Қазақстан республикасы білім және ғылым министрілігі ұсынады


-бап. Ата-анасының баланы тәрбиелеу, күтіп-бағу және асырау



Pdf көрінісі
бет276/299
Дата29.09.2023
өлшемі8,96 Mb.
#111668
түріОқулық
1   ...   272   273   274   275   276   277   278   279   ...   299
24-бап. Ата-анасының баланы тәрбиелеу, күтіп-бағу және асырау 
жөніндегі міндеті 
1.
Ата-анасы немесе басқа заңды өкілдері өздерінің қабілеті мен қаржы 
мүмкіндіктері шегінде баланың жан-жақты дамуы үшін қажетті жағдай жасауға 
міндетті. 
2.
Ата-анасы баланы тәрбиелеуге, оны күтіп-бағуды жүзеге асыруға, 
материалдық жағынан қолдап, оның әл-ауқатына қамқорлық жасауға, тұрғын 
үймен қамтамасыз етуге міндетті. 
25-бап. Баланың ата-анасымен бірге тұру құқығы 
1.
Баланың өз ата-анасымен немесе басқа да заңды өкілдермен бірге тұруға 
құқығы бар.
2.
Баланың, ата-анасының немесе заңды өкілдерінің ықтиярынсыз баланы 
ата-анасынан немесе заңды өкілдерінен айыруға тыйым салынады. Оларды 
айыру туралы шешімді ерекше жағдайларда және баланы қорғау мақсатында 
қандай дәрежеде қажет болуына қарай сот қана қабылдайды. 
3.
Ата-анасы бір-бірінен бөлек тұрған жағдайда баланың тұратын жері
ата-анасының келісімімен, ал ол болмаған жағдайда, ата-аналар арасындағы дау 
сот арқылы шешіледі. Бұл орайда сот бала ата-анасының жеке қасиеттер мен 
жағдайларын, сондай-ақ баланың мүдделері мен пікірін ескереді. 


357
26-бап. Баланың өзінен бөлек тұратын ата-анасымен қарым-қатынас 
жасау құқығы 
1.
Баланың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін жағдайлардың 
болуын қоспағанда, баланың өзінен бөлек тұратын ата-анасы туралы ақпарат 
алуға, олармен кездесіп, араласып тұруға құқығы бар. 
2.
Бала құқығын шектеуге байланысты туындаған, осы бапта көзделген 
даулар сот тәртібімен шешіледі. 
5-тарау. АТА-АНАСЫНЫҢ ҚАМҚОРЛЫҒЫНСЫЗ ҚАЛҒАН БАЛАНЫҢ 
ҚҰҚЫҚТАРЫ 
 
27-бап. Қорғаншылық, қамқоршылық және патронат 
1.
Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға оның мүліктік және 
мүліктік емес жеке құқықтарын қорғау үшін Қазақстан Республикасының 
заңдарына сәйкес қорғаншы немесе қамқоршы белгіленеді 
(РҚАО-ның ескерту; 
қараңыз (4-бөлім); Р991346_).
2.
Қорғаншылық он төрт жасқа толмаған балаларға белгіленеді, ал 
қамқоршылық он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандарға 
белгіленеді. 
3.
Жергілікті атқарушы органдар қорғаншылық және қамқоршылық 
органдары болып табылады. 
4.
Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, соның ішінде тәрбиелеуші, 
емдеуші немесе басқа мекемедегі балаға Қазақстан Республикасының 
заңдарына сәйкес патронат белгіленуі мүмкін 
(РҚАО-ның ескертуі: қараңыз 
(16-тарау);).
5.
Қорғаншылық немесе қамқоршылық белгіленген баланың аға-інілері 
және апа-сіңлілері бар болса, олардың бірге тұруы үшін жағдай жасалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   272   273   274   275   276   277   278   279   ...   299




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет