Адсорбция - қатты заттың газ немесе сұйықтық молекуласын сіңіру үдерісі. Газ немесе сұйықтықты адсорбциялайтын заттар адсорбенттер деп аталады.
Аллотропиялық түрөзгеріс - бір элементтен түзілген, құрылысы мен қасиеттері әртүрлі қосылыстар.
Анион- теріс зарядты ион.
Артефактқазба нәтижесінде табылған, адам жасаған зат.
Атом ядросы нуклид протоннан және нейтроннан тұрады; элементтің реттік нөміріне сәйкес келетін оң зарядқа ие.
Атомның электрондық қабаты ядроны айнала жүретін электрондар жиынтығы.
Бейтараптану реакциясы қышқыл мен негіздің тұз және су бөліп әрекеттесуі.
Беттік ауданы беттің сандық сипаттамасы.
Беттік керілу сұйықтық молекуласын ішке қарай тартатын сұйықтық бетінде сезілетін күш.
Бинарлы қосылыс екі химиялық элементтен тұратын қосылыс.
Бөлшектердің қақтығысу мөлшері бір секундтағы бөлшектердің қақтығысу мөлшері.
Бөлшектердің қақтығысу теориясы химиялық реакцияның жүруі үшін қажетті бастапқы заттардың молекулаларының үлкен энергиямен белсенді қақтығысуының көрінісі.
Булану кез келген температурада сұйықтықтың буға айналу үдерісі.