Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі


-дәріс.Дүниеге көзқарас - қалыптасушы тұлғаның негізі



бет44/66
Дата07.01.2022
өлшемі1,21 Mb.
#16877
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   66
13-дәріс.Дүниеге көзқарас - қалыптасушы тұлғаның негізі.

Жоспар:


1Оқушылардың дүнеиге көзқарасын қалыптастару - қазіргі мектептің негізгіт тәрбилелік міндеті.

2 Дүниеге көзқарастар маңызы, қызметтері. Дүниеге көзқарастың негізгі түрлері. Дүниеге көзқарастың мәні және оның ішкі құрылымы.

.3 Оқушылардың ғылыми қөзқарасын қалыптастыруға мүмкіндік беретін мектептегі білім беру мазмұнындағы білім мен идеялардың жүйесі.

4 Білімдерді терең жән берік игеру- ғылыми көзқарасты қалыптастырудың негізгі алғы шарты


Адамзаттың пайда болу тарихын түсіндіруде әр түрлі көзқарастардың бар екені мәлім.Мысалы,материалистер мұндай проблеманы ғылыми дүниетаным тұрғысынан дәлелдесе,ал дін ілімінің өкілдері Тәңірдің қалауымен деп тұжырымдайды.

Адам баласы өзін қоршаған ортаныңқұбылыстарын,оның пайда болуы мен даму себептерін шындық тұрғысында танып-білді.Ол ғылымда ашылған әр түрлі құбылыстардың заңдылықтарын ғылыми пәндер негізінде таниды.

Дүниетанымда адамның сенімі мен мұраты үлкен рөл атқарады.Сенім болмаған жерде өмір болмайды.

Ғылыми дүниетанымды қалыптастырудың жан-жақты дамыған тұлғаны дамытуда маңызы зор.Ғылыми дүниетаным адамға қоршаған ортаның құбылыстарын дұрыс қабылдауға және қорытуға,оларға объективті баға беруге көмектеседі.

Дүниетанымның қалыптасу процесі күрделі,көп қырлы процесс,сондықтан педагогика ғылымында бұл ұғымға деген әр түрлі көзқарастар қалыптасқан.

Дүниетанымның күнделікті тұрмыстық дүниетаным,діни дүниетаным,ғылыми дүниетаным және т.б түрлерін атауға болады.

Ғылыми дүниетаным қоғамдық сананың ең жоғарғы формасы.

Ғылыми дүниетаным әлемге деген ғылыми,философиялық,адамгершілік,эстетикалық көзқарастар жүйесі.Әлем өркениетінің жетістіктерін жинай отырып,ғылыми дүнеитаным адамды тұрмыс пен ойлаудың,табиғат пен қоғамның мәнді жақтары туралы әлемнің ғылыми бейнесімен қаруландырады.

Дүниетанымда ішкі мен сыртқының,объективті мен субъективтінің бірлігі көрінеді.

Ал дүниетанымның дамытушылық функциясының мәні- дүниетанымның мазмұнын иегруге арналған ішкі рухани жұмыстың тұлғаны белсенді ойлау іс-әрекетіне тартуында болып табылады.

Ғылыми дүниетанымның ұйымдастырушылық функциясы оқушыларды практикалық іс-әрекет жүйесіне тартудан көрінеді.

Ғылыми дүниетанымның болжамдық функциясы қоғам мен табиғаттың даму заңдылықтарын игеру негізінде іске асырылады.

Ғылыми дүниетаным тұлға қалыптасуында адамгершілік,эстетикалық және т.б. бағыттарда дамуының негізі,орталығы болып табылады.

Дүниетаным-адам санасының жоғарғы формасы,оның қоршаған дүниеге,яғни қоғамдық өмірге,табиғатқа,өзіне деген көзқарасы және сенімі.Сонымен қатар,ол адамдардың негізгі өмірлік позициясын,олардың сеімдерін,мұраты және іс-әрекеттерін қамтиды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет