Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі


Лакуналық ишемиялық инсульт



Pdf көрінісі
бет26/83
Дата03.12.2023
өлшемі2,08 Mb.
#133070
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   83
Лакуналық ишемиялық инсульт

ИИ-тің 15-30%- ын құрайды. Ең 
басты себептерінің бірі 

облитерациялағыш гиалиноз, фибриндік некроз, 
плазморрагия түрінде ұсақ артериялардың өзгерістерімен сипатталатын 
артериялық гипертензия болып табылады. Лакуналық инсульттер өлшемі 
бойынша шағын (диаметрі 15 мм–ге дейін) мидың инфаркты ретінде 
байқалады. Лакуналық инсульттердің 80% перивентрикулалық аумақта
көру төмпесінде, негіздік қабаттың ганглиінде (12- сурет), 20% - ми діңгегі 
мен мишықта орналасады. Осы ми инфарктын ұйымдастыру кезінде 
кішкентай жолақ – лакуна пайда болады ( француз тілінен ауд. lacunarie – 
қуыс). Лакунаның пайда болуымен мидың артқы, ортаңғы және негіздік 


30 
артерияларының 
ұсақ 
(диаметрі 
40–80 
мкм) 
тармақтарының 
зақымдануымен байланысты. 

Гемодинамикалық ишемиялық инсульт 
(жіті қантамырлық 
жеткіліксіздіктен дамитын инсульттің бір түрі). Барлық ишемиялық 
инсульттің 10-15%-ын құрайды. Прецеребралдық және церебралдық 
артериялардың тарылуы немесе олардың саңылауларының бітелуі кезінде 
пайда болады. Ми қанайналымындағы аутореттелістің төменгі шегінен 
АҚ-ның төмендеуі кезінде мидың гипоперфузиясы дамиды. Осы АҚ-ның 
едәуір төмендеуі терең ұйқы кезінде, ортостатикалық артериялық 
гипотензияда, гипотензивтік дәрі-дәрмектердің дозасын асырып алғанда
миокард инфарктында, жүрек ырғағы бұзылғанда, қансырауларда, 
гипволемияда және т.б. байқалады. Жергілкі ишемия көбінесе алдыңғы
ортаңғы және артқы мидың артерияларының аралас қанқамтымы бар 
аумақтарында немесе прецеребралдық және церебралық артериялардың 
тарылған жерлеріндегі бассейнінде жиі кездеседі. Сонымен, гемодина–
микалық инсульттің дамуында мойынның ірі артериялары мен 
бассүйекішілік 
қантамырлардың 
өзгерістері 
және 
церебралдық 
перфузияның жойылып кетуіне дейін әкелетін жүйелік гемодинамиканың 
тұрақтылығын бұзатын факторлар маңызды рөл атқарады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет