Қазақстан республикасының білім және ғылым министрілігі


Талдау әдістеріне келесі ерекшеліктер тән



бет33/213
Дата15.01.2023
өлшемі0.71 Mb.
#61339
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   213
Талдау әдістеріне келесі ерекшеліктер тән:
1.Көрсеткіштер жүйесін пайдалану;
2.Негізгі белгілі бір факторларды зерттеу;
3.Өзара байланыстылық, өзара тәуелділік.
Экономикалық талдаудың барлық әдістері екіге бөлінеді:
Дәстүрлі – салыстыру, топтастыру, тізбектелген қойылымдар әдісі, абсолютті және қатысты айырмалар әдісі, баланстық әдіс, динамика қатарлары, т.б.
Экономикалық -математикалық – корреляциялық әдіс, матрицалық әдіс, ойындар теориясы, жаппай қызмет көрсету теориясы, т.б.
Салыстыру әдісі дәстүрлі әдістер ішінде ең кеңінен таралған әдіс. Салыстырудың бірнеше түрлері бар:
Болжаммен, жоспармен салыстыру;
Өткен жылмен салыстыру;
Сала бойынша орташа мәліметтермен салыстыру;
Ең жақсы отандық және шетелдік тәжірибемен салыстыру.
Бұл әдістің көмегімен экономикалық дамудың жетерлік деңгейі және өсу қарқыны анықталады, сондай-ақ белгілі бір көрсеткішке факторлардың әсерін анықтауға болады.
Жоспармен немесе өткен жылмен факторларды салыстырғанда, олар оң немесе теріс таңбамен шығуы мүмкін.
Мұндай өсу өткен жылмен салыстырғанда өткізілген өнімнің саны арқылы болған. Егер мұндай тенденция сақталатын болса, онда компания келесі жылы өнімді өткізуден түскен табыстың өсу қарқынын төмендетпеуді болжап отыр. Бұл табыстың өсуі өнімді өткізуге кеткен шығындардың ұлғаюына әкелді. Өткен жылмен салыстырғанда 2464 мың тенгеге шығындалды. Шығындардың өсуі еңбек өнімділігінің өсуінен болған. Компанияның жұмысындағы жағымсыз жағдай өнімнің рентабельділігінің төмендеуі болып табылады. Осылайша қаржы менеджерінің жұмысы оң бағаланбайды. Өйткені ол табысты болжаған кезде дұрыс емес есептеулер жүргізген.
Бақылау сұрақтары:
1.Экономикалық талдаудың әдісі
2.Экономикалық талдаудың тәсілдері
3. Талдауда қолданылатын инструментаридің екі негізгі ерекшелігі
9-тақырып. Талдау әдістері мен тәсілдерін топтастыру.



  1. Талдау әдістері мен тәсілдерін топтастыру

  2. Талдаудың мақсатына байланысты келесідей топтастырудың түрлері 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   213




©emirsaba.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет