Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


ТҮРКІ ӘДЕБИЕТІНІҢ ТҮПНЕГІЗІН ТАНУДА ФОРМАЦИАЛЫҚ ЖӘНЕ ӨРКЕНИЕТТІЛІК



Pdf көрінісі
бет273/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   269   270   271   272   273   274   275   276   ...   963
ТҮРКІ ӘДЕБИЕТІНІҢ ТҮПНЕГІЗІН ТАНУДА ФОРМАЦИАЛЫҚ ЖӘНЕ ӨРКЕНИЕТТІЛІК 

ҰСТАНЫМДАР

Өнер  туындысы  ретінде  бағаланатын  әдебиет  –  өркениетті  қоғамның  жемісі.  Сондықтан  жеке 

этнос әдебиетінің бастауын анықтау үшін сол этнос жасаған өркениеттің қайнарын зерделеуіміз керек. 

Мақалада түркі өркениеті және түркі әдебиетінің бастауын анақтауға әрекет жасалады. Түркі тарихы 

мен түркі әдебиетін дәуірлеуге байланысты түрлі ұстанымдар мен көзқарастар қарастырылады. 

Түйін сөздер: түркі өркениеті, түркі тарихы, түркі әдебиеті, түркі әдебиетінің бастауы, әдебиетті 

зерттеу ұстанымдары, түркі әдебиетін дәуірлеу  

Қазіргі  уақытта  түркі  өркениетінің  қайнар  бастауын  анықтауға  әрекет  жасаған  ғылыми 

еңбектер, танымдық мақалалар түркі дүниесінде мол жазыла бастады. Ол жұмыстардың барлығын 

қажеттіліктен  туындағын  ізденіс  деп  бағалаймыз.  Кеңестік  түркітану  ғылымы  түркі  этносының 

генезисін  зерттейтін  кешенді  зертетулерге  кең  жол  ашпады.  Негізінен  лингвистикалық  сипатта 

дамыған бұл ғылым түркі этносы өркениетінің және соның жемісі саналатын әдебиетінің бастауын 

көрсетуге құлықсыз болды.

Көрнекті түркітанушы ғалым Л.Н.Гумилев түрік атаулы қауым б.д. V ғасырында пайда болды 

деп көрсетеді: «Бүгінгі таңда түрік тілі деп аталып келген тілдер қадым замандарда қалыптасқан; 

ал «түркіттер» халқы, алтай мен оның бөктерлеріне тән орманды-дала ландшафты жағдайындағы 

этникалық араласу нәтижесінде  V ғ. аяғында пайда болған. Келгіншілердің жергілікті халықпен 

біртуғандай ұласып кеткені сондай, арада жүз жыл өткеннен кейін, 546 ж. олар көне түрік, немесе 

түркіттер деп аталатын тұтас халық болып шыға келеді» [1, 25]. Осы күнде түркітану саласындағы 

жаңа ізденістер түркі этносының негізін ғұн, сақ, скиф, тіпті шумер дәуірлерінен іздеуге талпыныс 

жасауда. Классикалық түркітану, дүниежізінің түркітанушы ғалымдары мойындаған ғылым болып 

саналмаса да, ол талпыныстар түркі этносының тарихын түгендеуге біршама көмектеседі, сонымен 

бірге ілгеріде тиянақты еңбектердің жазылуына негіз болады деп санаймыз.

Әдебиет тарихын дәуірлеу үшін, сол әдебиетті жасаған халықтың тарихын дәуірлеу мәселесін 

анықтап  алуымыз  керек.  Тарихты  дәуірлеудің  ұстанымдарын,  теориялық  және  әдістемелік 

мәселелерін,  тәжірибесін жіті зерттеуге тиістіміз. Кез-келген әдебиет жеке бір халықтың туындысы 

болғандықтан, сол халықтың тарихындағы үдерістер әдебиеттің тарихын дәуірлеген кезде назардан 

тыс  қалмайды.  Осы  орайда  біз  адамзат  тарихын  дәуірлеудің  жолдарын,  тәжірибесін  зерттеген 

ғылыми  еңбектерді  жан-жақты  қараймыз.  Олардағы  ұстанымдардың  түрлерін  түркі  әдебиеті 

тарихын дәуірлеу кезінде негізге аламыз. 

Белгілі  әзірбайжан  ғалымы,  тарих  ғылымдарының  докторы  Г.Гасановтың  «Тарих  мақсаты» 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   269   270   271   272   273   274   275   276   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет