Қазақстан республикасының білім және ғылым


 Биологияны оқыту әдістемесінің басқа пәндермен байланысы



Pdf көрінісі
бет5/12
Дата31.12.2021
өлшемі0,58 Mb.
#22977
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
1.3 Биологияны оқыту әдістемесінің басқа пәндермен байланысы.  

 

     Биологияны  оқыту  әдістемесі  пәні  педагогикалық  ғылымда  дидактикамен 

тығыз  байланысты.  Бұл  жерде  бұл  пән  оқушылардың  білімін,  іскерлігін, 

дағдысының  қалыптасу  заңдылықтарын  зерттей  отырып,  жеке  тұлға  болып 

қалыптасуына  әсер  етеді.    Ал,  дидактика  білім  берудің  теориясын  және 

ұстанымын қалыптастырады.  

    Биологияны  оқыту  әдістемесі    психологиямен  тығыз  байланыста.  Себебі, 

оқыту  барысында  басты  қаперді  оқушының  жас  ерекшелігіне  сәйкестендіру 

керек.  Сонымен  қатар  тәрбие  жұмысын  жүргізудің  басты  тиімділігі  оның 

жасына сай жүргізілуі жақсы нәтиже береді. 

    Сонымен  қатар  биология  пәнінің  оқу  материалдары  да  сыныптан  сыныпқа 

қарай  әрбір  тұлғаның  даму  деңгейіне  қарай  күрделенеді.  Егер  осы  фактор 

оқушының  ақыл-ойы  мен  жан  дүниесіне  жасына  сай  болмаса,  атқарылатын 

жұмыстың  тиімділігі  төменгі  деңгейде  қалады.  Осыған  орай  мұғалім  6-7 

сыныпта  әр  түрлі  әдіс-тәсілдерді  қолданып,  білім  беруді  қамтамасыз  етеді.  Ал 



11 

 

жоғарғы  сыныптағы  оқушылардың  материалды  қабылдау  үдерісі  тұрақты 



болғандықтан бір немесе екі түрлі әдістемелерді қолданып жүргізеді.  

         Әрине,  ерекше  айта  кетерлік  нәрсе  –  биология  ғылымына  сүйеніп  білім 

беру.  Табиғатта,  тірі  ағзалардағы  құбылыстар,  заңдылықтардың  ғылыми 

түсінігі биологияның жеке – жеке салалары: ботаникамен, зоологиямен, өсімдік 



және 

жануарлар 

физиологиясымен, 

цитологиямен, 

гистологиямен, 

эмбриологиямен,  биофизикамен,  биохимиямен,  битехнологиямен,  ғарыштық 

биологиямен, экологиямен, эволюциялық іліммен, тығыз байланысты, т.б. 

         Мектептегі    биология  пәні  мен  биология  ғылымының  арасында 

айтарлықтай  айырмашылық  болады.  Биология  ғылымының  мақсаты  табиғат 

және  тірі  ағзаларды  ғылыми  зерттеу  жолымен  жаңалықтар  ашу,  мектеп 

биологиясының  мақсаты  сол  ашылған  фактілермен  заңдылықтарды, 

оқушыларға  үйрету.  Сондықтан  биологиядан  сабақ  жүргізу  кезінде  мұғалім 

ғылымдағы  фундаменталды  фактілерді,  заңдылықтарды,  ең  маңызды 

проблемаларды таныстырып, түсіндіру.  

        Биологияны  оқыту  әдістемесі    философиямен  де  байланысты.  Бұл  ғылым 

адамның  өзін  –  өзі  танымдылығының    мүмкіндік  береді.  Адамзат  баласының 

жалпы мәдени даму жүйесінде ғылыми жолмен ашылған жаңалықтардың орны 

мен  рөлі  жеке-жеке  ғылымдағы  фрагменттерді  жинақтай,  біріктіре  отырып, 

дүниенің  даму  бейнесін  суреттеуге  ықпал  етеді.  Философияны  әдістеменің 

теориялық негізі деп қарауға болады. Оқушыларға білім, тәрбие беруді ғылыми 

дәлелдермен  қаруландырып,  жан-жақты  дамытуға  жағдай  жасайды,  яғни 

материалистік көзқарасын қалыптастырады.  

         Биологияны  оқыту  әдістемесі-  биология  ғылымымен  байланысты.  Мектеп 

биология  курсын  оқыту  үшін  мұғалімнен  биология  теориясын  білімді 

практикалық  дағдыны  табиғатта  өсімдіктермен  жануарларды  тану  және  оны 

аңықтай  алу,  оларды  өсіру  эксперемент  жүргізе  білуді  сұрайды.  Биология 

ғылымымен  мектептің  биология  пәнінің  мақсаттары  әртүрлі.  Биология 

ғылымының  мақсаты:  табиғаты  зерттеу  нәтижесінде  тану,  ал  биологиялық 

пәннің  мақсаты:  осы  зерттеулер  нәтижесінде  алынған  ғылыми  фактілермен 

жабдықтарды  оқушыларға  беру.  Биологияны  оқыту  әдістемесі  агрономия, 



медицина,  психология,  педагогикамен  тығыз  байланысты.  Әдістеменің  дамуы 

мұғалімнің  жеке  тәжірибесінің  нәтижесінде  алынған  әдістемелік  нұсқаулар 

зерттелуінен пайда болған. Әдістемелік проблемаларды шешу алғашқы уақытта 

шашыраңқы  болған  жаратылыстың  жалпы  әдістемесінен  жеке  әдістемелер 

бөліп шығып, өзінше дамыған жинақталған материалдарды қорытып, бір жүйе 

келтірудің  нәтижесінде  әдістеменің  негізін  қалайды.  Әдістеме  оқушыларды 

дұрыс  оқуға  және  оқыту  уақытын  үнемдеп  пайдалануға  мүмкіндік  беретін 

практикада  тексерілген  ғылыми  теорины  ұсынады.  Әдістеме  оқытудың 

мақсатын тануға және тәрбиелеуге көмектеседі. Мұғалім әдістеме теориясының 

негізін білмей сабақты жүйелі береді деу өте қиын. 

           Биологияны оқыту әдістемесінің тіл әдебиетпен байланысы. 



12 

 

Сабақтың  мазмұнын  түсіндіргенде  әдеби  тілмен  жатық,  түсінікті  сөйлеуге 



тырысу.  Кейде  тақырыптың  мазмұнына  байланысты  тіл  әдебиет  пәндерінен 

үзінді келтіруге болады. 

           Оқыту әдістемесінің география пәнімен байланыстылығы. 

Сабақтың  мазмұнына  байланысты  объектілердің  кездесетін  материктерін 

көрсету, мәдени өсімдіктердің шығу орталықтарын көрсетуге болады. 

Биологияны  оқыту  әдістемесі  пән  ретінде  мектеп,  гимназия  колледждердің 

биолог  оқытушылары  мен  ұстаздарын  дайындауда  аса  маңызды  болып 

есептеледі. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет