Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі ш. УӘлиханов атындағы


АҚБЕРЕН ЕЛГЕЗЕК ӨЛЕҢДЕРІНДЕГІ ЭКЗИСТЕНЦИАЛИЗМ САРЫНЫ



Pdf көрінісі
бет357/532
Дата05.09.2023
өлшемі19,8 Mb.
#106156
1   ...   353   354   355   356   357   358   359   360   ...   532
АҚБЕРЕН ЕЛГЕЗЕК ӨЛЕҢДЕРІНДЕГІ ЭКЗИСТЕНЦИАЛИЗМ САРЫНЫ 
 
Амангелді А. 
Ғылыми жетекшісі: Бөкен Г.С., PhD., қауымдастырылған профессор 
«Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КеАҚ 
asya_2309@mail.ru
 

Поэзиядагы жалғыздық сарыны жанның жалғыздығынан туады. Ақын жалғыздығын 


арқау етіп, оны өлеңге қосады. Жалпы қазақ поэзиясында бұл сарынды ұстанып, өлең жазған 
ақындар жетерлік. Атап айтар болсақ, Мұқағали Мақатаев, Фариза Оңғарсынова, Тұрсын 
Жұмаш, Ақберен Елгезек сынды тұлғалар. 
Жалғыздық сарыны туралы ғалым Гүлзия Пірәлиева: «Жалғыздық қашанда жеке 
адамның басындағы қайғы-қасіретке, ішкі ойға, емін-еркін егілуге де, ішкі құпия тіршілікке 
ерік беруге, өз сезімін қадағалауға да, қадағаламауға да құқысы бар мезет. Әрі бұл адамның 
ішкі табиғатынан, болмы-бітімінен сыр берер, оның харекетін ашуға да өзіндік үлес қоса 
алатын көркемдік қасиет. Өйткені адам жалғыз қалғанда ғана ішкі ой еркіндігіне бой 
алдырады. Жалғыздық- адамга өз ойымен болуға, еске алу, елестету, қайғыру, сүйсіну, белгілі 
бір шешім қабылдау, тағы басқа толып жатқан философиялық, психологиялық категориялар 
мен процестерді, сан алуан түрлі сезімдік құбылыстарды бастан кешетін кезең» [1,10], – деген 
пікір білдіреді. Ғылым тілінде жалғыздық сарынын экзистенциализм деп аталады.
Экзистенциялық бағыт – адамзат ақыл-ойының адамды танудағы, оны жан-жақты барлаудағы 
логикалық бір белесі [2,53]. Жалғыздықты сезінген адам өзін басқа адамдар қалай 
бағалайтыны мен қабылдайтынына үнемі алаңдаулы болады. Ондай адамдарды көбіне басқа 
адамдармен қарым-қатынасы мен жаңа таныстық мәселесі толғандырады. Өз-өзін бағалаудың 
төмендеуі көбіне адамдардың оған деген көзқарасы мен әрекетінің нәтижесінде туады. Өзін-
өзі бағалаудың төмендігі мен жалғыздықтың арасындағы байланыс екі жолмен түсіндіріледі. 
Біріншіден, өзін-өзі бағалаудың төмендігі адамның ішкі өзін-өзі басқаруының істен 
шығаруына әкеледі; екіншіден, өзін-өзі бағалаудың төмендігі мінез-құлық тенденцияларына 
өз әсерін беріп, басқа адамдармен араласуға шектеу жасайды.
Ақын Ақберен Елгезектің «жалғыздық» тақырыбындағы өлеңдерін екі категорияға 
топтастыруға болады. Біріншісі – нақты жалғыздыққа арналған өлеңдер, екіншісі – сол 
жалғыздықтың шипасын махаббаттан іздеген, яғни өзінің жан жары – Дина Елгезекке 
арналған өлеңдері. 
«Мама» өлеңінде ақын өз жалғыздығын төмендегідей сипаттағанын көрейік.
Мен мына өмірді ұната алмаймын,мама, 
Қабырғама бар мұңы батады кеп 
Мен өмірді сонда да сүйіппін,мама, 
Сыздайды тек іште, жарам ғана
[3,18]. Қазақ қабырғасы қайысқан 
деп қайғыға ұшыраған адамды айтады. Бұл тіркес психикалық жай-күйді білдіретін тұрақты 


651 
тіркес болып табылады. Ақын өз өлең жолында бар қайғысы мен мұңы қабырғасын 
қайыстырғанын жеткізуде. Жетімдік зардабын тартып, мейірім көрмегендіктен іштегі жай-
күйі мына өмірді бар болмысымен сүйдіруге үнемі кедергі жасап тұратындай. 
Әйтпесе, білсең ғой жаным, мама, 
Ішім менің- шексіз әлем. 
Біздің тағдыр-азап жолы ғой,мама, 
Әйтеуір тілегім ақ
[3].
 
Ішкі жан-дүниесіндегі жалғыздықты шексіз әлем дейді. Себебі, 1 ай өтсе де, 10 жыл 
мейлі, 100 жыл өтсе де жан жарасы жазылмайтынын, орны толмайтынын білгендіктен, 
шексіздікке теңеген. Өз тағдырындағы қиыншылықтарын азап жолы деп атап, анасына 
жамандық тілемейтінін жеткізіп отыр. 
Әкем – Тәңір, өзің – Ұмайсың,мама, 
Ал,мен–Құдайдың 
баласымын
[3].Сендер 
мені 
дүниеге 
әкелдіңдер, бірақ мен – Құдайдың баласымын дейді. Жалпы, қазақы таным қалыптастырған 
біздің түсінігіміз бойынша, Құдайдың баласы деген – жетімді жетім деуге қимағандықтан 
шыққан сөз. Ақын өзін Құдайдың баласы атауының себебі – мейірімді, қорғаныш пен сенім, 
түсінік пен махаббатты бейсаналы түрде Құдайдан күткені мен шексіз сенімі үшін және 
жанындағы адамдарға қарағанда Құдайына жақын болғандықтан айтқан. 
Сондай-ақ, «Риторикалық сұрақтар» өлеңінен де бала көңіліндегі жалғыздық пен 
айықпас дерттің желі еседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   353   354   355   356   357   358   359   360   ...   532




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет