Қазақстан тарихы 1-тоқсан «№ орта мектебі» кмм



бет8/32
Дата07.09.2023
өлшемі2,6 Mb.
#106522
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   32
Терминдермен жұмыс.
Тапсырма.Берілген ұғымдарды талдап, алдымен бес сөзбен, сосын 4 сөзбен, одан кейін 3 сөзбен, сосын 2 сөзбен, соңында бір сөзбен түсіндіруді ұсыныңыз.
ЕБҚ оқушыға дереккөздің форматын үлкейтіп, қолдау
Кәсіпшілік – күнелтіс көзі ретінде қол өнерімен немесе басқа бір майдагерлік кәсіппен айналысу. Ондай кәсіпшілік түрлері: кен қазу кәсіпшілігі, терімшілік, аңшылық, теңіз кәсіпшілігі, ұсақ қолөнері кәсіпшілігі. Дәстүрлі қазақ қоғамында қолөнері кәсіпшілігі жақсы дамыған.
Қолөнер,қолданбалы өнер – дәстүрлі тұтыну және сәндік бұйымдарын жасайтын ұсақ өндіріс. Қолөнершілер негізінен табиғи шикізаттарды пайдаланып, қарапайым еңбек құралдарының көмегімен көркем композицияның шешімімен тұрмысқа қажетті мүліктер, музыкалық аспаптар, қару-жарақ, құрал-саймандар жасайды. Әрбір қолөнер туындысы өз заманының материалдық мәдениетінің үлгісі және халық талғамының, әлеуметтік қоғамдық жағдайының, діни сенімінің, салт-дәстүрінің нақтылы көрінісі.
Зерттеу сұрақтары:

  • Этнографиялық зерттеулерде қазақтың қолөнері мен кәсіптері қалай сипатталды?

  • Дәстүрлі қолөнер мен кәсіптердің дамуына қандай факторлар әсер етті?

  • Дәстүрлі қолөнер мен кәсіптердің бүгінгі күнмен байланысы қандай?

ЕБҚ: оқушы шығарылып берілген тапсырманы орындайды


Зерттеу. Талдау.Мәтінмен жұмыс.

Оқушылардың тақырып бойынша бастапқы білімдерін анықтап, жүйелеу мақсатымен «миға шабуыл» әдісін қолданып қазақтардың қолөнері мен кәсіптері туралы бар білетіндерін ортаға салуды ұсыну.


Оқушылардың білімдерін толықтыру үшін қазақтардың қолөнері мен кәсіптері туралы мәтін таратылады.
Тапсырма. Мәтінмен танысып, интеллект карта құру.
0 – жауап жоқ немесе жауап тапсырмамен келісілмеді;
2 - жауап шектеулі, анықталмады, жетілдірілмеді, тек мысалдар берілген;
4 – тақырыпқабайланысты терминдер сипаттамасы берілген, нақты түсіндірме жоқ, жалпылау басым болды;
6 – тақырыпқа байланысты ұғым, үрдіс элементтері, толық мәліметтер, нәтижелер мен қорытынды сөздер мен тіркестерге айналдыру негіздемесін көрсете алды;
8 – тақырыпқа байланысты өзгерістер, мәселелерді мысалдар арқылы көрсетіп, шешімдерін ұсына алды;
ЕБҚ оқушы (есту, көру, ойлау қабілеті) тапсырманы саралау арқылы орындайды.
-қазақтардың дәстүрлі қолөнері мен кәсіптерінің дамуына әсер еткен push (итеруші) және pull (тартушы) факторларын екіден кем емес мысалдар келтіріп талтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет