Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы № 1(81), 2020
94
ҒТАХР 17.82.32
Ә.КЕКІЛБАЕВ ӘҢГІМЕЛЕРІНІҢ КӨРКЕМДІК ПАЛИТРАСЫ
Б.Т. Панзабек
1
, Р.З. Зайкенова
2
Ж.А. Ибрагимова
3
1,2
Қазақ ұлттық қыздар
педагогикалық университеті, Алматы қ.,
Қазақстан,
3
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, Шымкент қ., Қазақстан
bagyla05@gmail.com, ibrcanat@mail.ru
Мақалада Ә.Кекілбаев әңгімелеріндегі көркемдік ізденіс, суреткерлік, баяндау, ұлттық таным мәселелері
зерттеледі. Әңгімелерінің тақырыптық жүйесі анықталады, мәтін талдау арқылы көркемдік идеясы сипатталады,
жаңашыл көзқарастар тұрғысынан жаңа әдеби зерттеу аспектісінде қарастырылады. Автор әңгімелеріндегі барлық
ізденіс бағыттарын жинақтап, тарихи және заманауи тақырыптардағы
туындыларының құрылымын, көркемдік-
эстетикалық табиғатын танытады. Әңгіме талдауда шетелдік зерттеушілердің де пікірлері сарапталады. Авторлық
ұстаным ұлттық тұрғыдан сипатталады. Қазіргі кезде Ә.Кекілбаев әңгімелеріндегі ақпараттарды оқыту аясында білім
алушыларға ұлттық құндылықтар қалыптастыру барысы сөз болады.
Түйін сөздер
:
Ә.Кекілбаев, автор, әңгіме, кейіпкер, баяндау, жанр, ұлттық таным, талдау.
Көркем мәтіннің сапалық деңгейіне туынды иесі – автор, әрекет иесі – кейіпкер, туындыны
тұтынушы – оқырман, барлығы тікелей адамға қатысты дүние. Ол міндетті түрде
мәтіннің әлеуметтік
сипатын ашып, белгілі бір кезеңмен, уақытпен, дәуірмен және қоғамдағы әлеуметтік құрылыммен
байланысты.
Қазіргі күн талабында көркем мәтіннің сапалық деңгейінде автор – кейіпкер –
оқырман
қатынасының жаңа қырларын ашу міндеті тұр. Ұлттық әдебиеттанудағы бұрынғы-соңғы тұжырымдарды
жүйелеп, олардың жаңа аспектімен байланысын, үндестігін саралап, баяндау теориясы мен нарратология
ғылымы арасындағы жүйелі сабақтастықты таныту да, автордың баяндау дискурсындағы қызметтің
көркем мәтін арқылы айқындап, теориялық тың тұжырымдар жасау да ғылыми-әдістемелік зерттеуге негіз
болады. Әсіресе, заманымыздың заңғар жазушысы Ә.Кекілбаев прозасын,
оның ішінде әңгімелерін
оқырманмен қайта жүздестіру, мәтіндерімен жұмыс жасау, талдау, оқыту, ұлттық болмысын ашу, келер
ұрпаққа мұра етіп қалдыру, ғылыми айналымға енгізу мақсаты нақты.
Ә.Кекілбаев жайында жазушы Нұрлан Оразалин: «Әбіш Кекілбаев өткен ғасыр өрісін кеңейткен
алпысыншы жылдары әдебиет босағасын Құбылыс болып аттап еді. Жалпақ жұрттың назарын жалт
қаратқан көзі тұнық, сөзі мірдің оғындай өткір қанатты тұлғаны тұғырына қондырған алыптарымыз да, аға
буын да жаңылған жоқ. Әбекең де сол құбылыс
болып жұрт жадында бекіген, ұлы биігін аласартпай,
қанатын кең жайып, ұлт руханиятына олжадан олжа қосумен болды. Қай тұста да,
қандай кезеңде де
жүрісінен сүрінбеді. Әдебиетіміздің ары мен абыройын асқақтар классикалық туындыларды жаратты,
көркемсөзімізді әлемдік биікке бастар жаңа соқпақтарға салды. Артына ұлтты сүю мен ұлтқа қызмет ету-
дің, ұлтты аялау мен ұлтты асқақтатудың ұрпаққа үлгі болар үлгі-өнегесін аманаттап өтіп барады», [1;1] –
деген жазбалары автордың қаламгерлік келбетін арттыра түседі
.
Қаламгер Ә.Кекілбаевтың көптеген жылдар тынымсыз еңбек етудің нәтижесінде мол әдеби мұрасы
бар. «Аңыздың ақыры», «Үркер», «Елең-алаң», «Заманмен сұхбат», «Шандоз» атты романдарын жазды.
Г.Мопассанның «Өмір», «Пьер мен Жан» романдарын, Л.Толстойдың «Соғыс және бейбітшілік»
романының тарауларын, У.Шекспирдің шығармаларын және басқа да
шетел авторларының әлденеше
пъесаларын, әңгімелерін қазақ тіліне аударды. «Күй», «Ханша-дария хикаясы», «Шыңырау», «Бәсеке»,
«Бір шөкім бұлт», «Құс қанаты» хикаяттарын,
«Ажар», «Жүнді барақ», «Ақ қайың», «Ор теке», «Ауыз»,
Көлденең көк атты», «Есболай», «Тасбақаның шөбі», «Керек адам», «Міне, керемет!», «Ақырғы аялдама»,
«Галстук сатушы қыз», «Абылай хан», «Бәйгеторы» т.б әңгімелерін әдеби ортаға қосты.
Классикалық биік
деңгейге көтеріліп, әлемдік көркемөнерге асыл қазыналар қосқан қазақ прозасында 70-80 жылдары