Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгі


 Орыстың дiни философиясы



жүктеу 2.07 Mb.
Pdf просмотр
бет21/22
Дата29.12.2016
өлшемі2.07 Mb.
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22

2. Орыстың дiни философиясы 
 
          Дiни  философия  –  коммунистiк  идеологияның  үстемдiгi  жағдайындағы 
кеңестiк  философияда  бiржақты  түсiндiрiлiп  келген  XX  ғасырдың  басындағы 
орыс мәдениетiнiң аса маңызды бөлiгi. 
XX ғасырдың бас кезiндегi қоғамдық-саяси ойдың ең басты бағыттарының бiрi 
дiни  философия  болды.  Бұл  бағыттың  өкiлдерi  –  Николай  Бердяевтiң,  Сергей 
Булгаковтың,  Павел  Флоренскийдiң  және  т.б.  ойшылдардың  есiмi  әлемге 
белгiлi  болды.  Олардың  шығармашылығына   XIX  ғасырдағы  орыс 
философиясының 
дәстүрлерiмен 
қатар 
(славянофилдерден 
бастап 
Ф.Достоевский  мен  Вл.Соловьевқа  дейiн),  әртүрлi   мистикалық  және 
пессимистiк көңiл-күйлерге толы сол дәуiрдiң өзi де үлкен ықпалын тигiздi. 
Киреевский  мен  Хомяковтың  жарияланған  бүтiн  таным  идеясы,  яғни 
органикалық  барлығын  қамтитын  тұтастық  ретiндегi  таным  идеясы  көптеген 
орыстың дiншiл ойшылдары арасында қолдау тапты. 
Киреевский  және  Хомяков  бүтiн  ақиқат  тек  бүтiн  адамға  ғана  ашылады  деп 
айтты.  Тек  өзiнiң  барлық  рухани  күштерiн  –  сезiмдiк  тәжiрибе,  рационалды 
ойлау,  эстетикалық  перцепция,  адамгершiлiк  тәжiрибе  және  дiни  парасатты,  - 
бүтiн  бiр  тұтастыққа  жинағанда  ғана,  адам  әлемнiң  нағыз  болмысын  түсiне 
бастайды  және  Құдай  туралы  жоғары  рационалды  ақиқатты  игередi.  Дәл  осы 
бүтiндiк  тәжiрибе  көптеген    орыс   ойшылдарының  -  кн.С.Трубецкойдың, 
кн.Е.Трубецкойдың, 
П.Флоренскийдiң, 
С.Булгаковтың, 
Н.Бердяевтiң, 
Н.Лосскийдiң,  С.Франктiң,  Л.Карсавиннiң,  А.Лосевтiң,  И.Ильиннiң  және  т.б. 
шығармашылық қызметiнiң негiзiн құрады. 
Орыстың  дiншiл  философтары  жоғары  құндылықтарды  бiзге  ашып  беретiн 
адамгершiлiк  және  эстетикалық  тәжiрибелерге,  интеллектуалдық  интуицияға 
сенумен  қатар,  ең  алдымен  адамның  Құдаймен  және  оның  патшалығымен 
байланыс орнатуға мүмкiндiк беретiн мистикалық дiни тәжiрибеге де сенедi. 
XIX  ғасыр  мен  XX  ғасырдың  басында  орыс  философиясындағы  бұл  дiни 
мотивтер қалыптасып үлгерген „Орыс идеясынан” аңғарылады. Сонымен қатар 
бұл  дiни  мотив  Чаадаевтың  көзқарастарын,  провиденциализм  принциптерiне 
негiзделген  оның  тарих  философиясын  басшылыққа  алған  славянофильдер 
философиясының  бүкiл  өн  бойын  алып  жатыр.  Чаадаев  бойынша  қоғамдық 
дамудың  анықтаушы  факторы  „Құдайдың  көрiпкелдiлiгi”  болып  табылады. 
Тарихтың  негiзiнде  жатқан  Құдайдың  еркi  христиандықта  өзiнiң  барлық  
бiтiмiмен  көрiнедi.  Сонымен  орыстың  дiни  дәстүрi   кездейсоқ  емес,  Ресейдiң 
ерекше тарихи дамуының нәтижесiнде қалыптасты. 
Ресейдiң төлтумалылығы, өз дамуы барысында оның Батыс Европадан түбiрлi 
айырмашылығы  үшiн  күрескен  славянофильдер  Ресейдi  христиандықтың,  ең 
алдымен православиенiң аясында көрдi. Славянофильдердiң идеялық жетекшiсi 
А.С.Хомяков  „Қасиеттi  Русь”  идеологиясын  қайта  қалпына  келтiруге  шақыра 
отырып,  мәңгi  бастау  ретiнде  правоославиенi  бекiтудi  ұсынды.  Хомяковтың 
философиялық көзқарастарына қайта орала отырып, ол үшiн шiркеу „бастапқы 
нақтылық”  болғандығын  ескерте  кетейiк.  Барлық  славянофильдер  де  осы 

186 
 
тұрғыда  пайымдады,  сондықтан  олардың  көзқарастарында  дiни  идея  алдыңғы 
орынға шығады. 
XIX  ғасырдың  60-70  жылдары  славянофильдердiң  iлiмiн  жалғастырған 
түбiршiлдер  болды.  Олардың  философиялық  iзденiстерiнiң  басты  идеясы  - 
„ұлттық  түбiр”  Ресей  дамуының  негiзi.  Барлық  түбiршiлдердi  олардың 
дүниетанымының  дiни  сипаты  бiрiктiрдi.  „Ұлттық  түбiр”  ретiнде 
православиенiң  идеалдары  мен  құндылықтары  алынды.  Бұл  бағыттың  негiзгi 
өкiлдерi – А.А.Григорьев, Н.Н.Страхов, Ф.М.Достоевскийлер болды. 
Түбiршiлдер  арасындағы  ең  көрнектi  ойшылдың  бiрi  Ф.М.Достоевский  (1821-
1881)  болды.  Ол  шығармаларында  адамның  тағдыры  мен  мәнiнiң  әлем  және 
Құдаймен  терең  байланыстылығы  туралы  идеясын  көтередi.  Достоевский 
бойынша  еркiндiктiң  „шынайы  жолы”  –  бұл  Құдай-адамға  жеткiзетiн   жол, 
Құдайдың  жолымен  жүру.  Ол  үшiн  Құдай  адамгершiлiктiң  барлық  кепiлiнiң 
негiзi болып табылады. 
Достоевскийдi  үрейлендiретiн  нәрсе  –  бiр  нәрестенiң  болса  да  көз  жасына 
құрылған әлем мен адамдар әрекетiн жарқын болашақтың атымен ақтап алуға 
бола  ма  деген  мәселе.  Оның  жауабы  дайын  –  ешқандай  да  жоғары  мақсат 
бейкүнә сәбидiң қайғысы мен зорлықты ақтай алмайды. Бұл жолмен Құдай мен 
Әлемдi  келiсiмге  келтiру  мүмкiн  емес.  Достоевскийдiң  ойынша,  Ресейдiң 
жоғары  ұлттық  миссиясы  халықтарды  христиандық  тұрғыда  бiрiктiру  болып 
табылады. 
XIX  ғасырдың  соңы  мен  XX   ғасырдың  бiрiншi  жартысындағы  орыстың  дiни 
философиясы  философиялық  жүйелердiң  қалыптасуымен  байланысты  болды. 
Бұл  дәуiрдiң  ойшылдарына  М.Ф.Федоровты,  Б.Н.Чичериндi,  М.О.Лосскийдi 
жатқызуға  болады.  Бұл  дәуiр  философиясының  сипаттамалық  ерекшелiктерi 
оның  гуманизмi  және  дiни  сипаты  болды.  Бұл  кезеңнiң  тағы  бiр  ерекшелiгi  – 
жаратылыстың  дамуымен  байланыс  және  орыс  космизмiнiң  пайда  болуы. 
Космизм  екi  бағытқа  бөлiнедi:  мистикалық  (Н.Ф.Федоров,  Б.С.Соловьев, 
П.А.Флоренский) және ғылыми (К.Э.Циолковский, В.И.Вернадский). 
Мистикалық  бағытта  ең  алдымен  В.С.Соловьевтi  бөлiп  атауға  болады. 
В.С.Соловьев  (1853-1900)  дiни  орыс  философиясының,  бiлiмнiң  бiртұтастығы 
мен бүтiндiгi туралы идеяның негiзiн қалаушы, көрнектi орыстың христиандық 
философы. В.С.Соловьевтiң философиясы дiни философиялық дәстүрдiң бүкiл 
рухы  мен  кейпiн  бiлдiредi.  Көптеген  iрi  философтар  өздерiн  В.С.Соловьевтiң 
iзбасарлары 
ретiнде 
санайды. 
Соловьевтiң 
дәуiрiне 
Трубецкойдың 
шығармашылығы,  Флоренский  мен  Бердяевтiң  ерте  шығармашылығын 
жатқызуға болады. 
В.С.Соловьев  адамның  дiни  және  әлеуметтiк  өмiрiнiң  сұраныстарын 
бiртұтастыққа  байланыстыратын  бүтiндей  дүниетанымдық  жүйенi  құруға 
тырысты.   Соловьевтiң  ойы  бойынша  мұндай  дүниетанымның  негiзi 
христиандық болып табылады. Соловьевқа дейiнгi және кейiнгi дiни ойшылдар 
да  бұл  идеяны  айтқанымен,  бұл  дүниетанымның   негiзi  ретiнде  тек  бiр 
христиандық 
концессияны 
ғана 
(православие, 
католицизм 
немесе 
протестантизм)  қалап  алды.  Соловьев  тәсiлiнiң  ерекшелiгi,  ол  барлық 

187 
 
христиандық  концессияларды  бiрiктiрудi  жақтады.  Сондықтан  оның  iлiмi  тар 
бағытта  емес,  концессия  аралық  сипат  алды.  Соловьевтiң  тағы  бiр  маңызды 
ерекшелiгi  оның  христиандық  дүниетанымға  жаратылыстанудың  соңғы  жаңа 
жетiстiктерiн енгiзiп, ғылым мен дiндi синтездеуге ұмытылуымен сипатталады. 
Соловьев  философиясының  негiзгi  идеясы  –  жалпы  тұтастық  идеясы.  Бұл 
идеяны  дайындауда  славянофилдердiң  соборшылдық  идеясына  сүйенгенмен, 
оған  жалпы  қамтушы,  ғарыштық  мағына  бередi.  Болмыстың  төменгi  және 
жоғарғы  деңгейлерi  өзара  байланысты,  өйткенi  төменгi  үнемi  жоғарыға 
тартылып  отырса,  ал  әрбiр  жоғары  өзiне  төменгiнi  „енгiзедi”.  Соловьевте 
жалпы 
тұтастық, 
„құдайдың 
қасиеттi 
Үштiгi 
барлық 
құдiреттi 
жаратылыстармен,  оның  iшiнде  ең  бастысы  адаммен  байланысты”  деген 
тұжырымынан  көрiнедi.  Жалпы  тұтастықтың  негiзгi  принципi:  „құдайда 
барлығы  бiртұтас”.  Жалпы  тұтастық  –  бұл  ең  алдымен  жаратушы  мен 
жаратылыстың тұтастығы. 
       Соловьев  болмыстың  диалектикалық  тәсiлiн  қолдады.  Оның  пiкiрiнше 
нақтылықты  қатып  қалған  формасында  қарастыруға  болмайды.  Барлық 
тiршiлiктiң  ең  жалпы  белгiсi  өзгерiстердiң  алмасуымен  сипатталады. 
Болмыстың үздiксiз динамикасын негiздеу үшiн ол белсендi идеялармен қатар 
әлемдегi  барлық  өзгерiстердiң  субъектi  түрiнде  көрiнетiн  әлемдiк  жан  деген 
белсендi  бастауды  енгiзедi.  Бiрақ  ол  өз  алдына  дербес  әрекет  етпейдi,  бұл 
әрекет  құдайдың  құдiретiн  керек  етедi.  Бұл  құдiрет  құдайдың  әлемдiк  жанға, 
оның  барлық  әрекетiн  анықтаушы  форма  ретiндегi  жалпы  тұтастық  идеясын 
беруiнен көрiнедi. 
Соловьев  жүйесiндегi  бұл  мәңгiлiк  идеясы  София  –  даналық  атауын  алды. 
София - Соловьев жүйесiндегi негiзгi ұғым.  Сондықтан оның iлiмi софиология 
деп  аталады.  София  ұғымын  енгiзгенде   Соловьев  бұл  әлемнiң  тек  құдайдың 
ғана  жаратылысы  емес  екендiгiн  айтқысы  келедi.  Әлемнiң  негiзi  мен  мәнi 
құдайға,  әлемге  және  адамға  жалпылық  беретiн  жаратушы  мен  жаратылыс 
арасын  байланыстырушы  звено  ретiнде  қарастырылатын  „Әлемдiк  жан”  – 
София болып табылады. 
Құдайдың, әлемнiң және адамның жақындасу тетiгi Совольевтiң философиялық 
iлiмiнде құдайадам концепциясы арқылы ашылады. Құдайадамның нақты және 
толысқан  үлгiсi  ретiнде  христиандық  догмат  бойынша  әрi  толық  адам  болып 
саналатын  Иисус  Христос  болып  табылады.  Оның  бейнесi  әрбiр  индивидтiң 
ұмытылуы  тиiс  идеалы  ғана  емес,  бүкiл  тарихи  процесс  дамуының  жоғарғы 
мақсаты болып табылады. 
Совольевтiң  тарихы,  Софиясы  осы  мақсатқа  негiзделедi.  Бүкiл  тарихи 
процестiң мақсаты мен мәнi адамзаттың рухтануы, адам мен құдайдың бiрiгуi, 
құдайадамның кейпiне ену болып табылады. 
Христос адамға жалпы моральдық құндылықтарды ашып бердi, адамгершiлiктi 
жетiлдiруге  жағдай  жасап  бердi.  Христос  iлiмiне  құлақ  түре  отырып,  адам  өз 
бойында киелi рухты сезiнедi. Бұл процесс адамзат өмiрiнiң барлық кезеңдерiн 
қамтиды. Адамзатты бiрiктiрушi бастау ретiнде құдай адам кейпiне енген кезде 
бейбiтшiлiк пен әдiлеттiлiк, ақиқат пен жақсылық салтанат құрады. 

188 
 
Соловьевте  адамгершiлiк  философиясы  сүйiспеншiлiк  философиясына  көшедi. 
Жоғары  сүйiспеншiлiкпен  салыстырғанда  барлығы  төменгi  деңгейде, 
сондықтан  тек  сүйiспеншiлiк  қана  мәңгiлiктi  қажет  етедi.  Құдiреттi 
сүйiспеншiлiк арқылы жеке индивидуалдылық  бекiтiледi. 
Құдiреттi әлем туралы Совольевтiң ойы мынадай: киелi құдiреттi әлем – бұл ең 
нағыз  нақты  әлем,  бұл  әлем  бүкiл  дүниенiң  ұмытылатын  идеалды  тұтастығы. 
Құдаймен  сәйкес  келетiн  ақиқаттың  өзi.  Шынайы  болмысқа  заттай  болмыс 
қарсы келедi. Әлемдiк процестiң мiндетi  табиғи болмысты идеялардың жалпы 
тұтастығына  және  шынайы,  құдiреттi  болмысқа  сәйкес  келтiрумен 
сипатталады. 
Совольевтiң  ұлттық  өзiндiк  сананың  „орыс  идеясы”  сияқты  феноменiн 
дамытуға  үлкен  үлес  қосқандығын  айта  кету  керек.  Орыс  философиялық 
ойының  төлтумалылығын  көрсететiн  идея  ретiндегi  „орыс  идеясы”  туралы 
жоғарыда 
айтылды. 
Және 
бұл 
төлтумалылық 
Христиандықпен 
байланыстырылады. Совольевтiң тұжырымдауынша, орыс идеясы мен Ресейдiң 
парызы  әлеуметтiк  Үштiктi  (киелi  Үштiкпен  ұқсас)  –  шiркеудiң,  мемлекеттiң 
және  қоғамның  органикалық  тұтастығын  жүзеге  асырумен  сипатталады. 
Христиандық Ресей Христiң өзiне елiктей отырып, „Ғаламдық шiркеудi” өзiне 
бағындыруы тиiс. „Орыс идеясының” бұл бейнесiнде Совольев Ресейдiң бүкiл 
тарихының өн бойындағы бұл концепцияны  бiр мазмұнға бiрiктiредi: „Қасиеттi 
Русь” идеясы („Москва - үшiншi Рим” концепциясы), „Ұлы Русь” идеясы (Ұлы 
Петрдiң  реформаларымен  байланысты)  және  „Еркiн  Русь”  идеясы  (негiзiн 
декабристер қалаған). 
        Ресей  есiмi  әлемге  танымал  болған,  орыстың  дiни  философиясының 
дамуына  өлшеусiз  үлес  қосқан  Н.А.Бердяев  сияқты  ұлы  ойшылды  дүниеге 
әкелдi. Бердяев философиясының мәнi  – болмыстың мәнiн субъект, яғни адам 
арқылы тану. Оның  философиясының бастапқы нүктесi еркiндiктiң болмыстан 
басымдылығы  болып  табылады.  Онымен  бiр  қатарда   шығармашылық,  тұлға, 
рух,  Құдай  ұғымдары  тұрады.  Адамдағы  болмыс  адам  арқылы  ашылады.  Ол 
Құдайдың бейнесiне ұқсас жаратылған микрокосмос болғандықтан шексiз және 
шығармашыл  жан  болып  табылады.  Адамдағы  шексiздiк  құдайға  тән 
құдiреттiлiкпен,  ал  шолақтық  -  табиғи  қырымен  байланысты.  Бұл  жағдайда 
Құдайдың өзi табиғи күш емес, әлемнiң мәнi мен ақиқаты ретiнде түсiндiрiледi. 
Сондықтан, Бердяевтiң пiкiрiнше, Құдайсыз адам жеткiлiктi толысқан жан деп 
есептелмейдi. Құдай жоқ болса, онда мән де, жоғары ақиқат та, мақсат та жоқ. 
Онда  бұл  үмiтсiздiк  пен  бейшаралық.  Осылайша,  Бердяев  Құдайды  терiске 
шығарып, адамды Құдайға айналдыратын гуманизмге қарсы шығады. 
Бердяевтiң  ойы  бойынша  қоғамды  әлеуметтiк  қайта  құру  үшiн  техникалық 
қайта  құру  емес,  рухани  қайта  өрлеу  қажет.  Ресей  үшiн  бұл  „орыс  идеясын” 
бекiтумен  байланысты,  оның  бұл  көзқарасы  көбiнесе  Соловьевтiң 
көзқарастарымен  сәйкес  келедi.  Орыс  идеясының  басты  қасиетi  Бердяев 
бойынша,  бүкiл  қоғамның  өн  бойын,  қамтитын  дiни  мессиандық  болып 
табылады.  „Орыс идеясының” мәнi - құдай патшалығын жерде орнату. 

189 
 
Бердяев  марксизмдi  революциялық  тұрғыда  насихаттаудан  дiни  философияға 
дейiнгi  үлкен  жолдан  өттi.  Еркiндiк,  рух,  тұлға,  шығармашылықты  ол 
зұлымдық,  қасiрет,  құлдық  үстемдiк  ететiн  объектiлер  әлемiне,  қажеттiлiкке 
қарсы қояды. Тарихтың мәнiне, оның айтуынша, тарихи уақыттан тыс еркiн рух 
әлемiнде мистикалық жолмен жетуге болады. Бердяев өзiнiң негiзгi идеяларын 
алғаш  рет  „Шығармашылықтың  мәнi”  еңбегiнде  жариялап,  кейiн  онан  ары 
дамытады.  Бұл  еркiндiк  идеясы,  шығармашылық  пен  объективация  идеясы, 
тұлға  идеясы  және  соңғысы  тарихтың  „метатарихи”,  эсхатологиялық 
(ақырзамандық)  мәнi идеялары едi.  Бердяевтiң  құрған  нақтылықтың  дуалистiк 
картинасында  бiр  жағынан  рух  (Құдай),  еркiндiк,  ноумен,  субъект  (тұлға, 
„мен”),  екiншi  жағынан  эмпирикалық  әлем,  қажеттiлiк,  феномен,  объект  бiр-
бiрiне  қарсы  қойылады.  Бұл  екi  әлем  де,  бiр-бiрiнсiз  өмiр  сүре  алмайды 
(платонизм  iлiмiне  сәйкес  келедi),  бiр-бiрiмен  өзара  әрекетке  түседi:  рух  пен 
еркiндiк  ноуменалдық  әлемнен  феноменалдық  әлемге  өтiп,  онда  әрекет  етедi. 
Әлемдегi  рухтың  әрекетiнiң  нәтижесi  әрқашанда  өлi  өнiмдер,  объектiлер 
формасында  болады  және  субъекттен  бөлiнiп,  эмпирияның  барлық 
шектеулерiне  –  кеңiстiк-уақыттық,  себеп-салдарлық  байланыс,  формалды 
логика заңдарына бағынышты болады. Бердяевтiң объективация деп атаған бұл 
еркiндiктiң  қажеттiлiкке  құлауы  қасiреттiң,  құлдықтың,  зұлымдықтың 
болмыстық  түбiрiн  бiлдiредi.  Алайда  әлемде  объективацияға  өзге  бастау  – 
шығармашылық  қарсы  тұрады.  Шығармашылықпен айналыса отырып  субъект 
бұл  әлемдi  өзiне  тартып  алады,  оны  еркiндiк  пен  рухты  қабылдауға  дайын 
өзiнiң  iшкi  өмiрiне  енгiзедi  және  осы  әрекетiмен  оны  өзгерте  отырып, 
объективациядан азат етедi. Шығармашылық акт  – рухтың объектiлер әлемiне 
басып  кiруi.  Құдай  Әлемге  Өзiн  ашады,  бiрақ  оны  басқармайды.  Бердяевтiң 
философиясы  –  бұл  тұлға  философиясы,  персонализм.  Тұлға  –  бұл 
эмпирикалық 
индивидуалдылық 
емес, 
объективацияға 
бағынбайтын 
шығармашыл  және  еркiн  адам.  Өзге  адамдарға  шығу  және  олармен  бiрiгу, 
Бердяев  бойынша,  тұлғаның  iшкi  әлемiнiң  ажырамас  бөлiгi  ретiнде  оған  тән 
қасиет: „қоғам – тұлғаның бөлiгi” („Адамның құлдығы мен еркiндiгi туралы”). 
Бұл еркiн iшкi әлеуметтiлiктiң iске асуын Бердяев „соборшылдық” деп атайды 
және  оны  топтар,  партиялар,  ұлттар,  шiркеулер  сияқты  тұлғаны  ұжымдық, 
әлеуметтiк  институттардың  тұлғасыз-универсалды  құрылымына  қарай  алып 
кететiн  күштеп  әлеуметтендiруге  қарсы  қояды.  Осыдан  Бердяевтiң  әлеуметтiк 
және  құқықтық  позициясы  аңғарылады:  „Құқықтың  мемлекеттен  үстемдiгiн 
және  еркiндiк  пен  тұлға  абыройының  максимум  мүмкiндiктерiн  беретiн 
салыстырмалы  формаларды  бекiту  керек”  („Эсхатологиялық  метафизика 
тәжiрибелерi”). 
Бердяев  дiнге  сене  отырып,  сонымен  қатар  заттанған  дiни  формаларға  – 
догматтарға,  шiркеу  ұйымдарына,  тарихи  христиандыққа  объективациядан 
жеңiлгендiктен сын көзбен қарады: оны шығармашылық тұрғыда игеру Құдай 
мен адам туралы ауыспайтын аян түрiндегi „эсхатологиялық христиандықтың” 
рухани мәнiн айқындауы тиiс. 

190 
 
Николай Бердяев философиясының гуманистiк бағытта екендiгiн ескеру қажет, 
өйткенi  оның  барлық  ойы  тек  бiр  ғана  объектке  –  адамға,  оның  абыройы  мен 
еркiндiгiне бағытталған. 
Орыс философиясы – бұл әлемдiк мәдениеттiң ажырамас бөлiгi. Философиялық 
таным үшiн де, жалпы мәдени даму үшiн де оның маңызы осында. 
Сонымен,  XIX  және  XX  ғасырлар  аралығындағы  орыс  философиясының 
ерекшелiктерi түбiрi орыс дәстүрлерiнiң негiзiнде әуел бастан Ресей дамуының 
төлтумалылығы  идеясын  жариялауымен  сипатталады.  Орыс  философиясының 
тағы  бiр  сипаты  оның  Ресей  төлтумалылығын  „орыс  идеясы”  арқылы 
көрсетуiнде,  яғни  бүкiл  христиан  әлемiн  православиенiң  негiзiнде  бiрiктiруге 
тиiс  Ресейдiң  ерекше  мессиандық  рөлiн  жариялау  арқылы  бiлдiруiнде  болды. 
Басқаша  айтқанда  орыс  философиясы  өз  ерекшелiгiнiң  алғышарты  ретiнде, 
оның дiни бастауы ретiнде төлтумалылық идеясын дамытты. 
  
3. Орыс философтары еңбектерiндегi евразияшылдық идеялар 
 
         Қазан  төңкерісінен  кейін  әлем  тарихындағы    Ресейдің  орны  туралы  тағы 
бір  ерекше  көзқарастар  пайда  болды.  Бұл  көзқарастарды  «Шығыстың  шеруі» 
(София,  1921)  жинағында  орыстың  философ-эмигранттарының  бір  тобы 
негіздеді  және  кейінірек  бұл  концепция  евразияшылдық  деген  атпен  кеңінен 
танымал бола бастады. 
     Дәлiрек  айтқанда  евразияшылдық  Софияда  да,  Берлинде  де  емес,  Ресейде 
революцияға  дейiн  пайда  болды.  Бұл  „алғы  евразияшылдық”  кезең 
евразияшылдардың  алдыңғы  буыны  –  Г.Вернадскийдiң,  Л.Карсавиннiң, 
Н.Трубецкойдың  ғылыми  iзденiстерiмен  байланысты  болды.  Кейiнгi  буын—
П.Савицкий,  Г.Флоровскй  кейiнiрек  эмиграцияда  қосылды.  Л.Карсавин 
жасөспiрiм  кезiнен  Ресей  тағдырындағы  далалық  азияның  рөлiн  зерттеумен 
айналысып,  1914  жылдың  өзiнде-ақ  Ресейдi  шығыспен  салыстыра  отырып 
мақала  жазды.  КСРО-дан  қуылғанға  дейiн  1922  жылы  Карсавин  -“Батыс, 
Шығыс және орыс идеясы” деп аталатын жеке кiтабын жариялады. Бұл еңбекте 
автор В.Соловьевтiң күштi ықпалында болғандықтан Батыс-Шығыс мәселелерi 
дiни 
тұрғыдан 
қарастырылады 
және 
евразияшылдың 
шығыстық 
басымдылықтары  айқын  көрiнбегенiнен  ойшыл  өзiнiң  антибатыстық  
көзқарасын  былайша  жеткiзедi:  ”Бiздiң  тарихи  өмiр  сүруiмiздiң  болашағы 
европаландыруда емес және европалық империя бiзге болашақтың кепiлi бола 
алмайды”.  Сол  кездiң  өзiнде  Карсавин  евразияшылдар  қозғалысының  кейбiр 
өкiлдерiмен  таныса  отырып  “батыстық  эмпиризмнiң  шектеулiлiгiн  игеру 
прогресс идеалы деп аталатын жалпытұтастық суррогатынан бас  тартуды талап 
етедi”  деп  тұжырымдайды.  Шығыстың  рөлі  туралы  толғаған  Трубецкой 
лингвистикалық  үйірмелерде  батыстық  руханилықтың  дағдарысы  және 
«әлемдік тарихта европалық және азиялық үрдістердің жақындасу қажеттілігі» 
туралы да сөз қозғалады. Революцияны 200 жылдық европаландырудың заңды 
нәтижесі  ретінде  қабылдаған  жас  ойшылдарды  онан  кейінгі  қуғын-сүргін 

191 
 
біріктіріп, олар енді құтқарылудың анық бағдарларын «Шығысқа бет бұрудан» 
көре бастайды.  
Ал  қазiргi  кезде,  Ресей  мен бұрынғы  КСРО  геосаяси  кеңiстiгiнiң  посткеңестiк 
жағдайының  тарихи  дамуының  жаңа  этапында  евразияшылдық  идеясы 
мемлекеттiк-саяси деңгейде жаңа қарқын алды. ТМД қатысушы елдердiң саяси 
және  экономикалық  интеграциясының  жаңа  стратегиялық  тетiгi  ретiндегi 
конструктивтi  геосаси  доктринасын  Н.Назарбаев  ұсынады.  Бұл  доктринаның 
ТМД территориясында тұратын халықтардың түбiрлi мүдделерiне сай келерiн-
келмесiн тарих көрсетедi.  
Рух  саласында  ғасырлар  бойы  орыс  идеясы  сыртқы  шабуылдар  мен  iшкi 
дағдарыстарға қарамастан орыс адамына рухани бағыт сiлтей  отырып, ұлттың 
өмiрiн ұйымдастырды. 
Тарихтың  шеңберінде  Пушкин  мен  Илья  Муромец  бейнелері  орыстылықтың, 
орыс  рухын  бірдей  білдіре  алады.  Орыс  идеясы  XIX  ғасыр  әдебиеті  сияқты 
құбылысты  тудырып  әлемді  таң қалдырды.  Мысалы,  А.СПушкин,  Н.В.Гоголь, 
Ф.М.Достоевский, Л.Н.Толстой, А.ПЧехов және т.б. 
Пушкин  туралы  Гоголь  былай  деді:  «Өз  дамуындағы  орыс  адамы.  Онда  орыс 
табиғаты, орыс тілі, орыс мінезі... өзінің мінсіз таза сұлулығында көрінеді». 
Сонымен  бұл  мәселені  П.Флоренский  сөзімен  қорытындылауға  болады: 
«Нигилизм  өзінің  жұтандығы  мен  бейшаралығын  толық  дәлелдеп,  сарқып 
біткеннен  кейін,  мен  адамдардың  ақылы  мен  жүрегі  орыс  идеясына,  Ресей, 
қасиетті Русь идеясына бұрынғыдай жалқаулықпен емес, қомағайлықпен қайта 
оралады  деп  үміттенемін  және  сенемін...  Мен  бұл  дағдарыс  орыс 
атмосферасын, тіпті әлемдік атмосфераны да тазалайды деп сенемін». 
 
Өзiндiк дайындыққа арналған сұрақтар: 
 
1.
 
Батысшылдар қандай идеяны насихаттады?  
2.
 
Славянофилдер мессиандық  (құтқарушылық) идеясының мәні неде? 
3.
 
В.Соловьевтің діни философиясының мағынасы неде жатыр? 
4.
 
П.Чаадаевтің философиялық көзқарастары. 
5.
 
Н.А.Бердяевтің философиялық көзқарастары. 
6.
 
Орыс философиясындағы евразияшылдық идеялар. 
7.
 
Л.И.Шестовтың экзистенциалдық философиясы. 
8.
 
Орыс  философиясындағы  діни  антропологиялық  ойлар  (С.Н.Булгаков,  
С.Л.Франк, Н.О.Лосский). 
9.
 
В.И.Вернадскийдің «ноосфера» ұғымының ерекшелігі. 
 
 
Ойланыңыз 
    1.  Л.Н.Толстой:  «  Қарапайымдылық-  моральдық  сұлулықтың  басты 
шарты».Сіз оны қалай түсінесіз? 

192 
 
    2.Л.Н.Толстой:«Адаммен  бірге  өмір  сүру  одан  өзіңді  де  жоғары,  артық        
санамаған,оны да өзіңнен жоғары, артық санамаған кезде ғана жеңіл». Сіз бұған 
не дер едіңіз? 
    3.Л.Н.Толстой:«Адам  шыншылдығының  дәрежесі-  оның  адамгершілік 
кемелдігі дәрежесінің көрсеткіші».Мұның мәні неде? 
    4.Л.Н.Толстой:  «Ұят-адам  өміріндегі  сенімді  жол  басшы».Сіз  қалай 
ойлайсыз? 
 
 
Рефераттар тақырыптары 
 
1.Ресей  философиясындағы  славянофилдер  мен  батысшылардың  бір-бірімен 
күресі. 
2. В.С.Соловьевтің философиялық көзқарастары. 
3.Н.А.Бердяевтің философиясы. 
4.В.И.Вернадскийдің ноосфера идеясы. 
5.Ғарыш философиясы және оның негізгі өкілдері. 
Каталог: files -> book
book -> ОҚулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 2
book -> Қазақстан республикасының білім жəне ғылым министрлігі
book -> Дону конгдону с благодарностью
book -> Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі
book -> Н. Н. Столярчук, Т. В. Василюк English Английский язык
book -> ОҚулық Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 2
book -> В языкознание теория речевой деятельности психолингвистика
book -> Практикум по культуре речевого общения (Аспект «Анализ текста»)
book -> Глава а вы — гений?
book -> Қазақстан республикасының білім жəне ғылым министрлігі


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет