Алматы қаласы Түрксіб ауданы №106 жбб мектеп Ғылыми жобаның тақырыбы


Қазіргі кезде тұзбен емделуі жайлы сауалнама қорытындысы



бет20/20
Дата06.01.2022
өлшемі185,5 Kb.
#12757
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
3.2. Қазіргі кезде тұзбен емделуі жайлы сауалнама қорытындысы

Сауалнамаға Құмжарған орта мектебінен 6-8 сыныптар аралығында- 17 оқушы және 9-11 сынып аралығында – 20 оқушы, барлығы 37 оқушы қатысты.



Мақсаты: орта және жоғары сынып оқушыларынан ас тұзымен емделгендер санын анықтау.

 

Сауалнама сұрақтары

9-11 сынып

6-8 сынып

1.

 


Қандай сырқатқа қарсы тұзбен емделдіңіздер?

 


тамақ ауырғанда

6

59%

3

60%

мұрын қабынғанда

5

30%

1

5%

құлақ ауырғанда

 -

 0%

-

0%

тіс ауырғанда

10

35%

12

15%

 

Сауалнама сұрақтарының қорытындысы:6-8 сынып оқушыларынан - 100%, ал жоғары сынып оқушыларынан - 80% тұзбен емделіп, нақты жазылып кеткендерін көрсетті. 6-8 сынып оқушыларының ата- аналары 30-40 жас аралығындағы, яғни ата- бабаларымыздан қалған тұздың қасиетті емдік күшіне сене бермейтін, дайын химиялық дәрілермен емделетін адамдар. 9-11 сынып оқушыларының ата-аналары 40 жастан асқан, әлі де халқымыздың ырымдарына, емдік қасиеттеріне сенетін, қолдағы алтынды қадірлей білетін адамдар.

18

Қорытынды

Тамаққа тұз салып жатып, осы тұздың қайдан келгені туралы ойланбаймыз да. Ал ол жерасты шахтасынан немесе тұзды көлдің түбінен өндіріледі. Тұзды өндіру жұмысы күрделі, ал оны тұрмыста өте көп қолданамыз. Себебі оны тек тамаққа салып қана қоймайды, онсыз сабын, шыны, және бояулар мен дәрілердің кейбір түрлерін дайындау мумкін емес. Тұз жануарларға да керек. Қорықшылар жануарларға тұз қойып, оларды қосымша қоректендіріп отырады. Жануарлар тұз қойған жерді үнемі тауып келіп жалап тұрады. Үй жануарларына да тұз беріледі. Қазақстанда тұзды негізінен тұзды көлдерден өндіреді. Еліміздің тұз өндіру нарығында 80 жылдық жұмыс тәжірибесі қалыптасқан «Аралтұз » кәсіпорын жылына 400 мың тонна тұтынылатын тұздың барлық түрін өндіреді. Тұз өндірушілер арасындағы кең тараған дилерлік желі – географиялық тұрғыдан бүкіл Қазақстанды 100 пайызға қамтуға, сондай-ақ Орталық Азияның нарығын белсенді түрде жаулап алуға мүмкіндік беруде. «Жақсы қылыш» тұз кен орнын пайдалана отырып, кәсіпорын елімізде өндірілетін барлық тұздың 80 пайызын қамтамасыз етеді. Дегенмен бұл өндірістің шығаратын тұз мөлшері еліміздің барлық халқын қамтамасыз ете алмайды. Сол себепті қазіргі таңда игерілмей жатқан тұздыкөлдерді игеріп, сол жерлерден шипажай ашу қажет деп ойлаймын.
Өз ғылыми жобамды қорыта келе айтарым, «Тұз — адамзатқа берілген асыл сый.» Оны қадірлеп, өз мөлшерінде тиімді тұтына білейік.

Ас тұзы ежелден бері қазақ медицинасындағы кең қолданылатын минералды дәрілерге жатады. Тұз қырық аурудың емі. Шипалы қасиеттері: зарарсыздандырғыш, емдік, тазалағыш.

«Аурудың жақсысы жоқ, дәрінің тәттісі жоқ» дегендей қазіргі заманда химикат дәрілер көбейіп жатыр. Олардың адам ағзасына тигізетін зияны көп. Ас тұзы адам үшін азықтың қайнар көзі. Аурудың алдын алуға емдеу үшін ас тұзының маңызы өте зор.

Ас тұзының емдік қасиетіне оқушылар кішкентайынан мән беріп, өз игілігіне қолдана білсе, шипаны алыстан іздемейді. Минералды дәріні пайдалану денсаулықты сақтаумен бірге қазіргі нарықтық заманда отбасылық қаражатты үнемдеуге көмектеседі. Ас тұзы жанға шипа, дертке дауа болады.



Менің ұсынысым:

1.Отбасының денсаулығын ойлаған кез-келген азамат тағамға йодталған тұзды қолданса;

2.Химикат дәрілердіпайдаланғаннан гөрі минералды дәріні пайдалану қазіргі нарықтық заманда отбасылық қаражатты үнемдеуге көмектеседі. Сондықтан ас тұзын күнделікті емге қолданса;

3.Біздің ауданымызда тұзбен емделетін орын ашылса.Әр түрлі сырқаттар бар, сол сырқаттардың түрлеріне қарай арнайы бөлмелері болса деген қиялым бар.

Зерттеу жұмысы барысында, тұздың емдік қасиетінің бар екеніне көзіміз жетті. Оны тіл көзден аластау үшін, терінің тез жазылуы үшін, үй үішін аластау үшін, қаншама сырқатқа қарсы қолдануға болатынын да байқадық. Химиялық дәрі-дәрмектен аулақ болып, қолдағы алтынды қадірлей білейік. Өйткені, тұз - табиғат сыйы!
19

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.С. Бәкіров. Түз тұзы. – Алматы: Қазақстан, 1992. 120б

2.Г. Касенова. Шаңырақ.-Алматы:Үй- тұрмыс энциклопедиясы, 1991.-191 б.

3.М. Сәулебекова. Оқушы анықтамасы. - Алматы: Арман, 2005.- 86-88 б.

4.Ә. Нысанбаев. Қазақстан.-Алматы: Ұлттық энциклопедиясы, 2006.-№ 8-том С-У.519-520б.

5.К. Аханбаев. Химия.- Алматы: Ана тілі, 1993.- 104-108б.

6.М.Әбдіқадырұлы. Жан дауа. Республикалық журналы.- Алматы: 2012.- №1.- 21-22б.

7.А. Покровский. Тағам туралы толғау. Алматы: Қайнар, 1990.-66-67 б.

8.В.Долгушев. Звезда Прииртышья. С любовью к родной земле. 2011.-№9 -4б

9.О.Әбдіраман. Халық медицинасы.- Алматы: Қазақпарат, 2002. 160б.


10. Мұхиттар мен өзендер –Алматы: «Аруна » баспасы.-32 бет.-Сер.: «Балаларға арналған танымдық энциклопедия» ISBN 9965-26-441-4

11. Ғаламтор материалдары: Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет