Қазақстан тарихы бойынша түсіндірме жазба


Қадырғали Қосымұлы Жалайыридың өмірі мен шығармашылығы



бет83/93
Дата17.02.2022
өлшемі1,1 Mb.
#25739
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   93
1. Қадырғали Қосымұлы Жалайыридың өмірі мен шығармашылығы.

2. І және ІІ дүниежүзілік соғыс кезіңіндегі Қазақ халқының жағдайын салыстыра отырып, талдау жасаңыз.

3. Неолит дәуіріндегі адамдардың тұрақтары бойынша кестені толтырыңыз:

Тұрақтар


Орналасқан жері

Ерекшеліктері


























Жауаптары:

1. Қадырғали Қосымұлы Жалайыридың өмірі мен шығармашылығы.

Қайырғали Жалаири (Қадыр Әлі Қосымұлы би, арғы тегі Жалайыр) деп аталған бұл кісі ХVI-ғасырдың ортасы мен ХVII-ғасырдың басында өмір сүріп (1530-1605 жылдары), қазақ халқының тарихында өшпес із қалдырған. Ресейдің атақты патшасы Борис Годуновтың қол астында жүріп, 1602 жылы "Жылнамалар жинағын" жазып бітірген. Туған жері — Қазақстан жеріндегі Сырдария бойы. Қадырғалидың ата-бабалары Қарахан әулеті билігінен бері үздіксіз хан сарайында қызмет етіп, ханның ақылшы-кеңесшісі, қол бастар батырлары болған. Оның өз атасы Темшік Шығай ханның батыры болса, әкесі Қосым бек лауазымын иеленген.Ол қазақтың ұлы хандарының бірі Тәуекел сарайында қызмет етіп, ақылшы, кеңесшілік рөл атқарған. Ана тілімен қатар араб, парсы тілдерін жақсы меңгергендіктен, асқан зор білімінің арқасында жас бекзадаларды оқытып, тәрбиелеген. Әсіресе оның үлкен үміт еткені — Оразмұхаммед сұлтан еді. Өзінің ғылыми еңбегінде бұл туралы былай дейді: "Менің аталарым Оразмұхаммед сүлтанның аталарына қызмет етті. Өзім Оразмұхаммедтің қасында болдым". Жас сұлтан Оразмұхаммедтің аңшылыққа құмар екенін, жылма-жыл ерте көктемде, күзде Ертіс, Тобыл бойын жағалап ит жүгіртіп, құс салатынын жансыздары арқылы біліп отырған Сібірдегі орыс әкімдері (патшаның тапсырмасы бойынша) аңдып жүріп, Тобыл алқабында қаршыға салып, көңіл көтеріп жүрген Оразмұхаммедті, Қадырғали бастаған саятшы, нөкерлерімен қоса тұтқынға алады да, "аманат" ретінде Мәскеуге жөнелтеді. Бұл 1588 жыл еді. Оразмұхаммедтің хан ордасы адамы екенін, Қадырғали Шығыс тарихын, мәдениетін жақсы білетінін, көп тілдерді игерген ғұлама екенін сезген соң, орыс патшасы оларды жақсы қабылдайды, өз маңайында ұстайды. Әскер өнерін жетік білетін батыр жігіт Оразмұхаммед 1590-91 жылдары орыстардың Шведтерге, Қырым хандығына қарсы жүргізген соғыстарына қатысып, ерлік көрсетеді. Соны ескерген жөне оның хан тұқымы екенін білетін патша Федор Иоанович 1592 жылы Ока өзені бойындағы мұсылмандар мекендейтін бұрынғы Қасымов хандығынан Оразмұхаммедке жер бөліп береді, 1600 жылы ұлы патша Борис Годунов Оразмұхаммедті Қасымов ханы етіп тағайындаған. Өзінің арғы тегі жалайыр екенін білді ме, жоқ па — әйтеуір Қадырғали бек те зор құрметке бөленіп, бас уәзірлік қызметін атқарады. Қазақ елінің тарихы жөніндегі ғылыми еңбекті де Борис Годуновтың тапсырмасы бойынша жаздым деуі орынды. Себебі бұл еңбек ақ патшаға арналған және алғашқы тарауында соның билік жүргізу жүйесін бейнелейді. Қадырғали бұл шежіресі ертедегі қазақ тілінде жазылған тұңғыш тарихи еңбек екені аян. Ш.Уәлиханов бұл кітаптың аңыздан гөрі ақиқаты басымырақ деп бағалаған. Онда қазақ жері, оның қалалары, ХIII-ХVӀ ғ. аралығындағы қазақ жеріндегі оқиғалар, қазақ хандарының ішкі-сыртқы жағдайлары, әлеуметтік топтар және қазақ жерін мекендеген ежелгі рулар бірлестігі жайында деректер бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет