Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі ж. Н. Рахманбердиева экстремалдық жағдайларда адамның Өмір сүру тәсілдері шымкент, 2021



бет154/264
Дата21.04.2022
өлшемі1,59 Mb.
#31835
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   264
Литосфералық қару – литосфера энергиясын қолдануға негізделген геофизикалық қарудың бір түрі. Катастрофалық зақымдаушы әсерлері жер сілкінісі, жанартаулардың атқылауы, геологиялық жыныстардың жылжуы секілді құбылыстармен келеді. Бұл жағдайда, тектоникалық қауіпті аймақтардағы күш энергия бөлу көзі болып табылады.

Бір қатар зерттеулер нәтижесі көрсеткендей, аз қуатты ядролық жарылыстың көмегімен, сейсмикалық қауіпті аудандарда катастрофалық нәтижелі жер сілкінісін жасауға болады.



Гидросфералық қару – гидросфера энергиясын соғыс мақсатында қолдануға негізделген қару. Гидросфера атмосфера мен литосфераның арасындағы Жердің сулы қабаты.

Соғыс мақсатында гидросфера энергиясын қолдану, гидроресурстар (мұхиттар, теңіздер, өзендер, көлдер) мен гидрологиялық ғимараттарға ядролық жарылыспен, қуаты жоғары қарапайым жарылғыш заттармен әсер ету арқылы мүмкін болады. Гидросфералық қарудың зақымдаушы факторы күшті толқындар мен топан су.



Биосфералық (экологиялық) қару – биосфераны катастрофалық өзгертуге негізделген. Биосфера өзара күрделі биохимиялық циклдармен байланысқан литосфераның жоғарғы бөлігін, атмосфера мен гидросфераның бір бөлігін қамтиды. Қазіргі уақытта үлкен территориядағы өсімдіктер әлемін, топырақтың беткі жамылғысын, азық-түлік қорын жоятын химиялық және биологиялық құралдар бар.

Түрлі химиялық заттарды қолданып топырақты жасанды эрозияға жасап, өсімдіктер әлемін жойып, флора мен фаунаны орны толмас шығынға ұшыратып, биосферада катастрофалық өзгерістер жасауға болады.



Озондық қару – Күннен бөлінетін ультракүлгін сәулелердің (УКС) энергиясын қолдануға негізделген қару. Қалыпты жағдайда, жер бетіне УКС λ = 0,01-0,2 мкм болмашы бөлігі ғана жетеді. Оның негізгі бөлігі атмосферадан өту кезінде озонмен сіңіріліп, ауа молекулаларымен және шаң бөлшектерімен сейіліп кетеді. Озон – микроорганизмдерді жоятын улы, күшті тотықтырғыш.

Озондық қабаттың бұзылуы, жерге жер бетіне УКС енуіне мүмкіндік туғызады. Бұл қысқа толқынды УКС биосфера үшін өте қауіпті: өсімдіктер әлемін жояды, онкологиялық және көз ауруларын көбейтеді.

Озон қабатын бұзушы заттар: бром, хлор, фтор, азот және олардың қосылыстары. Осы қосылыстардың озон қабатына көтерілуінің негізгі көздері болып, төмендегі факторлар саналады:

- ұшақтардың шығаратын газдары;

- зымырандардың шығаратын заттары;

- вулкан газдары;

- фреонды пайдаланатын технологиялар;

- атом жарылыстары.

БҰҰ құрамына кіретін бірнеше елдермен қабылданған 1978 жылғы Конвенцияға (Қоршаған табиғи ортаға кері есерін тигізетін құралдарды, соғыс немесе басқа да мақсатта қолдануға тиым салу туралы) қарамастан, өндірістік дамыған елдердің (бірінші кезекте АҚШ, Жапония және Ұлыбритания) корпарациялары мен фирмалары адамның өмір сүру ортасына белсенді әсер ету бойынша зерттеулер жұмысын, соңғы жылдары біршама қарқындатуда.

Сонымен, қоршаған ортаға геофизикалық әсер ету облысындағы зерттеулерді талдау нәтижелері, ХХІ ғасырда геофизикалық қаруды жасау технологияларына жаңа бетбұрыстың болатынын растауда.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   264




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет