Атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары


C.МҰРАТБЕКОВ ӘҢГІМЕЛЕРІНДЕГІ АУЫЛ ТАҚЫРЫБЫ ЖӘНЕ РУХАНИ



Pdf көрінісі
бет75/204
Дата06.01.2022
өлшемі3,96 Mb.
#14830
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   204
Smaghulova13@mail.ru 
 
C.МҰРАТБЕКОВ ӘҢГІМЕЛЕРІНДЕГІ АУЫЛ ТАҚЫРЫБЫ ЖӘНЕ РУХАНИ 
ҚҰНДЫЛЫҚТАР 
 
Аннотация: мақалада С.Мұратбековтың прозасындағы ауыл тақырыбының көтерілуі, 
жазушы  әңгімелеріндегі  ауыл  адамдарының  образын  мүсіндеу  ерекшеліктері,  адами 
құндылықтардың көрінуі қарастырылған. Қаламгердің «Күсен-Күсеке»  әңгімесіндегі Күсен 
бейнесі,  оның  адамдық  болмысы,  рухани  жан-дүниесінің  жоғарылығы  жан-жақты 
көрсетілген.    С.Мұратбековтың  шығармалары  Мағзом  Сүндетовтың  «Ұста», 
Д.Исабековтың  «Ақырамаштан  наурызға  дейін»        әңгімелерімен  бірлікте  талданған. 
Мақалада  қаламгердің  шағын  жанрды  игерудегі  өзіндік  бағыты,  образ  сомдаудағы 
суреткерлік шеберлігі қамтылған.  
Тірек сөздер: ұлт болмысы, образ, диалог, көркем психологизм, рухани құндылық. 
 
70-ші жылдары  «ауыл тақырыбының» өзекті болғаны туралы көп айтылса да, пікір әр 
түрлі  екенін байқаймыз. Жалпы қазақ прозасында, ауыл тақырыбының өріс алып,кең қанат 
жайып  дамуына  көптеген  себептер  бар  екені  анық.  Кеңес  үкіметі  тұсындағы  ұжымдастыру 
кезеңінің трагедиясы,  оның  ұлт  болмысына  тигізген  салқыны,  ұлы Отан  соғысынан  кейінгі 
әртүрлі  жалаң  реформалардың  салдарынан  туған  қоғамдағы,  адам  өміріндегі  қарама 
қайшылықтар ауыл тіршілігінен анық байқалған еді. Сондай-ақ ғылыми-техникалық төңкеріс 
процестері  кеңінен  құлаш  ұрып,  өзгеше  қарқынмен  шарықтаған  тұста  ауылдың  байырғы 
тұрғындарының ішкі  жан дүниесінде ғасырлар бойы қалыптасып қалған дегенмен ауыр  әрі 
материалдық  жағынан  тиімсіз  тұрмыстан  «тез  арада  бойларын  аулақ  сала  алмаған»  өзгеше 
бір күйзеліс бар екенін қаламгерлер тез танығанын байқаймыз. 
Сонымен қатар,  бұл тақырыпқа жазушылардың ат басын бұрмай өтпеулерінің тағы бір 
қыры туралы жазушы С.Мұратбеков өзінің жүрек жарды сырын былай деп ақтарады: «Біздің 
ұрпақ  кеңес  дәуірінде  тудық  та,  кеңес  үкіметі  қалыптастырған  ауылда  өстік.  Тәрбиеміз  де 
кеңестік  саясаттың  бағытында  болды.  Дүние  жүзі  мәдениетімен  де  сол  саясаттың 
тұрғысынан  танысып,  сол  саясат  тұрғысынан  бағаладық.  Тоталитарлық  жүйе  елді  діннен 
аластап, елді ана тілімізден айыру хаупі төнген кезде, тіліміздің негізі ауылда тұрғандықтан 
ұлттық  қасиеттеріміздің  ең  жақсы  дәстүрлері  сақталды.  Қазақ  жазушыларының  басым 


177 
 
көпшілігі  ауылда  туатындығы  да  сондықтан.  Демек  ұлттығымыздың  ұйытқысы  болған 
ауылға деген махабатымызда ерекше» [1]. 
Жазушының  бұл  пікірі  оның  өз  шығармашылығының  негізіне    айналғанын  байқауға 
болады.С.Мұратбеков ауыл өмірін бейнелегенде, оның тұрғындарының адамдық болмысына 
көп  көңіл  бөледі.Адами  құндылықтары  ұрпақ  бойына  қалыптастыруда  ұлттың  ұйытқысы 
ауыл тәрбиесінің орны ерекше екенін көрсетеді. 
С.Мұратбеков  сомдаған  кейіпкерлердің  ішінде  өзінің  адамгершілік  болмысымен 
жоғары  тұрған  «Күсен-Күсеке»  әңгімесіндегі  Күсен  бейнесі  әлеуметтік  салмағы  жағынан 
күрделі  бейне.  Күсен  ой  көзімен  қараған  адамға  комикалық  герой  емес,  езу  тартқыза 
отырып,еңсеңді көтеретін, ойламаған жерден ойландыратын ойлы образ. Күсен өз ақшасын 
қалай  жұмсау  немесе  қалай  сақтау  керек  екенін  ешкімнен  кем  білмейді.  Бірақ  ол  үшін 
ақшадан  жоғары,  ақшаға  сатып  ала  алмайтын  асыл  нәрселер  бар.  Күсен  үшін  адамға 
жақсылық  жасаудан  оған  қуаныш  сыйлаудан  артық  еш  нәрсе  жоқ.  Жазушы  адамгершілік 
проблемасын  көтереді.  Күсенді  мазалайтын  жағдай,  ағыл-тегіл  молшылықтың,  барлық  пен 
байлықтың  кезінде  көңілдің  тарылуы,  сезімнің  жұтаң  тартуы,  шынайы  сүйіспеншіліктің 
азайуы.  «Қалай  сонша  көп  үлестіріп  қойдым  екен»,-деп  көпке  дейін  таңдайын  қағып, 
өкінумен  болды.«Байқап-ақ  ұстаған  сияқты  едім»  ысырап  кеткен  ақшаға  іші  удай  ашып 
жатыр.  «Машина  сатып  алатын  ақша  еді-ау»  -деп  қояды.[2,  370].Одан  соң  кейіпкер  өзі 
сияқты  шопандардың  машина  сатып  алғандарын,  орталықтан  көп  бөлмелі  үй  алғандарын 
есіне  алады.Қызығып  та,  қызғанып  та  ойлайды.«Солар  қалай  жеткізеді  екен?  .....Әй,  бірақ 
олар құсап тістей қатып жинағаны құрысын.Жә, аштан өліп,көштен қалмасаң болды да, одан 
артық не кеек.Балалар  жетсе, әлі  бәрі  болады»,--деп жұбатады өзін» [2, 370 ] деген жолдар 
осыған  дәлел.  Күсен  үшін  балалар  ер  жетіп  адал  азамат  болса  болғаны.  Адалдықты, 
азаматтықты ешкім ақшаға сатып ала алмайды. Ол осыны түсінеді. 
Өз  ортасынан  рухани  құндылықтары  арқылы  жоғары  тұрған  Күсенді  көп  адам  түсіне 
алмайды.Түсінгілері  де  келмейді  емес,  түсініктері  жетпейді.  Күсеннің  бар  мақсаты 
адамгершілік  қасиеттерді  жоғары  ұстау.  Оның  ойынша,  адамдықты,  азаматтықты  ешкім 
ақшаға сатып ала алмайды. Материалдық игілік бірінші орынға шыққан заманда өмір сүріп 
отырған Күсеннің бұл ойы оның адамдық болмысын танытады. Себебі адам баласы байлық 
үшін өмір сүруге бет алды. Ал сол жолда олар көптеген рухани құндылықтарды тәрік етпек. 
Адам байлық үшін қызмет етіп, оның құлына айналған тұста Күсен сияқты адамдардың өмір 
сүруі, тіршілік етуі адамгершіліктің ешуақытта аяққа тапталмайтынын көрсетеді. 
Қанша  дегенмен  Күсенге  де  бір  сәт  пенделік ой  келеді.  «Рас,  колхоз  басшылары,  әлгі 
ферма меңгерушісі келіп кеткен сайын «Орден аласың» деп емексітіп кетеді, пендешілік-ай, 
десеңізші,  соған  кәдімгідей  желігіп  қалады.  Көңіл  түкпірінде  бұғып  жатқан  ойына  от 
тастаған  ферма  меңгерушісінің    сөзіне  елігіп,  әрі-сәрә  күйге  түсіп,  сан  алуан  жан 
толқынысын  бастан  кешіреді.  Соңғы  күндері  бір  құштарлық  пайда  болды,  омырауына 
жарқыраған  орден  таққысы  келеді.  Кейде  түсіне  де  кіретін  боп  жүр,  орден  алып  соны 
омырауына қалай қадарын білмей жатып оянады. Сондай түстерден кейін көңілі секмденіп 
қалады.  Апыр-ай,  сол  орденді  Біліспай  қу  қағар-ау,осы,  дегенде  арқасы  мұздап  кетеді»  [2, 
363].  Бірақ  Күсен  бойындағы  адами  құндылықтарды  осындай  ойлардың  бірі  де  жеңе 
алмайды.  Жазушы  өз  кейіпкерінің  рухани  болмысын  жан-жақты  сыннан  өткізген.  «Ақша 
көрсе, періште жолдан таяр» деген мақал тегін айтылмаған.Ал Күсен қойны-қонышы толған 
ақша тауып отырса да, ешуақытта өз нысанасынан тайған емес. Оның айналасында ой-өрісі 
әртүрлі  адамдар  өмір  сүріп  жатыр.  Әр  қайсысы  өзінше  Күсенге  әсер  етеді.  Оның  да 
санасында  кейде  қайшылықты  ойлар  кездеседі.  Бірақ  әңгіме  соңына  дейін  ол  өзінің 
адамгершілік  қасиетін  сақтап  қалады.  Жазушы  мүсіндеген  Қаһарман  өмір  күрделілігін  өз 
тұрғысынан  түсіндіруге  тырысқан  суреткер  мұратының  көрінісі  деп  есептейміз.  Сонымен 
қатар, Күсен тұлғасында халқымызға тән кеңпейілділік, мейірімділік, қонақжайлылық секілді 
ұлттық  қасиеттер  көрінеді.  Әңгіме  кейіпкерінің  шебнр  өрілген  болмысын  ғалым-сыншы 
Қ.Алпысбаев былайша түйіндейді: «Күсен бейнесі Сайын Мұратбеков қаламынан туған жан 
айдыны  мен  сезім  иірімінің  терең  тұлғасы.  Шап-шағын  әңгіменің  бойында  нар  жүгіндей 


178 
 
салмақ жатыр. Сағыздай созар құлық болса, кішігірім роман жасауға (жазуға емес-ау) болар 
еді. Бүгінгі интеллектуалдық серпін мен рухани жаңғырудың мағына ғана емес, көлемге де 
қатысын сезе білудің өзі- таланттылық дер едік» [3, 363]. 
Ауыл тіршілігі, оның тұрғындарының психологиясын Дулат Исабеков те өте шынайы, 
әсерлі жазады. Бір ғана «Ақырамаштан наурызға дейін»   әңгімесінен –ақ жазушы шеберлігі 
танылғандай.  Бұл  туындының  ерекшелігі  –  басынан  аяғына  дейін  езу  жиғызбайтын  күлкілі 
ситуация, сол ситуацияларда әр қырынан ашылып отыратын комедиялы образдар. Күнделікті 
өмірдегі  адамдар  арасындағы      қарым-қатынастар  арқылы  көрінетін  әрқилы  мінездер, 
арамызда  әлі  орын  алып  келе  жатқан  бюрократизм,  әрдайым    бейпіл  сөзге  машықтанып 
кеткен  әдеттер  күлкі  болады.  Зілі  жоқ,  жеңіл  күлкі,  халықтық  юмор.  Бірақ    көтерген  жүгі 
ауыр.  Мұның  бір  шеті  этикамен  ұштасып  жатыр.    Әңгіменің  басталуында  еңбек  процесін 
сүйкей салды суреттегенмен, біраз мағлұмат береді. «Қызыл топырақтың астынан қос құлақ 
боп  қылтиып  көрінген  қоза  жарықтық,  бейнет  атаулыны  жет  бетіне  өзімен  бірге  түгел  ала 
шығып , қыр басындағы ауыл адамдарына сонау ақырамашқа дейін ес жиғызбайды», - деген 
бір сөйлемге көп бейнет пен келетін мақтаның еккеннен, жинағанға дейінгі сипаты сиып тұр. 
Екіншіден,  әңгіменің  юморлық  сипаты  бірден  оқушы  назарын  аударады.  «Біраз  уақыт  өтіп 
адамдар есжиып, тынығып алғаннан кейін, біріне-бірі қатынап, қонақ болып, аралас құралас 
боп,  оның  арты  тойға,  той  жанжалға,  жанжал  төбелеске,  төбелес  бітімге  жалғасып»,- 
қызықтың қызу кезеңі басталып кетеді. Падашы Кемпірбай мен почташы Отардың арасында 
кенеттен  туған  жанжалдың  тарихы  бір  тұтанып,  басылып,  қайта  өршіп  жолдастық  сотқа 
дейін  шарықтау  шегіне  көтеріледі.    Даудың  басы  Киевте  оқып  жатқан  баласынан  күтіп 
жүрген  посылканы    сұраған  Кемпірбайға  Отардың  теріс  қарап  отырып  «жоқ»  дегенінен 
басталады.    Комедиялық    ситуация  осы  арада  өрбиді.  Құлқын  сәріден  сәскеге  дейін  күтіп 
ауыз ашарға дайындалып жүрген адамға  жаңағы  «жоқ» деген жалғыз сөз қамшыдай тиеді. 
Сарылып  күткен  посылка  келгенде  Отардың  әртүрлі  сылтау  айты  бере  қоймауы 
Кемпірбайдың  төзімін  мүлде  тауысып,  жүйкесіне  тиеді.  Енді  қатты  сөздер  айтуға  мәжбүр 
етеді.  Оның  аузынан  «қызталақ»  деген  сөз  шыққан  сәтте  –ақ,  сыныққа  сылтау  таба  алмай 
тұрған почташы да, қыңыр кетіп, даудың аяғы акт  жасаумен тынады. Бірақ  араға көлденең 
екі  адамның      араласуы  даудың  бетін  Отар  мен  Кемпірбайдан  бұрып  басқа  бағыт  алады. 
Кемпірбай  посылкені  алғанда  тартыс  бір  сәт  бәсеңдейді.  Бірақ  актіні  жыртпауы  жанжал 
отына  қайтадан  май  құйғандай  орши  түседі.  Комедиялық  жағдай  төрелік  айтқан  піркәншік 
Мүсір  мен  звеновой  Орысбайдың    арасында  қызықты!  Ендігі  жерде  екеуіне  басу  айтушы, 
алғашқы даудың себепкері Кемпірбай мен Отар боп шығады. Осылайша стуация алма кезек 
ауысып,  әңгіменің  компози  циясы    қызықты  құрылған.  Мұнда  басы  артық  бос  сөз  жоқ.  
Кейіпкерлердің бәрі де - жасы да кәрісі де нығыздап, бұлтартпайтындай дәлелді, ұтымды ой, 
ұшқыр сөзбен бірін бірі матап тастайды.  Кейіпкерлер сөзі де характерді ашатындай сипатта 
алынған.  Екі жақ боп жанжал шыққан жерде жеке бастың кемшілігін айтып кету кеміс емес, 
олай  болса  ошақ  басының  ұрысынан  қашықтамай  ұсақ  сөз  боп  шығар  еді.    Жазушы 
шындықтың  бетін  ашады.  Мысалы,  почташы  Отардың  мемкемедегі  қызметінің  сиқын 
Кемпірбайдың мына сөзі дәлелдейді: 
-  Қай,  бастық  мына  сен  бе?  Өзің  кетсең  өрмекшіден  басқа  жан  кірмейтін,  ит  байласа 
тұрғысыз  қаңыраған  қуысты  кеңсе  деп,  өзіңді  бастық  деп  есептейсің  бе?  Өзіне-өзің 
бастықсың ба?» [4, 366]. 
Осы  үзіндіде  Дулаттың  сөзді  ойната  білетін,  сөз    қуаты  орынды  пайдаланатын 
шеберлігін  «өрмекшіден  басқа  жан  кірмейтін»  деген  аз  сөзбен  терең  мағына    бергенінен 
тануға болады. Немесе «Төреші боп төбелесіп кеткен» екеуінің өтірік куәлігін суреттегенеде 
Кемпірбайдың сөзімен: «Өздерің үйде жатқанда құлақтарың машинада жатпаса, мен боқтап 
болғаннан кейін келіп едіңдер ғой» деп «екі куәнің» аузына құм құяды. Жоғарыда айттық екі 
жақтан  жұмыстағы  олқылықтарын  бетіне  басқан  жері  ұрсыс  деуден  көрі  тіліп  түсетін  ащы 
шындық. Сынай отырып әрі ауыл тірлігін, еңбектегі олқылықтарды адам мінезіндегі әрқилы 
өзгеріс сәттерді, психологияны нанымды да қызықты бере білген. Әңгімеде деталь, штрихті 
ойната  білген.  Дулат  Исабеков  әңгімелерінде  халықтың  зілсіз,  әзіл  оспағы  мен  мысқыл 


179 
 
аралас  тіл  өрнегі  шебер  қиюласқан.  Мұнда  кейіпкерлер  сөзі  емес,  баяндаушы  атынан 
берілетін  суреттемелер  юморға  толы.  Мысалы,  «жайшылықта  ертеден  қара  кешке  дейін    
ауыз  жаппай,  жатарда  үйіне  темір  жақ  боп  оралатын  [4,  363]  немесе:  «Дау  қызып,  екі 
кеңірдек»,  екі  кетпеннің  сабындай  болады    [4,  364]  деп  әсірелеп  баяндаса,  кейіпкерлердің 
диалогтері әрқайсысын мінездеп ерекшелендіре түседі. Бәрі шетінен «сен тұр мен айтайын», 
сөзден біріне-бірі есе жібермейді. Мысалы: 
-  «Отар  шалқасынан  түсті.  Акт  жасаймын»,-  деді.  «Немене?Акт?»  -  Иә  әкемді 
боқтағаныңыз үшін жауап бересіз. 
-   Әй, ит-ау боқтасам боқтаған шығармын. Әкең менің құрдасым, 
-  «Құрдас-мұрдаста шаруам жоқ, боқтағаныңыз рас [4, 366]. 
Осы  арада    жазушы  ұлттық  мінездің  де  кейбір      сипатын  жанап  кетеді.  Ол  құрдас 
адамдардың  арасындағы  қатты  қалжың.  Ондайда  біріне  бірі  өкпелеу  емес,  бірінен  бірі 
қайткенде асып түсіп үстем болу, есесін жібермеу. Халық: «Әкесі құрдастың баласы құрдас», 
- дейді. Сол себепті  Кемпірбай өзін кінәлі санап тұрған жоқ. Ақталмайды да, қайта кекетіп: 
-    «Есқара  екеуіңнің  шешелеріңнің  қойнына  акты  түнеп  шыққан  шығар»,  -  дейді. 
Мұның  бәрі  бірін-бірі  шымшып,  шымбайына  бататын,  бірақ  астарында  зілді  кек  жоқ, 
мысқыл  сөздердің  қуат-құдіретінен  туып,  шиеленіске    айналса,  шешуі  де  жайдары 
аяқталады.  Басты    тұлға  Кемпірбай  тіл  мен  жағына  сүйенген  пәлендей  ділмар  адам  емес. 
Бірақ сөзден ұтылмайды. Парасатты, ақылды адам. Әңгімеде әсерелеу түріндегі теңеулермен 
қатар  («темір  жақ»,  «кетпеннің  сабындай»)    метонимиялық  бейнелі  сөздер  орнына 
пайдаланған детальдық қызметін атқарып, әрі ықшам,  әрі әсерлі көрініс жасап тұр. Мысалы: 
«сорайған  мойын  мен  қолағаштай  мұрын,  адыраңдаған  көз  бен  қалқиған  құлақтар  есік, 
терезеден анталап тұр», - дегендегі әр адамның келбетінің көзге түсер бір сипатын ғана алып, 
сол  арқылы  әр  белгілі  ситуацияны,  әрі  кейіпкерлердің  сырт  пішіндері  мен  психологиялық 
сәттерін де бейнелейді. Мұнда да метанимиялық бейнелеу әрі  әсірелеумен берілген. Себебі 
юмор    жүрген  жерде  әсірелеудің  болуы  заңды  да.  Бірақ  шамадан  асқан,  нанымсыздық 
туғызатын  қалың  бояу  емес,  сөз  қуатын  үдетіп  әңгіменің  комедиялық  екпінін  арттыратын. 
Сөйтіп, тұлғаны мүсіндеп, шығарманың идеясын айқындайды. 
 Қарапайым  ауыл  адамының  тұлғасын  Мағзом  Сүндетов  «Ұста»  әңгімесінде 
бейнелеген.  Мұнда  шиеленіскен  оқиға  желісі,  қақтығысқан  характерлер  жоқ.  Жорабай 
ұстаның  ұстаханасындағы  бір  күнгі  жұмыс  мерзімін  алып  ықшам  ғана  әңгімеден  шынайы 
көрініс  жасаған.  Сырт  қарағанда  Жорабайдың  еңбегі  мардымсыз  көзге  ілінбейтін  секілді, 
бірақ  осы  еңбегі  арқылы  ұста  кеңшар  өмірінде,  әсіресе  пішен  шабу  науқаны  кезінде  баға 
жетпес көмек  көрсетеді. Темірді қамырша илейтін шебер ұста шілденің ыстығында, көріктің 
дозақтай  отына  күйіп,  бар  жан-тәнімен  беріліп  істейді.  Ақша  үшін  емес,  рухани 
қажеттіліктен.  Зейнет  жасынан  асып  кетсе  де  жан  бағудан  қашып  қоғамға  пайдалы  мүше 
болуды  қалайды  Ауылдастарының    күнделікті  ұсақ-түйек  жұмыстарын  ақы-пұлсыз  істеп 
бергендегі еңбегінің  өтеуі солардың ризалығы мен жылы лебізі. Табиғатында біреуге қатты 
сөйлеп,  көңіл    жықпайтын  Жорабай  айналасына  тек  қана  жақсылық  ететін  жаны  дарқан, 
қарапайым    адам.  Жорабайсыз  ауылдастарының  да  күні  қараң  секілді.  Ол  құрдасы 
Қоғабайдың пайдакүнем пасықтығына жаны қас. Оның жөндеуге әкелген арбасын да қолым 
тимейді  деп  бас  тартады.  Бірақ  бұл  қиқарлығы  ұзаққа  бармайды.Қоғабайдың  :  «Сөзімді 
тастамас, тістесіп  өскен санаулы құрбымның бірі деп келдім», - деген бір-ақ ауыз сөз оның 
жүйкесін  босатып,  Қоғабайдың  ісін  тындырып  береді.  Кейде  осы  мінезіне  өзі  іштей 
зығырданы  қайнап  жүрсе  де,    басқаша  болу  оның  қолынан  келмейді,  еңбекте  ысылып, 
қалыптасқан табиғаты, Жорабайды адалдыққа, ізгілікке жетелейді. Жорабай өмірінің  толмас 
олқыжағы,  баласының  жоқтығы,  жұмыстан  қайтқанда:  «сонадайдан  үйі  көрінсе  де  серпіле 
қоймайды.  Домаланған  ақ  күшік  жүгіріп  шығып  еркелей  аяғына  орала  кетті.  Енді  міне 
алдына кеп аунап жатыр»,-деп жазушының күшікті суреттеуінде мән бар. Шығарма бойында 
баласы  жоқ  дегенді  ашып  айтпай  осы  көрініс  арқылы  жеткізеді.  Алдынан  арсалаңдап 
немересі шықса келісті болар еді.Жорабайдың көп жағдайда қабағы қатыңқы болатынының 
да  осындай  себебі  бар.  Жазушы  Жорабайдың  зқайыбымен  арасындағы  шағын  диалогтен 


180 
 
оның  мінезінің  тағы  бір  қырын  ашады.  Әйелімен  сөйлескенде  дөрекілеу,  қатал  болып 
көрінгенімен, екеуі бірін-бірі сыйлап ұғысқан секілді әсер қалдырады. Жұмыс басына тамақ 
әкелдің,  -  деп  әйеліне  ренжіген  қалпы  тек  сырт    көз,  іштей  оған  әбден  риза.  Бірақ  соны 
білдіруді  теріс  көреді,  әйелі  де  оны  қабағынан  танып  жылы  шыраймен  қарайды.  Бұған  дау 
айту  қиын,  юмор  аралас  шағын  ғана  осы  диалогте  екі  адамның  да  бейнесін  ашатын  штрих 
бар. 
Шынайы өмір аясында үнемі жақсылыққа жақ болып тіршілік  ететін, оны ту етіп ұстап 
адами  құндылықтары  алдында  жаман  қасиеттердің  тізесін  бүктіретін  замандастармен  қатар 
басқа  мақсат-мүддені  алдына  қойып  соның  жолында  ұсақталып,  аянышты  тірлік  кешіп 
жатқандар  қаншама.  Аталмыш  кезең  прозасының  ауыр  жүгін  көтерген  суреткерлер 
нысанасынан  бұл  жайт  тыс  қалған  жоқ  еді.  Қоғам  дамуын,  заман  ағымын  өзінше  түсінген, 
жалпақ  дүниені  белшесінен  басамын  деген  кейбір  шолақ  белсенділер,  бәрін    уысымда 
ұстаймын деген кейбір басшылар, қайтсем жанымдағыны шалып қаламын деп жүрген пасық 
ойлы жандар психологиясы, тар дүниетанымдар өткір де ашық суреттеледі. 
 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1 Қазақ әдебиеті. – Алматы,2008 
2 Мұратбеков С. Жабайы алма. – Алматы: Жазушы, 1981. 493 б. 
3 Алпысбаев Қ. Көркем шығарманы талдау жолдары. – Алматы:РБК, 1995. 227 б 
4 Исабеков Д. Таңдамалы шығармалар. – Алматы: Жазушы, 1993. – 464 б. 
 
ӘӨЖ 81.01 
ТАГУДРЕТОВА БОТАГОЗ БЕЙБИТОВНА 
КУЛИБЕКОВА ЖАНАР СЕИЛБЕКОВНА 
ҚАМБАР АРУЖАН ДӘУЛЕТҚЫЗЫ 
М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті  
Петропавл, Қазақстан 
t.bota_90_10@mail.ru
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет