұл соқпақпен жүруін жүрсе де, о бастағы болмыс-қасиетін шапанының өңін айналдырғандай оңдырып, шындығының қадірін қапелімде жоғалтып алады» деген: Фариза Оңғарсынова.
«Суреткер ретінде де, Азамат ретінде де адалдық, бауырмалдық, жығылып жатқанға жанашырлық секілді о бастағы адами қасиеттерінен танбай, тасып-тасқындамай немесе сарқылып-суалмай, өз-өзінен оқшауланбай, шындықтың соқпағы тағдырлас болмыспен келе жатқан Шерхан ағамыз бүгінгі таңдағы іші де, сырты да қырық құбылып жатқан заманда менің көзіме сонау ертеде, қазақты Қазақ атандырған дәуірде туып, қазіргі қазақтарға үлгі етер тұлға боп көрінеді» деген: Фариза Оңғарсынова.
Шерхан Мұртазаның кең құлашты, өзекті шығармасы: Бес кітаптық «Қызыл жебе» хамсасы (бестік мағынасында).
Тұрар Рысқұловтың дүниеге келген, жүрген жерін, әсем табиғатын аса бір шеберлікпен, керемет көркем оймен шынайы суреттеген шығармасы: «Қызыл жебе».
Халықаралық ПЕН-клубы құрылды: 1921 жылы.
Халықаралық ПЕН-клубының атауы қойылды: Ағылшынның ақындар, очеркшілер, новеллашылар сөздерінің бастапқы әріптерінен құралған.
ПЕН-клубының басты міндеті: Оған мүшелікке алынған жазушылардың құқығын қорғау, оларға қолдау көрсету, ұлттық әдебиетті дамыту.
Халықаралық ПЕН-клубының қазақ жеріндегі бөлімшесі құрылды: 1995 жылы.
Шерхан Мұртаза нені жақсы көреді: Асық пен төсбелгі жинағанды.
«Рухы мен намысы сөнген ел—өлген ел. Күйреген рухты қайта көтеру —міне, қазіргі таңдағы басты мақсат. Қып-қызыл өтірікті көтере беретін осы дүние ғана. О дүниеде ондай қулық өтпейді» деген: Шерхан Мұртаза.
Шерханның екі бөлімнен тұратын тарихи драмасы:«Бесеудің хаты».
«Бесеудің хаты» драмасына арқау болған: 1932 жылы ел басына түскен азапты күндер, қолдан жасалған аштықтан қырылған екі миллион халықтың тағдыры.
Қазақ зиялылары БК(б)П Қазақ өлкелік комитетінің бірінші хатшысы Ф.И.Голощекинге хат жолдайды: 1932 ж 4 шілде (Бастапқыда Сталинге арналып жазылған).
Бесеудің хатында не баяндалған: Қазақ ауылында жүргізілген қайта құрулар бүкілхалықтық қасіретке айналып, күштеп ұжымдастыру мен отырықшыландыру, алым-салық жинаудағы қиянаттар жұрттың жаппай аштық пен індетке шалдығуына, олардың басқа жаққа ауа көшуіне әкеліп соққандығы туралы.
Ресей Федерациясы Халық комиссарлар кеңесі төрағасының орынбасары: Тұрар Рысқұлов.
Ф.И.Голощекиннің «Кіші Қазан» төңкерісін жасау идеясына қарсы шыққан: Тұрар Рысқұлов.
«Бесеудің хаты» драмасының басында ойнап тұратын күй:«Көбік шашқан»,«Ақбай».
Хаттың авторлары: жазушы Ғабит Мүсірепов (1902-1985), Қазақ мемлекеттік баспаның меңгерушісі Мансұр Ғатаулин (1903-1938), Алматы Комвузының басшы қызметкерлері Емберген Алтынбеков (1904-1954), Мұташ Дәулетқалиев (1904-1982), Қазақ АКСР Мемлекеттік жоспарлау комиссиясының сектор бастығы Қадыр Қуанышев (1906-өлген жылы белгісіз).
Хаттың жазылуына түрткі болған: Ораз Исаев.
Түркістан мен Қазақстанды қалың аштық жайлады: 1918-1919 жж.
Аштықпен күрес комиссиясының председателі болған: Тұрар Рысқұлов.
«Көшпенділер марксизм ілімі бойынша, жер бетінен жойылып кетуі тиіс, оларға қаржыны бөліп әуре болмай, армияны күшейтейік, армия социализмді қорғап қалу үшін керек» деген: Максималист Кушекин.
«Көшпенділер —адам қоғамындағы масылдар» деген теория маркстік теория емес, буржуазиялық теория "деген: Сталин.
«Біз басшы қызметтегі жікшілдерді төңкеріп тастадық, ал ауылдағы байлармен, тап жауларымен күресуде дәрменсіздік танытып отырмыз» деген: Голощекин.
«Бесеудің хаты» драмасының кейіпкерлері: Голощекин, Сталин, Ғабит Мүсірепов, Тұрар Рысқұлов, Құрамысов, Нұрхан, Құсни, Балым.
Сұрқия саясатты жүзеге асырып, халықтың қырғынға ұшырауына бірден-бір себепкер болған Крайкомның бірінші хатшысы, шығармада бюро мүшелерінің жиналысындағы сөздер арқылы бейнесі толық ашылады: Ф. Голощекин.
Халықтың амандығы үшін басын бәйгеге тігетін кейіпкер: Ғабит Мүсірепов.
«Бесеудің хаты» шығармасында Ғабит Мүсірепов қайда дейді: Торғайда, Батпаққара дейтін жерде.
Өзінің қызмет орны мен басшысынан әрі аса алмайтын, өзіндік пікірі жоқ, мәселені өздігінен шеше алмайтын дәрменсіз кейіпкерлер: Құрамысов, Жантоқов.
Басшысының «ақ дегенін алғыс, қара дегенін қарғыс» демей, керісінше, Мүсіреповтерге ара түсіп, жағдайды әділетті түрде шешуді көздейді: Исаев, Иванов.
Құсни, Балым, Күләнда дегендер кімдер: Бірі—жазушының, бірі—батырдың жары, енді бірі—ақынның қолы жетпеген сүйгені.
«Шындық шірімейді. Шындықтың бетін қанша бүркемелегенмен, бүркеніштің әр жағынан сәуле шашырап тұрады. Шын тарих та осындай. Шын таразы—тарих» деген: Тұрар Рысқұлов.
Тұрар Рысқұлов дүниеге келді: 1894 жылы 26 желтоқсанда, Жетісу облысы, Верный уезі Шығыс Талғар болысы.
Әкесі Рысқұл неге түрмеге түскен: 1904 жылы халыққа озбырлық көрсеткен Сайсамай Үшкемпіров деген болысты атып өлтіргені үшін.
«Түрме баласы» атанған: Тұрар Рысқұлов.
Тұрар Рысқұлов орыс тілін үйренді: Түрме үйлерін сыпырып, бастықтың атын айдап жүріп.
Рысқұл 10 жылға сотталып, жер аударылды: Сахалинге.
Тұрар қандай фамилиямен нағашыларының қолына келіп, Меркідегі орыс-түземдік бастауыш мектепте оқыды: Қырғызбаев.
Тұрар Рысқұлов Бүкілодақтық орталық атқару комитетінің қаулысымен Ресей Федерациясы Халық комиссарлар кеңесі төрағасының орынбасары болып бекітілді: 1926.
Түрксіб теміржолын салуда үкімет комиссиясының төрағасы болып, оны 6 жылда аяқтау орнына 3 жылда пайдалануға берілуін ұйымдастырды: Тұрар Рысқұлов.
Тұрар Рысқұлов көп көңіл бөлді: Маманданған қазақ жұмысшыларын қалыптастыруға, қазақ жастарын Ресей және шетел оқу орындарында оқытуға.
Кеңестік мемлекеттік, саяси және әскери қайраткер: Сталин Иосиф Виссарионович(1879-1953).
Сталин қандай қызмет атқарды: 1922 жылдан бастап Кеңес Одағы Коммунистік партиясының Орталық комитетінің бас хатшысы, Кеңестік Үкіметтің басқарушысы(1941 жылдан бастап КСРО ХКК төрағасы, 1946 жылдан бастап КСРО министрлер кеңесі төрағасы), Кеңес Одағы Генералиссимусы (1945).
Сталин қандай жүйе қалыптастырды: Ұлттық интеллигенция өкілдерін «халық жаулары» ретінде қуғындауды күшейтті,«Халық жаулары» жазасын өтейтін лагерьлердің санын арттырды, Одақтас республикалар мен ұлттық автономияларды саяси және экономикалық биліктен айырып, Кремльге тәуелді етті.
Жазушының көркем шығармасына негіз, арқау еткен өмір құбылыстарының түйіні: Шығарманың тақырыбы.
Өмір шындығының тарихи тақырыпқа айналған шығармадағы көркемдік көрінісі: Тарихи шындық.
Тарихи шындыққа арқау болады: Қоғамдық өмірдегі нақты құбылыстар, болған оқиғалар, өмір сүрген тұлғалар.
«Драма» грек тілінен аударғанда беретін мағынасы: Қимыл-әрекет.
Сахнаға арналған оқиғаны, оған қатысушы кейіпкерлердің іс-әрекетін, көңіл-күйін көрсету арқылы баяндайтын әдеби шығармалар: Драма.
Драмада ұштасып жатады: Жеке адамның ойлану-сезінуін терең көрсететін лирикалық тәсіл мен тұтас бір шиеленіскен оқиғаны баян ететін эпикалық жанрға тән көркемдік тәсіл.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет