Бағдарламасы «Информатиканы оқыту әдістемесі»



бет1/8
Дата22.02.2023
өлшемі177 Kb.
#69946
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
metodika dlya pimno-3kurs rab pr


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі


М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Жұмыс оқу бағдарламасы
«Информатиканы оқыту әдістемесі»
_____________________________________________________
(пәннің атауы)‏
5В010200-«Бастауыш мектепте оқыту әдістемесі және педагогикасы»
мамандығы бойынша
кредиттік оқу жүйесінде оқитын
студенттерге арналған

2 кредит

Орал қ. - 2013


1 Құрастырушы
БҚМУ, п.ғ.к., доцент Медешова А.Б.


2 Пікір беруші
Кажиакпарова Ж.С. п.ғ.к, Еуразия академиясының ақпараттық технологиялар факультетінің деканы
Джонисова Г.К. п.ғ.к., М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы


3 Бекітілді және қолданысқа енгізілді
М..Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің оқу-әдістемелік кеңес шешіміне сәйкес
«__» __________201__ ж. хаттама № ____


4 Жұмыс оқу бағдарламасы 5В011000-«Физика», 5В010900-«Математика» мамандығының элективті пәндер каталогына сәйкес құрастырылды.

________________________________________________________________




5 Қаралды
Физика-математика факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінде
«__» __________201__ ж. Хаттама № ___


«Бастауыш мектепте информатиканы оқыту әдістемесі»
3– курс (5 семестр)


Курстың қысқаша мазмұны
Бастауыш сатыда берілген білім - тірек білім. Окытудағы сабақтастық алдыңғы сатыдағы оқушылардың білім, икемділіктерін оқытудың келесі сатысында кеңінен қолдануды және әрі қарай жетілдіре, дамыта түсуді көздейді. Оқытудың кіріспе курсынан алынған білімі базалық, бейіндік деңгейлерде өрбіп, қарапайымнан күрделіге көшу қағидасы негізінде құзыреттілікке баулитын білім меңгеріледі. Сондықтан бастауыш сынып жеке тұлғаны қалыптастырудың, мәдениеттілікке үйренудің іргетасы саналады.
Бастауыш сыныпта информатиканы оқыту мұғалімдерін даярлау бағыттарына, әсіресе, ақпараттық мәдениетті, компьютерлік сауаттылықты, алгоритмдік ойлауды, шығармашылық қызметті дамыту мақсаттарын шешуге бағытталған информатиканы оқытуға аса көңіл бөлініп отыр.
“Информатиканы оқыту әдістемесі” курсы бастауыш мектепте оқыту әдістемесі және педагогикасы мамандығы студенттерінің информатиканы оқыту бойынша әдістемелік дайындығын қамтамасыз етеді және жеке тұлғаның ақпараттық, коммуникативті, проблеманы шешу құыреттілігін қалыптастыруға үйретуді жүзеге асырады. Информатика, кибернетика, философия және бастауыш мектеп педагогикасы, психологиясы ғылымдарымен ұштастыра қарастырылады.
Бастауыш мектепте информатиканы оқыту әдістемесінің жалпы мәселелері бойынша информатика курсының құрылымы мен мазмұны, оқыту әдістері, түрлі деңгейлерде информатиканы оқыту ерекшеліктері мен сыныптан тыс шараларды ұйымдастыру, кабинетті жабдықтау мәселелері оқытылады.
Бастауыш мектепте информатиканы оқыту әдістемесінің дербес сұрақтарында курстың құрылымы мен мазмұны тереңдетіле қаралып, сабақ жоспарын құруды үйренеді.

Курс мақсаты мен міндеттері:


Курс мақсаты:

        • бастауыш сыныптарда информатика пәнін окыту әдістемесі, компьютерлік білім беру, бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық белсенді іс-әрекетін және ақпараттық, коммуникативтік, проблеманы шешу құзыреттіліктерін қалыптастыруға үйрету.

  • информатиканы оқытудың әдіс-тәсілдерін, ұйымдастыру формаларын меңгерту.

Оқытылған білім мектепте информатиканы оқытуда, құзыретті мұғалім болуда жеке басына көмек болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет