206
5.
Қаратаев М., Нұртазин Т., Қирабаев С. Қазақ совет
əдебиеті.-Алматы, 1987.
6.
Қирабаев С. Кеңес дəуіріндегі қазақ əдебиеті.-
Алматы: Білім, 1998.
7.
Дəдебаев Ж. Қазіргі қазақ əдебиеті. Лекциялар
курсы.- Алматы, 2003.
8.
Қазақ əдебиетінің тарихы (1956-90 жж.). 9-том.-
Алматы, 2005.
9.
Алпысбаев Қ. Мұқағали өрнегі.-Алматы, 2001.
Қосымша
əдебиеттер:
1.
Базарбаев М. Қазақ поэзиясы: көркемдік ізденістер.-
Алматы,1995.
2.
Дəрібайұлы С. Қияға самғаған қыран ақын.//Қазақ
елі,№33, 1992. 47
3.
Қуандық Мəшһүр-Жүсіп. Қазақ лирикасындағы
стиль жəне бейнелілік.
4.
Амантай Шəріп. Қазақ поэзиясы жəне ұлттық идея.-
Алматы, 2000.
5.
Алпысбаев Қ. Поэма жəн сюжет.-Алматы, 1992.
6.
Базарбаев М. Қазақ поэзиясы: көркемдік ізденіс.-
Алматы, 1995.
7.
Егеубаев А. Сыр мен сымбат.-Алматы,1981.
8.
Қуандық Мəшһүр Жүсіп. Қазақ лирикасындағы
стиль жəне бейнелілік.-Алматы,1990.
9.
Нарымбетов Ə. Қазіргі қазақ поэмасы.-Алматы,1982.
10.
Нарымбетов Ə. Қазіргі совет поэмасы.-
Алматы, 1977.
11.
Сейітов С. Өлең өлкесінде.-Алматы,1984.
МАЗМҰНЫ:
1. Алғы сөз 4 б
2.
1960-80
жылдардағы
қазақ
əдебиетінің
даму
тенденциялары. 5-36 б
3.
Əбдіжəміл Нұрпейісовтің өмірі мен
шығармашылығы. 37- 66 б
4.
Жұбан Молдағалиевтің өмірі мен
шығармашылығы 67- 87 б
5.
Ілияс Есенберлиннің өмірі мен
шығармашылығы
88- 105 б
6.
Т.Ахтановтың өмірі мен
шығармашылығы 106- 154 б
7.
Қадыр Мырзалиевтің өмірі мен
шығармашылығы 155-179 б
8.
Мұқағали Мақатаев өмірі мен
шығармашылығы 180- 206 б
4
Алғы
сөз
«Қазіргі заман əдебиеті» пəнін оқыту барысында қазақ
тілі ҚР мемлекеттік тілі екендігін, əдебиеттің қоғамдық-
əлеуметтік маңызына болашақ мұғалімнің азаматтық
сенімін
қалыптастыру,
əдебиеттің
идеялық
мүмкіншіліктерін
кеңінен
пайдалана
отырып,
өмір
құбылыстарын терең түсіне білу, көркем шығарманың
идеялық мазмұнын ұғыну, қазіргі заман əдебиеті өкілдері
шығармаларымен таныс болу, көркем шығармаға талдау
жасау барысында өздігінен жұмыс жасай біліп, балалар
психологиясын жете түсіне білу, балалардың сөйлеу, жазу
мəдениетін арттыру, шығарманың көркемдік ерекшелігі
мен тіл байлығын ұғыну ескеріледі.
Материалды меңгеру барысында қазіргі заман əдебиеті
пəнінен терең, толық жан- жақты білім алып, бүгінгі күн
талабына сай студентті білікті маман етіп даярлау
қарастырылады. Осы дəрістер жинағында мынындай
бөлімдер қарастырылады:
1. 1960-80 жылдардағы қазақ əдебиетінің даму
тенденциялары.
2.
Əбдіжəміл
Нұрпейісовтің
өмірі
мен
шығармашылығы
3. Жұбан Молдағалиевтің өмірі меншығармашылығы
4. Ілияс Есенберлиннің өмірі мен шығармашылығы
5. Т.Ахтановтың өмірі мен шығармашылығы
6. Қадыр Мырзалиевтің өмірі мен шығармашылығы
7.
Мұқағали Мақатаев өмірі мен шығармашылығы
205
Оқырман мен өлең ара қатысындағы уақыт табы
осындан да аңғарылады.
Кезінде мерзімді баспасөзден толық жарияланған
«Реквием» («Жан азасы») толғауы «Өмір - өзен» жинағына
недəуір ықшамдалып енген болатын. Бұл ақынның аққу əні
еді. Бірақ ол ақынның жарық дүниемен, миллиондаған
оқырмандарымен
қоштасуы
емес,
мəңгілік
қауышу
тебіренісі болатын. «Жан азасы» - өмірге, кең дүниеге
деген мəңгілік іңкəрілік үні.
Өлеңмен
де,
өмірмен
де
бүкпесіз
қауышып,
алтарыссыз сүйген ақын жүрегі соңғы деміне дейін
кіршіксіз сезім өртінде өтті. «Жүрегінің түбіне кір
жасырмай» айтып кетті, армансыз ақтарылып кетті.
Ол – қазақтың қарапайым тілінің нəрі мен мəнін Абай,
Қасымдардан кейін түсініп жазып, түсіндіріп өткен бір
ақын. «Сөз өнерін дертпен тең» көрген парасат қаламгер.
Ол əр өлеңінде, əр шумағында бүкпесіз, ақжарқын
көңілімен сазды сыр төгіп отырғандай. Өлеңнің ырғағынан
да, тербелісінен де ақынның қимылын, даусын, мəнерін
естіп, мінез-құлқын танимыз. Өйткені ол өлеңнен, өнерден
сыр іріккен емес. Өлеңге өз жан дүниесін ашты, өлеңнің
сырлы құпияларын жария етті.
Ал өлең жолдарына өмір болып құйылу – таланттың
талантының басына қонар алтын құс!
Негізгі
əдебиеттер:
1.
Кəрібаева
Б.
Қазіргі
қазақ
лирикасының
поэтикасы.-Алматы,1988.
2.
Кəрібаева
Б.
Қазіргі
қазақ
лирикасы.-
Қарағанды,1990.
3.
Егеубаев А. Сыр мен сымбат.-Алматы, 1981.
4.
Қазақ əдебиетінің тарихы. 3-том, 2-кітап.-Алматы:
Ғылым, 1975.
204
тақырыптарды,
ұлттық
мəселелерді,
тарихи
таным
табиғатын талантты толғаумен ол жетпісінші, сексенінші
жылдар əдебиетінде өзгеге ұқсамайтын, бітімі бөлек, терең
із
қалдырды.
Сондай-ақ,
«Ильич»,
«Шекарада»,
«Большевиктер», «Мавр», «Чили – шуағым менің»,
«Космонавт ойлары» сынды поэма, дастандары да замана
тынысына үн қосумен қатар, талантты да көркем
ізденістерімен дараланды. Кеңес дəуірінің шындығы
ортасында, идеологиялық сарындардың өзегінде жазылса
да, көркемдік тұрғыдан «Ильич», «Мавр» сынды
поэмалары ақындық таланттың қуаты мен қарымдылығын,
алымдылығын аңғартатын дүниелер. Жеке талант пен
қоғамдық
саясаттың
ара
қатынасындағы
күрделі
байламның бір шындығы осы тұста байқалады. Талантты
ақынның шеберлігін танытатын көркем шығармалары жəне
қазір күні өтіңкіреген саяси тақырып қайшылығы. Қалай
дегенде де, қаламгердің шығармасы шын талантты, шебер
жазылған болса, əдебиет тарихынан шетте қала алмайды.
Оның үстіне Ленин, Маркс сынды тарихи тұлғалардың
жеке адамшылық келбетін толғаған туындылардың да
саясат жөнімен таразыға тартылуы əділеттілікке жатпас
еді. Яғни, қай тақырыпқа жағылса да, шын талантты
суреткерлік туындылар əрдайым өз биігінде қалуы тиіс.
Қазақ өлеңінің сыршылдық, ұлттық нəштеріне өз
өрнегін қосып түрлік, стилистикалық, троптық жағынан
құнарландырып байытқан Мұқағали Мақатаев таланты, туа
бітті ақындық дарыны ұлттық поэзиямыздың мəртебесін
өсірген осындай шығармалармен дараланады. Ақынның
барлық еңбегі тұтастай алғанда, өткен ғасырдың екінші
жартысындағы қазақ елінің рухани дүниесін, тұрмыс-
күйін, арман-мүддесін, тарихи тұрғыдағы ұлттық портретін
шыншылдықпен хаттаған асыл мұралар қатарына жатады.
Қазір Мұқағали Мақатаевтың жүрек сырын, жырын,
өмірін білмейтін қазақ кемде-кем!?
5
Лекция
1. 1960-80 жылдардағы қазақ əдебиетінің
даму
тенденциялары.
Жоспары
:
1.1960-80-жылдардағы қазақ əдебиетінің дамуы.
Қоғам
мен əдебиеттің даму сипаты. Тоталитаризм жəне
көркем
əдебиет.
Əдебиет
жанрларының дамуы (ізденістер мен
іркілістер
):
а
) проза;
б
) поэзия
в
) драматургия.
2.
Х
.Ерғалиевтің (1916-1997) шығармашылығы.
1. 1960-80-жылдардағы қазақ əдебиетінің дамуы.
1960-жылдардағы əдебиет жайын айтқанда, ең алдымен
көңіл қоятын нəрсе – бұл кезеңнің өзіндік заманалық
ерекшеліктері бар екендігі. 1956-жылдың басында КОКП-
ның ХХ съезі өтіп, онда Сталиннің жеке басына
табынушылықтың қоғамға орасан зор зиян келтіргені
анықталған соң, рухани өмірде біраз өзгерістер болды.
Əсіресе, 1957 жылы жеке адамның басына табыну
қалдықтарын жою туралы Орталық партия комитетінің
қаулысынан соң жұрт қоғамда біраз жаңалықтар болар деп
күткен еді. Идеологиялық шылбыр едəуір босаңсып,
еркіндік белгілері нышан берді. Бұл əдебиет пен өнерге
біраз оң ықпалын тигізді. Ғылымда да солай болды.
60-жылдардағы əдебиетте өткен дəуірдегі халық
өмірін, оның бостандықты аңсаған үміт-арманын көрсету
үлкен орын алды. Бұл жылдары М.Əуезовтің «Өскен
өркен» (1961) романы, Х.Есенжановтың «Ақ Жайық»
(1963) романы, Ғ.Мұстафиннің «Көз көрген», «Дауылдан
кейін» романдары жарияланды.
6
Поэзия
. 1960-жылдары қазақ поэзиясы жаңа сапада
дамыды. Бұл ең алдымен жеке басқа табыну деген ілгері
дəуірдің нəубетінен арыла бастаған кезең еді де,
шығармашылықта біраз еркіндік орын ала бастаған.
Көрнекті қазақ ақындары С.Мұқанов, А.Тоқмағамбетов,
Ə.Тəжібаев, Т.Жароков, Ғ.Орманов, Қ.Бекхожин, Ж.Саин,
Ə.Сəрсенбаев, Қайнекей Жармағамбетов, Д.Əбілевтің өлең
жолдарында жаңа нышан көріне бастады. Х.Ерғалиев,
С.Мəуленов, Ж.Молдағалиев, М.Əлімбаев, С.Сейітов,
кейін Ғ.Қайырбеков, Ізтай Мəмбетов, Аманжол Шəмкенов,
Тоқаш Бердияров, Берқайыр Аманшин, Зейнолла Шүкіров
сияқты жас талаптар шығып, алғашқы өлең жинақтарымен
жұртшылық назарына ілікті, көпшілікке кеңінен таныла да
бастады. Кейде қатарлас, кейде өкшелей басып, поэзия
əлеміне енген ақындар қатарында Сабырхан Асанов
(«Тұңғыш»,1963),
Əділбек
Абайділданов
(«Ақ
қайың»,1961), Марфуға Айтхожина («Шыңдағы жазу»,
1967), Сəбит Баймолдин («Жер мекен», 1966), Сəкен
Иманасов («Туған ауыл», 1966), Өтеген Күмісбаев
(«Тұңғыш»,
1964),
Өтежан
Нұрғалиев
(«Менің
махаббатым», 1962), Ф.Оңғарсынова («Сандуғаш», 1966)
т.б. болды. Бұл есімдер əрқайсысы өзіне лайық жүгімен,
өзіне лайық табиғи болмысымен өнер дүниесіне келіп
қосылды.
«Түрі – ұлттық, мазмұны - социалистік» деген құрсау
принциптің ыдырауының басы жеке адамға табыну індетін
əшкерелеу кезеңінен бел алады. Алайда, өкінішке қарай,
бұл принцип шартты ұғым ретінде 1990-жылдарға дейін
өмір сүрді. Саясат ауқымында қалып, өз дарынын өзіне
лайық қуат-күшпен, табиғи талантымен көрсете алмай,
уақыт жетегінде кеткен ақындар көп болды. Майданнан
оралған
Х.Ерғалиев,
Д.Əбілев,
С.Мəуленов,
Ж.Молдағалиев, С.Сейітов т.б. ақындар соғыстың не
екенін көзімен көріп, жанымен ұғынып, куə болған
203
қарапайым, поэмаға тəн кесек бейнелеулер де жоққа тəн.
Лирикалық туынды. Кейіпкерлердің кейіптелуінде де əлде
бір шарттылық қылаңдайды. Оқиға қисыны қарапайым:
Ана баласының жанын алып қалу үшін, тəуіптің ауыр
науқаста жатқан баласын аққумен аластау керек дегені
үшін Ана аққудың көзі қиып атады. Атады да, дəстүрден
аттағаны үшін, киелі құстың қарғысы мен наласына
ұшырадым ба деп күйініп, күңіренеді. Ал аққулар Жетім
көлде көрінбей кетеді. Халық санасындағы наным, сенім,
сұлулыққа деген қастерлі сезімді асқақтата көтере
жырлайды. Шығарма классикалық лирикалық шығармалар
дəстүрінде туған əдемі сазды туындылар қатарында ұзақ
сақталатындығы,
оқырмандардың
талай-талай
толқындарының рухани талғамын қанағаттандыратындығы
ақиқат. «Аққулар ұйықтағанда» қазақ оқырманының жан
дүниесіне етене жақын ұлттық шығарма жəне өз
кезеңіндегі əдеби үрдіс тынысының мектебін танытады.
«Райымбек! Райымбек!» поэмасы тынысты жанрдағы
ақын шығармаларының ішінде өз тынысымен танылды.
Ақынның жеке шығармашылық өмірінің биік бір белесіне
айналды да, стильдік мəнері жағынан қолтаңбасының жаңа
бір қырын ашып көрсетті.
Ақынның өзінің жан азасындай, аққу əніндей
«Моцарт. Жан азасы» өнердің биік нотасында өмір
философиясына бойлатады. «Табыт үні», «Халық үні»,
«Жесірлер үні», «Жетімдер үні», «Бесік жыры»
тараулары – ақындық қуатымен де, түйсік тебіреністерімен
де аса шеберлік танытқан, қайталанбайтын толғамдар.
М.Мақатаевтың
поэма,
дастандары
суреткердің
дүниетаным кеңдігін, білім-парасатын, ұлттық əдебиеттің
тынысын əлемдік əдеби ізденістер, адамзаттық тебіреністер
арнасымен
тоғыстыра
алуымен
бірге,
ақын
шығармаларының
тақырыптық-көркемдік
кеңістігін
барынша кеңейтті. Поэзияның ірі жанрларында күрделі
202
2.
М
.Мақатаевтың
поэмаларындағы
романтикалық
сарын
.
Мұқағали
Мақатаев
поэма
жанрында ерекше қолтаңбасымен дараланды. Қазақ
тарихының құбылысты мəселелеріне барумен бірге, өзі
өмір сүрген кезең шындығына қалам толғады. Саяси-
əлеуметтік, қоғамдық-саяси сарындағы поэмаларының
өзінде шынайы көңіл шымырқаныстарына толы көркем
шындықты бейнелейді.
Ол поэма жанрын тақырыптық жағынан байытты,
жанрлық-стильдік тұрғыдан жаңғырта түсті. Дастан,
поэмаларында
лирикалық
сарындар,
азаматтық-
əлеуметтік, тарихи арна барынша жеке-дара оқшауланып
көрінді. Саяси тақырыптарға да барып, бірнеше талантты
поэмалар қалдырды. «Аққулар ұйықтағанда», «Дариға
жүрек
», «Арман», «Досыма хат», «Алтай-Атырау»,
«Мұзбалақ», «Қырандар, қош болыңдар», «Ару ана»
поэмалары
- əдебиет тарихында елеулі орны бар,
көркемдігі кемел, психологиялық талдауларға ден қойған,
қазақ елінің əр кезеңіндегі ахуалын, ұлттық жан-дүниесін
терең ашып көрсеткен туындылар. 1973 жылы мерзімді
баспасөзде жарияланып, кейін кітаптарында жарық көрген
«Аққулар ұйықтаған» поэмасы-ақынның шығармашылық
өмірінің ерекше бір шоқтықты биігі. Поэма кезінде əдеби
үрдісте де соны серпін əкелгендей болды. Негізінде,
Мұқағалидың поэма, дастан секілді ірі жанрлардағы
шығармалары көркемдік табиғаты жағынан лиро-эпикалық
сипаты басым болып келеді. Лирикалық жырдың шебері,
оның ішінде адам баласының ішкі психологиялық
иірімдеріне сергек көңілмен тереңдеп баратын ақындық
қасиет дастандарында да ерекше көрініс береді.
«Аққулар ұйықтағанда» поэмасының көркемдік
бітімін алдымен осы ыңғайда түсінуге болады.
Поэманың сындарлы сымбаты сөйтіп сұлу сырлы
суреттерден, терең сезім тебіреністерінен түзіледі. Сюжеті
7
жандарды. Өздері көрген, көңілдеріне түйген жайларды
ақындық
сезім
елегінен
өткізіп,
жаңа
жырлармен
жаңғыртты. Соғыс туралы жазу, бейбітшілік туралы жазу –
соғысқа қарсылық. Бұл кезеңдегі майдан жырларынан
ақындардың жүректеріндегі жаралары, жетім-жесірлердің
көз жасы, боздақтардың елге оралмауы сияқты халықтық
трагедия көрінеді.
Өлеңдерінде баланың жетім, ананың жесір қалуын,
майданнан оралмаған əкені күткен бала сағынышын, жар
сағынышын жырлаған буын 60-жылдары əдебиетке жаңа
біл леп əкелді. Олардың қатарында Ж.Нəжімеденов,
М.Мақатаев, Т.Молдағалиев, Қ.Мырзалиев, С.Жиенбаев,
Өтежан Нұрғалиев т.б. ақындар бар. Бұл өкілдердің соғыс
тауқыметін, қасіретін көруі, оларды жырлауы əр түрлі.
Тақырыптары бір болғанмен, лирика түрінде сөйлету
тəсілдері əр алуан.
Мысалы, Қ.Мырзалиев:
Бармақтай боп сол күнде,
Жатпаушы едік дем алып.
Əр маяның түбінде
Қалды біздің балалық.
1960-67 жылдар аралығында əдебиетке жаңа талантты
толқын
легі
келді.
Т.Айбергенов,
М.Айтхожина,
А.Бақтыгереева, Т.Бердияров, Қ.Бұғыбаева, Е.Ибраһим,
С.Жиенбаев, С.Иманасов, М.Мақатаев, Т.Молдағалиев,
Ж.Нəжімеденов,
Ш.Смаханұлы,
Ф.Оңғарсынова,
О.Сүлейменов, Б.Тəжібаев, М.Шаханов т.б.
Бұл кезеңдегі поэзияға ортақ кемшілік – ақындар
партиялық принцип деген позицияны қатты ұстанды.
Көркемдіктен гөрі коммунистік партияны, социализм
принциптерін тақырып еткендер бағаланды. Соларға жол
ашылды. Сондықтан əрбір дарын иесі бұл дерттен құр
алақан қалған жоқ. Халықтық мақсат-мұратты да,
8
əдебиеттің эстетикалық мұраты мен даму заңдылығын да
ақындар партиялық принцип негізіне əкеп тіреді.
Мысалы, Д.Əбілев:
Айырмақышы ақын жанын ажалдан,
Ақыл сұрай Крайкомға жүгірді
(«Шолпан» поэмасынан).
Десек те, 60-жылдар лирикасы көңіл-күй арқылы бүкіл
бір кезеңнің шындығын, бүкіл бір ұрпақтың тағдырын,
өмірі мен тыныс-тіршілігін көрсетуге ұмтылды. Лирикалық
бейне сыршыл өлең-жырларындағы ақынның өз бейнесі
немесе ақынның нəзік, бірақ тегеурінді толғаныс сезімінен
туған, сол арқылы өріліп жасалған көрініс.
Проза
. 60-жылдары прозаның роман, повесть, əңгіме
жанрлары көркем сөз өнерінің өзге жанрларымен
шығармалық бəсекеге түсіп, қоғам мен адам өмірінің қилы-
қилы құбылыстарын əрі көкейкесті мəселелерін кең
ауқымда қамтып, əдебиеттің жетекші саласына айналды.
Прозаны алғы шепке шығарған М.Əуезовтің «Абай жолы»
эпопеясы, С.Мұқановтың «Өмір мектебі» т.б. 60-жылдары
Х.Есенжанов,
З.Шашкин,
Ғ.Сланов,
Т.Ахтанов,
Ə.Нұрпейісов т.б. жазушылар үлкен прозаға өз үлестерін
қосты. Тоталитарлық құрсау қос өкпесінен қысып, емін-
еркін дем алдырмай, шығарманы өнердің дəстүрлі үрдісі
тұрғысында емес, тек социалистік реализмнің əбден
саясаттандырылған, қатып қалған ережелеріне лайықтап
жазу талабы əлі де болса үстемдік, өктемдік құрып тұрған.
Дегенмен, сын көзімен қарап, ойлай білетін қаламгерлер
қазақтардың өткен тарихи көркем шежіресін жасауға
ұмтылғанды. Ə.Нұрпейісовтің «Қан мен тер» (1961-1969)
романы,
І.Есенберлиннің
«Қатерлі
өткел»
(1967),
А.Нұрмановтың «Құланның ажалы» (1969) романдары,
С.Шəймерденовтің
«Мезгіл»
(1964)
повесі,
С.Бақбергеновтің «Қарға тамған қан» (1967), «Алтын
күрек» (1968), Ж.Тілековтің «От кешу» (1969) романдары,
201
Сəби болғым келеді, сəби болғым,
Бұл дүниеден хабарсыз жаңа туған.
Ақын осы тазалық, пəктікке ұмтылу арқылы өзінің де
ішкі əлемінен хабар береді. Бұл екі жол ақынның өмірдегі
аса
қымбат
бағалайтын
қастерлі
ой-сезімдерімен,
танымдармен
байланысты
болуы
керек.Сүйіспендік,
ғашықтық тақырыбына арналған өлеңінде адамды сүю
сезімі сан қырлы сырмен, сан түрлі құбылып көрінеді.
Адам өмірінің, сезімінің бағалылығы оның тазалығында.
Махаббат сезімінің қуат күші де оның кіршіксіз пəктігінде.
Автордың
махаббат
тақырыбындағы
өлеңінде
лирикалық кейіпкер күйдім-жандым деуден аулақ, лап
еткен сезім жоқ. Сүю сезімі аңсау мен сағынуға ауысып
отырады.
Ақындардың көбі ғашықтық сырларды табиғат
құшағында, табиғат көріністерімен бірлікте ашуға бейім.
Бұл тəсіл – Мұқағали ашқан жаңалық емес.
«Жүр қалқам!»
Шайқалып нұр,
Маужыраған мамырдан май тамып тұр,
Жайқалып қыр,
Тауға соққан боз сағым қайта ағып тұр.
Айталық сыр,
Серуендеп, жүр, қалқам, қайталық бір.
Жырақ барып,
Серуендеп қайтайық сыр ақтарып.
Бара жатыр жанымды бір от қарып,
Жастығым ба, тірілген құлап барып?...
Лирикалық қаһарманның жастық өмірінің мəніне
айналған ұлы сезім сыр береді. Ақын оны табиғаттың
əсем сəтімен параллельді ала суреттеген. Ұшқыр, лап
еткен сезімнен гөрі, өз отына шарпылу бар. Кейіпкер өзі
жайлы ашық сыр ашпауды қалайды.
200
Халқымның өз айтқанын қайталадым.
Күпі киген қазақтың қара өлеңін
Шекпен жауып өзіне қайтарамын, - деуі содан. Оның
поэзиясына батырлық беретін де осы ақиқатшылдығы.
Мұқағали өлеңдерінің драматизмі де күшті шыққан.
Қасқа бұлақ басынан неге кеттім?
Не деген жел айдаған көбелекпін.
Еркіндік, еркелікті місе тұтпай,
Тасқа əкеп өзімді-өзім шегелеппін.
Пай, пай, пай,
Сағындым-ау, сағындым-ау!
Талықсып тар төсекте таңылдым-ау!
Өлеңдегі драма, трагедия аңғарылады. Енді ақын
тіліндегі шешендік, көсемдік, ақындық пафос басқа арнаға
ауысады.
Мұқағали – лирик. Ол бар мүмкіндігін осы жанрда
ашты.
Сүйгісі келе берер сүйген ерін
Сүй, жаным,
Сүйкімді бір күйге енемін.
Жүрегіміз жақыннан бірге соқсын,
Ағытшы бешпентіңнің түймелерін.
Автор өз сезімін, сырын əдемі жеткізген. Дөрекілік
жоқ. «Ағытшы бешпентіңнің түймелерін» деген жол
ұлттық инабаттың символындай. Еркін сезім, еркін ой
кідіріссіз төгіледі.
Қиынның қиыны - өмір құбылыстарының мəн-
мағынасын жанмен ұғып, жүрекпен тануда. Жан мен жүрек
өзі сүймеген, өзі ардақ тұтпаған құбылыстарды тануға да
ешқашан ықтиярлы болған емес. Өлең жолдарынан
ақынның, я лирикалық кейіпкердің жан жылуы есіп тұру
керек. Сонда ғана ол адам сезіміне əсер етеді.
Дүниеде болып жатқан құбылыстардан көп нəрсені
түйген ақын жаны сəбилік пəктікке ұмтылады.
9
Ə.Шəріповтің «Партизан қызы» (1960), «Тон» (1966)
повестері, Н.Ғабдуллиннің «Кестелі орамал» (1966) повесі,
Ə.Əлімжановтың
«Дихан
туралы
аңыз»
(1967),
Ə.Кекілбаевтың «Бір шөкім бұлт» (1966) повестері,
С.Жүнісовтің «Жапандағы жалғыз үй» (1966) романы,
З.Шашкиннің
«Сенім»
романы
(1966)
романы,
Ш.Мұртазаевтың «Табылған теңіз» (1964), «Белгісіз
солдаттың баласы» (1966) повестері, Ғ.Мүсіреповтің
«Кездеспей кеткен бір бейне» (1967) повесі, Т.Ахтановтың
«Дала сыры» (1963) повесі жарық көрді.
Достарыңызбен бөлісу: |