Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org Ұстаздарға арналған басылым редакциясы


Ұлы Жібек жолының шаруашылық пен мәдениетке тигізген әсері



жүктеу 1.22 Mb.
Pdf просмотр
бет4/32
Дата24.12.2016
өлшемі1.22 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32

1.2.Ұлы Жібек жолының шаруашылық пен мәдениетке тигізген әсері
        Біз алғаш рет Қытай елінен Батысқа қарай жібек артқан керуендер жолға шыққанын білеміз. Сондай-ақ бұған жауап 
ретінде Қытайға немесе Шығысқа қарай Жерорта теңізі жағасындағы елдерден, Таяу және Орта Шығыстан, Орта 
Азиядағы елдерден әр түрлі тауарлар ағыла бастаған. Халықаралық сауда жолы арқылы Орта Азияның атақты асыл 
тұқымды жылқылары, Шығыс елдерінен пілдер мен мүйізтұмсық, барыс пен арыстандар, аң аулауға және саятшылық 
құруға қажетті құстар (қаршыға, бүркіт) сияқты сирек кездесетін жан-жануарлар сатыла бастаған. 
  1.3.Ұлы Жібек жолының тоқтауына себеп болған факторлар
     Аты аңызға айналып қалған Ұлы Жібек жолы қанша жерден талай тарихты бастан өткергенімен, өз тағдырын сақтап 
қала алмады.Себебі Шыңғыс ханның кезінде моңғол шапқыншылығына байланысты сауданың қарқыны бәсеңдеп, жол 
бойындағы қалалар да әлеуметтік-экономикалық жағынан өзгеріске түсе бастады. Қырғынға ұшыраған керуен жолын 
қайта қалпына келтіру мүмкін емес болды. Өйткені кейбір қалалар қаңырап бос қалған. Екінші жағынан, XVII ғасырдан 
бастап теңіз жолдарының ашылуына байланысты Ұлы Жібек жолының қатынасы әлсірей бастады. Құрлықтық 
транспортқа қарағанда, теңіз жолдарының тиімділігі едәуір жоғары болды. Сондықтан бұл арадағы байланыс үзіліп, 
XVII ғасырдың екінші жартысынан бастап Қазақ хандығы негізінен солтүстік жағында Ресей патшалығымен, ал 
оңтүстік жағында Қытаймен сауда байланыстарын жүргізе бастаған. [1.65-67]
1.4.ҚР Ұлы Жібек жолын жандандыру маңызы, мәселелері, даму перспективалары
1.5.ҚР-да «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» магистральды тас жолын жандандырудың маңызы
          2012 жылы ҚР Президенті жанындағы шетелдік инвесторлардың 25-ші жалпы отырысында Нұрсұлтан  Назарбаев 
Астана экономикалық форумын өткізу мен G-Global инфокоммуникативтік алаңын құру бастамашылығы стратегиялық 
бірыңғай мегажоба «Қазақстан –Жаңа Ұлы Жібек Жолы» жобасын жүзеге асыруды ұсынды. Аталмыш ғаламдық жоба 
Ұлы Жібек Жолының қайта жаңғырып, Еуропа мен Азия елдерінің ықпалдастығының практикалық құралы 
болатындығы даусыз. Осы орайда Қазақстанның көліктік-логистикалық дамуын қалыптастыру тұрғысында мүдделілік 
танытып қана қоймай, бәрінен бұрын Еуропа мен Азия елдері арасындағы «Ұлы Жібек Жолы» арқылы тиімді сауда 
жасауына мүмкіндік әпереді. Осы орайда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Қазақстан өзінің тарихи рөлін қалпына 
келтіріп, Еуропа мен Азияның арасындағы өзіндік көпір ретінде Орта Азиядағы ірі іскерлік транзиттік хабына айналуы 
тиіс... 
2.2.ҚР-да  «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» магистральды тас жолын салудағы мәселелері.
         Мен ақпаратты жинау және өңдеу барысында, ҚР-да «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» жолына байланысты 
төмендегідей мәселелерді анықтадым:
1.
Халықтың «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» магистралды жолы туралы түсініктерді қалыптастырмауы.
2.
Сондай-ақ, халықтың көпшілік бөлігінің жол құрылысының сапасына күмәнмен қарауы. 
3.
«Жаңа Жібек Жолы» жайлы, оның маңызы мен қызметтері жайлы ақпараттың таратылмауы, түсіндірме 
жұмыстардың жеткілікті дәрежеде жүргізілмеуі, яғни маркетингтің шаралардың қажетті деңгейде жүзеге асырылмауы. 
Төменде ҚР-да осы жоба қызметтері туралы БАҚ-ғы және конференция, семинар ретінде ұйымдастырылған шаралар 
тізімін келтіріп отырмыз:

Шара атауы
Уақыты
Ұйымдастырылған түрі
1
«Қазақстан – Жаңа Жібек Жолы — Еуропа мен 
Азия аралығындағы көпір» дөңгелек үстелі
20.08.12ж
KAZLOGISTICS Қазақстан транспорт 
одағы сайты
2
«Қазақстан – ЖаңаЖібекЖолы» жобасына 
арналған ІІхалықаралықкөлік-
логистикалықбизнесфорум
07.11.13ж
«Қазақстан Темір жолы» баспасөз 
орталығы
3
«ЖаңаЖібекЖолы» 
жобасынжүзегеасырушараларыныңкешендіжоспа
ры
01.01.13ж.
Қазақстан Республикасы Президентінің 
тапсырмасы бойынша 
4
«ЖаңаЖібекЖолы» форумынаарналғанкөрме
21-23.05.2014
«Ғаламдық халықаралық көлік 
жүйесімен трансқазақстандық көлік 
дәліздері ықпалдасуының кешенді 
шаралары» тақырыбында дискуссиялық 
талқылаулар
5
«Жаңа Жібек Жолы» арнайы секциясы
2013 жыл
G-GLOBAL виртуальдық платформасы
Жоғарыдағы кестеден көріп отырғанымыздай, ақпараттандыру шараларының қамтылу шеңбері тар және аз көлемде. 
Қазіргі таңдағы елдегі транспорттық жүйелердің маркетингтік стратегияларының жүзеге асуына, логистикалық 
тұрғыдан жаппай және ірі маркетинг кешені құралдарын қолдануымен салыстырмалы түрде бұл өте аз.
2.3.ҚР-да  «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» магистралды тас жолының даму перспективалары
Кадр бойынша
-
Біріншіден, осы жобаның дамуы мен жылдам аяқталуы үшін жол құрылысына жұмысшы санын тарту;
-
Екіншіден, жұмысшы санын арттыруға жұмыссыздар қатарының кему әсері.
Заң бойынша
-
Шетелге кіріп-шығу, кедендік мәселелердің заң базасы жағынан ретке келуі;
-
Кеден және баж салықтарын азайтатын болса, онда қолайлы экономикалық пайдаға қол жеткізу мүмкіндігінің 
болуы.
21

Өткізу нарығы бойынша
-
Халықты толықтай жоба мақсатымен ақпараттандырса, онда бұл жол жандана түседі.
-
Заңды тұлғалар. Қазіргі таңда Қазақстанда логистика-транспорттық компаниялар жұмыс атқарады. Бұл жол 
құрылысын салушылар «New Silk Way», «KAZLOGISTICS» компанияларымен бірігіп жұмыс жасар болса, онда жол 
сапасына күмәнданушылар саны азайып, жол пайдаланушыларының саны да арта түспек.
Орналасу аймағы бойынша
-
Нарықтық экономикаға өткелі бері, Қазақстан жол сапасын жақсартуға жаңа мүмкіндіктер, жаңа көздер іздеуде 
талпыныс жасауда. Тәуелсіздік алған жылдардан бері жол сапасына көңіл бөлу мақсатында түрлі жол сапасын дамыту 
бағдарламалары жүзеге асырылып келеді. 
-
Қазақстанда орналасу аймағы, ол - Алматыдан басталып, Тараз, Шымкент, кейіннен Қызылорда, Ақтөбе 
қалаларын басып өтеді.
-
Біріншіден, Алматы, Шымкент  халық саны басқа қалаларға қарағанда артығырақ қалалар. 
-
Екіншіден, Алматы  кәсіпкерлердің көп шоғырланған ортасы болып табылады. Мұндағы кәсіпкерліктердің 
саны 2492. Қазақстандағы барлық кәсіпкерлер санының 30%-ы Алматыда шоғырланған. Соған сәйкес, осы жолда сауда 
орталығы болып даму мүмкіндігі бар.
-
Үшіншіден, Алматы, Шымкент – ол миллионер қалалар.
2.4.ҚР-да  «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» магистралды тас жолына SWOT талдау және стратегиялар
Күшті жақтары
Әлсіз жақтары
Жаңа Жібек Жолы мемлекет пен клиенттерге әлеуметтік-
экономикалық пайда ұсына алуы;
клиенттерге қызмет көрсетуде транспорттық қатынастың 
жылдам болуы;
өндіріс процесіне тікелей әсер етушілік;
қаржыландырудың баламалы көздерін тарту мүмкіндігі.
уақыт шығынының және ақша шығындарының азаю 
салдарлары;
мәдениет пен халықаралық ықпалдастықтың күшеюі.
Адамдардың төмен деңгейде ақпараттандырылуы;
маркетингтік шараларға байланысты қосымша 
шығындар;
қалалар арасындағы филиалды байланыстың әлсіздігі;
жол құрылысының маңыздылығын клиенттердің 
дұрыс түсінбеуі;
Мүмкіндіктер
Қауіптер
Жоба қызметі мен  потенциалын пайдалану және ұзақ 
мерзімді перспективаның өсуі үшін макроэкономикалық 
шарттар;
клиенттерді ақпараттандыру арқылы жоба маңыздылығын 
кеңейту;
клиенттерден сұранысты көбейту;
ҚР жерінің минералды ресурстарға бай болуы;
халықтың тез өсуі(17098,5мың адам) және сауаттануы;
стратегиялық маңызды орналасуы;
Жол құрылысы салалары бойынша консалтингтік 
агенттіктер арқылы жаппай жоба туралы ақпараттандыру, 
жарнамалауды жүргізу.
Үкіметтің жоспарының орындалмауы (көлеңкелі 
экономика);
бәсекелестердің артып кетуі (теңіз және әуе жолдары);
2015-2017 жж. болжамдап отырған дағдарыстың орын 
алу қаупі болса, жол құрылысының аяқсыз қалуы;
жоба сапасына күдікпен қараушылар санының артып 
кету салдары.
SWOT талдаудағы бар мәліметтерді келістіре отырып, мен  төмендегідей бизнес стратегиясын алдым: 
Стратегия:
-
Қазақстан бойынша клиенттерге қызмет көрсетуде транспорттық қатынастың жылдам болуы, қалалар 
арасындағы филиалды байланыстың нығаюына себепші болады.
-
Уақыт шығынының және ақша шығындарының азаю салдарларына байланысты, клиенттерден сұранысты 
көбейту арқылы,жоба сапасына күдікпен қараушылар санын азайтуға болады.
-
Өндіріс процесіне тікелей әсер ету мен халықтың тез өсуі(17098,5мың адам) және сауаттануына байланысты, 
көлеңкелі экономиканың алдын алуға болады.
-
Қаржыландырудың баламалы көздерін тарту арқылы 2015-2017 жж. болжамдап отырған дағдарыстың алдын 
алып, жол құрылысының аяқсыз қалуына жол бермеуге болады.
-
Жол құрылысы салалары бойынша консалтингтік агенттіктер арқылы жаппай жоба туралы ақпараттандыру, 
жарнамалауды жүргізу арқылы адамдардың жоғары деңгейде ақпараттандырылуын қамтамасыз етуге болады.
2.5.ҚР-да Ұлы Жібек жолын қайта жандандырудың маңызын ескере отырып, экономикалық көрсеткіштерді 
көрсету
Жобаны жүзеге асырудан орташа жылдық жиынтық экономикалық тиімділік 2020 жылы төмендегідей болады.
-
Жолдағы уақытты қысқартудан- 33,9 млрд тг;
-
ЖКО (Жалпы көлік опаттары) санын қысқартудан- 44,9 млн тг;
-
ЖКО-дан қаза табушылар санын қысқартудан- 19,3 млрд тг;
-
Автокөлік құралдарын пайдалану шығындарын қысқартудан- 9,5млрд;
-
Жалпы өңірлік өнімнің өсуі- 82,9 млрд тг.
Осы жолдың Қазақстан аумағындағы артықшылығы:
-
Қытайдан Еуропаға маршрутты жаппай қысқарту;
-
Жолдағы уақыттың қысқаруы- 10 күнге дейін;
-
Заманауи жаңа автожолдардың болуы;
22

-
Көлік пайдалану шығындарын 7%-ға дейін азайту;
-
Көлік логистикалық орталықтарын дамыту- 5 нысан;
-
Транзиттік тасымалды 2015ж. дейін 5 есеге ұлғайту;
-
Апаттылықты 30%-ға төмендету;
-
шкі өңірлік өнімді 65%-ға ұлғайту;
-
Шағын және орта бизнестің аралас салаларын дамыту;
-
Қазақстан өңірлеріндегі тұрақты ахуал.
3.Ұсыныстар
- ҚР көлік нарығында көліктік-транспорттық қатынастарды реттейтін, бақылайтын институттар ашу;
- Жаңа Жібек жолының клиенттермен жұмысын қамтамасыз етуді қолға алу;
- ҚР халқына мегажоба туралы ақпарат тарату және маркетинг шараларын жүзеге асыру;
- «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» мегажобасы туралы ақпарат беретін интернет-ресурстарын жасау;
- Жаңа Жібек жолын одан әрі дамыту мақсатында, халықаралық ынтымақтастықты күшейту үшін түрлі форумдарды, 
конференцияларды, тренингтерді, семинарларды келешекте өткізу жоспарлау ;

Жаңа Жібек жолын дамыту және бақылау бойынша мемлекеттік орган құру.
---------------------------------------------------------------------------------------------------------
ОҚО, Мақтарал ауданы
«№25 Г.Титов ЖОМ КММ
МАД тобының тәрбиешісі
Жадыра Байтақова
                                 Біз- білімді ұрпақпыз
-Армысыздар құрметті ұстаздар,қонақтар,балалар! 
Сайысымыздың  негізгі мақсаты әртүрлі ойын тапсырмаларды орындау  арқылы білімдерін одан әрі тереңдету.Алған 
білімдерін пысықтау.
Бүгінгі білімділер,білгіштер,
Бар өнерін алдарыңа салады.
Кім білімді көп оқыған болса егер.
Бүгінгі күн жеңімпазы болады.
Алғырлықпен сайысады бес тобымыз.
Алға озар мықтысы осы жолда
Көпшілік өнерлерін қызықтамақ
Сұрайық шығуларын жұрт алдына
-Бүгінгі жарысқа бес мектепалды дайындық топтары қатысып отыр.Әр тапсырма бойынша 5 ұпай бойынша бағаланады.
I –топты таныстыру
II-ойнайықта,ойлайық,математикалық есептер шығарады
 III-әріптер сөйлейді
 IV –мәнерлеп оқу
V –ертегілер әлеміне саяхат 
VI-сұрақ –жауап
1-кезең 
Ғылымның сырын ұғына
Шығыңдар биік шыңына
Ұқыптылық пен ізеттіліқ
Жеткізер  жеңіс шыңына-деп
Сайыскерлеріміз өздерін таныстырсын.
2-кезең
Ойнайықта,ойлайық
Есепті шешпей қоймайық
Бұл кезеңде балалар «Саңырауқұлақ теру» ойынын ойнау арқылы артындағы тапсырманы орйындаймыз,қанша 
саңырауқұлақ болса сонша ұпай беріледі.Әр топ кезек-кезек шығып саңырауқұлақтарды алып артындағы есептерді 
шығарып  өз тобына ұпай жинайды.
3-кезең
Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік.
Сөз кезегін ойшылдарға берелік.
Арасында зерек достар көп екен,
Соларды жарыстырып көрелік
«Әріптер сөйлейді» бұл кезеңде әр топтан бір бала шығып жасырынған әріптен алады,сол әріптен басталатын сөздерді 
айтады,буынға бөледі,талдау жасайды.
4-кезең
Білім деген биік шың
Бақытқа сені жеткізер
Білім деген ақылшың
Қиындықтан өткізер-деп кезекті «мәнерлеп оқу» кезеңіне берейік
5-кезең Кел тыңдайық ертегі
Ертегі сыр шертеді
23

Талай ғажап оқиға
Қызық сырын шертеді-дей келе кезекті балалардың сахналық көрінісіне береміз.
6-кезең.   Ал келіңдер,келіңдер
                 Біріңе бірің еріңдер
                 Білімді біраз тексеріп
               Тез жауап беріп көріңдер! Кезекті «Сұрақ-жауапқа» береміз.
Әр топқа бір-бір сұрақтан беріледі.
Қызықты сайысты көрдіңіздер
Білімді екеніне сендіңіздер
Әділқазы ел сенген,
Сайыстың бағасын беріңіздер
-Міне,біз «Мыңнан тұлпар,жүзден жүйрік» шыққан озық ойлы топты анықтайтын кезге де жеттік.Ендігі сөз кезегін 
әділқазыларға береміз.
---------------------------------------------------------------------------------------------------------
Атырау қаласы
Жалпы білім беретін №15 Абай атындағы орта мектептің
музыка пәнінің мұғалімі
Аманғалиева Шынар Болғанбайқызы
«Күйшілік» өнер жанрын насихаттау арқылы оқушылардың аспапқа деген қызығушылықтарын арттыру
                                
«Адам өмірін саналы еткен, оның жан құштарлығын
 ретке келтірген философия сияқты музыка да жетістікке еліктіреді»
                                          Аристотель
Бұл тақырытпы алудағы негізгі мақсатым: 
1. Ұлттық аспабымыз домбыраны тәрбие құралы ретінде пайдаланып, оқушыларды өнерсүйгіштікке баулу, отансүйгіш, 
ұлт жанды, жан – жақты дамыған  жеке тұлға етіп тәрбиелеу.
 
2. Ұлттық аспаптарды, оның ішінде домбыраны құрметтеуге үйрету,сол арқылы ұлттық салт – дәстүрлерді 
насихаттау.
3. Ұлтымыздың болашағының жарқын болуына атсалысу .Еліміздің болашағы жастардың өздеріне деген сенімдерін 
нығайту.
4. Домбыра аспабының әрбір қазақ жанұясында қастерлі мүлкіне айналуына қол жеткізу.Оқушылар арқылы ата – 
аналарына қозғау салып, қазақ өнерінің жоғалмай биіктей беруіне өз үлесімді қосу.
 
Өзектілігі: Адамның музыкасыз бірде-бір сәті жоқ. Дүние есігін ашқан сәби тіршілікке деген құлшынысын  
өзінің   шырылымен   білдірсе,   о   дүниелік   болған   жанмен   қоштасқан   кейінгілер   жоқтау   арқылы   зарын   сыртқа 
шығарады.Ал ән-күйсіз той-думанның өтпесі белгілі.
               “Туғанда дүние есігін ашады өлең,
                  Өлеңмен жер қойнына кірер денең”,-
 деп данышпан Абай атамыз сондықтан да айтқан болса керек. Бұлай болатын себебі, музыка жай дыбыстардың тізбегі  
емес немесе еріккенің ермегі емес, ол-қоғамдық құбылыс. Музыка қоғамның кәдесіне жараса ғана қажетті болады. Ол  
адам өмірімен біте қайнасып дамиды. Ерте заманда да музыканың өзіндік орны болған. Өткен дәуірлерде де баймен  
кедей қосылып әндеткен емес. Иығын ауыртпалық басқан кедейдің өз әні, ықтиярсыз сатылып, сүймеген адамына бара 
жатқан қыздың өз зары болады. Жанын жалдап, тілін балдап хандарды мақтаған сарай әншісі, сарай жыршысының әуені 
мен халықтың мұң-мұқтажын жырлаған әнші-жыршылардың әуені бірдей болған жоқ.   Қазақ ұлт болып құрылғаннан  
бастап төл музыкасы бірге дамыды.  Ән-күй арқылы әдет – ғұрып,дәстүр,салт-сана ұрпақтан ұрпаққа жетті.Көшпелі 
халқымыз ән – күйді рухани мәдениетіне азық ете білді.Әлдилеген сәбиден бастап қарттарымызға дейін қуаныш пен  
мұңын  музыка арқылы жеткізді. Бесік жыры, мқыз ұзату, келін түсіру, сүндет той, т.б. ойын-сауық ән-күймен әсерленіп  
отырды. [5]
           Қазақ халқыныңақын, жырау, жыршы, әнші, өлеңші, күйшілері музыкалық мәдениеттің негізін қалады. Бүгінгі  
заманға дейін келіп жеткен ақындар айтысы, күйшілер сайысы кәсіби өнер қайраткерлерінің қалыптасуына ықпал етті.  
Өнер сайысының әсері кәсіби орындаушылардың шеберлігін ұштауға,репертуарларын жаңа шығармалармен байытуға 
бағыт берді. Көне заманнан бастап қазақ халқы музыка саласында елуге жуық әр түрлі аспаптар қолданғандығын музыка  
зерттеуші   ғалымдар   дәлелдеген.Көшпелі   халқымыз   музыканың   ауқымын   ұлғайтып,ырғағын   жақсартып   тұрмыс 
жағдайына байланысты техникалық мүмкіндіктерін жетілдіре түсті. Музыка аспабын бақсылар адам емдеу дәстүріне  
қолдана білген. [2]
   Қазақ музыка  өнерінің тарихи тамыры Қорқытқа дейінгі ғасырларда жатқандығын материалдық мұралар айғақтап  
отырғанмен,халық күйшілерінің қай ғасырда туғандығын дөп басып айту қиын.Олар хатқа түспеген күйі әр ұрпақтың  
құймақұлақтары арқылы ғана бізге жетіп отыр.
   Көне ғасырда Қорқыт, ХІІ ғасырда Кетбұға, ХІV-ХV ғасырларда Асанқайғы, XVғасырда Қазтуған, XVI-XVIIғасырда 
Байжігіт, XVIIIғасырда Абылайхан, XIXғасырдың бас кезінде Боғда, Махамбет, Тәттімбет, Құрманғазы, Абыл, Тоқа,  
Сармалай, Ықылас, Қазанғап, Байсерке, Шортанбай, Тіленді, Мамен, Дина, Сүгір, Сейтек т.б секілді дарынды күйшілер,  
дәулескер домбырашылар – қазақ күй өнерінің туын әр ғасыр, әр жылдарда биікке көтерген тума таланттар еді. Солар  
арқылы   ұлттық   музыка   өнеріміз   өзіндік   бет-бедерін   сақтап   қалды.   [3]   Қазақ   халқының   басқа   халықтардан 
ерекшеліктерінің   бірі   ол   өзінің   ұлттық   музыкасы   болуы.Атадан   балаға   жеткен,   қадірлеп   көзінің   қарашығындай  
сақталып, қымбат қазынаға айналды. Қаймағы бұзылмай жеткен бұл өнердің бір шыны домбыра күйлері. Бұл мұра  
ғасырдан ғасырға іріктеліп, сұрыпталып, сүргіленіп, түрленіп халықтың өзімен бірге дамып қалыптасып отырған
24

 Қазақ халқы музыкаға өте қабілетті халық екендігін қазақ музыкасын зерттеген ғалымдардың бірі А.В.Затаевич айтқан 
болатын. Халақтық ән-күйлерді біз үлкен құрметпен орындаймыз, сүйсініп тыңдаймыз.Қазақстандағы бірінші музыка 
театры   қабілеті   бар   тума   таланттар   негізінде   ұйымдастырылды.   Кеңестер  Одағының   Халық   артисі   болған  Қалибек  
Қуанышбаев   өнерге   зор   қабілетінің   арқасында   келсе,   ”Қазақ   халқының   бұлбұлы”   атанған   Күләш   Байсейітова   аса 
қабілеттілігі арқылы симфониялық оркестрге қосылып, опералардың арияларын орындады.
  
Музыка   өнерінің     кәсіпқой     қайраткерлері   –   әншілер,   ақындар,   күйшілер   ел   аралап   өнер   көрсете   жүріп, 
халықтың өмірімен жете танысты, олардың арман-тілектерін тыңдай жүріп, рухани мәдениетті таратты.Орындаушылар 
халықтың   жүрегіне  жақын жаңа   тақырыптармен  репертуарларын   толықтырып   отырды,сол  себепті  де  халық   оларды 
қолдап,     қошеметтеді.   Қуғын-сүргінге   ұшырағандарын   қуғыншылардан   жасырды.   Ел   аралап,   өнер   көрсетіп   жүрген 
ақынның не әншінің үйіне тоқтауы үй иелері үшін үлкен құрмет болып саналған. Кәсіптік деңгейдегі өнер өкілдерінің  
шығармаларын қарапайым адам да терең түсінді, өйткені онда олардың арман-ойлары,күнделікті тіршілігі суреттелді.
  
 Күй – қазақтың музыкалық шығармалары ішіндегі ең ірі жанры, коипозициялық құрылымы жағынан 
халық   музыкасының   күрделі   бір   саласы   болып   саналады.   Дәулеткерей   күйлері   туған   жерді   дәріптеуге,халық  
мейрамдарының   көріністерін   сипаттауға,   ал   Ықыластың   қобыз   күйлері   эпостық   жырлар   мен   тарихи   ертегі   және 
тұрмыстық сюжеттерге құрылған. Күйшілік өнер өте ыждағаттылықты, табандылықты қажет ететіні анық. Ал домбыра 
тартуға машығу, ұлттың күй дәстүрінің арғы тегінде домбыра екенің бірілің келмесе анық. Қанмен сіңген,ұлтымыздың  
жанына өз сәулесін түсірген киелі өнер. [4] Ұлттың өнерді қасиеттеу, осы ұлттық әрбір өкілінің парызы.Күй ,жалпы  
музыка адам жүрегін тазартатын өте киелі өнер. Домбыра – қазақтың өте нәзік жан қатпары.Оны түсінген, сыйлаған  
жаннан   еліне,ұлтына,мемлекетіне   сатқындық   шығады   деп   ойламаймын.   Ұлттың   өнерді   сыйлау,   сыйлата   білу  әрбір 
қазақтың   міндеті.Музыка   болса,   өмірдің   өзімен   бірге   қайнап,   араласып   кеткесін   оны   тойтаруға   ешкімнің   шамасы 
келмеді. Жапан далада мал соңында жүрген малшы қурайдан кесіп сыбызғы жасап,  күй тартып шерін тартқан. Сиырға  
мініп, үстіне ақ киім киіп, ел аралап жүрген дуана қарағайдан қобыз жасап, талдан ысқыш, шыршадан канифол алып, 
бұл аспаптың сызылған үнін пайдаланды. Екі ішекті домбырада адам тілімен сөйлесіп ымыраға келе алмайтын болған  
соң, қазақ күйшілері ханның кәрін”тілсіз әңгімемен ”басты. Еріксіз малға сатып, ел асып бара жатқан қыз ұзатылар  
алдында ай бойы ағайын – тумамен қоштасып, сыңсыды. Тарихтың небір тар жол, тайғақ кешуін өткенде де қазақ халқы  
әні мен күйін демеу етіп, жан жарасын жазып жібермесе де жұбаныш етіп келді. Бұл жағынан кейбір күйлердің өзі сөщі  
жоқ болса да әннен кем жетпейтін. Бұл ретте ақын І. Жансүгіровтың:
                                         Пәлен деп бір ауыз сөз айтпаса да:
                                         Әркімнің өз көңіліне тіл қатқан күй,
дегені өте нақ айтылған. Күйдің сырын жақсы түсінген ақын жай поэзия тілімен бәрімізге бірдей жеткізген.
Музыкалық аспапта ойнау да қазақтың ертеден келе жатқан дәстүрі. Халқымыздың күй қазынасын музыка зерттеуші 
А.В.Затаевич жоғары бағалаған. Домбыраға, қобызға арналған тамаша күйлер халқымыздың таусылмас қоры.
  
Халық     музыканттарының   шығармашылығы   жаңа   мазмұнмен   байи   түсті.1934жылы   Халық 
шығармашылығы  қайраткерлерінің бүкіл қазақстандық бірінші  слеті өткізілді. А.Жұбановтың  қолдауымен Қазақтың 
халық   аспаптар   оркестрі   ұйымдастырылды.   1944жылы   оркестрге   ұлы   күйші   Құрманғазы   есімі   берілді.   Халықтың 
музыка   мәдениетін   қалаған   музыка   өнеріндегі   шығармашылық   пен   орындаушылықты   жетілдіруде   –   Сейтек 
Оразалыұлы, Дина Нұрпейісова, Әміре Қашаубаев, Естай Беркімбаев, Кенен Әзірбаев және т.б. ерекше өз үлесін қосты. 
Қазақ басқа аспаптардан гөрі домбыраны қастер тұтады. 
                   Домбыра мұнша шешен болдың неге?
                   Күй толған көкірегің шежіре ме?
                   Сыр қозғап ғасырлардан жөнелесің,
                   Саусағым тиіп кетсе ішегіңе.
                                                                                       Қасым Аманжолов. [4]
Домбыра   аспабы   тартуға   өте   қолайлы,   жасап   алуға   кез   келген   жерде   тартуға   болады,   Халық   аралап   жұрген 
домбырашылар   үшін   аса   керекті   жағдай.   Халық   күйшілерінің   ат   үстінде   тұрып   тартулары   да,   шалқасынан   жатып 
тартулары жайында ел аузында әңгімелер көп. [2]
  
Бірнеше күн бұрын кетіп қалған, екі-үш күннен кейін қайтып келіп,үйдің үстінде қалықтап жүрген 
Топан атты бүркітін түндіктің ашық жерінен көрген Дәулеткерейдің жақсы көрген өыранына арнап,шалқасынан жатып  
тартып   шығарған   “Топан”күйі   немесе   Тәттімбетпен   күй   тартысқан   Абайдың   анасы   Ұлжанның   сіңілісі   Тайғараның 
(Малғара)кей   кездерде   орнынан   түрегеліп   кетіп   домбыраны   емшектің   қойып   тарту   оның   ыңғайына   келе   беретінін  
дәлелдейді.
 
Домбыра күйдің аспабы. Қазақ күйшілерінің көпшілігі домбыраға арналып   шығарылған. Домбыра 
аспабының қасиеті:
 -шежірені білуді талап етеді
 
-еңбекқорлыққа үйретеді
 -адамның ішкі жан дүниесін емдеп, көңілін көтереді, денсаулығын нығайтады,
 
- иманды болуға жол ашады 
 
-жарысу мен таласуға , ізденуге баулиды.
Қазақтың музыкалық аспаптарында орындалатын шығармалар-аспаптық деп аталады.
Күй-аспапта орындалатын әуен-саз. Күй домбыра, қобыз, сыбызғы, жетіген, шертер аспаптарында орындалады. Күй-
бағдарлы мазмұны бар көркемдігі жоғары аспаптық жанр. Күйлер тақырыбы мен мазмұнына қарай аңыз күйлер, тартыс  
күйлер, тарихи күйлер, арнау күйлер, табиғатқа арналған күйлер болып бөлінеді.Домбыра күйлері орындалуына қарай 
төкпе, шертпе деп аталатын екі үлкен түрге бөлінеді.Төкпе күйлер оң қолын тұтас сілтенуімен орындалады.Ал шертпе 
күйлер оң қол саусақтарының ұшымен шерту арқылы орындалады.
Бабаларымыз   көшпелі   өмір   салтының   кезініңде   ақ,   балалардың   музыкалық   және   эстетикалық   тәрбиесіне   зор  көңіл  
бөлген.   Кеш   құрым   киіз   үйге   жиналып   алып,қосылып   ән   айтып,   күй   тарту   үрдісі   ешқандай   әлеуметтік   статусқа 
бағынбайтын,   өзіндік   талғамды   эстетикалық   тәрбиеге   айналған   өнер   мектебі   еді.   Халық   әндері   мен   күйлерінен 
ұлтымыздың   тарихы   ғана   емес,   оның   адами   болмысы,   жеке   қасиеті,   тіпті   қоғамдық   құрылымы   анық   байқалады.  
Музыкалық тәрбиенің негізін ақын-шыршы, сал-сері, күйшілері жүргізген. Олардың өнері мен өмірі өнерлі жастар үшін  
25

өзіндік мектепке айналған. Өнерпаз тұлғалардың ел алдында өнер көрсетуі белгілі эстетикалық талғам қалыптастырып,  
балалардың музыкаға деген қызығушылығын оятып отырған. Музыка пәнінің негізгі мақсаттары төмендегідей арнада 
анықталады:
     
 1. Оқушыларға әндер үйретіп,оларды дұрыс айта білуге үйрету.
      
2. Музыка әуенін өзінше талдап,таңдай білуге үйрету.
     
 3. Ноталық жазудың бастапқы қағидаларын үйретіп, нотамен ән айтуға баулу.
     
 4. Белгілі бір музыкалық аспапты меңгеруге жаттықтыру.
 
 Балаларға музыканы оқытудың тағы да атап өтерлік тиімді жақтары баланың көркемдік әлемге деген ынтасын 
ояту, қызықтыру, оқышыда тұрақтыда бір рухани талғам қалыптастыру, әуен – сазынан көркем бейне таба білу сияқты  
ірі де қажетті мақсаттардан көрінеді. [1]
  
5-ші   сыныпта   өткізген   ”Қазағымның   қазынасы-домбыра”   атты   ашық   сабақта     қазақ   халқының 
домбыра аспабына деген сүйіспеншіліктері мен қызығушылығын арттыру.
   
Сабақтың мақсаты:
 
1. Қазақ халқының негізгі музикалық аспабы – домбыра туралы түсінік беру. Оның шығу тарихы, құрылысы 
жөніндегі  аңыздарға   тоқталу.   Күйшілер  мен  домбыра  жасау  шеберлері  мен  таныстыру  және  оларды  өз  өлкеміздегі 
белгілі адамдармен байланыстырып, дәріптеу.
  2. Музыканы түсінуге баулып, ұлттық өнерді қастерлеуге және өнер адамдарына деген сүйіспеншіліктерін арттырып 
оларды құрметтеуге тәрбиелеу.
Бұл сабақта оқушыларға Ахмет Жұбановтың домбыра туралы айтқан сөздерін естерінен шығармауға тырыстым. Ахмет  
Жұбанов домбыра туралы былай деген:
“Кең даланы мекен еткен қазақ жұртының ең аяулы қасиетті аспабы – домбыра. Оның сымдай тартылған қос шегінде  
сан ғасырдың ақыл-ойы, көңіл-күйі жатыр. Домбыра елдің көнекөз шежірешісі,  көпті көрген қарияның көңәл-күйі.”
Оқушылар домбыраның құрылысы мен танысып, домбыраның қалай пайда болғаны туралы мағлұмат алды. Ойындар 
ойналып, ән айтылып, домбыра аспабын тартып үйренуге деген құлшыныстары оянды. Мысалы 5 а сыныбында өткізген  
ашық сабағым соның дәлелі.   
Тақырыбы: Құрманғазы.
Сыныбы:5 а 
Сабақтың мақсаты:
1. Күй атасы – Құрманғазы өмірі мен шығармашылығы мен таныстыру.
2. Күй өнері туралы толық мағлұмат беру.
3. Күй өнеріне, аспапқа деген қызығушылықтарын ояту.
Сабақ жарыс түрінде өткізілді.Оқушылар 3 топқа бөлініп топ аттарын қорғады.
1топ-Домбыра.(аспап туралы айтылды)
2топ-Қобыз
3топ-Жетіген
Топтар алдын ала берілген тапсырмаларға дайындалып келді.
1тапсырма.Күй – аспаптық жанр.
2тапсырма.Құрманғазы өмірі, күйлері.
3тапсырма.Күйлердің шығу тарихы.
 
Музыкалық үзіліс болды. Домбыра үйірмесінің мүшесі Хажетов Олжас қонаққа келіп, күй орындап, оқушылар 
қандай күй екенін тапты.
Құрманғазы мен Динаның кездесуі көрініс көрсетілді.
 
Өнер туралы мақал-мәтелдер жарысы ұйымдастырылды.
Ән “Домбырасыз сән қайда”әні орындалды.
 Құрманғазы туралы қосымша  мәліметтер айтылды.
Осы   сабақ   арқылы   оқушылардың   күй   өнеріне   деген,домбыра   аспабына   деген   қызығушылықтары   оянды.Оқушылар 
домбыра аспабын тартып үйренгісі келетіндіктерін жеткізді.
2012-2013оқу жылының қазан айынан бастап “Әсем саз” атты домбыра үйірмесі ашылып, жетекшілік етемін.
Үйірмеге қатысытын оқушылар тізімі:
1.Жумабекова Айда-6а сынып
2.Әбілда Ажар-6а сынып
3.Сұлтанова Диана-6а сынап
4.Ілиясова Зарина-9а сынып
5.Ережеп Айжамал-10а сынып
6.Биманова Айгүл-10а сынып
7.Хажетов Олжас-8а сынып
8.Мырзағали Аружан-6а сынып
9.Айтқали Ануар-6а сынып
10.Менбаева Асел-7а сынып
11.Мұратова Назерке-6ә сынып
12.Хамидуллина Арай-7а сынып
13.Қабдірешова Айдана-6ә сынып
14.Саметова Мәдина-6ә сынып
Қазан айынан бастап жоспар бойынша  оқушылар жаттығулар,  Еркемай, Елім-ай, Елігай, Қоғалай халық  әндері мен 
Кеңес халық күйін үйреніп, ансамбль де бірге ойнауға дағдыланды. Жетімдер үйінде, мектеп шараларына қатысып, өнер  
көрсетуде.
 
  Сырт   көзге   көріне   бермейтін,   мәні   зор   домбырадан   қалыптасқан   тәрбие   үлгісі   адамның   ой  
ұшқырлығын шыңдауға, ата-бабадан кәсіп болған дәстүрді дамытуға, өнер арқылы білімге терең бойлауға мүмкіндік  
тудыратыны   анық.   Домбырадан   таралған   тәрбие-білімнің   қайнапкеле   жатқан   үдеріс.Ендеше   киесі   сақталған 
26

домбыраның   негізінде   білім   беру   көзделсе,   бүгінгі   келеңсіз   қатыгез   жағдайлар   мен   шешімін   таба   алмай   жатқан  
жамандық атаулыдан айырылып, өзінің төл мәдениетіне қарай бұрылып, тарихы мен тілін сүйіп, өзгені сыйлауға бой 
ұрған болар еді.”Музыка тыңдатпайынша тәрбие беру, балалық шақтың өзінде адамның сүйіп тыңдайтын ән-күйлеріміз 
тәрбие бұлағына, сарқылмас қазынасына, дәстүр табиғатына, қазақ діліне өз үлесін қосып беру  менің басыма қонбайтын  
нәрсе,”-дейді В.А.Сухомлинский. [4]
 
 Сондықтан, жалпы орта мектеп оқушыларына қолына домбыра беріп, аузындағы тіліне дуалы терме 
сөзін айтқызып үйретсе, нұр үстіне нұр емес пе?
Біріншіден,   қуатсыз   қатыгездіктен,   екіншіден,   жалмауыз   қанышерден,   үшіншіден,   жаны   ашымайтын   ұл   –   қыздан, 
төртіншіден, ауру жастардан, бесіншіден, білімсіз надандардан арылар едік.
  
“Тәрбиесі жаманға жақсы ұстаздан пайда жоқ,”-дейді Саифи Сарайи.                             Тәлім тәрбиенің басты  
құралы – домбыра аспабы десек,  қателеспейміз.                            
                Музыкалық аспапта ойнауға оқушыны баулу жұмысының мақсаты мен міндеттері: 
 -Оқушыларда музыка аспаптарында ойнау қызығушылығын қалыптастыру.
 -Тұлғаның шығармашылық қабілетін ашу, үлкен сахнада өнер көрсету қабілетін қалыптастыру.
 - Білім  ұйымдарында  оқушыларды  тәрбиелеуде  олардың жан – жақты дамуын, еңбекке шығармашылық қатынасын  
өмірлік,   азаматтық   белсенді       позициясын   қалыптастыруға   және   жоғарғы   адамгершілік   сапалары   мен   рухани  
құндылықтың дамуына қарқынды ықпал ету.
 -Оқушыларға кәсібін таңдауда кәсіби бағдар беру.
            Домбырашылар үйірмесіне қатысатын оқушылардың міндеттері:
 -Домбыра аспабында ойнауды өзінің күнделікті ісіне айналдыруы қажет.
 -Үйірме жетекшісінің берген тапсырмаларын уақытында орындап отыруға міндетті.
 -Әр сабақта үйренген ноталарына есеп беріп отыру керек.
 -Білмей қалған тапсырмаларын қосымша ізденіс арқылы үйреніп отыру қажет.
Қорытынды
Елбасы   Жолдауына   жастар  тарапынан   үлкен  қолдау  көрсетуге   дайынбыз.     Оң  өзгерістер   жастардың   ертеңге   деген 
сенімін және білім алып, өнер үйренуге, еңбекке деген белсенділігін арттырады. Бұл Жолдауда өнерге, өнер адамдарына 
көп қолдау  көрсетілген. Ал өнердің барлығы мектеп, балабақша табалдырығынан басталады. Музыка пәні оқушыларды 
ұлттық өнерді қадірлеуге,  құрметтеуге үйретеді. 
      Домбыра үйірмесі оқушыларды  ұлттық өнерге баулыды. Олардың өнерге, аспапқа деген қызығушылы артты. Оған 
домбыра аспабына  қызығушылық танытқан, оны үйренуге ынтасы бар оқушылар қабылданды. Оларға  ұлттық аспаптар 
туралы мағлұмат беріліп, домбыра аспабы құрылысы түсіндірілді. Домбыраны қалай ұстау, домбырыны  қалай үйрету 
керектігі үйретілді.
Домбыра   аспабының   әрбір   қазақ   жанұясында   қастерлі   мүлкіне   айналуына   қол   жеткізуіне   оқушылармен   бірге 
жұмыстанып   келе   жатырмын.   Оқушылар   арқылы   ата   –   аналарына   қозғау   салып,   қазақ   өнерінің   жоғалмай   биіктей  
беруіне өз үлесімді қосу менің алға қойған мақсаттарымның бірі.
Жұмыстарымның нәтижесінде оқушыларымның қазақтың күй өнеріне, аспапқа қызығушылықтары артты.
Болашақта   бұл   оқушыларымның   саналы,   адамгершілігі   мол,   қазақ   өнерін   бағалайтын,   өнерге   жақын   Қазақстан 
азаматтары болатындықтарына сенімдімін.
Пайдаланған әдебиеттер:

«Әдістемелік вернисаж» А.Сарсекенова, Алматы -2011

«Ғасырлар пернесі» А.Жұбанов, Алматы-2002 ж

«Қазақтың күй өнері» А.Сейдімбек, Астана-2002

«Қазақ күйлерінің тарихы» Т.Мерғалиев, Алматы-2000 ж.

«Өнер» Қ.Болатбев  Алматы-2006 ж

Каталог: 2015
2015 -> №47 (18256) 29 сєуір 2015 ж сєрсенбі Бір халыќ, бір ел, бір таѓдыр Бір халыќ, бір ел, бір таѓдыр Бір халыќ, бір ел, бір таѓдыр
2015 -> Сборник состоит из четырех разделов: Государственный язык
2015 -> №19 (112) 1 қазан, 2015 жыл АҢдатпа с днем учителя
2015 -> Реферат Скачать Во время не обращает защитники и академический в
2015 -> Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org Ұстаздарға арналған басылым редакциясы
2015 -> Көгінен нұрын шашып, гүлдері бүршік ж ары п, ба ғы нд а бұлбұлы сайр а ға н
2015 -> Меншік иесі: «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Шығыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін
2015 -> Қазақ хандығының құрылуы және Керей мен Жәнібек cұлтандар Хандықтың құрылуы
2015 -> Бекітілді/утвержден


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет