Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім


Е.И. ШЕВЦОВ – МЕТАЛЛУРГ, ҒАЛЫМ, ҰСТАЗ



Pdf көрінісі
бет28/49
Дата02.12.2023
өлшемі1,25 Mb.
#132663
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   49
Е.И. ШЕВЦОВ – МЕТАЛЛУРГ, ҒАЛЫМ, ҰСТАЗ 
Университетіміздің негізін салған және оның 
дамуына елеулі үлес қосқан білікті мамандар мен атақты 
ғалымдардың бірі ретінде профессор, КСРО Мемлекеттік 
сыйлығының лауреаты Евгений Иванович Шевцовты 
атауға болады. Ол металлургия мен құю өндірісі 
саласында білікті маман ретінде танылып, Қарағанды 
политехникалық институтында шамамен қырық жыл 
қызмет 
етті, 
құю 
өндірісі 
кафедрасының 
ұйымдастырушысы болды және сол кафедрада 
жетекшілік етті. Сонымен қатар ол көп жыл бойы 
металлургия және механика-технологиялық факультеттердің деканы 
болып, сабақ берумен қатар әкімшілік жұмысты да бірге алып жүреді.
Евгений Иванович 1910 жылы Украинада шаруа отбасында дүниеге 
келген. 1926 жылы ол Донбасс кенішінде майлаушы болып жұмыс істей 
бастайды. 1928 жылы, жұмысшы жастарға арналған даярлау курстарын 
аяқтағаннан кейін оны Днепропетровск металлургия институтына 
қабылдайды, бұл оқу орнын ол 1932 жылы «Болат электрометаллургиясы» 
мамандығы бойынша аяқтап шығады. Мұндай қабілетті студентті болат 
пен ферроқортыпалар металлургиясы кафедрасына көмекші ретінде 
қалдырады да, аспирантураға қабылданады.
1933 жылдың соңында ол практикалық тұрғыда жетілуді көздейді де, 
сол мақсатпен оқытушылық қызметін қалдырып, өндіріске бет бұрады. Ол 
Краматордағы ауыр машина жасау зауытына жолдама алады, бұл зауыт 
КСРО өнеркәсібінің алғашқылары болды, сол жылдары мемлекеттің 
индустриялануында маңызды рөл атқарды, сондықтан үнемі жоғары 
басшылықтың назарында болды. 
Бұл кәсіпорында Евгений Иванович үлкен өндірістік мектептен өтеді. 
1934 жылы ол КСРО ауыр өнеркәсіп Наркоматының «Краматор машина 
жасау зауытында өндірісті игерудегі жетістіктері үшін» деген 
грамотасымен марапатталады.
Ауысым шеберінен және қорыту обер-шеберінен құю цехының 
инженер-технологына дейінгі кәсіби жолды өтіп, ол жоғары білікті болат 
балқыту маманы болады [1].
1935 жылдың қаңтарында ауыр өнеркәсіп Наркоматының Евгений 
Иванович Сталинград трактор зауытына іссапарға жіберіледі, бес 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет