Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org Ұстаздарға арналған басылым редакциясы



жүктеу 1.22 Mb.
Pdf просмотр
бет3/32
Дата24.12.2016
өлшемі1.22 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32

5.Read the  text     
Geographical position
       The republic of Kazakhstan is situated in the central Asia .The area of Kazakhstan is 
2753 000 sq.  km. Its population is about 16 million. The population lives mostly in towns and cities are Almaty, Karaganda,  
Shimkent, Pavlodar and Astana.Astana is the capital  of  the Republic.Astana is situated in the central part of the country. 
      Kazakh is the official language of the country,but  it is not the only language which people speak in the country. Russian and 
other languages are spoken here too.
Kazakhstan is the largest in the central Asia.It extends some 1900 km.from the Volga river in the West to the Altai Mountains in  
the East and about 1300 km.from the  Siberia plain in the North to the Central Asia deserts in  the South.Kazakhstan borders 
China,Russia,Turkmenistan,
Uzbekistan and Kirgizia.There is a long border coast line on the Caspian  Sea in the Southwest.
There are few  rivers and lakes in Kazakhstan.The four rivers are the main resources of water in the country.They are Irtish ,in 
the east,Syrdaria in the southwest ,Illi in the southeast
and Ural in the northwest of the country.The largest lakes are Balhash,Zaisan,Ala-Kol and Tengis.The flora and fauna of the 
country are different.They depend on the climate of the area.They are richer in  the   south and poorer in  the north.
14

Climate
The climate of the country is strongly continental. It is cold in winter and hot in summer. Rain usually falls in spring and autumn.  
Snow falls in all areas but not at the same time. In the south snow falls in October or November, in the north it falls as a rule in  
September or October. Sudden cold winds and snow falls in winter often cause troubles for people. In spring green grass and  
flowers of different colours cover flat lands and hills.
      Economy and national flag
     Kazakhstan has well –developed heavy industry in many cities and towns. As the result of the development of heavy industry  
the country suffers serious environmental problems. Agriculture takes a very important sector in the national economy. The  
people of the country grow wheat, millet, corn and cotton. 
       As a sovereign state Kazakhstan has its own national flag and anthem and national traditions and holidays. The national flag  
of the country consists of a light blue field at the centre of which there is yellow sun framed by the wings of a flying eagle , also 
in  yellow, with a  vertical stripe of national ornamentations near the hoist.
      ---------------------------------------------------------------------------------------------------------
ОҚО,  Мақтарал ауданы
«№25 Г.Титов ЖОМ КММ
МАД тобының тәрбиешісі
Слухан Ахимова
Сабақтың тақырыбы: Көктем келбеті
Мақсаты: көктем мезгілі туралы түсінік беру табиғатқа қамқорлық жасауды үйрету.Көктем мезгілін бейнелету,сурет 
бойынша әңгімелеп,ой-өрісін,тілін дамыту.Дидактикалық ойын: «гүл теру».
Көрнекілігі: жыл мезгілдері,сурет,гүлдер,оқулық,түрлі-түсті қалам,шар,ағаш.
Сөздік жұмыс: көктем мезгілі  туралы әңгімелеу.
Балалар қонақтарға жылы лебізімізді білдіреміз.
Үлкенгеде сіз,Кішіге де сіз,
Бар адамды құрметтеп,
Бас иеміз біз.
                    Жұмбақ.
Бұлтты айдай желдеткен,
Нөсерлеткен,селдеткен,
Шалшық кешіп ойнайтын
Қай мезгіл деп ойлайсың?
                                           (көктем)

Дұрыс айтасыңдар балалар.

қазір қай мезгіл?

көктем мезгілі.

көктемде күн қандай?

көктемде күн жылы

балалар, біреу біздің есікті қағып тұр.Кім болды екен?
Көктем болып киінген бала кіріп келеді.
-сәлеметсіңдер ме,балалар?
Тәрбиеші:-көктем келді.Сәлеметсіз бе,көктем?
Тәрбиеші:-қош келдіңіз,көктем.Балалармен  жаңа ғана сіз туралы айтып отырғанбыз,отырыңыз балаларды тыңдаңыз.
Сұрақтар:көктемде не ұшып келеді? (құстар ұшып келеді)
-балалар не жасайды? (балалар ұя жасайды)
-жерге не шығады,не өседі? (шөп өседі,гүл шығады)
-көктем айларын атаңдар? (наурыз,сәуір,мамыр)
-көктем сізге балалардың жауабы ұнады ма?
-ия.ұнады,рахмет!
-балалар сіз туралы тақпақтар,өлеңдерде біледі.
1-бала: көктем,көктем,көктемде,
Құстар келіп жеткенде.
Қуанып бір қаламыз,
Әнмен қарсы аламыз.
2-бала:балаларау,балалар,
Шақырады далалар.
Көктем келді гүл алып,
Құстар келді жыр алып.
3-бала: барлық айдан шырайлы,
Мамыр дейді бұл айды.
Жасыңа да кәріңе,
Бәріне де ұнайды.
Бейбіт күннің тұрағы,
Отанымыз қырағы.
Сол себепті-бүгін де,
Көктем болып тұр әні.
4-бала: Көктем келді,құс келді,
Ойнаймыз біз саз илеп.
15

Біздің көлдің үстінде 
Былтыр келген саз үйрек.
5-бала: Келіп көктем құстары
Баубақшада ән салды
Оларды жас достары
Ұя салып қарсы алды.
Сурет бойынша әңгіме жүргізу.
-Енді бәріміз алдымыздағы парақтарға көктем мезгілін бейнелейік.
(Балалар көктем мезгілін бейнелейді)
Сергіту жаттығу: Тербеледі ағаштар
Алдымен жел еседі
Кіп-кішкентай ағаштар
Үп-үлкен боп,өседі.
Балалар өздеріңнің салған сурреттері бойынша әңгімелейді.
Көктем мезгілінің сұрақтарына жауап беру.
Көктем:1.Төрт түлікті ата?
2.Үй жануарларын ата?
3.Жыл мезгілдерін ата?
Жарайсыңдар балалар.
Дидактикалық ойын «Гүл теру»
Ойынның мақсаты:балалардың ойлау  қабілетін,тілін дамыту.
Қорытынды сұрақтар.
---------------------------------------------------------------------------------------------------------
Батыс Қазақстан облысы. Казталов ауданы. Қараоба ауылы
                                                                                            Ғ.Қараш атындағы Қараоба   мектеп-гимназиясының
бастауыш сынып мұғалімі
Ахметкалиева Лаура Шакировна
                                                                                                
Сабақтың тақырыбы: Ғасыр саңлағы.С.Ләмбекұлы
Сабақтың мақсаты:а)Мәтінді түсініп оқуға машықтандыру;Т.Әубәкіровтың өмірлік 
                                   мақсаты мен арманына жетудегі талпынысы мен табандылығын үлгі 
                                   ету;
                                 ә)Оқушылардың сөздік қорын,тілін,мәнерлеп оқу дағдысын дамыту;
                                 б)Оқушыларды батырлыққа,өз елін, жерін сүюге тәрбиелеу;
Сабақтың түрі:жаңа білімді хабарлау
Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап,баяндау
Көрнекілігі:Слайд
Күтілетін нәтиже:1.Мәтінді түсініп оқуға машықтанады;2.Мәтінді талдауда шығарма оқиғаларының себеп-салдарын 
айқындай алады;;3.Белсенді іс-әрекет қалыптасады;
                                   Сабақтың барысы:
І.Қызығушылықты ояту
1.Психологиялық дайындық
«5» болсын алар бағамыз
Білімнен бақыт табамыз
Өнер,білім көп оқып
Өсе берсін санамыз.
2.Үй тапсырмасын тексеру
А)Тоқтар-тұңғыш ғарышкер.
(өлеңді жатқа айту)
ә) Топтастыру стратегиясы
-Тоқтар Әубәкіров туралы не білеміз?
-Тоқтар Әубәкіров кім?
-Тұңғыш қазақ ғарышкері.
-Ол қай жылы дүниеге келген?
-1946жылы 27маусым.
-Қай жерде дүниеге келген?
-Қарағанды облысы,Қарқаралы ауданында 1май ауылында дүниеге келген.
-Т.Әубәкіровтың қандай атағы бар?
-Техника ғылымының докторы,профессор,ұшқыш-инженер.
-Т.Әубәкіров қай жылы ғарышқа ұшты?
-1991ж.2қазан.
-Қандай аймақты зерттеді?
-Арал теңізі.
ІІ.Мағынаны тану
1.Ой қозғау. Жұмбақ
16

Аспанда бір алып құс
Ызғып ұшып барады
Қарап тұрсаң ғажайып
Соңында із қалады.                   (Зымыран)
-Ал, осы зымыранмен қайда ұшады?
-Аспан әлеміне, ғарышқа.
-Ғарышқа ұшатын адамды кім дейміз?
-Ғарышкер.
-Ғарышкерлерден кімді білесіңдер?
-Т.Әубәкіровғ Т.Мұсабаев
-ендеше бүгінгі сабағымызда тағы да Т.әубәкіров туралы әңгімелейтін боламыз
2.Мәтінді оқу. Болжау стратегиясы
3.Сөздікпен жұмыс
Ғасыр-100жыл
Саңлақ-елден ерен,озат,шебер адам.
Аэропорт-ұшақтар ұшып,қонатын жер.
Летшік-ұшқыш
4.Сергіту сәті
1,2,3
Бойға жинап күш
4,5,6
Қарлығаш боп қалқы
7,8,9,10
Қарлығаш боп қон.
5.Үш түрлі түсіндірмелі күнделік
-Әнеки,көрдің бе,Тоқтаржан,туған 
елдің түтіні қол бұлғап тұрғанын 
,сенің тезірек ержетіп, азамат 
болғаныңды көрсем деймін.
-Осы кімнің сөзі,арманы?
«Аман жүрсек бәрі болады» дейді.
Техника ғылымының 
докторы,ұшқыш-инженер,профессор
-Тоқтар анасының арманын 
орындады ма?
6.Флипчарт
-Адам өмірде мақсатына жету үшін қандай қасиеттерге ие болу керек?
7.Оқулықпен жұмыс
Оқушыларға мәтінді оқыту.
-Әңгімедегі Тоқтар кім?
-Анасының аты кім?
Тақырып таңдау стратегиясы
-Әңгіменің тақырыбын басқаша қалай атауға болады?
ІІІ:Толғаныс
Синкуин
1.Кім?  Тоқтар Әубәкіров
2.Не істеді? Армандады,ғарышқа ұшты.
3.Қандай? Батыр,ержүрек,білімді
4.Сөйлем Тоқтар-қазақтың тұңғыш ғарышкері.
5.Ғарышкер.
Үйге тапсырма
Бағалау.
---------------------------------------------------------------------------------------------------------
О т стік  аза стан облысы . Т лкібас ауданы . Т.Рыс лов ауылы 
ң ү
Қ
қ
ү
құ
Ломоносов атында ы мектеп-гимназиясыны  бастауыш сынып м алімі 
ғ
ң
ұғ
Расымбекова Назгуль Мекенбековна
Тақырыбы: «Байлық пен ақыл» ертегісі
Мақсаты:
1.Оқушыларды халық ауыз әдебиеті үлгісі - ертегімен таныстыра отырып оларға адалдық, ойшылдық ақылдылық 
адамды бақытқа жеткізетінін түсіндіру.
2. Оқушылардың сөздік қорын молайту.
3. Мейірімділікке, еңбек кештікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Оқулық, мақалдар, сұрақ.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ. Дамыта оқыту
Сабақтың әдісі: Топпен жұмыс, сахналау, шығармашылық.
                                                    Сабақтың барысы: 
І. Ұйымдастыру.
Енді бір – біріміздің қолымыздан ұстап алақан жылуы арқылы бір – бірімізге жылы лебіздер тілейік.
17

1 - бала. Еліме тыныштық тілеймін!
2 - бала. Аспанымыз ашық болсын!
3 - бала. Деніміз сау болсын!
4 - бала. Күніміз жарық болсын!
5 - бала. Көк туымыз биік болсын!
ІІ. Өткенді қайталау.
- Балалар біз қазір «Асыл сөз» атты үлкен тарауды өтіп жатырмыз. Кәне есімізге түсірейікші.
1. Аңыз дегеніміз не?.
2. Мақал – мәтелдер дегеніміз не?
3. Жаңылтпаштар дегеніміз не?
4. Жұмбақ дегеніміз не?
5. Шешендік сөздер дегеніміз не?
- Балалар сендер өткен сабақты жақсы меңгерген екенсіңдер. Енді ертегінің не екенін білесіңдер ма? Қандай ертегіні 
білесіңдер? Оқушылар жауабын тыңдау.
3. Ертегі сөзіне дыбыстық мінездеме.
Ертегі сөзінде қанша дыбыс бар? Нешеуі дауысты, нешеуі дауыссыз.
Берілгені: ертегі = ----------------
Сонымен балалар ертегіден халқымыздың тұрмыс - салтын, әдеп - ғұрпын білеміз. Онда шындық оқиға мен қиял – 
ғажайып оқиға аралас келіп отырады.
4. Жаңа тақырып. 
Байлық пен ақыл ертегісі.
 а) Ертегіні анық, мәнерлеп оқып мазмұнын түсіндіреді. Оқушылар тізбекпен оқиды. 
б) Сұрақ – жауап арқылы ертегі мазмұны түсіндіріледі. 
в) Ертегі рольге бөлініп оқылады.
Сергіту сәті.
а) Ертегіні анық, мәнерлеп оқып мазмұнын түсіндіреді. Оқушылар тізбекпен оқиды. 
б) Сұрақ – жауап арқылы ертегі мазмұны түсіндіріледі. 
в) Ертегі рольге бөлініп оқылады.
Сергіту сәті.
Дәптермен жұмыс.
Әшекей - өрнек, сәнді ою.
Мұрагер – орын басушы дүниеге ие болушы.
Қорытынды: Ертегі дегеніміз не?
Түрлі ертегілер экранда
Ой толғаныс.
Жаңа тақырыпты қорыту үшін тапсырма.
Тақырыбы: Байлық пен ақыл
Кейіпкерлері: әкесі, төрт ұлы.
Ертегі түрлері: Тұрмыс - салт, қиял - ғажайып т. б.
Сұрақ: Әкесіне соңғы ұлының жауабы неге ұнады?
Ол не деді?
Оқушылардың жауабы:
Тек еңбек сүйгіш екі қолым, қайрат жігерге толы жүрегім бар деді.
Оқушыларға еңбек туралы мақал – мәтелдер айтқызу.
Үйге: "Байлық пен ақыл" ертегісінің мазмұынын сұрау.Мақал – мәтелдер жинастыру.
Бағалау.Сабаққа белсене араласқан оқушылар бағаланады.
---------------------------------------------------------------------------------------------------------
О т стік  аза стан облысы . Т лкібас ауданы . Т. Рыс лов ауылы
ң ү
Қ
қ
ү
құ
 Ломоносов атында ы мектеп-гимназиясыны  
ғ
ң
бастауыш сынып м алімі 
ұғ
Омарова Галия Амангельдиевна
Тақырыбы; Егіншілік
Сабақтың мақсаты:
Сабақтың міндеттері:
1.Оқушылардың білім-білік дағдысын арттыру.
2.Оқушылардың сөздік қорын,сөйлеу мәдениетін дамыту.
3.Оқушыларды еңбексүйгіштікке,табиғатты сүюге,табиғат байлықтарын сақтауға тәрбиелеу.
Қолданылатын әдіс тәсілдері:Сөздік әдіс
Көрнекі-құралдары:Буклкт,дәнді дақылдар,шалғы күрек,тырма, нан.
Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі,ән
Сабақтың мазмұны мен барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі.
- амандасу
- оқушылардың назарын сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
-
Үйге қандай тапсырма берілді:
-
Каспийдің тірі алтыны.
18

-
Сабаққа дайынбыз ба?
-
Иә
(  үй тапсырмасы сұралады)
ІІІ.Үй тапсырмасын бекіту.
Балық пішінді карточкалар арқылы сұрақ-жауап алынады.
          1.Балық жеген соң ас қайтара ма?
          2.Каспий теңізіндегі балықтарды ата?
          3.Б алықтан қандай май алынады?
          4.Бекіре мен қорытпаның ірілері неше метр?
          5.Сен қандай балықты жақсы көресің? Неліктен?
ІҮ.Жаңа сабақ
М:Ертеде   ата-бабаларымыз   мал   шаруашылығымен   ,егін   шаруашылығымен     айналысқан.Төрт-түлік   мал   өсіріп,оның 
өнімдерін пайдаланған.Сүті,еті,майы,ірімшігі,құрты мен қымыз шұбат өнімдерін алған.
Терісін заводтарға жіберіп тон,етік,ішік жасайды.Бүгінгі өтетін тақырыбымызды білу үшін сөзжұмбақты шешейік
«Сөзжұмбақ»
                  Бекіре                        газ               теңіз          астана                    шахтер              көмір
               уылдырық                 кітап                  каспий
1.Ұзындығы 6 метр балық?
2.Құнды отын?
3.Каспий өзен бе , көл ме?
4.Еліміздің астанасы Қай қала?
5.Шахтада жұмыс жасайтын адам?
6.Қарағандыда не өндіріледі?
7.Балықтан алынатын өнім№
8..... білім бұлағы,білім өмір шырағы.
9.Қазақстанның батыс бөлігінде орналасқан теңіз?
                        Егіншілік  -Балалар сендер қандай дәнді дақылдарды білесіңдер?
- Бидай,жүгері,тары, сұлы......
-Егіншіге қандай құрал-жабдықтар қажет?
-Күрек,тырма,шалғы т.б
Балалар осы құралдар жайында әңгіме айтып берейін. «Екі соқа »
- Егіншілер егін егуге қай уақытта дайындалады?
- Көктемде күн жылынып,жер жібиді.Табиғат тамаша өзгеріске енеді.
Сергіру сәті Ән; «Зеңгір көктем!»
М:.Оқушылар осы біздердің жеп отырған нанымыз дастарханға қалай келеді.
-
Үлкен еңбекпен келеді?
-
Диқаншы   егін   егіп,баптап   күтеді.Оны   комбайнмен   орады.оны   наубайханаға   апарады.Наубайханада   нан 
пісіріледі.Дайын болған нанды дүкендерге жеткізеді.
Ү.Жаңа сабақты бекіту.
Оқушылар   біздер   аңғарып   қарайтын   болсақ   мемлекеттік   рәмізіміздің   бірі   елтаңбада   бидайдың   масағының  
суреті,әнұранның алғашқы жолдарында: 
   «Алтын күн аспаны
    Алтын дән даласы»,- деген жолдардан басталады.Ол біздің Отанымыздың байлығын көрсетеді.Біз оны мақтанышпн  
айта аламыз.
ҮІ.Үйге тапсырма беру.
Егіншілік тақырыбын оқып,мазмұнын айту.
ҮІІ.Бағалау
Сабаққа белсене араласқан оқушылар бағаланады.(төртбұрыш төрт,үшбұрыш-үш,бес жұлдыз-бес )
---------------------------------------------------------------------------------------------------------
Оңтүстік Қазақстан облысы.  Мақтарал ауданы
«№ 25 Г.Титов атындағы жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі тарих пәні мұғалімі 
Аширова Майра Тұрмаханбетқызы
 ізденуші: 6 «Б» сынып оқушысы Баржақсы Ұлдана Алмасбекқызы
Тақырыбы: «Қазақстанда Ұлы Жібек жолын қайта жандандырудың маңызы мен болашағын бағалау»
Мазмұны
І. Кіріспе
ІІ. Ұлы Жібек жолының пайда болу тарихы
1.1.
Ұлы Жібек жолының құрылуының мақсаты мен маңыздылығы
1.2.
Ұлы Жібек жолының шаруашылық пен мәдениетке тигізген әсері
1.3.
Ұлы Жібек жолының тоқтауына себеп болған факторлар
ҚР Ұлы Жібек жолын жандандыру мәселелері, маңызы, даму перспективалары
1.4.
ҚР-да «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» магистралды тас жолын жандандырудың маңызы
1.5.
ҚР-да  «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» магистралды тас жолын салудағы мәселелері
1.6.
ҚР-да «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» магистралды тас жолының даму перспективалары
1.7.
ҚР-да «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» магистралды тас жолына SWOT талдау және стратегиялар
1.8.
ҚР-да Ұлы Жібек жолын қайта жандандырудың маңызын ескере отырып, экономикалық көрсеткіштерді 
көрсету
19

2.
Ұсыныстар
3.
Әдебиеттер
Ғылыми жұмыстың маңыздылығы
Ұлы Жібек жолы - әлемдік өркениет тарихындағы неғұрлым елеулі жетістіктердің бірі. Бұл- Еуразияның батысы мен 
шығысын байланыстырған керуен жолдары. Сан ғасырлық тарихы бар осынау ұлы жол неге тоқтап қалды? Әрине «Ұлы 
ашулар заманы», кейінірек құрып кетуіне себепші болған  моңғол шапқыншылығы десек қате айтпаймыз. Көне тарихы 
бар Ұлы жібек жолы б.з.б.ІІ ғасырдың соңында қалыптасып, елшілік пен сауда-саттықтың тұрақты желісі қызметін 
атқара бастаған-ды.Ол Чаньаннан басталып, Римде аяқталатын. Оның бойымен әр түрлі бағыттарда ерекше тауар 
тасыған көпес керуендері жүрді. Солардың ішінде ең қымбат тауар қытай жібегі саналды. Алғашында жол тек Батысқа 
қытай жібегін шығару үшін пайдаланылды. Кейін Үндістанда, Иран, Араб халифатында, Еуропа мен Орыс жерінде 
өндірілген тауарлар да тасылатын болды. Жібек жолы мен Ферғананың әйгілі арғымақтары, араб сәйгүліктері, түйелер 
мен пілдер, мүйізтұмсықтар да тасылған. Сонымен қатар жүзім, шабдалы, қауын, дәмдеуіштер, қант, көкөністер, жеміс-
жидектер де осы Жібек жолы арқылы тарады.
Мақсаты: ҚР-ғы Ұлы Жібек жолының жандануының негізгі бастамасы «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» тас жолының 
қазіргі жағдайы мен даму перспективасын талдау арқылы, оның елімізде болашағын бағалау негізінде, «Батыс Еуропа-
Батыс Қытай» магистралды тас жолын дамыту болып табылады.
Міндеттері:
-
«Батыс Еуропа- Батыс Қытай» тас жолының мән-мазмұнымен танысу;
-
ҚР-ғы «Батыс Еуропа- Батыс Қытай» тас жолының қазіргі жағдайы мен мәселелерін анықтау;
-
ҚР-ғы Жаңа Ұлы Жібек жолының артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау арқылы талдау жасау;
-
ҚР-ғы «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» магистралды тас жолының дамуына SWOT талдау жасау және сол арқылы 
мәселелерді шешу стратегияларын ұсыну;
-
Келтірілген мәліметтер негізінде «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» магистралды тас жолының дамуы үшін 
ұсыныстар келтіру.
«Батыс Еуропа-Батыс Қытай» магистралды тас жолын ҚР көлік    нарығында дамыту жағдайындағы күтілетін 
нәтижелер:
-
ҚР-ғы траспорт-логистикалық қатынастардың жетілуі;
-
Халықаралық қатынастардың даму тиімділігі мен ықпалдастықтың күшеюі;
-
Халықтың әлеуметтік жағдайының жақсаруы, сауда-саттықтың дамуы.
     Мақсаттарды анықтау мен міндеттерді қоюда мен SMART/SMARTER аббревиатурасын қолданып, мынадай 
мақсаттарды анықтадым.
Әріп
Мағынасы
Мақсаты
S
Specific-Нақты
«Батыс Еуропа-Батыс Қытай» магистралды тас жолын дамыту
M
Measurable-Өлшенетіндігі
«Батыс Еуропа-Батыс Қытай» магистралды тас жолын дамыту 
болашағының жасалынуы
A
Attainable, Achievable-Қол жетімді
Білікті мамандардың пікірлері;
Статистикалық көрсеткіштерге талдау арқылы, нәтижесін 
шығару;
R
Relevant-Өзекті
«Батыс Еуропа-Батыс Қытай» магистралды тас жолын дамыту 
жайлы халықты ақпараттандыру
T
Time-bound- Уақытпен шектелген
Уақыты шектелмеген
ІІ. Ұлы Жібек жолының пайда болу тарихы
«Ұлы Жібек жолы» деген атау тек 1877жылы пайда болды. Оны неміс географы Фердинанд фон Рихтгофен 
қалыптастырды.Қытай жазба деректеріндегі хабарларда б.з.б. ІІ-І ғасырларда Үйсін мемлекетінің Қытай өкіметімен 
қарым-қатынастары жайлы мәліметтер бар. Осы жолдың жібек саудасына байланысты «Жібек жолы» атанғаны түсінікті. 
Жібек Жолы географиясы Еуропадан басталып Мысыр, Сомалия, Арабия түбегі, Иран, Ауғанстан, Орталық Азия, 
Пәкістан, Үндістан, Бангладеш, Java-Индонезия, және Вьетнам елдері арқылы, ақыры Қытайға келіп жетеді. Жер 
бетіндегі жолдары қызыл, ал теңіз беті жолдары көк түспен көрсетілген.
Жол бұдан 3-4 мың жыл бұрын болған. Ол Қытайдың Хан патшалығы кезінде ғана өркендей бастаған, себебі Хан 
патшалығының Хан Уди патшасы Жаң Чянды батыс өңірге екі рет жіберіп, Орталық Азиядағы елдермен достасуға 
пейілді болған. Жаң Чян қазіргі Ферғана, Самарқан және Балқаш көлі сияқты жерлерге барған. Жаң Чянның сапары бұл 
жолды шығыс пен батыс үкіметтері арасындағы байланыс жолына айналдырған. Осыған орай саудагерлер де «Жібек 
жолында» ат ізін суытпаған. Жаң Чян батыс өңірге және 
Орта Азияға
 
 Қытайдың
 
 
 жібек өнімдерін ала барған
;ал 
елге қайтарында барған жерлерінің тауарлары және батыс өңірінің музыкасы сияқты алуан түрлі мәдениетті алып 
қайтқан. Жаң Чянның сапары қытайлықтардың батыс өңір мен Орта Азияны түсінуіне мүмкіндік берді. Ал Жаң Чян 
барған жерлердегі халық та Қытайдың өнімдері мен мәдениетіне қатысты түсінігін анағұрлым тереңдетті. Осылайша, 
бұл жол гүлденіп, көркейе бастады. Шығыс пен Б
  атыстың
 
  аралығындағы дәнекерге айналып, өркениеттерді өзара 
тоғыстырды. Осы жолды қорғау және дамыту мақсатында, Қытайдың әр дәуірдегі патшалары жол бойына қарауыл 
қойып, әскер тұрғызды.
1.1.Ұлы Жібек жолының құрылуының мақсаты мен маңыздылығы
      Ұлы Жібек жолының халықтар арасындағы сауданың дамуына ғана зор үлесін қосып қойған ғана жоқ, ол Шығыс пен 
Батыс елдерінің арасындағы халықаралық (дипломатиялық) қарым-қатынастың дамуына да өзінің үлкен пайдасын 
тигізген, Қытай жазба деректеріне қарағанда, Жібек жолының халықаралық қарым-қатынас жағынан жандана бастаған 
кезі б.з.б. ІІ ғ. ортасында басталған. Қытай императоры У Ди жіберген елшілік оралған кезден бастап Қазақстан, Орта 
Азия жеріне және батыстағы елдерге қарай жібек артқан керуендер шыға бастаған. Бұған керісінше, Батыс елдерінен 
Қытайға қарай елшіліктер шыққан. Сауда жолына байланысты дипломатиялық қарым-қатынас, ал елшіліктердің пайда 
20

болуы халықаралық сауданың дамуын күшейтеді. Алғашқы кезде қытай жібегі елдердің елшіліктері арасында және 
патшалар үшін аса бағалы тауар болып, ақша немесе құнды сыйлық орнына жүрген. Мәселен, Иран шахына Қытай 
императорының атынан жібектен жасалған әшекейлі киімдер жіберілген. Сонымен, Ұлы Жібек жолының мемлекеттер 
арасында сауданың дамуына ғана емес, олардың арасындағы саяси қарым-қатынастың дамуына да тарихи ықпалы зор 
болды.
Каталог: 2015
2015 -> №47 (18256) 29 сєуір 2015 ж сєрсенбі Бір халыќ, бір ел, бір таѓдыр Бір халыќ, бір ел, бір таѓдыр Бір халыќ, бір ел, бір таѓдыр
2015 -> Сборник состоит из четырех разделов: Государственный язык
2015 -> №19 (112) 1 қазан, 2015 жыл АҢдатпа с днем учителя
2015 -> Реферат Скачать Во время не обращает защитники и академический в
2015 -> Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org Ұстаздарға арналған басылым редакциясы
2015 -> Көгінен нұрын шашып, гүлдері бүршік ж ары п, ба ғы нд а бұлбұлы сайр а ға н
2015 -> Меншік иесі: «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Шығыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін
2015 -> Қазақ хандығының құрылуы және Керей мен Жәнібек cұлтандар Хандықтың құрылуы
2015 -> Бекітілді/утвержден


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет