Ќанипа Бітібаева



Pdf көрінісі
бет97/182
Дата31.12.2021
өлшемі2,68 Mb.
#21363
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   182
«Ұлылар туралы ұлы сөз» 
 
Шоқан суреті 
Ыбыра суреті 
Абай суреті 
«Ш.Уәлиханов 
– 
шығыстану 
әлеміне 
құйрықты  жұлдыздай  жарқ 
етіп 
шыға 
келгенде, 
шығысты 
зерттеуші 
ғалымдар 
оны 
ерекше 
құбылыс 
деп, 
түгел 
мойындады.» 
(Н.И.Веселовский) 
«Ы.Алтынсарин – қазақ 
арасынан  шыққан  тұңғыш 
кемеңгер 
адам 
еді, 
ол 
қараңғы  халқының  ішіне 
еуропалық 
мәдениеттің 
жарық сәулесін таратты.» 
(«Оренбургский  
листок» газеті) 
«Абай 
– 
қазақтың 
классикалық  поэзиясының 
шұғылалы шыңы» 
(М.Әуезов) 
2-кесте (карта-сызбалар): 
а) 
«Шоқан саяхаттары, гылыми енбектері, тұрған жерлері». 
ө) «Сахарадағы тұңғыш шамшырақтар» (Ыбырайдың ашқан мектептерінің карта-
сызбасы). 
б) 
«Абай  -  әлемінін  сүйікті  ақыны»  (Абай  шығармалары  аударылған 
елдерді көрсететін карта-сызба). 
3-кесте: 
Ұлылар сөз алғанда... 
Қалың елім, қазағым... 
а) «Көшпелі елдерді тобыр санау Еуропада үстем болып келеді. Олар  көшпелі 
МОҢҒОЛ  
немесе қазақтар дегенде, тұрпайы, мал тәрізді тағылар деп келеді... 
 
Сол  тағылардың  көбінің  жазба  түрінде  немесе  ауыз  әдебиеті,  аңыз  әңгімелері  бар. 
Өлеңге, әсіресе, суырып-салма өлеңге бейімділігі - барлык көшпелі елдердің өзіне ғана тән 
ерекшелік» 
 
 
Шоқан. 
ә)  «Қазақ  халқы  қарапайым,  өнері  жоқ  халық,  бірақ  біз  қарапайымдылықтың 
өзінен де көп жақсылық табамыз». 
«Қазақтарға  -  осы  дарынды,  ақыл  есі  мол  халыққа  кешікпей  тұрып  рухани  және 
қоғамдық даму жолына түсетін дұрыс бағыт беру қажет болып отыр» 
Ыбырай. 
б)  «Қалың елім, қазағым, қайран-жұртым, 
Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың,  
Жақсы менен жаманды айырмадың, 
Бірі - қан, бірі - май боп енді екі ұртың» 
Абай. 
4-кесте: 
«Ұлылардан калған сөз...» (ақыл, нақыл, ғибраттар). 
Осындай дүниелермен қоса «ұлылар бейнесі - көркем әдебиетте». 
«Ұлылар бейнесі - театр,  кинода, бейнелеу өнері, сәулет  өнерінде» деген кітап сөресін 
тақырыптармен ұйымдастыру, үлгі-жоба жасап қою сияқты жұмыстар істеуге болады. 


 
118 
«Қазақстан  Ресейге  өз  еркімен  қосылған  ба?»  деген  тақырыппен  ғалымдар, 
тарихшылар пікірінен тұжырымды үзінділер жазып қою, т.с.с. саяси мәселелерді қамтитын 
материалдардан да көрініс берудің маңызы зор. 
3.  Хронологиялық  кесте  жасап,  басты-басты  мәселелерді  топтап,  жинақтап, 
оқушылардың  көз  алдына  қою  да  тиімді.  Мысалы,  11-сыныпта  соғыс  жылдарындағы 
әдебиетке арналған шолуда төмендегідей хронологиялық кесте қолдануға болады. 
Мұндай  кестелер  проза,  драмаға  да  жасалынады.  Хронологиялық  кестелерде 
барлық  авторлар  мен  олардың  барлық шығармаларын тіркей беру дұрыс емес. Ең бастысы, 
тақырыпты  ашатын,  жаңа,  маңызды  шығармалар  мен  авторлар  іріктелініп  алынады. 
Оны  мұғалім  де,  оқушы  да  тиімді  пайдалануына  болады.  Мұндай  жұмыстарды 
фотомонтаж түрінде де жасайды. Мысалы, «Соғыс жылдары әдебиетте»  деген  тұжырымды 
тақырыппен,  басты-басты  ақын-жазушылар  суреті  беріліп,  шығармаларының  аты 
жазылып, бар болса, суреттер жапсырылып, тұтастай бір көрініс (панорама) беріледі. 
4.  Шолуларды  өтуде  окушылардың  өзіндік  жұмыстарына  ерекше  көңіл  бөлінеді. 
Мұғалім көмегімен олар әр түрлі тақырыптарға шағын хабарламалар әзірлейді. Б ұл 
хабарламалар неге негізделуі керек? Осы сөз етіліп отырған тақырыпты оқытуда пәнаралық 
байланыс ерекше қарастырылады. Себебі, бүкіл бір кезеңнің әдебиеті ғана емес, оның өнері, 
әлеуметтік  жайы,  бітім-бейнесі  шолуларда  тұтастай  панорамалық  ауқымда  беріледі. 
Әдебиет  пәні  мүғалімі  сол  көріністі  ықшам,  әрі  мазмұнды  беру  мақсатында  тарих,  орыс 
әдебиеті,  бейнелеу  өнері,  музыка  пәндері  мұғалімдерімен  де  байланысады.  Ол  мұғалімдер 
көмегімен  окушылар  шағын  хабарлама  әзірлейді.  Хабарламаларына  қызықтыру  үшін, 
көрнекіліктер де жасап әкеледі (мүмкіндігіне қарай). 
1-хабарлама: «Соғыс дәуіріндегі бейнелеу өнері». 
2-хабарлама: «Соғыс дәуіріндегі музыка». 
3-хабарлама: «Соғыс дәуіріндегі театр, кино өнері». 
11  -сыныпта  «Қазіргі  қазақ  әдебиеті»,  яғни  60-80-жылдар  әдебиеті  бойынша  шолу 
тақырыптары беріледі. Мүғалім өз қалауы бойынша, ерекше дарынды ақындарға арнайы 
сағаттар  бөліп,  олардың  поэзиясымен  оқушыларды  таныстыруына  болады.  Жалпы 
оқулықтарда,  оқу  бағдарламаларында  қазіргі  қазақ  әдебиеті  мен  оның  ерекше  талантты  
өкілдерін оқытуға өз дәрежесінде көңіл бөлінбеген. Монографиялық оқыту қолға алынбай 
келе  жатыр.  Мұғалімге  қазір  шығармашылық  еркіндік  берілуде,  осыны  пайдаланатын 
мұғалімдер  Олжас,  Мұқағали,  Төлеген  сияқты  шоқ  жұлдыздар  шығармаларын  (1-2  сағат 
болса  да)  монографиялық  жолмен  оқытып  келеді.  Мұғалімге  де,  оқушыларға  да  күрделі 
дүние    оқулықта  олар  туралы  қысқаша  шолу  ғана  беріледі.  Бір-екі  сағат  ішінде 
ақынның  бүкіл  шығармашылық бетін, поэзиясын, оның дәнін, әдебиетке  қосқан үлесін, 
оқырман жүрегінен алған орнын жеткізудің, ең бастысы, ол поэзияны оқушының қабылдауын 
ұйымдастырудың қаншалықты қиын екені түсінікті жайлар. Қазір ұлы ақын деп бағаланып 
жүрген  Мұкағали  лирикаларын  оқушылардың  өз  беттерімен  оқуын  үйымдастыру,  әрі 
арнайы  сабақта  таныстырудың  маңызы  зор.  Ең  алдымен,  оқушылардың  түгелдей  ақын 
өлеңдерін  оқып,  танысуын  ұйымдастырған  жөн.  Оқу  барысында  мынадай  тапсырмалар 
беріледі. 
Сауалнама толтырады:      . 
-  Өзіңе қай өлеңдері ұнады, оның себебі? 
-  Поэтикалық талдау жасауға талаптан. 
-  Ұнаған өлеңдерді тақырыбына қарай сұрыпта. 
-  Мүмкіндігіне  қарай  өзіңе  ұнаған  өлеңдер  туралы  сын-зерттеулер,  қосымша 
материалдар жинақта. 
Сыныптан «белсенді топ» сайлап, осы процесті оларға жүргіздірткен жөн. Берілген уақыт 
біткен  соң,  «белсенді  топ»  ассистент  оқушылар  көмегімен  сауалнамаларды  жинап  алып, 
сұрыптап, ұнатқан өлеңдердің тақырыбына қарай сыныпты топ-топқа бөлуге болады. 
Топқа алдын ала берілетін проблемалық сипаттағы тапсырмалар жүйесі: 


 
119 
I  т  о  п:  М.Мақатаевтың  Отан,  туған  жер,  оның  адамдары  туралы  өлеңдерінің 
айналасында пікір қозғап, сол туралы өз пікірлерін корғау. 
II  т о п: Ақынның махаббат, достық тақырыбындағы жырлары туралы пікірлесу, оны 
қорғау. 
   III  т о п: Поэзия, өзі туралы өлеңдерін талдау, пікірлерін қорғау. 
IV  т  о  п:  Емхана,  тағдыр,  өлім  мен  өмір  туралы  (элегиялық  сипаттағы)  жырлары 
айналасында пікірлесу, пікір корғау. 
Барлық  топ  мына  проблема  айналасында  жұмыс  істейді:  «Мақатаев  поэзиясының 
идеялық-эстетикалық ерекшелігі, табысы». 

Әр топқа нәтижелі жұмыс үшін, көмек ретінде мынадай үлестірме нұсқаулар таратуға 
болады: 
_  Өзіңе  ұнаған  ақын  жырларын  сұрыптап  алып   (тақырып  негізінде),  мына 
мәселелерге көңіл бөл: 
а) 
Өлеңнің көтерген проблемалары, өзіндік ерекшелігі
ә) Бұл өлең несімен ұнады, оны нақты мысалдармен 
(өлеңнің өзінен мысалдар келтіру арқылы) дәлелде; 
б) 
Өзің талдап отырған жырлар туралы ақындар,ғалымдар естелігіне
пікіріне назар аударып, әрине, ондай материалды тапсаң, сол туралы өз ойыңды ортаға сал 
(оларға 
қосыласың ба, жоқ па - екі жағдайда да ойыңды дәлелді етіп жеткіз); 
в) 
Өзің талдап отырған тақырып айналасындағы басқа  да ақындар жырларына 
назар аударып, жалпы Мақатаев поэзиясының өзіндік беті, өзіндік үні туралы пікір 
қорытындыла, ақынның өзіндік табысы, ізденісін сарала; 
г) 
«Мен Мұқағали поэзиясынан не таптым?!» сұрағының  айналасында ізден; 
   д) 
Басқа топ жұмыстарына қоятын сұрақ әзірле; 
е) 
Мұқағали лирикалары туралы өтетін осы сабаққа  қандай тақырып қояр 
едің? 
Ары  қарай  ақын  поэзиясы  туралы  қосымша  материалдар  тізімі,  азды-көпті  сыни-
зерттеулер  ұсынылады.  Бұл  материалдар оқушылардың өз беттерімен талдау, пікірлесу 
жұмыстарына  көмек  береді.  Сабақты  «пікір  қорғау»  түрінде  өткізуге  болады.  Ақын 
шығармаларын өз беттерімен оқи отырып, өз пікірлерін жинақтап, дәлелді түрде қорғау 
жұмыстары  жоғары  сыныптарда  лирикалық  шығар маларды оқушыларға өз беттерімен 
оқытудың тиімді жолда-рының бірі. Сондай-ақ, әдеби пікірталасқа баулуда бұл жұмыстың 
тиімділігі  зор.  Сабақтың  кіріспесінде  әр  оқушы  тақырып  айналасында  пікір  таластырады. 
Әркімнің әр түрлі тақырып таңдауы, әр түрлі пікірде болуы занды нәрсе ғой. 
Ары  қарай  әр  топ  өзінің  шағын  сабағын  жүргізеді.  Оны  әр  топтың  жетекшісі  өзі 
жүргізеді. Әр оқушы өз пікірін  өлеңнен үзінді оқи отырып, немесе сыншылар еңбегінен 
нақты  мысалдар  келтіре  отырып,  дәлелдейді.  Бір  топ  екінші  топқа    сұрақтар  қояды, 
толықтырады, әдеби викториналар арқылы сабақты одан әрі жандандыруға болады. Әр топ 
өз тапсырмасы  туралы  сөйлеп  болған  соң,  сол  топтың  жұмысына қорытынды ретінде 
ғалымдар  пікірінен  үзінділер  оқудың  маңызы  ерекше  болып  табылады.  Себебі,  сыншыл 
ғалымдар  пікірі  оқушылар  ойын,  түсінігін  терендетеді,  айқын  жолға  салады,  таба  алмаған 
сұрақтарына жауап бергізеді. Санаулы уақыттар ішінде (мейлі, 1 ай оқысын өз бетімен) ірі 
ақындар шығармашылығын толық меңгеру - үлкен адамдарға да күрделі, қиын дүние. 
Ал мұндай сабақ түрлерінен оқушылар бір-бірінен бірталай ақпар, білім алады, өйткені 
олар ойларына ой қосады, пікірлеседі, таласады, оқып үлгермеген дүниелерін басқалардан 
естиді, қызықса, оны ары қарай окиды. Жалпы, жоғары сынып тек лирика ғана емес, басқа да 
жанрларды өтудегі ең тиімді әдіс - еркін пікірлесу, әдеби таласқа түсу, өз пікірлерін дәлелді 
қорғай  білу.  Сондықтан  мұндай  тиімді  оқыту  жолдарын  іздену  -  әр  мұғалімнің  басты 
мақсаты болмақ. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   182




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет