Қазақтың ұлттық ою-өрнегі арқылы іскерлік шығармашылығын арттыру Ізденуші: Рыстай Гаухар 3-сынып оқушысы Бағыты



бет1/7
Дата29.12.2023
өлшемі296,61 Kb.
#145071
  1   2   3   4   5   6   7

Қазақтың ұлттық ою-өрнегі арқылы іскерлік шығармашылығын арттыру


Ізденуші: Рыстай Гаухар 3-сынып оқушысы
Бағыты: Сәндік қолданбалы қолөнері
Тақырыбы: Қазақтың ұлттық ою-өрнегі арқылы іскерлік шығармашылығын арттыру (ғылыми жоба)
Жетекшісі: Шүйкебай Гүлбараш


Аннотация
Қазақ ою-өрнегі –қазақ халқының ауыз әдебиеті сияқты мәдени шежіресі. Мақсат, болашақ ұрпақтарымызға ұмыт болып бара жатқан осы өнерді таныстырып қана қоймай, оны қолөнер, сурет, сәулет өнері және өндіріс салаларына ендіре отырып, осы өнерді қайта жаңғырту, оған жаңа мазмұн беру.
Кіріспе
Ғасырлар бойы қалыптасқан мұраның бүгінгі күнге жетуіне халық шеберлерінің қосқан үлесі айтарлықтай. Шеберлер қолынан шыққан көз тартарлық өнер туындыларының эстетикалық маңызы, тәрбиелік мәні зор.
Өзіміздің туған Республикамыздан табылып отырған ежелгі дүние өнерлі ғалымға көп жаңалык әкелді. Қола, темір дәуірлерінде осы аймақты мекендеген біздің ата-бабаларымыздың қолынан шықан өнер шығармалары өзінің бейнелігімен, айтар ойының тереңдігімен ғалымдар мен археологтардың назарын аударып отыр.
Осындай шығарманың бірі - қола дәуірінің шеберлері өмірге келтірген түрлі ою-өрнектер, әр түрлі бұйымдар, ожау, табақ, қасық сияқты олардың сыртқы беті өрнектен безендіріліп қажалып салынған. Сондықтан біз ерте дүние өнерін жай кездейсоқтықтан туған деп қарамай, оған көп көңіл бөліп, оны қастерлеуіміз қажет, тіпті солардан үйренуіміз керек. Өйткені, бұл - өнердің бастау - бұлағы, содан сусындап, содан нәр алып, қарыштадық емес пе?!
Ою-өрнек - адам баласының ақыл-ойларының толып-толқуымен, жүрегінің үлпілінен, өзін айнала қоршаған ортадан туған бейнелер. Гүлдің, жапырақтың, жан-жануардың бейнелері нақгы сол шыны қалпында берілмей, көшірілмей, бейнелер арқылы ою-өрнекке айналып, қолдану аясына ерекше мәнермен, үндестікпен, әуенмен жеткен. Бұл халықтың білімінің, шеберлігінің өсіп, ою-өрнек өнеріне қосқан үлесі, тапқырлығы, даныпшандығы.
Ою-өрнекті зерттеген, қолдарынан сан-қилы өрнектің үлгі- түрлерін жасап көрермендерді паш етіп қуантқан зергер, ұста, шеберлерімізді, ән мен жырға қосқан әнші, ақындарымызды айтпаған күнде оларға талдау жасап тарихқа жазып, сызып кеткен қазақ колөнерінің, оюдың не екенін басқа елдерге жеткізген, көптеген шет елдердің саяхатшыларын, тарихшыларын, этнографтарын, археолог-ғалымдарын айтуға болады. Олардың ішінде В.В.Стасов, Г.Н.Потанин, П.С.Паласс, И.Георги, А.К.Гейнес, С.М.Дудин, В.Н.Чепелевті және т.б. қосып айтуға болады.
Қазақ елінің топырағынан таралып, суын ішіп жоғарғы дәрежелі білім алып, сол білімдерін басқа ел мамандарына таныта білген және қазақ қолөнерін жоғары бағалап, талдау жасап, оның ішіңде ою-өрнекті топтастырып бір жүйеге келтірген этнограф, тарихшы, әдебиетші, өнертанушы ғалымдарымыз да бар. Олар Ш.Уәлиханов, Ә.Марғұлан, Х.Арғынбаев, С.Қасиманов, М.Мұқанов, Ө.Жәнібеков, Т.К.Бөсенов, Е.Масанов, Б.Тұяқбаева, Б.Әлмұхамбетов, Б.Ибраев, К.Ибраева, Т.Жанысбеков, Ж.Шәйкенов, Ұ.М.Әбдіғаппарова және т.б. ғалымдар зерттеген. Қазақ ғалымы Т. Бәсенов былай дейді: "Қазақ ою-өрнегін зерттеуде әр уақыттың, әр саланың ғалымдары көп еңбек етті. Бірақ бұл зерттеушілер халық ою-өрнегінің жұмбақ тілін жете түсіне, шынайы сырына үңіле алмады. Олар өз ойларын халқымыздың өнер кілтін ашатын тума тілде емес, буржуазиялық жат тілде, өзге халыққа деген астамшылық көзқараспен саралады. Өнерін зерттеп отырған халықтың тілі мен зерттеушінің ойы мен тілінің үндестік таппауы көптеген бұрмалаушылықтарға, тіпті елеулі ағаттықтарға әкеп соқтырды".
Аталмыш өнер кезеңіне академик Әлкей Марғұлан "Аңдабы мәнер" деп ат берген. Есік обасынан, Шығыс Қазақстаннан қазылып алынған "Алтын адам" киімі осы аңдабы мәнерінде жасалған өрнек. Міне, қазақ халқының ою-өрнек өнері осылайша түркі жосығымен, ол жосық ежелгі сақтар өнері зергерлік әшекейлермен тікелей сабақтасып отырады.
Қазақ халқының кемеңгер ғалымы Шоқан Уәлиханов "Тәңірі" атты еңбегінде біздің ата-бабаларымыздың әдеттен тыс табиғат құбылыстарын қасиетті санайтындығын айта келе: "Айдалада дара өскен ағаш... тәу етіп, басына түнеуге жарап жатыр. Жанынан өткен әрбір жолаушы оларға ырым етіп, әлем байлап, жанына ыдыс-аяқ тастап кетеді... басына құрбандық шалады", - деп жазса, түркі тілдес халықтардың ортақ мұрасы саналатын "Қорқыт Ата кітабында" да тікелей ағашқа бағышталған айшықты сөз бар. Бұл жалғаннан біз ағаштың қазақ тұрмыс-тіршілігіндегі қолданыс орнымен қатар, оның ата-баба таным, түсінігінен алар жүйесін де өте айқын байқай аламыз.
Келе-келе ұлттық қолөнердің дамуында сәулет ғимараттар, мүсін, ағаштардан жасалған қазақтың музыкалық ұлттық аспаптары, күнделікті қажет тұтынатын үй жиһаздары, ыдыс аяқтар өмірге келді. Енді адамдар сәулетті сарайлар, қалалар, ірі қорғаныс құрылыстарын салды, ғажайып ою-өрнектермен безендіре бастады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет