«Ақерке бөбекжай» кмқК директоры А. Назирова


Педагогтардан алынған сауалнамалар



бет16/51
Дата06.09.2022
өлшемі388,79 Kb.
#38510
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   51
Педагогтардан алынған сауалнамалар:

  • «Балабақша әкімшілігінің педагогтарының іс-әрекеті мен мінез құлықтарын анықтау» анкета - 2017 ж.қыркүйек;

  • «Жаңартылған білім мазмұнын білеміз бе?» 2017 ж қазан

  • «Ұжымның қандай көріністері қарым-қатынасқа тән?» 2017 ж. қараша

  • «Үлкен адамдардың шығармашылық күшін зерттеу» - 2018 ж.қаңтар;

  • «Тұлғаның өз еңбегіне деген қанағаттанушылығын анықтау» - 2018 ж. ақпан;

  • «Тұлғалардың типтік ерекшіліктерін анықтау» - 2018 ж. наурыз;

Бөбекжайдағы педагогтардың кәсіби жұмыстарының толық және шынайы сипаттамаларын алу үшін, олардың жұмыстарына «Тұлғаның өз еңбегіне деген қанағаттанушылығын анықтау» сұрақ-жауабы көмегімен талдау жүргізіліп, нәтижесінде келесілер анықталды:

  • жұмысқа деген қызығушылығы– 87,5% жоғары;

  • жұмыстағы жетістіктеріне қанағаттануы – 31,25%;

  • әріптестерімен өзара қарым-қатынастағы қанағаттануы – 81,25 %;

  • басшылықпен өзара қарым-қатынастағы қанағаттануы - 87,5 %;

  • кәсіби жұмысқа талап ету деңгейі - 25 % жеткілікті деген;

  • істеген жұмысына алатын еңбек ақысына қанағаттанады – 93,75%;

  • еңбек жағдайына қанағаттануы – 81,25%;

  • кәсіби жауапкершілігі – 93,75% өз жұмысына бар ынта-ықыласпен қарау деп есептейді.

Осылайша, бөбекжай педагогтарына жүргізілген сауалнама және сұрақ-жауап нәтижелері бойынша, олардың негізгі бөлігін (73%) балабақшадағы еңбекті ұйымдастыру жағдайы қанағаттандырады деген қорытынды жасауға мүмкіндік берді.
Әріптестермен қарым-қатынастағы қанағаттанушылықтың, жұмысқа деген қызығушылықтың және жұмыстағы жетістіктерге қанағаттанушылықтың жоғары деңгейде болып табылуы, ұжымда рухани-психологиялық ахуалдың өте жақсы қалыптасқандығын айтады.
Күшті жақтары:

  • ҚР Үкіметінің 13.05.2016 № 292  Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты талаптарына сәйкес білімге жүйелі түрде, балалардың білім саласы бойынша даму динамикасын қадағалауға мүмкіндік беретін мониторинг жүргізілуі;

  • ата-аналардың мектепке дейінгі ұйымның жұмыстарына қанағаттануы 93 %;

  • педагогтардың өздерінің жеке жұмыстарына деген қанағаттануы – 73%.

Әлсіз жақтары:

  • баланың жеке даму бағытының нәтижесін болжауды (болжау қызметі) және жоспарлауды педагогтардың барлығы бірдей біле бермеуі.

Шешу жолдары:

  • диагностикалық материалдар дайындайтын және тәрбиеленушілердің білімін бағалауға жауап беретін педагогтардың әдістемелік бірлестігін ұйымдастыру;

  • іс-шаралар жоспарына педагогтарды балалардың жеке даму бағытын жоспарлауға оқыту жөніндегі және білім беру қызметін көрсету сапасына бақылау жасау жүйесін жақсарту жөніндегі жұмыстарды енгізу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет