161
Фрейдтің
психоанализін
реформалап
марксизм
философиясымен
байланыстыруды Э.Фромм өзінің міндеті деп санаған. Осындай синтез
неофрейдизмнің аясында қорқынышпен күн кешкен, қоғамнан жатсынған адам
туралы концепция жасауға негіз болды. Қорқыныш жүйке ауруын
қоректендіретін орта. Қоғамдық құбылыстардың ықпалында қалған адам
тұлғалық қасиетінен айырылады. Жатсынған тұлға дүниемен байланысын үзеді.
Қайрымсыз дүние қорқыныш туғызады.
Осындай дүниеден қалай құтылуға болады, қандай қорғаныс механизмдері
бар?
Біреулер қорқыныштан құтылу үшін, маскүнемдікті, нашақорлықты
паналайды, екіншілері дүниеқұмарлық, байлық қуып кетеді немесе билікке
таласады. Үшіншілері көнбес тіршілік кешеді немесе қоғамнан аулақтайды.
Аталған, қорғаныс механизмдері, әрине мәселені шешпейді, керісінше ары
қарай тереңдетеді, жатсынған адамның жүйкесін тоздырады. Адам
жалғызсырап, тірі өлік күйіне түседі.
Э.Фромм осындай тіршіліктің қыспағында қалған, қоғамнан жатсынған,
еркіндіктен қашқан (бегство от свободы) адамның
проблемасын шешуге
талпынады. Ол адамның мінез – құлқымен және қоғамның әлеуметтік
құрылымын байланыстыратын «әлеуметтік мінез» ұғымын кіргізеді.
Әлеуметтік мінез идеясын дамыта отырып, Э.Фромм «иемдену» және «болу»
ұғымдарын пайдаланады. Осы екі ұғым, «өмір сүрудің екі тәсілі». Егер адам
иемдену принципін ұстанса, онда ол дүниеқорлыққа ұрынады, тіпті бәрінде,
барлығында өзінің меншігіне айналдырып, ал болу тұлғаның тәуелсіздігін,
еркіндігін, белсенділігін қамтамасыз етеді. Белсеңді болу, тұлғаның
мүмкіндігіне, дарынына жол ашады.
К.Хорни және Г.Салливан осы проблемаларды зерттейді. Хорни тұлғаның
ішкі, Г.Салливан тұлғааралық қайшылықтарға көңіл бөлген.
Жаңа әлеуметтік философия жасауға 1968 жылы құрылған халықаралық
қоғамдық ұйым «Рим клубын» ұйымдастыруға ұйытқы болған белгілі
экономист А.Печчей өзінің «Адамдардың сапасы» атаулы кітабында франкфурт
мектебі мен неофрейдизмнің идеяларын жалғастыра отырып төмендегідей
қорытындыға келеді. Егер, ғылыми – техникалық революциясының осы дамуы
сақталса, сонымен бірге әлеуметтік – экономикалық және әлеуметтік – саяси
өзгерістер жалғаса берсе, онда ХХІ ғасырда адамзат «ауқымды катастрофаға»
ұшырайды. Одан құтылу үшін, жаңа сапалы адам керек.
Достарыңызбен бөлісу: