Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының cараптау комиссиясы мақұлдаған



Pdf көрінісі
бет1/96
Дата25.11.2023
өлшемі1,76 Mb.
#126971
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   96


УДК 28
ББК 86.38
С 31
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының cараптау комиссиясы мақұлдаған
Қалмахан Сейтұлы, 
ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің қызметкері, теология ғылымдарының докторы
С 31 Пайғамбарлар тарихы. - Алматы: "Көкжиек-Б"
баспасы, 2011. – 352 бет.
ISBN 978-601-7271-28-2
Қолыңыздағы кітап адамзатқа жіберілген пайғамбарлардың өмірін танытуды көздейді. Адам атадан (а.с.) бастап, соңғы елші
Мұхаммедке 
(саллаллаһу алəйһи у ə сəллəм)
дейінгі (Құранда есімі аталған) пайғамбарлардың ортақ жіберілу мақсаты түсіндіріледі. Бұл
қасиетті міндеттің өзіндік қиындықтары, əр қауымның өмір тарихы, тағдыр-талайы, наным-сенімдері мен ерекшеліктері кеңінен сөз
болады.
Еңбек жалпы оқырман қауымға арналған.
УДК 28
ББК 86.38
ISBN 978-601-7271-28-2
© «Көкжиек-Б» баспасы, 2011


АЛҒЫ СӨЗ
Байлықтың буына балқып, үлде мен бүлдеге оранып, саф алтын жалатылған сарайларда
емін-еркін серуендеп, дүрия көрпе жамылып, шалқып өмір сүрген небір қауым өкілдері
Жаратушының жіберген ризық-несібесін місе тұтпай, тым болмаса, оның қадірін сезінбей,
күпірліктің қараңғы үңгірінен айдай əлемнің ақиқатына үңілместен, өздері қолдан жасап алған
пұттарға табынып, Аллаһқа серік қосып, Раббысының рақымынан құр қалғаны тарих беттерінде
қаттаулы.
Жалпы алғанда, адам баласы Аллаһ тағалаға құлшылық ету үшін жаратылғандығы бесенеден
белгілі. Сол үшін оған сана берілді əрі атқаруға тиісті бірқатар міндеттер пешенесіне жазылды.
Сол міндеттердің бірі – мүлтіксіз құлшылық ету.
Құлшылық – Жаратушыны танудан, өзінің бекер жаратылмағанын ұғынудан, құл екендігін
сезінуден, міндетін орындауға деген жауапкершіліктен туындайды. Дегенмен Жаратушы Хақ
тағала адамды жаратып, оны жалғыз қалдырып қойған жоқ. Олардың өз араларынан əр дəуірде
осы жауапкершілікті сездіруге, өмірдің түпкі мəнін ұқтырып, жаратылыстың мақсатын ашып
баяндайтын, адамдарға ақиқатты дəріптеп, тура жолды нұсқаушы теңдессіз тұлғалар, яғни
пайғамбарларды кезеңімен жіберіп отырды. Демек, пайғамбарлық – кез-келгеннің маңдайына
бұйырмайтын, тікелей Аллаһ тарапынан келетін қасиетті міндет.
«Оларға кез-кезімен нəби келді» деп Абай атамыз айтпақшы, алғаш рет Адам атаның аяғы
тиген жер беті содан бері кезең-кезеңімен келген пайғамбарлар арқылы ақиқаттың балдай дəмін
татып, дұрыс пен бұрысты таразылап, жақсы мен жаманды, ақ пен қараны ажыратып, адами
келбетін түзеп отырған. Осы орайда пайғамбарларды адамзаттың ауған көшін түзеуші, қоғам
болып бір жерде өмір сүрген адамдарға тəртіп пен əділеттілікті, илəһи үлгі-өнегені, діни
ұғымдардың мəнін үйреткен алғашқы мұғалім десе де болады.
Пайғамбарлар – адамзат баласын көп құдайлық пен пұтқа табынудан арылтатын, Аллаһ
тарапынан келген уахиларды еш өзгертпестен халыққа толық уағыздап, Аллаһ тағаланың
шариғатын, əмірлері мен тыйымдарын ұқтырып, дүниеде əрі ақыретте бақытқа жеткізетін, хақ
жолды көрсетуші айрықша тұлғалар. Олар біз үшін көшбасшы, илəһи хабаршылар екені хақ. Өз
өмірінде пайғамбарлар көптеген қасиеттерімен дараланған. Атап айтқанда, елшілердің бойынан
адалдық, аманатқа қиянат жасамау, өтірік айтпау, берген уəдесін орындау, Жаратушыдан
басқадан ақы күтпеу, дінді тиісінше халыққа жеткізу (тəблиғ) секілді т.б. ізгі қасиеттер
табылған. Илаһи əмірлерді əуелі өздері қалтқысыз орындап, сосын өзгелерге жеткізген болмысы
бөлек, Аллаһ тағаланың таңдаулы һəм сүйікті құлдары бола білген пайғамбарлардың салған сара
жолдарымен жүріп, нағыз парасатты, салиқалы, шынайы өмір салтын үйрену біздің міндетіміз
болмақ. Ал, олар болса, адамзат баласының ақиқатты табу жолында аянбай тер төкті, қиындығы
мен жауапкершілігі зор, əлемдегі ең қиын, ауыр міндетті арқалап, сол міндетті мəресіне жеткізу
жолында түрлі ауыртпалықты бастан кешті. Тіпті, кейбірі өз қауымынан аяусыз соққы жеп,
қудаланып, жазықсыз өлтірілді. Олардың қилы-қилы тағдырлары, бұралаңы мол, шырғалаңға
толы өмір жолы, күпірмен күресі, халықтың санасын ашып, көкірегіне сəуле ұялатудағы
көрсеткен табандылығы мен тартқан азаптары, өз міндеттеріне шексіз берілгендіктері – кез-
келген адамды бей-жай қалдырмасы анық.
Асылында, пайғамбарлар жіберілуінің астарында үлкен мəн-мағына, ерекше хикмет бар.
Егер олар келмесе, не болар еді? Əлемнің жаратылуынан бастап, ақыреттегі жауапкершілікті,
өлімнен соң да өмір бар екендігін, мейірім иесі Раббымыздың берген сыйларына қалай шүкір
ету керектігін, Аллаһ тағаланың қандай сипаттары барын ақылмен ойлап біле алмас едік.
Аллаһ тағала пайғамбарларына мұғжиза берген. Сол арқылы оларға (Раббымыздың


қалауымен) адамзат баласы үшін мүмкін еместей болып көрінген, таңғажайыпқа толы
құбылыстарды көрсету оңай етілді. Мəселен, Нұһ пайғамбар (а.с.) адамзат тарихында тұңғыш
рет бумен жүретін орасан кеме жасады. Дəуіт пайғамбар (а.с.) темірді балқытып, сауыт-
саймандар жасап, темірден түйін түйсе, Сүлеймен пайғамбар (а.с.) Бəлқыстың тағын өзіне көзді
ашып-жұмғанша алғызуы арқылы материалдық денені басқа мекенге тез тасымалдауға
болатынын сездірді. Бірақ бүгінгі күні бейнені алыстан тасымалдау жүзеге асқанмен, заттық
дене əлі көзді ашып-жұмғанша басқа мекенге тасымалдана қойған жоқ. Мұса пайғамбар (а.с.)
аса таяғымен түртіп, жерден су шығару арқылы жер асты пайдалы қазбаларына назар аудартқан.
Ибраһим (а.с.) отқа жанбау арқылы отқа жанбайтын элементтердің барлығына ишарат жасаған.
Иса пайғамбар да (а.с.) небір жазылмайтын кеселдерді емдеп жазу арқылы əр ауруға ем табуға
болатындығын тұспалдаған, т.б. Бұның барлығы ғажап емес пе?! Осыған қарап «əр пайғамбар
ғаламдық өркениеттің де негізін қалаған» деп айтушы ғалымдар да жоқ емес.
Пайғамбарларға сену – Ислам дініндегі алты иман шартының бірі. Бұл сенімнің адамға
берері мол. Əрбір исі мұсылман баласы пайғамбарлардың ешбірін бір-бірінен бөле-жармай,
бəрін тегіс мойындауды өзіне міндет деп қабылдайды.
Бүгінгі күні бізге жеткен мəліметтерде адамзатқа жіберілген «жүз жиырма төрт мың» я «екі
жүз жиырма төрт мың» пайғамбардың əрбірінің деректері сақталмаған. Бізге мəлімі, Құранда
аттары аталған пайғамбарлардың ғана өмір тарихының аңтаңдақ парақтары. Осы орайда бұл
кітап оқырманға Адам атадан (а.с.) бастап, соңғы елші хазірет Мұхаммедке 
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм)
дейінгі бірқатар пайғамбардың өмірін таныстыруды мақсат етеді.
Пайғамбарларға шынайы ықыласпен сенген адам олардың ізгі қасиеттерін өзіне үлгі етеді.
Өмірдегі ақиқаттың салмағын сезініп, адамгершілік мінезден таймайды.
Ал пайғамбарларға иланбау – Аллаһ тағаланы жəне жер бетіне түскен күллі қасиетті
кітаптарды мойындамау деген сөз. Өйткені, Ұлы Жаратушының күллі ақиқаты осы
пайғамбарлар арқылы жеткен. Жоғарыда атап өткеніміздей, олар Аллаһ пен адамзат арасындағы
елшілік етуші дəнекер тұлғалар. Басты міндеті – дінді жаю. Пайғамбарларға сенбеген, танып-
білмеген əрі оларды сүймейтін адам екі дүниеде де абыройы асқақ, қадірлі бола алмайды.
Ендеше, адамзат баласына рухани тəрбиеші, тура жолға үндеуші болып келген пайғамбарлар
тарихымен таныс болу – парасат-пайымымызды толықтырып, танымымыздың көкжиегін
кеңейте түспек. Қолдарыңыздағы кітап осы мақсатқа қызмет етіп, салмақты ой қозғап,
жүрегімізге жылы тиіп, жанымызды баурай алса, еңбегіміздің жанғаны, үкілі үмітіміздің
ақталғандығы.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет