Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi еуразия гуманитарлық институты



Pdf көрінісі
бет34/68
Дата11.01.2017
өлшемі5,18 Mb.
#1675
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   68

Г. С. Амантаева 

Ақмола облысы 

 

XX ғ. 20-30 жж. ҚОҒАМДЫҚ -САЯСИ ӨМІР 

 

XX  ғ.  20-30  жж.  қазақ  халқының  тарихындағы  "ақтандақ"  беттерінің  бірі  болып 



табылады.  Сонау  зобалаң  жылдары  елдің  ертеңін  ойлаған  зиялылар  "ұлтшылдар", 

"жікшілдер",  "оншылдар"  ретінде негізсіз айыпталды. Осы жазықсыз жазаланған жандар 

ұлт-зиялыларының  алдыңғы  қатарлы  өкілдері  еді.  Ұлт  зиялылары  деп  белгілі  бір  мұрат-

мақсаттардың  соңында  жүрген  және  сол  белгілі  мұрат-мақсаттары  төңірегінде  жиналған 

оқымыстыларды  атаймыз  [1,  3].  Кеңес  үкіметі  жылдарындағы  тарихи-партиялық  бұл 

мәселелерге  байланысты  еңбектер  партия  қандай  идеологиялық  және  саяси  қағидаларды 

басшылыққа алды, соған икемделіп жазылды.   

Қазақстан тарихының "ақтандақ" беттерінің бірі - идеялық саяси күреске байланысты 

мәселелер.  1925  ж.  тамыз  айында  қазақ  өлкелік  партия  комитетінің  хатшысы  болып  Ф. 

Голощекин  келді.  Ол  Қазақстандағы  "Кіші  Қазан",  "Зорлап  ұжымдастырудың"  негізгі 

жетекшісі  ретінде  танылды.  Жергілікті  халық  ерекшеліктерін  ескермей  жүргізілген  бұл 

шаралар орасан зор қиыншылық, құрбандықтар мен жаңа қоғамның материалдық негізін 

қалағаны  белгілі.  Ф.  Голощекин  қазақ  оқығандары  мен  Алашорда  зиялылары  туралы 

"оларды жұмысқа қосып, партияға ала тұрсақ та, олардың байшыл, ұлтшыл салт санасына 

қарсы күресу керек" - деген бағыт ұстады.  

80-ші жж. соңына дейін ұлттық зиялылардың қоғамдық-саяси қызметтеріне арналған 

арнайы  зерттеу  объектісі  есебінде  жазылған  еңбек  жоқтың  қасы.  Дерек  ретінде  Т. 

Омарбеков пен М. Қойгелдиевтің "Тарих тағылымы не дейді?" атты еңбегінде 20-ші жж. 

жаңа  қалыптаса  бастаған  тоталитарлық  жүйеге  қарсы  күреске  шыққан  қазақ 

зиялыларының  тағдыры,  бастан  кешкен  ауыр  тарихы  баяндалады.  Д.  Махаттың  "Қазақ 

зиялыларының  қасіреті"  кітабында  Қазақстандағы  ұлтшылдыққа  және  жікшілдікке 

айыптау  "сәдуақасовшылдықты"  қудалау,  Ф.  Голощекин  құйтырқылықпен  ойлап 

шығарған қазақ қайраткерлерін әр түрлі шылдықтарға айыптау науқандарының мәні мен 

шындығы  жан-жақты  ашылған.  М.  Қозыбаевтің  "Ақтаңдақтар  ақиқаты"  еңбегінде 



 

255 


Голощекин  жүргізген  "Кіші  Қазан"  тығырығының  қазақ  халқына  қаншалықты  қасірет 

әкелген Голощекиннің саяси портретін сөз етеді. 

Қазақстанда  саяси-идеологиялық  күреске  байланысты  мәселелердің  ішінде  ең 

бірінші  кезекте  "ұлтшылдық"  және  "ұлттық  жікшілдік"  деген  кең  тарап,  сол  кездегі 

ұлттық  интеллигенция  өкілдеріне  негісіз  айыптар  тағылды.  Қазан  төңкерісін  халық 

теңдікке қолымыз жетті  деп үлкен үмітпен қарсы алды.  Бірақ  большевиктердің халықты 

өз  еріктілігін  алуға  шақырған  үндеулері  бос  сөз  болып,  уақыт  озған  сайын  жалған 

саясаттың  бет  пердесі  ашыла  берді.  Тәуелсіздік  пен  еркіндікке  ұмтылған  Түркістан 

автономиясы  мен  Алаш  автономиясын  большевиктер  қарулы  күш  қолданып  жойды. 

Түркістан автономиясының басшысы Мұстафа Шоқай шет елге кетіп бас сауғалады. 1919 

ж.  қарашаның  4-де  Түркістан  майданының  революциялық  соғыс  кеңесі  совет  өкіметіне 

тікелей  және  жанама  түрде  қарсы  күресіп  келген  барлық  қазақтарға  тиісті  шарттар 

орындалған  жағдайда  толық  кешірім  жасау  туралы  қаулы  қабылданды[2,  208].  Қазақ 

автономиясы  мәселесін  тұңғыш  көтеріп,  оны  өзі  іске  асырған  Ә.  Бөкейханов  "найзаның 

ұшымен,  айбалтаның  жүзімен  болған  үкіметке"  қызмет  етуден  бас  тартты[3,  266].  Осы 

оппозициялық  көзқарасы  үшін  1920-22  жж.  оған  "буржуазиялық  ұлтшыл"  деген  жала 

жабылып қуғындалды. 1922 ж. күзінде Ә. Бөкейханов Мәскеуге жер аударылды.  

М.  Шоқай  үкіметтің  отаршылдық  саясатын  айта  кете  отырып,  Түркістан 

Компартиясы  басшыларының  бірі  болған  большевик  Иван  Тоболин  өзінің  шовинистік 

көзқарасын былайша жеткізген: «Маркстік тұрғыдан алғанда экономикалық жағынан әлсіз 

қазақтар  бәрібір  құрып,  бітіп  жоғалуға  тиіс,  сондықтан  да  төңкеріс  үшін  басты  мақсат  - 

мүмкіндіктің бәрін аштыққа қарсы қолдану емес, одан да майданға жұмсау керек»[4, 47]. 

Міне, осындай бір халықты құртып жіберу үшін жасалған саясатқа қазақ зиялылары қарсы 

тұрды.  1920  жж.  көпұлтты  Түркістандағы  күрделі  ұлттық  қарым-қатынастарды  шешуге 

үлкен  үлес  қосқан  көрнекті  қоғам  қайраткерлерінің  бірі  Тұрар  Рысқұлов  болды.  1920  ж. 

Тұрар  Рысқұлов  РКП(б)  Орталық  комитеті  мен  В.  Ленинге  "Түрік  республикасын  құру" 

туралы  баяндамасын  тапсырды[5,  352].  Бірақ  ОК  Лениннің  тапсырысымен  Тұрар 

Рысқұловтың  "Түрік  республикасын  құру"  туралы  тезистерін  қабылдамайды.  Артынан 

Тұрар  Рысқұловқа  және  оның  пікірлестеріне  "ұлтшылдар",  "басмашылар  идеологі  деген 

жала жабылды, қызметтерінен босатылды. ВЦИК және СНК РСФСР Түрік комиссисының 

мүшелері "рысқұловшылдық" деген терминді еңгізді.    

20-ші жж. орта шенінен бастап И. Сталиннің ықпалының бүкіл елге күшейе бастауы 

оның ұлттық зиялыларға қарсы ашық күреске шығуына жол ашты. Бұл оның 1925 ж. 29 

мамырда  Ташкентте  шығатын  "Ақжол"  газетінің  идеялық  бағытын  айыптап  жазған 

хатынан байқалады. Газетте (И. Сталин шатасып газетті журнал деп жазған) жарық көріп 

жатқан  мақалалардың  бұл  кезде  шетелде  иммиграцияда  жүрген  М.  Шоқаевпен  "үндес" 

және  пікірлес  екенін,  яғни  алашордашыл,  ұлтшыл  идеяларды  жаңғыртатын  атап  көрсете 

келіп,  осындай  көзқарастағы  партияда  жоқ  интеллигенция  өкілдерін  жастарды 

тәрбиелеуге жібермей, негізінен оқу құралдарын жазу тәрізді жұмыстарда ғана пайдалану 

қажеттігін ескертті[6, 30].  

Қазақ  зиялыларының  ел  үшін  егіліп,  халқы  үшін  қаймықпай  қарсы  тұруының 

себептерін  Түркістан  халық  комиссарлар  кеңесі  К.  Сорокиннің  коммунистік  партияның 

сұрқия саясаты туралы айтқан мына сөздері аша түседі "... мұсылмандардың барын тартып 

алуда, алып қана қоймай өздерін өлтіруде. Біздің әскерлер қорғаудың орнына тонап қана 

бүктіруде... Мұны істеп отырған партия емес, зәбір-жапаны жасап жатқан Қызыл Армия 

дейтіндер  де  шығуы  мүмкін.  Бірақ  осының  басында  партия  тұр  ғой.  Партиядағы 

жолдастар  жағдайды  түзету  үшін  ешқандай  шара  қолданар  емес...  Мұсылмандарды 

түртпектеп, қудалап түбіне жетуде. Ақ қарасын ажыратып жатпай, дүние мүлкін, қатын-

баласын құртып жіберіп жатқан біздің отрядтардан мұсылман-кедейлердің соры қайнауда. 

Осыншама  қорлық  зорлық  көре  тұра  олардың  бізге  қандайдық  достық  сезімде  болары 

айтпаса да түсінікті емес пе? Оларды біздің өзіміз ұлтшыл етудеміз..." [7, 181]. 


 

256 


1926  ж.  25-30  қарашада  өткен  Казрайком  пленумында  Голощекиннің  "Кіші  қазан" 

саясатына қарсылық білдірген С. Қожанов, С. Садуақасов және Ж. Мыңбаевқа "ұлтшыл-

уклонистер" деген айып тағылды, "қожановшылдық", "садуақасшылдық" деген жікшілдік 

атаулар  ойлап  табылды,  "мендешевшілдік",  "сейфуллиншілдік",  "рысқұловшылдық", 

"байтұрсыновшылдық"  деген  таңбалар  шықты.  Яғни  Голощекин  өзінің  саясатына  қарсы 

шыққан  белсенді  қайраткерлерге  күйе  жағып  жазалауды  бастады.  Ф.  Голощекин 

алашордашылдарды құбыжық көріп, оларды ұлтшылдықтың ұрығын себуші  деп қарады, 

сескенді. Өйткені, олар білікті, оқыған, көзі ашық адамдар, биліктен тайдырып жіберуі де 

мүмкін. 1927 ж. 15-23 қараша аралығында өткен VI конференциясында С. Садуақасовтың 

сөйлеген  сөзінен  Голощекин  қорықты.  С.  Садуақасов  Голощекинге  қарсы  шығып,  оның 

жікшілдік  бар  деп  қазақ  азаматтарын  бір-біріне  айдап  салған  әрекетін:  "жөні  түзу 

ұлтшылдық",  "жөні  қисық  ұлтшылдық"  деген  тезистарын  сынады,  "ұлтшылдық  бағыт  - 

бір-ақ  бағыт",  "мен  Голощекин  жолдастың  сөзіне қосыла  алмаймын",  -  деген  болатын[8, 

167]. 


1928  ж.  орта  шенінен  бастап  бұрыңғы  Алаш  қозғалысына  қатысқан  қайраткерлер 

жаппай тұтқындала бастады. Осы жылдың соңында "ұлттық ауытқушылыққа" айыпталып 

76 ұлттық қайраткерлер тұтқындалды.      Партияның XVII съезінен кейін, яғни 1934 ж. 

бастап,  "ұлттық  ауытқушылықпен"  күрес  жаңа  қарқын  алды.  Осы  съезге  дейін-ақ  13 

Өлкелік  партия  ұйымдары  осындай  айыппен  800-ге  тарта  адамды  партиядан  шығарып 

үлгерген  еді.  Голощекиннің  және  оның  төңірегінде  топтасқан  партия  белсенділерінің 

шылдықтарды ойлап тауып, жікшілдік ауруын жасанды түрде қоздырудағы мақсаты: ұлт 

зиялыларының,  жалпы  ұлттың  позициясын  әлсірету  әрекеті  болатын.  Алашорда 

зиялылары қазақ елін отарлық езгіден азат ету, қазақ қоғамын ортағасырлық мешеуліктен 

өркениетті әлеуметті-экономикалық және мәдени даму жолында шығаруды мақсат етті. 

1937-1938  жж.  зиялыларға  қарсы  жүргізілген  жаппай  жазалау  саясатына  және 

әкімшіл-әміршіл жүйенің орнығуына байланысты олардың көбісінің есімін ауызға алудың 

өзі мүмкін болмады.  

Кезінде  ұлт-азаттық  жолында  қазақ  халқына  қызмет  еткен  зиялыларымыз  болашақ 

тәуелсіз мемлекеттің іргетасын қаласты. 20-30 жж. қалыптасып, күш жинап келе жатқан 

әкімшіл-әміршіл жүйеге қарсы тұрған ұлт-зиялыларының тағдыры, бұл ұрпаққа үлгі болар 

батырлық, екінші жағынан ұлттық тарихымыздың, қайғылы беттерінің бірі болды. 

 

Әдебиеттер 



1. Махат Д. Қазақ зиялыларының қасіреті. -Алматы: "Сөздік-словарь", 2001. -304 б. 

2. Нүрпеисов К. Алаш һәм Алашорда. -Алматы: "Ататек", 1995. -256 б. 

3. Бөкейханов Ә. Шығармалары. -Алматы: "Қазақстан", 1994. -384 б.  

4. Махат Д. Қазақ зиялыларының қасіреті. -Алматы: "Сөздік-словарь", 2001. -304 б. 

5. Қоңыратбаев О. Тұрар Рысқұловтың қоғамдық-саяси және мемлекеттік қызметі. -

Алматы: "Қазақстан", 1994. -447 б. 

6. Омарбеков Т. Голощекин тұсындағы Алаш қайраткерлерінің тағдыры. // -Ақиқат. -

1995. -№ 12. -Б. 30. 

7. Рысқұлов Т. Собрание сочинений. -Алматы: Қазақстан, 1997. Т.1. -444с. 

8.  Омарбеков  Т.  XX  ғасырдағы  Қазақстан  тарихының  өзекті  мәселелері.  -Алматы: 

Қазақпарат, 2001. -404 б. 

 

 

 

 

Г. Ш. Асқарова 

І. Ө. Жылқыбаева 

Қызылорда қ. 

 


 

257 


ҚОРҚЫТ АТА ӘУЕЖАЙЫ ҒИМАРАТЫНЫҢ РАДИАЦИЯЛЫҚ 

ЛАСТАНУЫН БАҒАЛАУ 

 

Қазір  заман  талабына  сай  көлік  қатынастарының  түр-түрі  дамыған  кез.  Соңғы 



жылдары  көлік  қызметі  ішінде  әуе  жолы  қатынасының  маңызы  күннен  күнге  артып 

келеді. Көлік қатынасының бұл түрі кез келген дамып келе жатқан ел үшін ерекше болып 

саналады.  Ұшақтардың  анағұрлым  жетілдірілген  түрлері  ойлап  табылып,  ескі  әуежайлар 

қайта  салынып  немесе  жетілдіріліп  жатқан  жағдайы  бар.  Әуе  жолы  тасымалы 

жолаушылар мен жүк тасуды жеделдетуде таптырмайтын көлік болып отыр. 

Әуе  жолы  көлік  қатынасы  өзінше  бір  индустрияның  түрі.  Ал  кез  келген 

индустрияның  қоршаған  ортаға  зиянды  әсері  болады.  Әуе  жолы  тасымалы  негізінен 

әуежайға  жақын  орналасқан  аумақтарды  ластайды.  Әуе  жолы  көлік  қатынасының 

қоршаған  ортаға  келтіретін  ең  бірінші  зиянды  әсері  авиациялық  шумен  байланысты. 

Екіншіден, әр түрлі  химиялық ластаушылардың қоршаған ортаға шығарылуы,  сонан соң 

дыбыс  соққылары,  электромагниттік  сәулелердің  таралуы  –  барлығы  қоршаған  ортаға 

теріс  әсер  ететін  факторлар  болып  табылады.  Әуе  жолы  көлік  қатынасының  қоршаған 

ортаға  зиянын  анықтау  ең  алдымен,  әуе  жолы  көлік  қатынасы  қызметін  көрсететін 

нысандар, яғни әуежайлар орналасқан аумақтың қоршаған ортасының экологиялық күйін, 

соның  ішінде  әуежай  ғимаратының  санитарлық-гигиеналық  тазалығын  зерттеуден 

басталады.  

Әуе  жолы  тасымалы  және  әуежайдың    қоршаған  ортаға  әсерін  Ресейлік  және 

көптеген  шетелдік  ғалымдар  зерттеген.  Почекаева  Е.И.,    Михеева  И.В.,  Комарова  Р.Ф., 

Глущенко  Т.В.,  Попова  Т.В,  Курашвили  О.М.,  Стругова  А.А.,  Долгая  М.Б.,  Бойко  Т.А. 

және т.б. ғалымдар өздерінің еңбектерінде әуе жолы тасымалының қоршаған ортаға әсері 

ұшақтар  қозғалтқыштарының  атмосфералық  ауаға  уытты  заттар  шығаруымен 

анықталатынын және әуежай орналасқан аумақтың экологиялық күйіне белсенді әсер етіп, 

айтарлықтай өзгерістер туғызатынын ғылыми тұрғыдан негіздеген. 

Әуежай  қоршаған  ортаны  шумен  ластайды,  оттегін  жағу  арқылы  атмосфераның 

газдық құрамын азот тотығы, көміртегі тотығынан басқа көмірсутектермен ластайды. Әуе 

жолы қатынасының қоршаған ортаны ластауы автокөліктерге қарағанда 8 есе көп болады 

(бір  адамның  1  км  қашықтыққа  орын  ауыстыруына  ескерілген).  Ұшақ  қозғалтқышы 

шығарған  азот  тотықтары  фотохимиялық  реакциялардың  көмегімен  озон  қабатын 

бүлдіреді.  Әзірге,  әуе  жолы  көлік  қатынасының  автокөлік  пен  темір  жол  көлік 

қатынастарына қарағанда аз пайдаланылатыны белгілі. Соның нәтижесінде ғана дамыған 

елдерде атмосфераға көліктің басқа да түрлері шығаратын ластаушылардың 1-3 %-ы ғана 

әуе жолы көлік қатынасының үлесіне тиесілі деп есептеледі.  

Әуежайға  жақын  орналасқан  елді-мекендердің  халқы  ең  алдымен  шудан  зардап 

шегетін  көрінеді.  Мысалы,  Ресейде  авиациялық  шудан  халықтың  3  %-ы  зардап  шегеді 

екен.  Ірі  Федеральдық  мәні  бар  әуежайлардан  белгіленген  стандарттан  асып  түсетін 

шудың таралуы 1,5 миллион адамға қиындық туғызады деп есептеліп отыр, мұндай әсер 

5,8  мың  м

2

  аумақты  алып  жатса  керек.  Әуежайлар  адам  денсаулығы  үшін  қауіпті 



электромагниттік  сәулеленудің  көзі  болып  табылады.  Яғни,  әуе  жолы  көлік  қатынасын 

пайдалану кезінде радиациямен ластану мүмкіндігі жоғары.  

Азаматтық  авиация  әуежайы  аумағы  мен  ғимаратының  радиациямен  ластануы 

негізінен  әуежай  маңайында  әуе  кемелері  навигациясының  қуатты  радиолокациялық 

стансаларының  орналасуынан  болса  керек.  Радиолокациялық  стансалар  ультра  жоғары 

және  асқын  жоғары  аралықтардағы  жиіліктерде  жұмыс  істейді.  Станса  орналасқан 

ауданда электромагниттік өрістің адамға әсері өріс периодының айналысына негізделеді. 

Осы  деректерге  байланысты  жүргізілген  зерттеулердің  60  %-ы  әуежай  аумағын 

радиациядан қорғауға негізделген арнайы шаралардың қажеттігін меңзейді.  

Қызылорда  облысында  бір  ғана  әуежай  бар.  Әуежайдың  жанында  орналасқан 

«Навигация»  мекемесінде  ұшақтың  ұшу-қонуын  бақылап,  реттеп  отыратын  құрал-


 

258 


жабдықтар  көмегімен  қауіпсіздік  қамтамасыз  етіледі.  Мұнда  басқа  мекемелердегідей 

радиолокациялық  қондырғылар  қызмет  атқарады.  Демек,  бұл  аумақта  радиациялық 

белсенділіктің пайда болуы қаупі бар. Әуежай қаланың сыртында орналасқан, ол маңайда 

елді-мекен жоқ. Әуежайға көлік қатынасы қызметін пайдаланушылар келіп-кетіп тұрады 

және  оларға  қызмет  көрсетуші  мамандар  бар.  Сол  себепті    Қорқыт  Ата  әуежайының 

ғимаратын радиациялық белсенділікке бақылаудан өткізу маңызды мәселе. 



Зерттеу  материалдары  мен  әдістері.  Бүгінде  Қорқыт  Ата  әуежайы  1988  жылдан 

бастап  қазіргі  орналасқан  жерінде  қызмет  көрсетуде.  2001  жылы  әуежайда  сағатына  150 

жолаушы  өткізуге  есептелген  аэробекеттік  кешен  тұрғызылды  және  Қызылорда 

әуежайына Қорқыт Ата аты берілді. 

Қорқыт  Ата  әуежайы  ғимаратының  іші  дозиметрлік  бақылаудан  өткізілді. 

Дозиметрлік бақылау ДРГ-01Т1 дозиметрімен жүргізілді. Өлшеулер гамма-фон мен артық 

радиацияның  бар-жоғын  анықтау  мақсатында  жүргізілді.  Әдетте,  дозиметрлік  бақылау 

нысан өкілінің қатысуымен жүзеге асырылады. Үлгілердің НҚ-қа сәйкестігіне зерттеулер 

аумақтың және ғимараттың ішіндегі гамма-фонды өлшеу әдістемесіне негізделеді.  

Қорқыт 


Ата 

атындағы 

әуежай 

санитарлық-эпидемиологиялық 



сараптама 

орталығының зерттеу нысанына жатады. Орталық жоспар бойынша әуежай аумағын және 

ғимаратының ішін радиобелсенділікке және т.б. көрсеткіштер бойынша тексеруден өткізіп 

отырады.  



Зерттеу нәтижелерін талдау. Қорқыт Ата әуежайы авиакөліктерді көп қолданатын 

ірі  әуежай  емес.  Сонан  болса  керек  талдау  бойынша  ШРК  мәнінен  асып  тұрған 

концентрация байқалмады. Дозиметрлік бақылау нәтижелерін 1 кестеден көруге болады. 

 

Кесте 1. Дозиметрлік бақылау нәтижелері. 



 

№ 

Өлшеу 



жүргізілген 

орын 


Дозаның өлшенген қуаты, мкЗв/сағ 

Дозаның рауалы қуаты 

Еденнен жоғары (топырақтан) 

1,5 м 


1 м 

0,1 м 


1,5 м 

1 м 


0,1 м 

1  Күту залы 

0,009-0,11 

0,09-0,13 

0,11-0,18 

0,2 


0,2 

0,2 


2  Тексеру залы 

0,12-0,14 

0,09-0,15 

0,11-0,17 

0,2 

0,2 


0,2 

3  Күту 


залы,  2 

қабат 


0,13-0,15 

0,11-0,12 

0,12-0,18 

0,2 


0,2 

0,2 


4  VIP - зал 

0,13-0,16 

0,09-0,10 

0,11-0,13 

0,2 

0,2 


0,2 

5  VIP  –  зал,  2 

қабат 

0,09-0,15 



0,08-0,14 

0,11-0,17 

0,2 

0,2 


0,2 

6  Ұшақ  тоқтайтын 

орын №7 

0,14-0,16 

0,15-0,18 

0,13-0,17 

0,2 

0,2 


0,2 

7  Тұрақ 

0,09-0,18 

0,09-0,10 

0,12-0,15 

0,2 


0,2 

0,2 


8  Тұрақтан 

КПП 


дейінгі 

ұшу 


алаңы 

0,14-0,17 

0,13-0,18 

0,12-0,13 

0,2 

0,2 


0,2 

9  Күту 


залы,  2 

қабат 


0,09-0,15 

0,15-0,16 

0,14-0,16 

0,2 


0,2 

0,2 


     

Қорқыт  Ата  әуежайы  ғимаратының  ішін  және  ұшу-қону  айлағының    аумағын 

гамма-фонға тексеруден өткізгенде қосымша радиобелсенділік анықталған жоқ. Дозаның 

өлшенген қуатының рауалы қуат мәнінен төмен екенін 1 кестеден көруге болады. 



Зерттеу нәтижесі бойынша қорытынды жасалды: 

1.  Қорқыт  Ата  әуежайы  ғимаратының  іші  дозиметрлік  бақылаудан  өткізілді. 

Бақылау нәтижесінде шектік рауалы мөлшерден асқан радиациялық гамма-фон тіркелген 

жоқ.  Бұл  Қорқыт  Ата  әуежайынан  ұшақтар  анағұрлым  аз  ұшырылатын  болғандықтан, 



 

259 


радиолокациялық  қондырғылардың  қызмет  көрсету  белсенділігінің  төмендігімен 

түсіндіріледі.  

2.    Авиация  экологияға  және  адам  ағзасына  зиянын  тигізбей  дамуы  керек. 

Сондықтан  қоршаған  ортаға  зияны  аз  әуежайлар  мен  аэродромдық  қызметті  дамыту 

маңызды мәселе.   

 

 



Әдебиеттер 

1. Сборник аэронавигационной информации № 13. ЦАИ ГА, 2012. 

2. Почекаева  Е.И.  Шум,  как  гигиеническая  проблема./  Социально-гигиенические  и 

эпидемиологические  проблемы  сохранения  здоровья  военнослужащих  и  населения 

(научные труды федерального научного центра гигиены им. Ф.Ф. Эрисмана, выпуск 11.-

2004г.-С142-144.  

3. www.googl.kz 

4. Почекаева Е.И. К вопросу влияния аэропортов на состояние здоровья населения./ 

Проблемы  гигиенической  безопасности  и  управления  факторами  риска  для  здоровья 

населения  (научные  труды  Қазақстан    республикасының    2015  жылға  дейінгі    көлік 

стратегиясы) 

5.  Қазақстан  Республикасының  әуе  кеңістігін  пайдалану  және  авиация  қызметі 

туралы (2011.05.07. берілген). 

 

 



 

 

К. А. Арыстанова 



Г. М. Сагиндыкова 

Астана қ. 

 

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУ КЕЗЕҢІНДЕГІ ТАБИҒИ ОРТАСЫНЫҢ 



ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМАСЫН ШЕШУДЕГІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ 

БЕРУДІҢ АЛАТЫН ОРНЫ 

 

Қазіргі кезең адамның ерекше биосфералық қызметі, жер бетінің түкпір-түкпіріндегі 



экологиялық  жағдайдың  нашарлауы,  барлық  мемлекеттердегі  одан  шығу  жолдарын 

іздеуге мәжбүр етуде. 

Ал,  экологиялық  мәселелердің  алдын-алу  үшін  адам  ретсіз  дамудан  тиімді, 

реттелген, табиғат пен қоғамның даму заңдарына негізделген дамуға өтуі қажет. Тек сонда 

ғана адамзат қоғамының дамуы үздіксіз, ұзақ уақытқа, бірқалыпты жағдайда, табиғи және 

әлеуметтік  дағдарыссыз  дамуы  мүмкін  болады.  Мұндай  дамуды  тұрақты  даму  дейді.  Ол 

үшін  адамдардың  сана-сезімі,  олардың  мақсаты  мен  адамгершілік  бағыттылығы  өзгеруі 

керек. 


Бұл  тұрғыдан  алғанда  жас  ұрпаққа  бала-бақшадан,  орта  мектепте,  лицей, 

колледждерде,  жоғарғы  оқу  орындарында  үздіксіз  эколоиялық  білім  беру  жүйесін 

жетілдіру мен ұйымдастыру  мемлекеттік мәселе болып табылады. Сондықтан кез-келген 

мемлекеттің  экологиялық  саясатының  негізгі  компоненті  жоғарғы  оқу  орындары 

даярлайтын  мамандар  болатыны  белгілі.  Ол  мамандар  барлық  деңгейдегі  экологиялық 

мәселелерді  шешуге  қауқарлы,  білімді  болу  қажет.  Ал,  экологиялық  білім-қоршаған 

ортаны  қорғау  үшін  қажетті  білімді,  ептілікті,  әдетті,  икемдікті  қамтиды.  Жаңа 

форматтағы  экология  мамандарын  даярлауға  жоғарыда  аталғандар  кадрлар  даярлаудың 

ажырамас бөлігі болуы керек.  

Сондықтан  1992  жылдың  маусым  айында  Рио-де  Жанейро  қаласында  өткен  БҰҰ-

ның  қоршаған  орта  мен  оның  дамуы  бойынша  өткен  конференциясы  «Тұрақты  даму» 


 

260 


концепциясын  және  «XXI  ғасырдың  күн  тәртібі»  атты  ауқымды  бағдарламасын 

қабылдады  және  барлық  елдердің  үкіметтерін  тұрақты  дамудың  ұлттық  концепциясын 

қабылдауға  шақырды.  Сөйтіп,  Қазақстанда  да  «Тұрақты  даму»  концепциясы  1992  ж. 

«Біздің жалпы болашағымыз» атты айдармен жарияланды. Бұл құжатта алғаш реет негізгі 

принциптер  жинақталды.  Кез  келген  мемлекет  стратегиялық  жоспар  жасауда  осы 

принциптерді ұстануы қажет болды. 

Қазақстан  үшін үлкен мәні бар принциптар мыналар болуы керек: 

- қазіргі және болашақтағы ұрпақтарды өмір сүруіне қажетті өнімдермен қамтамасыз 

ету және оның қорын сақтау, 

- биотехнологиялық тұрғыдан ойластырылған, қалдықтан-қалдықсыз өнім шығаруға 

көшу; 

- біртіндеп органикалық отынмен жұмыс істейтін энергетика өнеркәсібінен қолайлы 



немесе дәстүрлі емес энергия алу көздеріне өту. 

1972  жылы  өзінің  «Өсудің  шектілігі»  деген  кітабін  қорытындылай  отырып 

профессор Д.Медоуз «Экологиялық дағдарыс болады деген. 

ХХ  ғасырдың  екінші  жартысында  адамзат  өзін  планетарлық  күш  ретінде  сезіне 

бастады.  Дегенмен,  осы  кезеңде  ресурстардың  жетіспеушілігі,  табиғи  орта  сапасының 

төмендеуі  секілді  мәселелерді  әлеуметтік-саяси  жанжал,  көші-қон  есебінен  шешуге 

мүлдем  болмайтындығы  айқындалады.  Бұл  әдістер  тәжірибеде  өткен  кезеңдерде  кеңінен 

қолданылған,  бірақ  қазіргі  жағдайда  оларды  қолдану  мүмкін  емес  және  олар  дағдарыс 

жағдайын  одан  әрі  күрделендіреді.  Жерді,  биоресурстарды,  минералдық  шикізаттарды 

кеңінен  пайдалану,  планетаның  табиғи  мүмкіндігін  шектеп,  адам  мен  табиғи  орта 

арасындағы  қарама-қайшылықты  туындатуда.  Қазіргідей  адам  санынның  тез  қарқынмен 

артуы  бұрын-соңды  тарихта  болмаған.  Жер  бетінде  халық  саны  2,5  есеге  артты,  мұндай 

жағдайда  экожүйе  жер  бетіндегі  халықтың  барлық  қажеттіліктерін  қанағаттандыра 

алмайды. Сонымен қатар, адамның табиғатқа ықпалы ғаламдық сипат алды. Осы кезеңде 

жер,  су,  орман,  пайдалы  қазбалар  секілді  табиғи  ресурстар  шаруашылық  айналымға 

кеңінен  тартылып,  осының  салдарынан  қоршаған  ортаға  келетін  антропогендік  жүктеме 

көбейді.  Техносфера  қарқынды  түрде  қалыптаса  бастады.  Қоршаған  ортадағы  өзгеріс 

алғашқы  кезеңдерде  табиғи  ландшафтардың  өзгеруі  есебінен  болса,  кейіннен  қоғамның  

индустриялануы  барысында  өнеркәсіптік  және  тұтыну  қалдықтарының  ықпалы 

жоғарылады.  Яғни,  ортаның  техногендік  ластану  үдерісі  қарқынды  сипат  алды.  Адам 

қолымен  пайда  болған  экологиялық  мәселелер  кең  ауқымда  таралып,  күрделі,  төтенше, 

аса қауіпті сипат ала бастады. 

Батыс  Қазақстан  мен  Астрахань  облыстарының  шекарасында  орналасқан  «Азғыр», 

«Капустин  Яр»әскери  полигондарының  адамдар  мен  тірі  табиғатқа  тигізген  зияндары,  

белгілі  Семей  полигонынан  асып  түседі.  Полигондар  онкологиялық,  жүрек  тамыр  және 

басқа  ауруларды  қоздырып,  жануарлар  мен  өсімдіктер  дүниесіне  зиянын  тигізеді.  Озон 

қабатының  жұқаруы,  қышқылды  жаңбыр,  жер  ғаламшарларындағы  климаттың  жылына 

бастауы  жер  биосферасындағы  тіршілікке  тікелей  қауіп  төндіруде.  Ойықтардың  пайда 

болуына өнеркәсіптерден бөлінетін М, Си, Ғе, Мп,С1, Р оксидтері әсер етеді. Сондықтан, 

экологиялық  тәрбие  мен  ағарту  жұмыстары-адамдарды  қоршаған  табиғи  ортаны  ұғынып 

қабылдауға,  табиғатты  ұқыпты  қараудың  қажеттілігіне  сендіруге,  оның  байлықтарын 

саналықпен  пайдалануға  дағдыландыру  болуы  керек.  Экологиялық  білімсіз  қоғамдық 

экологиялық  сана  қалыптастыру  мүмкін  емес.  Экологиялық  тәрбие  қоғамдық  өмірдің 

барлық  салаларын  қалыпты  бірнеше  деңгейлерінде  жүргізілуі  керек.  Ал  жеке  тұлғаның 

экологиялық мәдениеті от  басынан қалыптасады. Сондықтан ата-ана баланың қоғамдағы 

негізгі  мінез-құлық  нормаларымен  қатар,  экологиялық  мәдениеттің  негіздерін  үйрете 

бастауы керек. 

Қазіргі  даму  кезеңіндегі  адам  экологиясын  оқытудың  актуалдылығына  себеп 

болатын тағы бір экологиялық жағдай біздің Қазақстандағы Байқоңыр ұшыру алаңына да 

байланысты болып отыр. Мысалы, соңғы кезде әрбір ұшырылған «протонның» қоршаған 



 

261 


ортаға үлкен зиян әкелетіндігі анықталды. Гептильдің әсерінен уланған аумақтың көлемін 

анықтап,  кінәлі  жаққа  толық  мағлұмат  беріп,  олардың  шығынын  өтеп  алу  қажет.  Бұл 

келтірілген  оқиғаларды  дәлелдейтін  екі  факт  ғана  бар.  Экология  мамандарының  қажет 

екендігін,  мемлекетті  экологиялық  жағынан  қоршаған  ортаны  қорғау  керектігін 

республика президенті Н.А. Назарбаев Қазақстан инженерлері съезінде атап өтті. 

Жалпы  планетадағы  тіршілікті  қорғау  бүкіл  адамзаттың  бірігуін  талап  етеді.    1987 

жылы  БҰҰ-ның  Дүниежүзілік  қоршаған  орта  мен  даму  комиссиясы  «Біздің  жалпы 

болашағымыз» атты есебінде «қоршаған орта үшін қауіпсіз жолда экономикалық дәуірге» 

аяқ  басуға  шақырды.    Сондықтан,  алғаш  реет  «тұрақты  даму»  концепциясы  ұсынылды. 

Ал,  «трақты  даму»  дегенде  қазіргі  уақыттың  қажеттілігін  қамтамасыз  ете  отырып, 

болашақ  ұрпақтардың  өзінің  қажеттіліктерін  қамтамасыз  етуіне  қауіп  туғызбайтын  даму 

деп түсіну керек. «Біз ата-бабаларымыздың Жерін мұраға алған жоқпыз. Біз оны өзіміздің 

бабаларымыздан қарызға алдық» (БҰҰ материалынан). 

Сондықтан  мемлекеттік  деңгейде  адамдардың  санасына,  көзқарасына  әсер  ететін, 

табиғи  ресурстарды  ұқыптылықпен,  үнемділікпен  пайдалануға,  жанашарлықпен 

қарайтын,  табиғатты  қорғауға  өзінің  әр  қашан  үлесін  қосуға  дайын  адамдарды,  жас 

ұрпақты,  экологиялық  білімді  мамандар  даярлаудың  қаншалықты  маңызды  екені 

ешқандай  күмән  туғызбайды.  Осы  тұрғыда  мемлекет  2002  жылы  мынадай  нормативтік 

құжаттар даярлап жариялады: «Қазақстан Республикасындағы халыққа экологиялық білім 

және экологиялық тәрбие беру», «Тұрақты даму стратегиясы және Қазақстанның тұрақты 

дамуын  қамтамасыз  ету  механизмі»,  «Қоршаған  ортаны  қорғаудың  принциптері  мен 

әдістері»,  «Ерекше  қорғалатын  табиғи  территориялар-қоршаған  ортаны  қорғау 

шараларының бір түрі» тәрізді бағдарламалар мен заңдар. 

Жоғарыда  келтірілген  құжаттар,  экологиялық  білім  беруге  бағытталған  пәндердің 

негізі болып, оқу орындарына міндеттеліп, оқу орындарының мемлекеттік стандарттарына 

сәйкес көңіл бөлініп, белгіленген мөлшерде сағат бөлінуі тиіс.  

Бұл  мәселелерді  кешенді  ғылыми  тұрғыда  шешу  үшін  экология,  экономика  және 

әлеуметтік дамудың барлық негізгі топтарын біртұтас кешен түрінде қарастыру қажет. 

Қазіргі  уақытта экологиялық, экономикалық, әлеуметтік мәселелерді  интеграциялау 

жолдары іздестірілуде. Олар:  

- бұзылған экожүйелерді қалпына келтіруді қамтамасыз ету; 

- суды тиімді пайдаланудың нақты шараларын анықтау

-  ауыл  шаруашылығының  тұрақты  дамуын  жүзеге  асыруға,  биологиялық 

алуантүрлілікті сақтауға бағытталған іс-шараларды қабылдау. 

Қорыта  айтқанда,  экологиялық  тәрбие  мен  білім  беру  қоғам  мен  мемлекеттің 

қоршаған табиғи ортаны қорғауға, экологиялық мәдениеттің деңгейіне қаншалықты көңіл 

бөлетініне  тікелей  байланысты.  Ал,  экологиялық  тәрбие  мен  білім  беру  заң  бойынша, 

кешенді түрде, үздіксіз, барлық адамдарға ортақ болу қажет. 

Экологиялық  тәрбиенің  негізгі  мақсаты-  жастардың  экологиялық  көзқарасын, 

санасын, табиғатқа үлкен парасаттылық, жауапкершілік, қарым-қатынасын қалыптастыру. 

Осы тәрбие арқылы адамның экологиялық санасын мәдениеттілік сезімін, жоғарлату.  

 

Әдебиеттер 



1. Охрана  окружающей  среды:  Сборник  нормативных  правовых  актов.    Алматы: 

Юрист, 2005.-220 С. 

2. Медоуз Д.Х., Медоуз Д.Л. За пределами роста. – М.Прогресс, 1994. -  302 С.  

3. ҚР экологиялық білім беру концепциясы// 2005 жылы Қазақстандағы экологиялық 

білім беру. №1, С.3-6. 

4.  Алексеев  С.В.  От  экологического  образования  к  образованию  для        устойчивого 

развития: поиск стратегии, подходов, технологий, СПб2001.- С.7-9 

5. Урсул  А.Д.  Экологическое  образование  и  устойчивое  развитие//  под  ред. 

А.Д.Урсула, М., РАГС, 1996. 


 

262 


6. Урсул  А.Д.  Модель  опережающего  образования  и  переход  России к устойчивому 

развитию ВИНИТИ. Устойчивое развитие, Информационный сборник, Вып. 1, М.-1998.-

С.78-135. 

7. Доклад  министра  охраны  окружающей  среды  и  природопользования  Республики 

Казахстан А.Сомаковой, Экология и устойчивое развитие, №4, 2003г. 

8.

 



 ҚР экологиялық білім беру концепциясы,Экология және тұрақты даму, №7, 2003 ж. 

 

 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет