Бағдарламасы. 1 тарау. Жалпы ережелер



Pdf көрінісі
бет54/82
Дата14.11.2022
өлшемі2,5 Mb.
#50089
түріБағдарламасы
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   82
В.С.Соловьев (1853—1900) діни орыс философиясының, білімнің біртұтастығы мен 
бүтіндігі туралы идеяның негізін қалаушы, орыстың көрнекті христиандық философы. 
В.С.Соловьев философиясы діни философиялық дәстүрдің бүкіл рухы мен кейпін білдіреді. 
Көптеген ірі философтар өздерін В.С.Соловьевтің ізбасарлары ретінде санайды. Соловьев 
дәуіріне Трубецкой шығармашылығын, Флоренский мен Бердяевтің ерте шығармашылығын 
жатқызуға болады. 
В.С.Соловьев адамның діни және әлеуметтік өмірі сұраныстарын біртұтастыққа 
байланыстыратын бүтіндей дүниетанымдық жүйені құруға тырысты. Соловьевтің ойы бойынша 
мұндай дүниетаным негізі христиандық болып табылады.
Соловьев философиясының негізгі идеясы - жалпы тұтастық идеясы. Бұл идеяны 
дайындауда славянофильдердің соборшылдық идеясына сүйенгенмен, оған жалпы қамтушы, 
ғарыштық мағына береді. Болмыстың төменгі және жоғарғы деңгейлері өзара байланысты, 
өйткені төменгі үнемі жоғарыға тартылып отырса, ал әрбір жоғары өзіне төменгіні «енгізеді». 
Соловьевте жалпы тұтастық, «құдайдың қасиетті Үштігі барлық құдіретті жаратылыстармен, 
оның ішінде ең бастысы адаммен байланысты» деген тұжырымынан көрінеді. Жалпы 


тұтастықтың негізгі принципі: «Құдайда барлығы біртұтас». Жалпы тұтастық бұл ең алдымен 
жаратушы мен жаратылыс тұтастығы. 
10-дәріс. Қазақ философиясы 
Дәріс сабағының қысқаша мазмұны. Қазақтардың тұтас халық ретінде бірігуі - XV-XVIII 
ғасырлардың жыраулары мен ақындарының негізгі тақырыбы. Асан Қайғының «Жерұйық» 
идеясы – тәуелсіз қазақ хандығын құрудың негізі. Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз жыраулардың 
шығармаларындағы адамгершіліктік-этикалық сұрақтар. Бұқар жыраудың этикалық 
философиясы. Қазақстанның Ресейге қосылуы кезеңіндегі қазақтың қоғамдық ойының даму 
ерекшеліктері. «Зар заман» дәуірінің ақындары Дұлат Бабатаев, Шортанбай Қанаевтың 
философиялық көзқарастары. Қазақ Ағартушылығы: қалыптасуының қоғамдық-саяси 
алғышарттары, еуропалық және орыс Ағартушылығынан өзгешеліктері. Шоқан Уәлиханов, 
Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев философиясының антропоцентризмі және гуманизмі. 
Абайдың философиялық «Қара сөзі» - әлемдік мәдениеттің қайталанбас құбылысы. Абай 
Құнанбаевтың дін философиясы және адамгершіліктік философиясы. Шәкәрім Құдайбердиев: 
ақиқатты іздеу. «Үш анық» - болмыс, жан және адамның адамгершіліктік жетілуі туралы 
философиялық пайымдау. Кеңестік кезеңдегі қазақстандық философияның негізгі мәселелері: 
диалектиканың, жаратылыстану ғылымдарының, ұлтаралық көзқарастардың, ғылыми 
атеизмнің, қазақтың қоғамдық және философиялық ой тарихының мәселелерін, әл-Фарабидің 
филосфиялық мұрасын зерттеу. Посткеңестің кезеңдегі қазақстандық философия: қазақтың 
ұлттық философиясы мен мәдениетінің рухани бастауларын, қазақ философиясының 
«ақтаңдақтарын» зерттеу, тәуелсіз Қазақстанның жаңа даму жолдарын іздеу, дәстүрлі және қала 
мәдениетін философиялық пайымдау, фарабитану ренессансы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет