1
C
C
М. Жұмабаев
C
C
Шығармалары
2-том
Алматы
“Жазушы”
2013
МАҒЖАН
ЖҰМАБАЕВ
2
C
C
Шығармалары
C
C
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі
Ақпарат және мұрағат комитеті
“Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару”
бағдарламасы бойынша шығарылды
Жұмабаев Мағжан
Шығармалары (әдеби басылым). 2-том: Әңгіме,
ғылыми еңбек, мақалалар, аудармалар, жарияланба ған
өлеңдер / Құраст. Сәндібек Жұбаниязов
.
– Алма ты:
Жазу шы, 2013.– 376 бет.
ISBN 978-601-200-443-4
М. Жұмабаев шығармаларының екінші томына ақынның
«Шолпанның күнәсі» атты әңгімесі, «Педагогика» деп аталатын
ғылыми еңбегі және мақалалары мен аудармалары, сондай-ақ
бұрын жарық көрмеген өлеңдері енді.
ISBN 978-601-200-443-4 (2-том)
ISBN 978-601-200-441-0 (ортақ)
УДК 821.512.122
ББК 84 Қаз 7-44
Ж 87
Ж 87
© Жұмабаев М., 2013
© «Жазушы» баспасы, 2013
УДК 821.512.122
ББК 84 Қаз 7-44
3
C
C
М. Жұмабаев
C
C
ӘңгІме
4
C
C
Шығармалары
C
C
ШОЛПАННЫҢ КҮНӘСІ
І
Шолпан Сәрсенбайға шыққан жылы өзіндей жас келін-
шек термен аулақта кеңескенде: «Баласыз өмірдің қызығы
жоқ қой»,– деп аузымен ғана айтушы еді. Мал орнына
сатылып, жаны сүймеген жанға жар болатын қазақтың сан-
сыз қыздарының ішінен әлдеқалай өзінің сүйгеніне тиген
Шол пан шынында бастапқы жылы бала керек қылмады.
Ақ отау дың ішінде оңаша жатса да, яки күйеуін құшақтап
жатса да, ол ылғи ішінен: «Жасаған-ау, бала бере көрме?!»–
деп тілейтін еді.
«Балалы болсам, әдемі өмірім бұзылады-ау»,– деп ойлай-
тын еді Шолпан... Бала туса, күйеуімен екеуінің ортасында
бір тікенек өсетіндей болушы еді... Қиюласып қосылған екі
жанның арасына жат бір үшінші жан түскен соң, екеуінің
де жалынды, екпінді махаббаты бүлінер, бәсеңдер, суынар
деп қорқушы еді Шолпан.
Осы ойлармен талай түндерде, талай таң мезгілінде
Тә ңірден: «Бала берме!»– деп тілеп еді. Күншығыстан ақ
жібектей таң атып келе жатқан мезгілде, өзге адам сәждеге
құлап, маңдайын топыраққа былғап, тасқа ұрып, Тәңірден
бақытты тұрмыс, өшпес бақыт, кетпес байлық, әсіресе бала
сұрайтын кезінде, Шолпан күрсіне-күрсіне, Жасағанға:
«Бала бере көрме!» – деп жалынып еді. Затында баланы
жек көргендіктен емес, ерімен екі ортасындағы жібектен
нәзік махаббат жібі үзілмеу үшін, екі жанды бір-біріне қоса
білген иманнан да ізгі махаббатқа басқа бір жан келіп тап
салмау үшін, бала болмауын тілеп еді Шолпан.
Жас жүректің ұйтқыған ондай есалаң тілегі қабыл
бол ды ма, кім білсін, түскеніне үш жыл толды, Шолпан
5
C
C
М. Жұмабаев
C
C
құр сақ көтерген жоқ, құрсақ көтермегеніне Шолпан шын
разы еді. Ері мен екі ортадағы махаббат оты күн сайын
дүрілдемегенімен, бәсеңдемей, бір қалыпта тұрғаны сол
баланың жоқтығынан ғой деп ойлады Шолпан. Үш жыл
бойы ері де ешбір уақыт бала жоқтамаған сықылды еді,
үш жыл бойы Шолпаннан басқа, Шолпанның оттай ыстық,
желдей жібек құшағынан басқа ештеңе тілемеген еді. Оның
өмірінің басы да, аяғы да, «ағузисы» да, «сүбіханысы»
да Шолпан ғана сықылды еді. Дүниеде теңіз терең емес,
адамның жаны терең, Шолпанның ерінің жанының терең
түбінде қандай ой, қандай тілек жатқанын кім білсін,
әйтеуір, Шолпанға осылай көрінуші еді. Қысқасы, Шолпан
үш жыл бойына оны осы ойдан қайтаратын ешбір сөз де
естіген жоқ, ешбір іс те көрген жоқ. Дұрысы, баласыз өмір –
бос өмір деген сөзді басқа талай адамдардан естіді, бірақ
жаны сүйген жарынан естіген жоқ. Ғашық адамға Құран-
ның аяты қасиетті емес, жарының сөзі қасиетті, жарынан
басқа адамның сөзін не қылсын Шолпан!
Бірін-бірі қуалап ай соңынан ай озды, бірін-бірі жете-
леп жыл соңынан жыл озды, не керек, Шолпанның «бала
болмасын» деген ойы бекігеннен бекіді. Бірақ... жалпы
жаратылыста да, адамның өмірінде де, адамның ойында да,
өзгерістің даярлығы болмаса, дәл өзі ұзақ созылып барып
болмақ емес. Өзгеріс қашанда болса кенет болмақ. Екі ай,
үш ай, күз дейміз. Сонда күздің келгенін адам екі-үш ай
бойына сезіп жүрмейді. Бір-ақ уақытта, айталық, бір-ақ
түнде әжімді жүзі жылауық күздің келгенін сезіп қалады.
Шолпанның «бала болмасын» деген ойы да бір-ақ
түнде өзгеріп шықты. Ұршыққа оралған жіптей басы-
аяғы жоқ қыстың ұзын кеші еді. Іңірде мал жайлап болған
соң, Шолпанның ері әңгімелесіп отыру үшін құрбысы
Нұржанның үйіне кеткен. Нұржанның үйленгеніне бес
жыл болып еді. Бес жылдың ішінде үш баласы бар еді:
екеуі ұл, біреуі қыз. Шолпанның ері Сәрсенбай Нұржанның
6
C
C
Шығармалары
C
C
үйінде ұзақ отырып қалды. Сәрсенбайды ұзақ отырғызған
Нұржанның ұзақ әңгімесі емес, оның үш баласы еді. Әңгіме
дейтін әңгіме де болған жоқ, тек бәрі үш баланың қызығына
қарасып, мәз-мейрам болысты да отырды. Нұржанның
екі ұлы былдырласып өлең айтқан болысады. Білектерін
сыбанып, алақандарына түкіріп, тұшталаңдап, бір-бірімен
күресеміз деп ұстаса бергенде, аяқтары бір-біріне ша-
лынысып қалып, біреуі жығылады, екіншісі оның үстіне
жығылады. Үйде отырған жұрттың бәрі қарқ-қарқ күліседі,
балаларды кезек-кезек шақырып алып сүйіседі. Нұржанның
әкесі немересін шақырып алып, асты-үсті, алды-артынан,
тіпті сүймеген жерін қалдырмайды. Әсіресе, Нұржанның
кішкене қызының қылығы, тәттілігі балдан да тәтті еді.
Сәрсенбай Нұржанның үйінде осы балалардың у-шуы-
мен ұзақ отырып қалды. Жұртпен бірге ол да қарқ-қарқ
күлді. Ол да балаларды кезек-кезек сүйді. Нұржанның
үйінде Сәрсенбай ұзақ отырып, қайтуға шыққанда, ауыл-
дың бәрі-ақ жатып қалған еді. Қайтып үйге кірсе, Шол-
пан да жатқан екен, бірақ ұйықтаған жоқ екен. Шешініп,
Шолпанның қасына жатты да, Нұржанның балаларының
ісін, олардың тәтті қылықтарын әңгімелеп айта бастады.
Уһілемей, күрсінбей, «біздің баламыз жоқ-ау» деген уайым
да айтпай, қайта күле-күле сөйледі.
Сәрсенбай әңгімесінің арасында жай сөздің екпінімен:
«Балалы үй – базар, баласыз үй – мазар» деген сөз ып-
рас-ау дегенде, Шолпанның басында жаңа бір ой жарқ ете
түсті: үш жылдан бері балам болмасын деген тілегінің,
қате болғанда да, есалаң екендігі, бала болмаса, екеуінің
өмірінің қу мазарға айналатындығы еді. Араларындағы
жалынды махаббаттың заманның озуымен бірге бірте-бірте
май шамдай еріп сөнетіндігі, құшақтың ыстығы өмір бойы
бір қалыпта тұрмайтындығы, екі жүйрік жүректің екпіні
баяулаған кезде бір-бірінен жирендірмей, бір-біріне берік
байлайтын бала екендігі, баланың ер мен әйел арасындағы
7
C
C
М. Жұмабаев
C
C
дәнекер екендігі – міне, осы ойлардың бәрі сол сағатта ап-
айқын боп Шолпанның көз алдына келді.
Сәрсенбай балалардың тәтті қылықтарын күле сөйлеп,
ұзақ әңгіме етіп айтты. Төсекте жатып ол шын ынтасымен
қарқ-қарқ күлгенде, Шолпан да бірге күлді. Бірақ бұл күл-
ген Шолпанның жаны емес, бет терісі ғана еді.
Сәрсенбай манағы мақалды айтқаннан кейін Шолпан-
ның сұңқардай ұшқыр жанын, желдей еслаң жүрегін қара
жыландай қап-қара ойлар орап алып, улай бастап еді.
Түпсіз теңіздің қара көк толқындарындай қап-қара ойлар
бірінің артынан бірі келді... Үш жыл бойына созылған
есалаң тілек. Әлдеқайда алыста бұлдырлап келе жатқан
кәрілік. Көзінің оты сөніп, сұп-сұр күлге айналған, күздей
көңілсіз кәрілік. Жанның қанатын қырқатын, жүректің
отын сөндіретін кәрілік. Бала болмаса, сол кезде сөніп
бара жатқан өмірге кім сәуле берер, кім оны жылытар?..
Бала болмаса, сол кезде ішіндегі дәні шіріп, кеуіп қалған
шөптің қауызындай бос өмірдің кемтігін кім толтырар?..
Жоқ-ау! Әлдеқайда алыстағы кәрілікті қоя тұршы. Оған
өмір не жетер, не жетпес, сол кәрілік жетпей-ақ, осы күннің
өзінде-ақ, өмір босап қалайын деп тұрған жоқ па? Жаһанда
онан күшті нәрсе жоқ деп иман келтірген махаббаттың
күші ерімен екеуін бір-біріне берік байлауға үш-ақ жылға
ғана жетіп, енді өз-өзінен сөнейін деп тұрған жоқ па? Ессіз
Шолпан үш жыл бойына бала болмасын деп тіледі. Енді
сол бала болмағандықтан ертегідей, әдемі өмір қу мазарға
айналайын деп тұрған жоқ па? Міне, Шолпанның жанын-
да қара көк теңіздің толқындарындай ұйтқыған ойлардың
қорытындысы осы еді.
Сәрсенбай әлдеқашан ұйқыға кетті. Бірақ Шолпан анау
ойлармен уланып, кірпік қаққысы жоқ. Қыстың ұзын түні
шайтанның шашындай ұзайғаннан ұзайды. Шолпанның
ойлары да тереңдегеннен тереңдеп, қарайғаннан қарайды...
Күншығыстан ағарып алтын таң атып келе жатқанда,
Шолпан болар-болмас күбірлеп: «Жасаған-ау, бала бере
8
C
C
Шығармалары
C
C
гөр!» – деп, жас балаша өксігін баса алмай, Жасағаннан
бала сұрап жатыр еді.
ІІ
Осы түннен былай қарай Шолпанның бар тілегі бала
болды. Жатса да, тұрса да, ояу болса да, ұйықтаса да:
«Жасаған-ау, бала бере гөр!» деген тілекті Шолпанның
не аузы, не жүрегі айтушы еді. Бірақ бірін-бірі қуалап
ай соңынан ай озды, тілей-тілей тілек тозды. Соға-соға
жүрек тозды, тілек тозды, жүрек тозды: өмір тозды. Талай
түндерде көзден емес, жүректен ыстық жас төкті. Сопы
болды, ылғи дәрет алып, таза жүрді, намаз оқыды. Күн сай-
ын таң сібірлеп келе жатқанда-ақ тұрып, сәждеге құлады,
таспиғын санап, «сұбханалла» айтты. Бірақ бала болмады.
Шолпан өзінің сопылық жолға түсу себебі «бала» екендігін
ешкімге айтқан жоқ. Жанынан жақын ері Сәрсенбайға
да айтқан жоқ. Сондықтан Шолпанның мынау мінезі
Сәрсенбайға да, басқаларға да жат, оғаш көрінді. Жақыны
да, жаты да күлісті, келемеж қылысты. «Ой, сен пірәдар
болайын деп жүрсің бе?» – деп күлетін болды Сәрсенбай.
Ауыл-аймақ Шолпанға: «Пірәдер келін», «Пірәдер жеңге»,
«Пірәдер абысынымыз» деп ат қойды. Үлкен де, құрбы
да, бала-шаға да күлді. Бірақ Шолпан жүрегіндегі жараны
ешкімге ашқан жоқ. Ашқанмен, олар ұғар ма еді? Тегінде
адамның жүрек сырын шеттің ұғуы мүмкін нәрсе емес қой.
Теңіз терең емес, адамның жаны терең. Су түбінде жатқан
зат жел толқытса ғана шықпақ. Ой түбінде жатқан сыр
шер толқытса да шықпақ емес. Шықса, шер мен сырдың
көлеңкесі, сәулесі ғана шықпақ. Дүниеде адамнан қиын
жұмбақ жоқ. Адам – шешуі жоқ жұмбақ. Шешуі деп атауға
болатын болса, адамның шешуі жалғыз өлім. Осы ойлар
Шолпанның жанында таспиқтай тізілген ретті болмаса да,
оның жаны соқыр сезіммен осы ойларға өзі барып тірелген
еді әм Шолпанның жүрек жарасын ешкімге сездірмеске
9
C
C
М. Жұмабаев
C
C
тырысуының себебі осы еді. Не керек, жақын, жаттың ор-
тасында жалғыз болды. Бітеу жара болды, жалғыз өртенді,
жалғыз жылады, дүниеден безді, сопы болды. Бала сұрады,
қалайда бала болмады.
Бала... сол бала үшін қандай ессіздік істемеді есті Шол-
пан! Ұшыраған молдадан дұға алып бақты. Аты естілген
қожадан ішірткі жаздырып ішті. Көрінген сәлдеге үшкіртті.
Шиқандай қып-қызыл бетті қожа бесті бұқадай суға қарап:
«Тіпу-тіпу!» – деп үшкіргенде, қожаның «қасиетті» лебі
шетке бытырамай, тура түгел ішіме барсын деп, жүрегі
ойнап, жүзі бір қызарып, бір ағарып, бетін қожаның аузына
тақап, тосып отырушы еді Шолпан. Ылғи: «Көзім қарайып,
басым айналады»,– деген сылтау тауып, өзін бақсыға да
қаратты. Тағы... тағы... не істемеді Шолпан?! Өртке ұшырап
аласұрған жан не істейтін болса, Шолпан да соның бәрін
істеді. Бірақ бірін-бірі жетелеп жыл соңынан жыл озды.
Баладан белгі болмады. Шолпан тілеуден талмады. Көзінде
жас қалмады. Дүниеден безді. Пірәдар болды, әулиеге ат
айтты, қорасанға қой айтты: «Жасаған-ау, бала бере гөр!»–
деді. Бірақ тілек іске аспай, аяғы жоқ жыр болды. Көл
болып төгілген көздің жасы жерге сіңді, тілек тозды, өмір
озды, Шолпан бала көтермеді. Қанша жалынса да, қанша
жыласа да Жасаған оған бала бермеді. Кім біледі, Тәңірінің
Шолпанға бала бермеуі өзінше дұрыс шы ғар, өзінше жөн
шығар. Бастапқы жылдардағы Шолпанның «Бала бере
гөрме!» деген тілегін қабыл қылып, тозбайтын, қайта
түзелмейтін тақтайына жа зып қойған шығар. Шолпанның
ендігі тілегі – болары болып, бояуы сіңген, соңғы пайдасыз
бос тілек шығар. Ірі саудагер лер дің бір айтар: «Сауда жоқ!»
дейтін мінезі, кім біледі, Тәңірде де бар шығар. Тегінде,
Тәңірі де ауыздықсыз, арсыз саудагер. Тізгінсіз, менмен
әкім мінездері де бар секілді.
Мұндай мінезі болмаса, бұйрығымды бұздың деп, ата-
мыз Адамды жұмақтан тырдай жалаңаш айдап шығар
10
C
C
Шығармалары
C
C
ма еді? Топырағыма табынбадың деп, әзәзілді ібіліске
айнал дырар ма еді?.. Кім біледі, Тәңірі ежелгі осы белгілі
белдігіне салды ма? Қалайда Шолпанға бала бермеді.
Дұғалық нағыз, ішірткі ішу, үшкірту, түкірту, қақтыру-
соқтыру, намаз, ораза, садақа, нәзір һәм басқа басы-аяғы
жоқ құлшылдықтан ақырында Шолпан шаршады. Бұл
құлшылдықтардан ешбір пайда болмайтындығына көзі
жетті. Тілегі қабыл болмады – Тәңірден тәуелі қайтты,
өмір шіркін ескен желдей озып барады. Өмір – бір құрулы
машина.
Тоқтау білмейтін, шаршау білмейтін жансыз маши-
на. Әлдекімнің жас орнына қан жылағанын, әлдекімнің
үміті өшіп, гүлі солып жатқанын, дөңгелектің арасында
әлдекімнің қолы, аяғы, басы – барлық денесі кеткенін,
денесі ғана емес, жаны, жүрегі кеткенін не қылсын?!
Қайрылып қарау білмейтін, аяу білмейтін өмір Шолпанның
да жүрегінен саулап аққан қанына, қанаты сынып өліп
жатқан жанына кідіріп, бұрылып қараған жоқ. Жалғыз ау-
зынан емес, бар денесінен көбігі бұрқырап, таудан құлаған
есалаң өзендей есалаң өмір озып бара жатты. Өмірдің әрбір
минуты сайын Шолпан ойының, Шолпан жанының әрбір
ұшқыны өліп жатты.
Өмір озады, тілек тозады – бала жоқ. Енді не қылмақ ке-
рек? Жоқ, дұғалығы, молдасы, қожасы құрысын! Құлшылы-
ғы құрысын! Айтқанынан қайтпайтын қасарған тәкаппар
Тәңірісі бар болсын! Жоқ, бала болудың кілті көкте емес,
адамның өзінде шығар.
Бала болу ер мен әйелдің өзіне байлаулы шығар. Шол-
панның бұл күнге шейін бала көтермеуі, кім біледі, оның
шын әйел бола алмағандығынан шығар. Ермен жатқанда,
барлық қазақ әйеліндей қаннен-қаперсіз жай бір жұмыс
істегендей салқын жатуынан шығар. Ермен қосылғанда,
сол қосылу ісіне жан-денесімен беріле білмеуінен, оның
құшағының жалыны әлсіз болғандықтан, сүюінің оты кем
болғандықтан шығар...
11
C
C
М. Жұмабаев
C
C
Осы әрі тәтті, әрі улы ойлардың билеп айдауымен
Сәрсенбайға жатқанда, тіпті екінші түрлі жата баста-
ды. Денесі өртке, құшағы жалынға, аузы отқа айналды.
Сәрсенбайдың қойнына жата бастағанда, мойнына бұғалық
түскен киіктің асау лағындай, өміріне ер затын бірінші рет
көретін он үш жасар жас қыздай дірілдеп, күйіп-жанатын
болды. Құшақтағанда, Сәрсенбайдың қабырғаларын бір-
біріне қабыстырғандай қысып-қысып құшақтайтын бол ды.
Аузы нан Сәрсенбайдың бетіне от жібергендей құшыр ла-
нып, жалындап сүйетін болды. Шолпанның улы құшағында
сең соққан балықтай соқтығып, у ішіп айныған адамдай
елжіреп жатып Сәрсенбай: «Ой, сен кәрі боз, қартайғанда
жорға шығарайын деп жүрсің-ау!» – деп ырс-мырс күлетін
еді. Сәрсенбайдың мынау күлкісі Шолпанның жүрек жара-
сына бұрыш себетін еді. Сол кездерде оның көздеріне ме-
руерттей мөлдіреп жас келетін еді. Жанынан жақын көрген
Сәрсенбайдың оның жан сырын, жүрек жырын ұқпағанына
зығырданы қайнаушы еді, жүрегі уға толушы еді. Бала үшін
дүниеден безіп, сопы болып жүрген кезінде «пірәдар» деп
келемеж қылғанына, сол бала үшін жан-тәнімен беріліп,
әдейі есалаңданған шақтарында оған «Жорға» деп ат
қойғанына – Шолпан Сәрсенбайға шын-шын ренжуші еді.
Бала... бала екеуінің де жоғы емес пе? Екеуіне бірдей
керек байлам емес пе? Сәрсенбай сол ортақ жоқты неге бір-
ге іздеспейді? Баласыз өмірдің бос екенін неге сезбейді ол?
Ол неге сол іздеу отына Шолпанмен бірге түспейді, бірге
жанбайды? Еркек атаулы бала дегенде, ішкен асын жерге
қойғанда, Сәрсенбай неге бала деп аузына алмайды? Әлде...
әлде... жоқ... болмас... болмас... кім біледі... жоқ... ендеше,
ол неге бала іздемейді? Неге... неге... шынында ол, әл де
бедеу еркек пе екен? Тәңірім, Тәңірім... егер ол шы нында,
ол бедеу болса... құлшылықтың кемдігінен, құшақтың
салқындығынан болмай, Сәрсенбайдың бедеулігінен болса!
Бес жылдан бері Шолпанның жүрегіне түскен жара мәңгі
жазылмайтын жара болғаны ма? Жайнамаз үстінде төгілген
12
C
C
Шығармалары
C
C
ыстық жастар, жалынды құшақтар, отты сүюлер – бәрі
әсерсіз, желге кеткені ме? Бала деген құр сөз болып, сағым
қиял болып қалғаны ма? Енді қалған өмірдің жапырағынан
айрылған қайыңдай жап-жалаңаш болып озғаны ма? Жа-
лынды махаббатпен қосылған өмір қиюы кеткен екі ағаш-
тай бір-бірінен бірте-бірте айрылмақшы ма? Заулап жанған
махаббат бірте-бірте бесеңдеп, бықсып сөнбекші ме?..
Махаббат сөнсе, өмірде не қызық қалады?!
Сөз жоқ, Сәрсенбай – бедеу. Сондықтан бала жоқ. Бала
жоқ болған соң, мен бақытсыз... мен бақытсыз болғанда,
Сәрсенбай бақытты ма? Оның жүрегі жанбай ма? Өзінің
екі өмірді улаушы екенін ойлап, оның жүрегі жанбай ма?
Қартайған күнде өмірді жылытатын от – бала оған керегі
жоқ па? Сөз жоқ, мен бақытсыз болсам, Сәрсенбай да
бақытсыз.
Ендеше, осы батып бара жатқан өмір кемесін бақыт
жарына кім сүйреп шығара алады?
– Шолпан! Жалғыз Шолпан. Бір өмір үшін емес, екі
өмір үшін Шолпан осыны істеуге міндетті. Шолпан бала
табуға міндетті.
Теңізден терең, таудан зор күнә қылып болса да, ол бала
табуға міндетті. Ізгі тілек үшін істелген күнәні Жасаған
кешпес пе екен? Жоқ, Құданың рақметі мол, ол кешеді.
Тәңір кешер-ау, бірақ адам кешер ме?
Ұрлық қыл да мал тап,
Ойнас қыл да бала тап.
Осы мақалды шығарған кісіге лағынет жаусын! Ла-
ғынет!.. Жасаған-ау, өзің кеше гөр, бір өзің...
Шолпанның осы күнәлі ойлармен уланып, ыстық жасқа
шомылып жатқаны Сәрсенбайға тигенінің сегізінші жылы
еді...
13
C
C
М. Жұмабаев
C
C
ІІІ
Май айы. Ауыл қыстаудың жанына жылжып қана
қонған. Шаршы түс мезгілі. Кішкене жел бар. Маса жоқ
есебінде. Көкте көк ала торғын бұлттар маужырап қалғып,
ерініп қана әлдеқайда жылжып бара жатыр. Ауада торғын
оралып жүрген сықылды... Желіде еркелікпен тартылып,
мойны ның ауырғанына қарамай қиястанып асау құлындар
тұр. Олардың жанында құйрығы мен арқасын анда-санда
салмақпен сипап тұрған сақа биелер.
«Құлыным-ау, құр мойның ауырады, қиястықтан пайда
жоқ» деп ақыл үйреткен сықылды. Құлынның алды-артына
түсіп: «Бұ не болды саған? Не болды саған, құлыным?» –
деп абыржып қулықтар жүр. Қулықтардың бұл мінезін
ұнатпай, «өй, елпеңдеген сорлы, сабыр қылсайшы, ешбір
бәле жоқ!» дегендей, кәрі айғыр құлағын әлсін-әлсін жы-
митып қояды. Қой әлі өрістен келген жоқ. Үйшіктегі қарны
ашқан қошақайлар «мә-мә» деп зарлап тұр...
Сол уақытта ақ отауының алдында күнге жылынған
мысықтай керіліп Шолпан отыр еді. Ол бір нәрсе тігіп
отырған сықылды. Бірақ шынында ол тігіп отырған жоқ.
Үш айдан бері аруақтай артынан қалмай жүрген күнәлі
ойларын ойлап отыр еді. Бір ай болады, Шолпан күнәға
белін берік байлаған. Ізгі тілек үшін ізгі күнә істеуге, бір
бала үшін жан жары Сәрсенбайға қиянат қылуға ол ойын
бекіткен. Сәрсенбай бүгін қонаға қалаға шығады. Әйтеуір
істейтін болған соң, ұзаққа созып, умен құр улана беруде
не қасиет? Жарайды, соза беруде қасиет жоқ, бірақ лайық
кім бар?
Болашақ балаға ата болуға лайық кім бар? Жылқышы
Адамқұл... Дұрыс, құлмен жүрсе, сыр шетке паш болмас
еді, жабулы қазан жабулы күйінше қалар еді. Бірақ...
Адамқұлдан қандай бала тумақ? Күңнен күң, құлдан құл
тумақ емес пе? Болса, бала құл болмасын, ұл болсын. Бала
болса, мүт болсын, мүт болмаса, жоқ болсын. Ынжық,
14
C
C
Шығармалары
C
C
жасық құл баланың болғанынан болмағаны игі... Жоқ,
жоқ, Адамқұлы адыра қалсын! Жә, енді кім бар? Ешкім
жоқ. Махаббаттың ақ қанатын кірлетуге тұратын, әсіресе
болашақ балаға ата бо луға лайық ешкім жоқ. Шынымен еш-
кім жоқ па? Шойбай... жоқ... Жұмағали... жоқ... Әзімбай...
Әзімбай... Әзімбай қалай болар? Текті атаның баласы, өзі
жас, дені сау, сымбатты жігіт. Жасы 18-19-дан артық жоқ
шығар. Ұзын бойлы. Екі жауырынына екі кісі мінгендей.
Ылғи күліп қана тұратын қой көзді. Жаңа шығып келе
жатқан қара мұрты қара жібек сықылды. Ойбай-ау, сол
Әзімбайдың өзі үш жылдан бері Шолпанға «жеңге» деп
күңкілдеп жүрген жоқ па еді? Әлі ысылмаған жас қой:
Шолпанға сөз айтқанда, сақа бозбалалардан естіген сөзді
жаттап келіп қана айтушы еді. «Жас жастың тілегі бір,
жібектің түйіні бір...».
Ұршыққа оралған жіптей бас-аяғы жоқ ойлардың дәл
осы жеріне келгенде, Шолпанның ерні күлгендей болды...
Дәл сол мезгілде үй артынан Әзімбай шығып: «Жеңге,
іске сәт!» – деп, Шолпанның жанына жантая кетті. Ақын
айтқандай, «бетке шықпай қала ма жүрек ізі», Әзімбайды
көргенде Шолпан жүрегі аузына тығылып, бір қуарып,
бір қызарып кетті. Шолпанға күнә қылып жатқанда, біреу
үстінен шығып қалғандай, күнәлі ойларын Әзімбай біліп
қойғандай көрінді.
– Ерте-кеш қолыңнан бір іс түспейді-ау, жеңге. Тігіп
отырғаның не?– деп, Әзімбай Шолпанның тізесінің
үстіндегі көйлекті ұстаған болып, Шолпанның санын
шымшыңқырап алды.
– Қойшы, сал жігіт! Біртүрлісің-ау!.. Жақсы ағаң бүгін
қонаға қалаға шықпақшы еді. Соның бір көйлегінің жеңін
ұштап отырмын. Сені де қалаға жүреді деп еді ғой.
– Жақсы ағам бүгін қалаға жүре ме?.. Жә, жеңге үш
жылдан бері айтып жүрген сөзім өмір бойы аяқсыз қала ма?
Жүрегің бір елжіреуді, аяуды білмейтін тас екен!..
Достарыңызбен бөлісу: |