Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі м. Ж. Еркебаев, Қ. С. Құлажанов, Д. Б. Тəттібаева, А. Ы. Мəуленов



Pdf көрінісі
бет47/111
Дата21.06.2023
өлшемі1,24 Mb.
#102821
түріОқулық
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   111
Стронций – литосферада кеңінен таралған металл. Қалыпты 
топырақта өсетін жемістерде стронций концентрациясы 1-ден 169 
мг/кг-ға дейін болады. Жануар тіндерінде 0,06-0,50 мг/кг болады. 
Ересек адам əдетте, тағаммен бірге тəулігіне 0,4-2,0 мг стронций 
жұтады.
Стронций ішек жолдарына нашар сіңіріледі, сондықтан ағзаға 
түскен металдың көп мөлшері шығып кетеді. Ағзада қалған строн-


84
ций кальцийдің орнын басады жəне аз мөлшері сүйекте жиналады.
Мырыш. Мырыш рудалары кең таралған. Мырыш көптеген, 
əсіресе, өсімдік текті тағам өнімдері жəне сусындарда болады. 
Қазіргі уақытта адам тағаммен бірге міндетті түрде мырышты 
қабылдап тұру керек екендігі анықталған. Көптеген елдерде метал-
ды тұтынудың тəуліктік нормасы туралы нұсқаулар бар. Мырыш 
бірқатар маңызды əсіресе, ферментативті биологиялық процестерде 
қатысады. Бірақ мырыштың артық мөлшерде болуы ағзаның улану-
ын тудырады.
Мырыш тұздарының уытты дозалары асқазан – ішек жолдарына 
əсер етіп, жүрек айну, құсу, асқазандағы аурулар, іштің бұрап ауруы 
жəне диареямен қосылып жүретін жедел, бірақ емделетін ауруларды 
тудырады.
Темір анағұрлым кең таралған металдар ішінде алюминийден 
кейін екінші, жер қыртысында таралған химиялық элементтер ара-
сында бесінші металл болып табылады. Дерлік барлық өнімдерде 
темір түрлі мөлшерде болады.
Темір қажетті микроэлемент болып табылады. Бірақ темірдің 
мөлшері ағзада мұқият реттеледі, кейде оны адам артық мөлшерде 
жұтуы мүмкін. Бұл ағзада металдың жинақталуын тудырады, 
нəтижесінде 
сидероз ауруы дамиды.
Сурьма. Табиғатта əдетте, сурьма сульфидті минералдар, сурьма 
жалтыры (антимонита) түрінде кездеседі.
Уыттылық əсерінің механизмі жəне клиникалық сипаттамасы 
бойынша сурьмамен адамның улануы мышьяк металына уланғанмен 
ұқсас болады. Ересек адам үшін уытты дозасы 100 мг/тəул, өлімге 
алып келетін дозасы – 500-1000 мг/тəул құрайды.
Профилактикалық іс-шараларды жүргізу мақсатында эмаль, 
қалайы жəне дəнекерде сурьма қосылыстарының мөлшерін жəне 
сипаттамасын қатаң қадағалау қажет. Ыдысты қалайылау үшін 
қалайыдағы сурьманың рұқсат етілетін концентрациясы 0,05 %-дан 
аспауы тиіс.
Қалайы ежелден белгілі. Қазып алынатын қалайының жарты-
сынан астамы қаптау өндірісінде қолданылады. Бірақ консервілерді 
ұзақ сақтау барысында қалайы өнімге өтіп, көп мөлшерде жинақталса 
ағзаға кері əсерін тигізуі мүмкін. Сондықтан қаңылтыр банка-
ларды қалайылап біткеннен кейін қосымша лакпен жабады, ал 
консервідегі қалайы мөлшерін бақылап отырады. Қаңылтыр банка-
ларда өндірілетін консервілердің сақталу мерзімін қалайының көп 


85
мөлшерде жинақталуын ескере отырып бекітеді (1 кг өнімде ересек 
адамдар үшін 200-мг, балалар үшін 100 мг-нан аспауы тиіс).
Тағамда қалайы концентрациясының жоғары болуы жедел улану-
лар тудыруы мүмкін. Адам үшін қалайының уытты дозасы 5-7 мг/кг 
құрайды.
Никель. Əдетте, табиғатта никель мышьяк, сурьма жəне 
күкіртпен бірге кездеседі. Никель аз мөлшерде барлық топырақтарда 
кездеседі. Өсімдіктерде 0,5-тен 3,5 мг/кг-ға дейін никель болуы 
мүмкін. Көптеген жануарлардың тіндерінде бірталай мөлшерде бо-
лады. Никельдің тағаммен адам ағзасына түсу мөлшерінің тəуліктік 
нормасы 0,3-0,6 мг-ды құрайды.
Тағам өнімдерінің никельмен ластану көздеріне топырақ немесе 
тағам өнеркəсібінде қолданылатын жабдықтар да жатады. Никель 
өсімдік майларына су қосу (сутектендіру) үшін қолданылатын ка-
тализатор құрамына кіретіндіктен маргарин жəне спредтердерге 
артық мөлшерде никельдің түсу қаупі болады. Никель тағам жəне 
сусындардан нашар сіңіріледі. Ағза тінінде күн сайын жұтылатын 
металдың 3-6%-ға жуығы қалады. Никель ағзада кейбір органдарда 
артығымен жиналмай, дерлік біртекті таралады.
Хром жер қыртысында кеңінен таралған, оның мөлшері қатты 
жыныстың 0,04%-ын құрайды. Хром негізінен металлургия 
өнеркəсібінде коррозиядан сақтау мақсатында металл өнімдерін 
қаптау үшін тот баспайтын құрыш алуда қолданылады. Хром 
көптеген тағам өнімдері жəне сусындарда аз мөлшерде кездеседі. 
Хром мөлшері бар тағамды орташа тəуліктік тұтыну 50-80 мкг-ды 
құрайды. Тағам өнімдерін концентрациясы жоғары хроммен ластау 
көздеріне қоршаған ортаның ағынды сулары жатады.
Ағзаға биологиялық əсер ету жағынан хром қажетті элемент 
болып саналады. Ол глюкозаның қалыпты деңгейін ұстап тұрады. 
Ағзада бұл металдың жетіспеушілігі глюкозалық жəне липидтік 
алмасудың бұзылуын алып келеді, сонымен қатар диабет жəне ате-
росклероз тудыруы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет