Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының



Pdf көрінісі
бет1/15
Дата22.12.2016
өлшемі1,8 Mb.
#53
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

 ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАРЫ ДІНИ 
БАСҚАРМАСЫ
Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының 
бастамасымен
ЕЛ БОЛАМ ДЕСЕҢ
БЕСІГІҢДІ ТҮЗЕ!
(БАЛА ТӘРБИЕСІНІҢ МҰСЫЛМАНДЫҚ БАСТАУЛАРЫ)
Алматы, 2015

3
УДК 28
ББК 86.38
Е 45
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының
сараптау комиссиясы мақұлдаған
Жоба жетекшісі
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының
найб мүфтиі Серікбай қажы Ораз
Е 45   Ел болам десең, бесігіңді түзе / Жинақтаған С. 
Ибадуллаев - Алматы, 2015 - 232 бет
Имандылық  тәрбиесі  –  адамзатты  асқақ  мәртебеге 
көтеретін  басты  негіз.  Бұл  кітапты  қазақ  халқының  салт-
санасымен біте қайнасқан мұсылмандық тәрбиенің берекелі 
бастаулары,  имани  тәрбиенің  баспалдақтары  туралы  сөз 
болады. Нәресте туылғанда жасалатын салт-жоралғылар мен 
мұсылманша  ат  қою  үрдісі талқыланып, сондай есімдердің 
біраз  үлгілері  берілген.  Кітап  ниеті  ізгі,  діні  берік  жалпы 
оқырманға арналады.
ISBN 978-601-211-005-0
©
 Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы, 2015
Алғы сөз
 دمحم ىلع ملاسلاو ةلاصلاو ،نيملاعلا بر لله دمحلا  ميحرلا نمحرلا للها مسب
نيعمجأ هبحصو هلآ ىلعو
Бисмиллаһир - рахманир - рахим. Күллі мадақ бір Аллаға 
лайық. Алла Тағаланың салауаты мен сәлемі әлемдердің асыл 
төресі Мұхаммедке, оның әулеті мен сахабаларына болсын!
Имандылық  –  бала  тәрбиесінің  ең  басты  қайнар 
бұлағы. Сондықтан тәрбиені діннен бөлек алып қарауға әсте 
болмайды. Қаншалықты жақсы тәрбие көрсе де дініне енжар, 
селқос қарайтын, имандылық негіздеріне аса мән бермейтін 
ұрпақ екі дүниеде артықшылыққа ие болмақ емес.
Қазіргідей  жаһандану  заманындағы  қоғамымыздағы 
кейбір  жастардың  әдепсіз  әдеттерге,  мұсылманға  жат 
қылықтарға  бой  алдыруы,  батыстық  мәдениетке  еліктеп, 
әзәзіл  әуендеріне  елітіп,  ақырында  болашағынан  үміт 
күттірген  өскелең  ұрпақтың  ғасырлар  бойы  қалыптасқан 
ұлттық,  рухани  құндылықтарға  қарсы  қиратқыш  күшке 
айналуының басты себебі де, сөз жоқ, нақ осы имандылық 
тәрбиенің жоқтығынан. 
Жалпы  бір  ғасырдай  уақыт  бойы  ажырап  қалған  төл 
дінімізге оралу, рухани құндылықтарды басты назарда ұстау 
қоғамда  қордаланған  талай  түйткіл  мәселелердің  шешімі 
болып табылады. 
Еліміз  қызыл  империяның  құрсауында,  құдайсыз 
материалистік  идеологияның  құшағында  болған  ондаған 
жылдар ішінде ғасырлар бойы халқымыздың салт-санасына 
сіңіп кеткен діни, ұлттық құндылықтарынан ажырап, ұлттың 
бет-бейнесі  түбірлі  өзгерістерге  ұшырады.  Нәтижесінде 

4
5
коммунистік  дағуат  аясында  ұлттық,  діни  дәстүрлерді 
ескішілдік  деп  ұғынатын  ұрпақ,  рухынан  Исламның  исі  де 
шықпайтын  тасыр  топ  қалыптасты.  Тіпті,  дінімізге  ашық 
қарсы  тұрып,  кертартпа  саясаттың  шылауында  кеткен 
бәзбіреулер мұсылман міллетінің қатарынан да шығып кетті. 
Қазіргі қазақ қоғамы сол солақай саясаттың, дінсіз тәрбиенің 
зардаптарын қазірге дейін тартудай-ақ тартып келеміз.
Сондықтан 
да 
рухани 
тәрбие 
саласындағы 
олқылықтардың  орнын  толтыру  үшін  талай  игі  істер 
жасалмағы ләзім. Алла Тағаланың дініне шақыратын насихат 
жұмыстары  жүргізілуі  қажет-ақ.  Осынау  еңбек  солардың 
қатарына  қосылған  үлес.  Кітап  бес  бөлімнен  тұрады. 
Алғашқы  бөлімде  бала  тәрбиесінің  алғашқы  баспалдағы 
саналатын  мұсылман  жанұясын  құру,  үйлену  үкімдері 
жайлы  айтылады.  Екінші  бөлімде  ұрпақ  сүю  үкімі  туралы 
әңгіме болады. Үшінші бөлім нәресте дүниеге келгеннен соң 
орындалатын  мұсылмандық  салт-жоралғыларға  арналған. 
Төртінші  бөлімде  имандылық  тәрбиенің  бастаулары,  әр 
мұсылман  білуі  тиіс  діни  мағлұматтарды  қамтиды.  Соңғы 
бесінші бөлім түгелдей балаға ат қою мәселесіне арналған. 
Мұнда балаға мұсылманша ат қою үрдісінің жай-жапсары сөз 
болып, соңынан араб тектес мұсылман есімдерінің үлгілері 
берілген.  Кітапты  құрастыруда  осы  тақырыпта  жазылған 
араб, орыс, қазақ тіліндегі әдебиет пайдаланылды.
Алла  Тағала  дінімізді  дамыту  үшін  жасалып  жатқан 
әрбір ісімізді қабыл алғай! Халқымыздың өз дініне қайтуын, 
еліміздің болашағын баянды етіп, шынайы мұсылмандардың, 
құдайшыл құлдарының санын арттырғай!
І БӨЛІМ 
ШАРИҒАТ ЖОЛЫМЕН 
ШАҢЫРАҚ ҚҰРУ
Дініміздегі үйленудің үкімі
Бала  тәрбиесі  тақырыбына  кіріспестен  бұрын 
дініміздегі үйленудің үкімі туралы сөз қозғауды жөн көрдік. 
Өйткені  шариғат  жолымен  неке  қиып  үйленіп,  үй  болу  – 
ұрпақ сүюдің алғашқы баспалдағы әрі ұрпақ тәрбиесінің ең 
басты алғы шарттарының бірі. Ислам ғұламалары үйленуді 
мынадай қырларынан алып қарастырған.
1.  Үйлену  –  адам  бойындағы  болмыстық,  табиғи 
сипат.
Яғни, үйлену шариғат принциптері бойынша болмысқа 
сай, айқын мәселелердің бірі. Бұл тұрғыда шариғат христиан 
дініндегі  тәркідүниелік  (монахтық)  сияқты  адамдар  ойлап 
тапқан  дәстүрлермен  мүлде  келіспейді.  Өйткені  мұндай 
әдеттер адамның әу баста жаратылған болмысына қарсы келу, 
адами қажеттіліктерді, мүдделерді жоққа шығару, жаратылыс 
сипатқа  қарсы  шығу  болып  есептеледі.  Бұл  туралы  Алла 
Тағала былай дейді:
 اَهْوَعَر اَمَف ِهَّللا ِناَوْضِر ءاَغِتْبا  َّلِإ ْمِهْيَلَع اَهاَنْببَتَك اَم اَهوُعَدَتْببا ًةَّيِناَبْهَرَو﴿
﴾َنوُقِساَف ْمُهْبنِّم ٌريِثَكَو ْمُهَرْجَأ ْمُهْبنِم اوُنَمآ َنيِذَّلا اَنْبيَب�آَف اَهِتَياَعِر َّقَح

6
7
«Ал,  тәркідүниелікті  олар  өздері  тауып  алды,  Біз 
оларға  Алланың  разылығын  іздеуді  ғана  міндеттеп,  ал 
оны  (тәркідүниелікті)  міндеттемеген  едік.  Алайда  олар 
оны  (аталған  міндетті)  дұрыс  сақтай  алмады.  Олардан 
(Мұхаммедке с.а.с.) иман келтіргендерінің сыйын бердік, 
алайда олардың көбі – пасықтар» (Хадид, 27).
Алланың елшісінің (с.а.с.) хадистері де осы ұстанымды 
нақтылай түседі.
 :ُهْنَع ُللها يِضَر ٍصاَّقَو  ِبَأ ِنْب ُدْعَس  ِثيِدَح  ِف ُّيِقَهْي�َي�لاَو ُّ ِناَرَي�َّطلا ىَوَر
.ِةَحْمَّسلا ِةَّ�ِف�ِنَْلا ِةَّ�ِناَ�ْهَّرلاِب اَنَلَدْبَأ َللها َّنِإ
Байһақидың Сағыд ибн Әбу Уаққастан (р.а.) жеткізген 
хадисте  былай  делінген:  «Алла  бізге  тәркідүниеліктің 
орнына таза ханифилікті (яғни, өңі бұзылмаған саф таза 
діни дәстүрді) берді».
 َناَك ْنَم :َمَّلَسَو ِهْ�َلَع ُللها ىَّلَص ِهَّللا ُلوُسَر َلاَق ُّيِقَهْي�َي�لاَو ُّ ِناَرَي�َّطلا ىَوَر
  . ِّينِم َسْ�َلَي� ْحِكْنَيي َْل َُّث َحِكْنَيي ْنَِل ًارِسوُم
Табарани  мен  Байһақилердің  таратқан  бір  риуаятта-
рында  Алланың  елшісі  (с.а.с.):  «Кімде-кім  үйленерге 
жағдайы жеткілікті бай бола тұрып үйленбесе ол менен 
емес», – деген.
Осы  сияқты  аяттар  мен  хадистер  қандай  да  бір 
мұсылманның  мүмкіндігі  бола  тұра  үйленуден  бас  тартып, 
тәркідүниелік  өмір  салтын  ұстануына  Исламның  түбегейлі 
қарсы екендігіне дәлел болып табылады.
Бұхари мен Мүслім риуаят еткен хадисте Әнес ибн Мәлік 
(р.а.)  былай  деген:  «Пайғамбардың  (с.а.с.)  жұбайларының 
үйіне үш кісі келіп, олардан Пайғамбардың (с.а.с.) ғибадаты 
туралы  сұрады.  Ол  туралы  әңгімеге  қанық  болған  соң: 
«Пайғамбар  (с.а.с.)  қайда,  біз  қайда?  Алла  оның  (с.а.с.) 
бұрынғысын  да,  кейінгісін  де  түгел  кешірген  ғой»  –  десіп, 
өздерінің жасап жүрген құлшылықтарын азырқанды. Сонда 
олардың біреуі тұрып: «Мен бұдан былай түні бойы намаз 
оқитын боламын», – деді. Екіншісі: «Мен енді ғұмыр бойы 
ораза тұтып, еш ауыз ашпаймын», – деді. Үшіншісі: «Ал, мен 
бұдан былай әйелдерге еш жақындамаймын әрі ешқашан да 
үйленбеймін», – деді. Сол кезде Алланың елшісі (с.а.с.) келіп: 
«Әлгі сөздерді айтқан сендер ме? Ал, мен болсам, уаллаһи, 
Алладан  сендерден  артық  қорқамын,  сендерден  артық 
тақуалық  қыламын.  Алайда  ораза  тұтамын  –  аузымды 
ашамын, намаз оқимын, ұйықтаймын және әйелдермен де 
қосыламын. Кімде-кім менің осы сүннетімнен бас тартса, 
ол менен емес», – деді».
Міне, осы аяттар мен хадистер әрбір ақыл иесіне Ислам 
дініндегі  үйленудің  үкімін  айқын  көрсетіп  тұр.  Үйлену  – 
барша адамзатқа тән болмыстық сипат.
2. Үйлену – әлеуметтік мүдде.
Ислам бойынша үйленудің мұсылман қоғамы үшін де, 
жалпы  үмбет  үшін  де  көп  пайдасы  бар.  Солардың  біразы 
төмендегідей:
а)  Адамзат  ұрпағын  сақтау.  Үйлену  –  жалпы 
адамзаттың сақталуының бірден-бір кепілі. Үйлену арқылы 
адамзат  тегі  көбейіп,  тұқымы  жойылмай,  толқын-толқын 
болып  ұрпақ  соңынан  ұрпақ  ауысып,  көбейе  береді.  Құран 

8
9
Кәрімде де үйленудің осы бір хикметі назардан тыс қалмаған. 
Алла Тағала былай дейді: 
 َنيِنَب مُكِجاَوْزَأ ْنِّم مُكَل َلَعَجَو ًاجاَوْزَأ ْمُكِسُفنَأ ْنِّم مُكَل َلَعَج ُهّللاَو﴿
﴾ ًةَدَفَحَو
«Алла  сендерге  өздеріңнен  жұбайлар  жасады,  сол 
жұбайларыңнан балалар, немерелер берді» (Нахыл, 72).
ә) Текті сақтау. Үйленудің арқасында ұрпақтар ауысып, 
олар өз тектерін білетін болады. Егер де үйлену болмағанда 
адамдар әкесі кім, тегі кім екендігін біле алмай, шежірелерін 
тарқата алмай дал болар еді. Бұл тұрғыдан алғанда үйлену 
азғындыққа, зинақорлық пен жезөкшелікке айқын тосқауыл.
б) Қоғамдық ахлақты сақтау. Үйлену қоғам мүшелерін 
ахлақтық,  адамгершілік  ұстанымдар  мен  қағидаттардан 
шығып  кетуден  сақтайды.  Яғни,  адал  жолмен  бас  қосып, 
отбасы болу арқылы Құдай Тағаланың қалауын іске асырып, 
ізгі мінез-құлыққа, мұсылмандық әдепке қалыптастырады. 
в) Аурулардың алдын алу. Үйлену некесіз, харам қарым-
қатынас  пен  зинақорлық  салдарынан  тарайтын  сифилис, 
СПИД сияқты адамзаттың болашағына қатер төндіретін ауру 
түрлерінің алдын алады. 
г) Рухани әрі психологиялық жай табу. Үйлену арқылы 
жұбайлардың  арасында  сүйіспеншілік  пен  мейірімділік 
қатынас  орнайды.  Күні  бойы  жұмыста  болып,  кешке  үйіне 
оралған  ер  кісі  жанұясымен  жолығып,  көңілі  жай  табады, 
жанұясының нәпақасын табу жолындағы күні бойғы шаршауы 
лезде басылады. Сол сияқты жұбайы да шаршап келген жарын 
қуана қарсы алып, көңілдері қуанышқа бөленеді. Осылайша 
үйлену арқылы жұбайлар арасында сүйіспеншілік, махаббат 
берік  орнығады.  Бұл  –  Алла  Тағаланың  адамды  әу  баста 
жаратқандағы қағидасы. Құран Кәрімде былай делінген: 
 َلَعَجَو اَهْبيَلِإ اوُنُكْسَتِّل ًاجاَوْزَأ ْمُكِسُفنَأ ْنِّم مُكَل َقَلَخ ْنَأ ِهِ�اَيآ ْنِمَو﴿
﴾َنوُرَّكَفَبتَبي ٍمْوَقِّل  ٍتاَي َل َكِلَذ يِف َّنِإ ًةَمْحَرَو ًةَّدَوَّم مُكَنْبيَبب
«Оның  (Алла  Тағаланың)  белгілерінің  бірі  –  сендердің 
өздеріңнен,  олардан  тыныштық  табуларың  үшін 
жұбайлар жаратуы әрі араларыңда махаббат пен мейірім 
орнатуы.  Шындығында  мұнда  ойланған  адамдар  үшін 
белгілер бар» (Рум, 21).
Сондай-ақ,  бұған  дана  ақынымыз  Абайдың  Құдай 
Тағаланың  адамзат  баласын  махаббатпен  жаратқандығы 
жайында айтқан мына пікірі де дәлел.
Махаббатпен жаратқан адамзатты,
  Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті.
ғ)  Жұбайлар  арасындағы  ынтымақ.  Үйлену  арқылы 
жұбайлар  арасында  үлгілі  отбасын  құру,  ұрпақ  өрбітіп, 
тәрбиелеуге  байланысты    ынтымақтастық  туады.  Әйел  өз 
табиғатына  сай  үй  ішіндегі  істерді,  тәрбиені  қолына  алса, 
ер  кісі  жаратылысына  сай  отбасының  ауыртпалығын  өз 
мойнымен  көтереді.  Осылайша  жұбайлардың  әрбірі  өз 
жауапкершілігін сезініп, ынтымақтаса тіршілік етеді. Өмірдің 
қандай жағдайларда да бір-бірлеріне сүйеніш болады.
д)  Ата-аналық  сезімнің  қалыптасуы.  Үйлену,  балалы 
болу  арқылы  жұбайларда  аталық,  аналық  ұлы  сезім  пайда 
болады. Бойларын аталық, аналық мейірім-шапағат кернейді. 
Балаларының жай-күйін, болашағын ойлап, солардың қамын 

10
11
жейді.  Қай  ата-ана  да  ұрпағының  жақсы  болуын  қалайды. 
Балаға  деген  махаббат  жөнінен  Пайғамбарымыздың  (с.а.с.) 
сүннетінде үлкен үлгі бар. Ол (с.а.с.) өзінің немерелері Хасан 
мен Хүсейінді құшақтап, әрдайым емірене сүйіп отырған. 
Үйленуге үндейтін иләһи нұсқаулар 
Алла Тағала Құран Кәрімде былай бұйырған:
 ْمُتْفِخ ْنِإَف َعاَبُرَو َثَلاُثَو ىَنْبثَم ءاَسِّنلا َنِّم مُكَل َباَط اَم ْاوُحِكْناَف﴿
﴾ْاوُلوُعَب� َّلَأ ىَنْدَأ َكِلَذ ْمُكُناَمْيَأ ْتَكَلَم اَم ْوَأ ًةَدِحاَوَبف ْاوُلِدْعَب� َّلَأ
«Өздеріңе  жақсы  көрінген  әйелдерден  екеуіне, 
үшеуіне,  төртеуіне  үйленіңдер.  Ал,  егер  әділдік  жасай 
алмаудан қорықсаңдар, біреуін немесе қол астыларыңдағы 
күңдеріңді алыңдар. Міне, сол әділетсіздік қылмауларыңа 
ең жақын» (Ниса, 3). 
 اوُنوُكَي نِإ ْمُكِئاَمِإَو ْمُكِداَبِع ْنِم َنيِحِلاَّصلاَو ْمُكنِم ىَماَيَْلا اوُحِكْنَأَو﴿
 ﴾ٌميِلَع ٌعِساَو ُهَّللاَو ِهِلْضَف نِم ُهَّللا ُمِهِنْغُبي ءاَرَقُبف
«Іштеріңдегі бойдақтарды, сондай-ақ, қолдарыңдағы 
құлдар  мен  күңдердің  дұрыстарын  үйлендіріңдер.  Егер 
олар кедей болса Алла оларды Өз кеңшілігімен байытады. 
Алла аса кеңшілік иесі, толық білуші» (Нұр, 32)
 َلَعَجَو اَهْبيَلِإ اوُنُكْسَتِّل ًاجاَوْزَأ ْمُكِسُفنَأ ْنِّم مُكَل َقَلَخ ْنَأ ِهِ�اَيآ ْنِمَو﴿
 ﴾
 
َنوُرَّكَفَبتَبي ٍمْوَقِّل  ٍتاَي َل َكِلَذ يِف َّنِإ  ًةَمْحَرَو ًةَّدَوَّم مُكَنْبيَبب
«Іштей  жан  тыныштыққа  бөленулерің  үшін  өз 
жыныстарыңнан  жұбайлар  жаратып,  араларыңда 
мейрімділік  пен  сүйіспеншілік  тудыруы  Алланың 
белгілерінен. Мұнда ақыл иелері үшін ғибрат бар» (Рум, 21).
Бақара сүресінде мынадай аят бар:
 ﴾ ْمُكَل ُهّللا َبَتَكاَم ْاوُغَبتْبباَو َّنُهوُرِشاَب َنلاَف﴿
«Енді  оларға  жақындасып,  Алланың  сендерге 
жазғанына талпыныңдар» (Бақара, 187). 
Мүжаһид,  әл-Хакам,  Икрима,  Хасан  әл-Басри,  Даххак 
сынды  алғашқы  толқындағы  мұсылман  ғалымдары 
Пайғамбардың (с.а.с.) сахабасы Абдулла ибн Аббастың (р.а.) 
сөзіне  сілтеме  жасап,  бұл  аяттағы  «Алланың  жазғанын» 
«бала»  деп  түсіндіреді.  Ал,  басқа  сөзінде  Ибн  Аббас  (р.а.) 
бұл  аяттың  алдындағы  аяттарға  сілтеме  жасай  отырып, 
мұндағы  мағына  «Қадір  түні»  деп  топшылайды.  Ибн  Зәйд 
деген  ғалым  «жұбайлық  қатынас»,  ал  Қатада  «Алланың 
сендерге жазған рұқсатына талпыныңдар» деген мағына деп 
тұжырымдайды. Ибн әл-Қайым былай дейді: «Осы пікірлерді 
қорыта айтқанда бұл аяттағы мағына мынау – Алла Тағала 
мұсылман  үмбетіне  ораза  түні  жұбайлық  қатынас  жасауға 
жеңілдік  қылды...  Сондықтан  да  Алла  Тағала  бұл  ләззатты 
жай нәпсінің қажетін өтеп, тояттау ғана емес, сонымен бірге 
Алланың  жазған  сыйынан,  Құдайға  еш  серік  қоспайтын 
ұрпақтан  үміт  етіп  талпынуға  нұсқады..  Сондай-ақ,  ораза 
түнінде жұбайлық қатынас үшін берілген рұқсат мүмкіндігін 
пайдалануға нұсқап  тұр. Алла Тағала Өзіне  қарсы шығуды 
ұнатпайтындығы сияқты Өзінің рұқсатын пайдаланғанды да 
өте жақсы көреді...
Сондай-ақ,  мұнда  жұбайлармен  қатынас  бір  өзі  мың 

12
13
айға  татитын  осынау  қасиетті  түннен  құр  қалуға  себепші 
болмауы  туралы  ескерту  бар.  Субханаһ  уа  Тағала:  «Ораза 
түні  әйелдеріңмен  қосылып  қажеттеріңді  өтеңдер.  Алайда 
ол  нәрсе  Алланың  сендерге  жазған  әрі  сендерге  артықша 
сый  ретінде  берген  осынау  түннен  қапы  қалуға  себепші 
болмасын» деп тұрғандай. Бәрін білуші бір Алла».
Алланың соңғы әрі ең сүйікті елшісі Мұхаммед пайғамбар 
(с.а.с.)  өзінің  ұлағатқа  толы  хадистерінде  де  үйленудің, 
жұбайлық өмірдің өзінің сүннетінен екендігін баса айтады. 
Үйленуді,  шариғат  жолымен  некелесуді  мойындамаған 
жанды өз үмбетінен деп есептемейтіндігін ескертеді.
Пайғамбарлық (с.а.с.) пәрмен
 ْنِم ُحاَكِّينلا« :َمَّلَسَو ِهْ�َلَع ُللها ىَّلَص ِهَّللا ُلوُسَر َلاَق ْتَلاَق َةَشِئاَع ْنَع
 َمَمُلا ُمُكِب ٌرِثاَكُم ِّينِإَ� اوُجَّوَزَي�َو  ِّينِم َسْ�َلَي�  ِتَّنُسِب ْلَمْعَيي َْل ْنَمَو  ِتَّنُس
.»ِةَماَ�ِقلا َمْوَيي
Айшадан (р.а.) жеткен риуаятта Алланың елшісі (с.а.с.): 
«Неке – менің сүннетім. Кімде-кім менің сүннетіме амал 
етпесе,  ол  менен  емес.  Сондықтан  да  үйленіңдер,  мен 
Қиямет күні басқа үмбеттерге сендердің көптіктеріңмен 
мақтанайын», – деген. 
Сондай-ақ, Пайғамбар (с.а.с.) өзінің хадистерінде қандай 
жар таңдау керектігін де айтып өткен.
 َعاَطَتْسا ِنَم  ِباَ�َّشلا َرَشْعَم اَي« : َمَّلَسَو ِهْ�َلَع ُللها ىَّلَص ِللها ُلوُسَر َلاَق
 ْعِطَتْسَي َْل ْنَمَو ِجَرَفْلِل ُنَصْحَأَو ِرَصَ�ْلِل ُّضَغَأ ُهَّنِإَ� ْجَّوَزَيتَ�ْلَي� َةَءاَ�لا ُمُكْنِم
ُّيِراَخُ�لا ُهاَوَر .»ٌءاَجِو ُهَل ُهَّنِإَ� ِمْوَّصلاِب ِهْ�َلَعَي�
Пайғамбарымыз  (с.а.с.)  бір  хадисінде:  «Ей,  жастар 
тобы! Іштеріңнен кімнің күші жететін болса – үйленсін. 
Өйткені  үйлену  арқылы  ол  көзін  харамдарға  қараудан 
сақтайды  әрі  мүшесін  қорғайды.  Ал,  егер  кімнің  күші 
жетпей  жатса  ауыз  бекітсін.  Өйткені  ораза  –  оның 
қалқаны», – деген. (Бұхари  риуаяты).
Некенің шарғи шарттары
Неке  сөзінің  негізі  –  никах  деген  араб  сөзі.  Тілдік 
мағынасы  бірігу,  қосылу,  яғни  төсек  жақындығында  болу  
дегенді білдіреді. 
Шариғаттағы терминдік мағынасы – ер мен әйелдің төсек 
жақындығын адал ететін, әрі ортақ өмір кешіп, ортақ ұрпақ 
жалғастыруларын  қамтамасыз  ететін    келісім-шарт.  Ислам 
дінінің  заңнамасы  –  шариғатта  үйленудің  үкімі  бекітілген 
сүннет, яғни Пайғамбар (с.а.с.) істеген іс.
Некенің өзіндік парызы мен шарттары бар. Олар некенің 
толық болуы үшін өте маңызды. Некенің парызы екеу, оны 
рүкін деп атайды:
а)  Ұсыныс.  Ердің  не  әйелдің  аузынан  шығатын  үйлену 
сөзі. Мұны шариғатта ижаб дейді.
ә) Қабыл алу. Біріншісінің үйлену жөніндегі ұсынысын 
екіншісінің құп алуы. Мұны шариғатта қабул дейді.
Мысалы,  жігіт  қызға  «маған  тұрмысқа  шық»  десе, 
бұл  алғашқы  айтылып  тұрғандықтан  ұсыныс  –  ижаб,  ал 
қыз  «шығамын»  деп  разылығын  білдірсе  екінші  айтылып 

14
15
тұрғандықтан қабыл алу – қабул болып саналады.
Үйленуде  екі  жақтың  разылығы  керек,  мұнсыз  неке 
жүзеге аспайды. Ал, ұсыныс пен қабыл алу ішкі разылықтың 
көрінісі.
Некенің дұрыс болу шарттары
Қиылған  некеден  шариғат  үкімдерінің  туындауын 
қамтамасыз  ететін  шарттар  некенің  дұрыс  болуының 
шарттары  деп  аталады.  Аталған  шарттардың  бірі  кем 
болған жағдайда Әбу Ханифа мазһабы бойынша неке дұрыс 
болып  саналмайды.  Некенің  шариғатқа  сай  болу  шарттары 
төмендегідей:
1. Некелесуге рұқсат етілген жандар. Яғни, үйленуге рұқсат 
етілмейтін  туыс,  емшектес,  біреудің  әйелі  немесе  апалы-
сіңлілі  екі  қызды  бірдей  алу  сияқты  жағдайлардың  орын 
алмауы. 
2.  Өмірлікке  некелесу.  Үйленетін  жандар  өмірлік  некені 
мақсат  етулері  тиіс.  Шариғат  бойынша  уақытша  үйлену, 
шартты түрде үйлену некеге жатпайды. 
3. Куәгерлік. Қиылған неке дұрыс болу үшін куәгердің болуы 
шарт.  Бұл  мәселеде  мазһаб  имамдары  арасында  талас  жоқ. 
Пайғамбарымыз  (с.а.с.)  бір  хадисінде:  «Өкілсіз  және  екі 
әділетті куәгерсіз неке қиылмайды», – деген. Куәгерлікке 
ақыл-есі  дұрыс,  балиғат  жасына  толған  екі  мұсылман  ер 
немесе бір ер, екі әйел кісі жарайды.
4.  Екі  жақты  разылық.  Егер  екеуінің  бірі  зорлықпен 
үйлендірілсе  неке  дұрыс  болмайды.  Бұл  жайында  Айша 
анамыздан  (р.а.)  мынадай  бір  риуаят  жеткізілген:  «Бірде 
маған  бір  бойжеткен  келіп:  «Әкем  мені  жанұяның  беделін 
көтеру үшін өзім ұнатпаған адамға тұрмысқа берді», – деп 
шағымданды. Мен оған: «Пайғамбар (с.а.с.) келгенше отыра 
тұр», – дедім. Пайғамбар (с.а.с.) келген соң оған мән-жайды 
айттық. Ол (с.а.с.) қыздың әкесін шақыртып алды да, таңдау 
еркін  қызға  берді.  Сонда  бойжеткен  қыз:  «Шынында  мен 
әкемнің  ісіне  разы  едім.  Тек  әйелдерге  әкелердің  билігі 
жүрмейтіндігін анық білгім келіп еді»,  деді. (Имам Ахмет 
риуаяты).  Демек,  бір  адамды  зорлықпен  үйлендіру  дұрыс 
емес.
Зинақорлық түбі – қорлық 
Алла Тағала былай деген:
 
﴾ًلايِبَس ءاَسَو ًةَشِحاَف َناَك ُهَّنِإ ىَنِّزلا ْاوُبَرْقَب� َلَو﴿
«Және  зинаға  жақындамаңдар!  Расында  ол  бір 
азғындық және жаман жол» (Исра, 32);
«Олар  (Рахманның  құлдары)  Алладан  басқа  тәңірге 
жалбарынбайды.  Алла  өлтіруін  харам  еткен  кісіні 
нақақтан өлтірмейді және зина жасамайды» (Фұрқан, 68).
Зина – ауыр қылмыс, апатқа апарып соқтыратын үлкен 
күнә, ар-ождан мен абыройға қарсы жасалынған дұшпандық. 
Оны таза ақыл да құп көрмейді, дін де қабыл алмайды. Бұл 
істің тыйым салынған харам амал екендігіне Алла Тағаланың 
Кітабынан да, Оның елшісінің (с.а.с.) сүннетінен де дәлелдер 
жеткілікті.
Осы  бір  азғындық  іс  Аллаға  серік  қосу,  кісі  өлтіру 
күнәларымен  қатар  аталып,  жаһаннам  отында  мәңгі-бақи 
қалу жазасына лайықты болды. Себебі, бұл тектілікке нұқсан 
келтіреді,  ар-ождан  мен  абыройдан  айырады,  тіршілікті 

16
17
ластайды. 
Талғамы  дұрыс,  асыл  текті  кез  келген  ер  мен  әйел 
азғындықтың  бұл  түріне  жиренішпен  қарайды.  Оған  тек 
азғындыққа ұшыраған ер мен әйел ғана құлшынады. Өйткені 
Алла Тағала: 
 ْوَأ ٍناَز  َّلِإ اَهُحِكنَي  َل ُةَيِناَّزلاَو ًةَكِرْشُم ْوَأ ًةَيِناَز  َّلإ ُحِكنَي  َل يِناَّزلا﴿
﴾َنيِنِمْؤُمْلا ىَلَع َكِلَذَمِّرُحَو ٌكِرْشُم
«Зинақор  ер  тек  зинақор  әйелге  не  мүшрік  әйелге 
ғана  үйленеді.  Әрі  зинақор  әйелге  тек  зинақор  ер  не 
мүшрік  ер  ғана  үйленеді.  Ал,  бұл  иман  келтіргендерге 
харам етілді» (Нұр, 3);


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет