Бағыттары ІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного образования


Инклюзивті оқыту- негізгі принцептері



Pdf көрінісі
бет74/96
Дата08.01.2017
өлшемі14,44 Mb.
#1410
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   96

Инклюзивті оқыту- негізгі принцептері: 

1.  Адам  құндылығы  оның  мүмкіндігіне  қарай  қабілеттілігімен,  жеткен 

жетістіктермен анықталады. 

2. Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті. 

3. Әрбір адам қарым қатынасқа құқылы. 

4. Барлық адам бір-біріне қажет. 

5. Білім шынайы қарым-қатынас шеңберінде жүзеге асады. 

6. барлық адамдар құрбы-құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді. 

7. Әрбір оқушы үшін жетістікке жету-өзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын 

әрекетін жүзеге асыру. 

8. Жан-жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді. 

Инклюзивті бағыт кемтар балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы 

өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады. 

Еліміздің  Ата  заңында  барлық  бала  жалпы  орта  біліммен  қамтылуы  тиістігі 

жазылса да, өкінішке орай мүмкүндігі шектеулі балаларды оқыту өзекті мәселе күйінен 

түспей тұр. Олардың қатары жыл сайын өсіп жатқандықтан, жарымжан балаларға білім 

беру  жүйесін  жетілдіру  қажет.  Мәселе  Аудан  бойынша  мүгедек  және  мүмкіндігі 

шектеулі балалардың саны 2013 жылғы есеп бойынша 378-ге жеткен. Ауданымыздын 

жалпы орта білім беретін 16 мектебінде 113 мүмкіндігі шектеулі (психикалық дамуы 

тежелген  балаларды) балалар  инклюзивті білім нәрімен сусындалады. Қазір  олардың 

мүмкіндіктерін ескере отырып, өзгелермен теңдей білім алуына жағдай жасау қажет. 


 

778 


 

«Білім  туралы»  Қ.Р-ның  Заңының  21-тармағының  3  тармақшасына  сәйкес 

инклюзивті  білім  беру  –  оқытудың  тиісті  білім  беретін  оқу  бағдарламаларына  білім 

алушылардың  өзге  де  санаттарымен  тең  қолжетімділікті,  арнайы  жағдайларды 

қамтамасыз  ету  арқылы  дамытуға  түзету-педагогикалық  және  әлеуметтік  қолдауды 

көздейтін, мүмкіндігі шектеулі адамдарды бірлесіп оқыту және тәрбиелеу;". Сондықтан 

мамандар елімізде инклюзивті білім беруді дамыту қажет екендігін алға тартады. 

 

Қорытынды 

 

Қорыта айтқанда ақыл-ойы кем балалардың жеке тұлғалық ерекшеліктері нормаға 

қарағанда  анағұрлым  кеш  байқалады,  ал  кейбіреулерінде  мүлдем  қалыптаспайды. 

Қазіргі таңда еліміздегі мүмкіндігі шектеулі балалар өзінің қадір-қасиетін қамтамасыз 

ететін,  өзіне  деген  сенімділігін  арттырып  және  қоғамдық  өмірге  белсене  араласуына 

жәрдемдесетін толыққанды жағдайларда лайықты өмір сүруде. Ақылы кем балаларға 

жан-жақты  педагогикалық  қолдау  көрсетіп,  әрбір  оқушы  шама-шарқына  қарай  білім 

көлемін меңгеруі қажет. 

  Барлық  білім  түрін  бақылау,  балаларды  ынталандыру,  іс-әрекет  мүмкіндігін 

дәлелдеу, ойлау қызметін жинақтап, қорыту оның ішіндегі білім мен икемділікті жаңа 

жағдайға көшіру, сезіну  – сөздік логикалық жүйе мен практикалық ойлау қызметінің 

құрамды  бөлігімен  ара-қатынасын  анықтау,  тапсырманы  өз  бетінше  шешу,  үлкендер 

жағынан  көрсетілген  көмекті  қабылдау  қабілетін  дамыту  және  тұлғалық 

ерекшеліктерінің  қалыптасуына  ықпал  ететін  факторлардың  ішіндегі  маңыздысы 

педагогтың, мектеп психологының бағалауы болып табылады. 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 



 

1.

 



ҚР - ның білім туралы Заңы 2008 ж  

2.

 



 ҚР Мемлекеттік Білім стандарты 2010 ж  

3.

 



ҚР - ның 2011- 2020 жылға дейінгі білім беруді дамыту бағдарламасы, Астана, 

2010 ж  


4.

 

ҚР - ның 12 жылдық жалпы білім беру тұжырымдамасы, Астана, 2006 ж  



5.

 

Әлеуметтік педагог №3. 2011 ж 



6.

 

 Вайзман Н.П. Психомоторика умственно отсталых детей. – М., 1997. 



7.

 

Выготский  Л.С.  Проблема  умственной  отсталости  //  Собр.  соч.:  В  6  т.  –  М.: 



Педагогика, 1983. – Т.с. – 275б.; – Т.3. – 301б. 

8.

 



Выготский  Л.С.  Проблема  умственной  отсталости.  Умственно  отсталый 

ребенок / Под ред. Л.С. Выготского и И.И. Данюшевского. – М.: Учпедгиз, 1995. – 390б. 

 

 

 



 

 

 



 

779 


 

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕЛЕРДЕ ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДА 

ҚАЗАҚ ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ ДӘСТҮРЛІ ЕҢБЕК ТҮРЛЕРІНІҢ 

МАҢЫЗЫ. 


 

Мергембаева А.Ж 

№42 «Тілек» балабақшасы 

 

Қазақ халқында арнайы бала тәрбиесімен айналысатын мектепке дейінгі ұйымдар 



(балабақша) болмаса да, өз ұрпағын бесікте жатқан кезеңінен бастап, бесік жыры мен 

ұлттық  ойындар,  ертегі,  аңыз-әңгіме,  тақпақ,  санамақ,  қаламақ,  т.б.  арқылы  еңбекке, 

адамгершілікке тәрбиелеп отырған. 

Аяғы  шығып,  еңбегі  қатып,  тілі  «р»-ға  келген  ойын  баласын  тәрбиелеудің  ел 

ішіндегі  дәстүрі  де  тәрбиеші  ұстаздар  назарын  аударуға  тұрарлық  қызықты  да, 

қызғылықты  объектісі  болған.  Мәселен,  «Ұяда  не  көрсең,  ұшқанда  соны  ілерсің», 

«Ұлың  жақсы  болсын  десең,  ұлы  жақсымен,  қызым  жақсы  болсын  десең,  қызы 

жақсымен  ауылдас  бол»,  –    деп  келетін  мақал-мәтелдердің  астарында  қаншама  мән 

жатыр. 

Мектеп жасына дейінгі балалардың еңбек тәрбиесінде отбасының және мектепке 



дейінгі ұйымның алатын орны ерекше. Оны    қоғамдық    тәрбиенің    қандай    саласы  

болса  да  алмастыра  алмайды.  Отбасындағы  тәрбие  мен  мектепке  дейінгі  мекеменің 

оқыту және тәрбиелеу мақсаттарын өзара біріктіре отырып, екі жақтан баланы біріге 

отырып,  мәдени-әлеуметтік  ортадағы    дәстүрлі  еңбек  түрлерінің  құндылығын 

қабылдату, аға ұрпақтың, ата-бабалардың, даналардың ақыл-кеңесін, еңбек тәжірибесін 

бойына сіңіру, қоршаған ортаға, адамзат қоғамына пайдалы азамат етіп тәрбиелеу. Аға 

ұрпақтың,  еңбек  тәжірибесі,  үлгі-өнегесі,  өз  борыштары  мен  парыздарын  мүлтіксіз 

орындауы – еңбек тәрбиесінің үлкен мектебі. 

Төрт түлік малды тіршілігіне тірек еткен көшпелі халықтың ұрпақ тәрбиесінде де 

сол  негізді  тұғыр  еткендігі  заңдылық,  дәстүрлі  бала  тәрбиесіндегі  еңбекке  баулу 

тәсілдерінің өзінен-ақ талай сыр ұғуға болды. Мысалы, аяғы шыққан жас бала қозы-

лақты ермек етсе, есейе келе құлын мен ботаны маңайлайды. Ал тай үйретіп міну – қазақ 

баласының  өзіне-өзі  қызмет  етуінің  жарағандығының  белгісі.  Бір  қарағанда  

тұрпайылау  көрінгенімен,  осы  әрекеттердің  барлығында  да  тәрбиенің  үлкен  мектебі 

жатыр.  Бала  еңбектің  әліппесін  көзін  ашқаннан  оқып,  оның  не    екендігін  жан-

дүниесімен  сезініп  өспек,  сондай-ақ  бүкіл  жан-жануарлар,  табиғат  әлеміне  деген 

сүйіспеншілік  те  бала  көкейіне  осы  кезден-ақ  мысқалдап  дариды.  Мейірімділік  пен 

имандылықтың  да  алғашқы  ұрығы  бала  жүрегіне  осылайша  біртіндеп  сіңіріледі. 

«Қошақаныңа тиме, ол да өзіңдей сәби ғой, обал болады»,  «көк шөпті жұлма,  көктей 

соласың»  немесе  «күшігіңе  тамақты өз қолыңмен бер, сауап болады» деп келетін ата-

аналар  сөзінде  халық  санасында  жылдар  бойы  қалыптасқан  философиялық  қағида 

жатыр. 


Дәстүрлі   тәрбие    дағдысы    бойынша баланың қабырғасы қатысымен шамасына 

қарай  еңбекке  араластырады.  Ер  бала  әке  қолғанатына  айналып,  қыз  бала  үй  ішілік 

тірлікке қол ұшын береді. Қазіргі таңда осы жоғарыда аталған халықтық педагогикаға 

сәйкес    қарапайым  еңбек  дағдыларын  бала  санасына  жастайынан  орнықтыратын 



 

780 


 

алғашқы тәлім-тәрбие баспалдағы – балабақша. Мұндағы негізгі міндет  – сана-сезімі 

ұлттық психология негізінде қалыптасқан, қазақ халқының дәстүрлерін меңгерген, дені 

сау, ақылды, парасатты, елжанды азамат тәрбиелеу. 

Балабақшадағы балалар еңбегінің негізгі төрт түрі бар: өзіне-өзі қызмет көрсету, 

шаруашылық-тұрмыстық еңбек, табиғаттағы еңбек және қол еңбегі. Еңбектің жекелеген 

түрлерінің үлес салмағы түрлі жас кезеңдерінде бірдей емес. Олардың әрқайсысының 

тәрбие міндеттерін шешуде белгілі өз мүмкіндіктері бар. 

Өзіне-өзі  қызмет  көрсету  өзін  күтуге  (жуынуға,  шешінуге,  киінуге,  төсегін 

жинауға, жұмыс орнын әзірлеуге және т.с.с.) бағытталған. Еңбек қызметінің бұл түрінің 

тәрбиелік маңызы ең алдымен оның өмірлік қажеттігінде. Бұл іс-әрекеттер күн сайын 

қайталанатындықтан,  балалар  өзіне-өзі  қызмет  көрсету  дағдысын  мықтап  игереді; 

өзіне-өзі қызмет көрсету міндет ретінде ұғыныла бастайды. 

Мектепке дейінгі сәбилік шақта өзіне-өзі қызмет көрсету белгілі қиыншылықтарға 

байланысты,  мысалға,  саусақ  бұлшық  еттерінің  жеткілікті  дамымағандығы, 

әрекеттердің бірізділігін игерудің қиындығы, оларды жопсарлай білмеушілік, көңілінің 

оңай бөлінуі, ал мұның өзі дағдылардың қалыптасу процесін тежейді, кейде баланың 

қажетті  әрекетті  орындауға  құлықсыздығын  туғызады.  Алайда  тәрбиеші  балалардың 

осы жас кезеңінде-ақ өзіне-өзі қызмет көрсете білу қабілетін дамыта бастайды, қажетті 

әрекеттерді орындауда ұқыптылық пен мұқияттылық, дербестік болуына күш салады, 

тазалық пен мұнтаздыққа әдеттендіреді. Осының бәрі сабырлылықты, табандылық пен 

игі  тілектестікті,  көтермелеп  отыруды  талап  етеді.  Балалардың  өзіне-өзі  қызмет 

көрсетуіне  орай  тәрбиеші  әрбір  баламен  жеке-дара  жұмыс  жүргізеді,  онымен  алуан 

түрлі  байланыс  жасайды,  көтеріңкі  көңіл  күйін  қолдап  отырады.  Киімнің  және  оның 

түрлі  бөлшектерінің,  қажетті  құралдардың  аттарын  атай  отырып,  балалардың  ана 

тіліндегі  сөздік  қорын  кеңейтеді.  Балалар  өздеріне  қамқорлық  жасалғанын  сезінеді, 

ересектерге сүйіспеншілік сезім мен сенімі қалыптасады. 

Мектепке  дейінгі  естияр  шақта  балалар  өзіне-өзі  қызмет  көрсетуде  әжептәуір 

дербестікке  ие  болады,  еңбектің  бұл  түрі  олардың  тұрақты  міндетіне  айналады. 

Тәрбиелік  міндеттердің  қиындатыла  түсуі  қимыл-әрекеттердің  сапасына,  өзін  күту 

процесіндегі  ұйымдасқан  тәртіпке,  оған  жұмсалатын  уақытқа  қойылатын  талаптың 

арттырылуынан  көрінеді.  Тәрбиеші      балаларда      өзара      көмектесу    тәсілдерін   

қалыптастырады,  оларға  жолдастарынан      қалай        көмек  сұрауды,  қалай  көмек 

көрсетуді, көмектескеніүшін алғыс айтуды үйретеді. 

Мектепке дейінгі ересек шақта өзіне-өзі қызмет көрсетудің жаңа түрлері: төсегін 

жинау,  шашын,  аяқ  киімін  күту,  үзілген  түймелерін  өздері  қадау  және  т.б.  еңбекке 

тәрбиеленеді.  Бұл  кезеңде  тәрбиелік  міндеттер  күрделене  түседі,  олар:  балалардың 

бойында мұнтаздық пен тазалық әдеттерін, құрбыларының арасында өзін дұрыс ұстау 

дағдысын қалыптастыруға бағытталады. Бала басқалармен араласуы барысында  өзіне-

өзі қызмет көрсетеді, сондықтан да ол маңайындағылардың   қажеттіліктерін  түсінуі, 

білуі тиіс. Тәрбиеші нақты мысалдар арқылы басқалардың қажетін ескере отырып қалай 

істеу  керек  екенін:  шешінетін  жерде  шешінген  баланың  өтіп  кетуі  үшін  жол  беру; 

жуынған кезде кезекшілерді    алдымен   жіберу (өз міндеттеріне кірісу үшін олардың 

тезірек жуынғаны маңызды), балалардың бәрі уақтылы жуынып үлгеру   үшін кранның 

алдында ұзақ тұрып алмау, басқа біреуге қолайсыздық жасамау үшін өтуге рұқсат сұрау 


 

781 


 

және  т.с.с.  керек  екенін  түсіндіреді.  Осының  бәрі  балаларды  қарапайым  еңбектегі 

сақтыққа, маңайындағыларды құрметтеуге дағдыландырады. 

Мектепке  дейінгі  балалардың  шаруашылық-тұрмыстық  еңбегінің  нәтижелері 

олардың  еңбек  қызметінің  басқа  түрлерімен  салыстырғанда  оншалық  елеулі 

болмағанымен,  ол  балалар  бақшасының  күнделікті  өмірінде  қажет.  Бұл  еңбек  үйдің 

ішінде және аулада тазалық пен тәртіп сақтауға, режимдік процестер ұйымдастыруда 

ересектерге  қолқабыс  тигізуге  үйретеді.  Шаруашылық-тұрмыстық  еңбек  ұжымға 

қызмет көрсетуге бағытталған, сондықтан онда балаларды өз қатарына қамқорлықпен 

қарауға тәрбиелеу үшін мол мүмкіндіктер бар. 

Мектепке  дейінгі  сәбилік  шақта  тәрбиеші  балаларда  қарапайым  шаруашылық-

тұрмыстық дағдыларды: үй сыпыру, жинау, үстел жасауға көмектесу, ойнап болғаннан 

кейін  ойыншықтарды  тәртіпке  келтіру  және  жуу,  ауладағы  жапырақтарды  жинау, 

бақтағы орындықтардағы қарды сыпыру және т.б. дағдыларды қалыптастырады. 

Естияр топта шаруашылық-тұрмыстық еңбектің мазмұны едәуір ұлғаяды: балалар 

үстел  үстіне  ыдыс-аяқты  түгел  өздері  жайғастырады,  оқуға  қажетті  барлық  нәрсені 

дайындайды,  қуыршақтардың  киім-кешегін  жуады,  текшелердің  шаңын  сүртеді, 

ауладағы  жолдарды  сыпырады  және  т.б.  Балалардың  ұлғайған  мүмкіндіктерін 

пайдаланып және қалыптасқан дағдыларды ескере отырып, педагог балаларды еңбекте 

күш-жігер  жұмсау  қажет  екенін  үйретеді,  тапсырылған  істі  орындауда  олардың 

дербестігін, белсенділігі мен ынтасын дамытады. 

Балалар бақшасының ересектер тобында шаруашылық-тұрмыстық еңбек мазмұны 

бұрынғыдан  да  молығып,  жүйеленеді  де,  көбіне  кезекшілердің  тұрақты  міндетіне 

айналады. Балалар бөлме мен аулада тазалық сақтайды, ойыншықтарды,  кітаптарды   

жамап-жасақтайды,    сәбилерге    көмектеседі.   Мектепке   дейінгі ересек балаларды 

шаруашылық-тұрмыстық  еңбек  ерекшелігі  оны  өздерінің  дербес  ұйымдастыра  

білуінде:        қажетті    құрал-сайманды  өздері  іріктеп,  оны  ыңғайлы  орналастырып, 

жұмыстан соң бәрін тәртіпке келтіре білуінде. Еңбек процесінде балалар белсенділік, 

жақсы нәтижеге ынталылық көрсетеді, құрбыларына игі тілектестікпен қарайды. 

Табиғаттағы  еңбек  балалардың  өсімдіктер  мен  жануарларды  күтуге  қатысуын, 

табиғат мүйісінде, бақшада, гүлзарда өсімдіктер өсіруін көздейді. Еңбектің бұл түрінің 

байқағыштықты дамытуға, тірі нәрсенің бәріне ұқыпты қарауға, туған елдің табиғатын 

сүюге  тәрбиелеу  үшін  ерекше  маңызы  бар.  Ол  педагогтың  балаларды  дене  жағынан 

дамыту, қозғалыстарын жетілдіру, төзімділігін арттыру, дене  күшін жұмсау қабілетін 

дамыту міндеттерін шешуіне көмектеседі. 

Сәбилік  топтарда    балалар  ересектердің  жәрдемімен  балықтарға  жем  береді, 

бөлмеде  өсетін  өсімдіктерді  суарады  және  жуады,  пияз  отырғызады,  өз  бақшасынан 

өнім жинауға қатысады, қыстап қалған құстарды қоректендіреді. Бөбектердің еңбегін 

басқара  жүріп,  тәрбиеші  өсімдіктердің,  олардың  бөлшектерінің,  еңбекте  атқарылып 

жатқан  әрекеттердің  аттарын  атайды;  бұл  баланың  сөздік  қорын  молайтады, 

белсенділігін  арттырады.  Балалар  өсімдіктерді  қарайды  («кішкене  жапырағы  қайсы, 

үлкен  жапырағы  қайсы,  соны  көрсетші»,  «Гүлді  иіскеші»,  «Неше  гүл  ашылды  екен, 

санашы»  және  т.с.с.).  Педагог  өсімдіктер  мен  жануарларды  күту  қажет  екенін 

түсіндіреді. 



 

782 


 

Естияр топта еңбек күрделенеді, балалардың өздері өсімдіктерді суарады, қанша 

ылғал  қажетін  анықтауды  үйренеді,  көкөніс  өсіреді  (тұқым  себеді,  жүйектерге  су 

жібереді,  өнім  жинайды),  тәрбиешінің  жәрдемімен  жануарларға  (тиіндерге,  үй 

қояндарына, тотықұс, көгершін және т.б.) жем әзірлейді. Педагог қай жануарға қандай 

жем керек екенін, оның қалай деп аталатынын және қалай сақталатынын түсіндіреді. 

Жануарларды  күту  процесін  оларды  қадағалаумен  тығыз  байланыстырады.  Балалар 

өсімдіктердің өсуі мен дамуы, жануарлардың жай-күйі күтімге байланысты екенін, олар 

үшін өздерінің жауапты екенін сезіне бастайды. Тірі табиғат мүйісінің тұрғындарына 

қамқорлық пен ықылас күшейеді, олар балалардың сүйікті жануарларына айналады. 

Ересек топ үшін табиғат мүйісінде неғұрлым күрделі күтім тәсілдерін керек ететін 

өсімдіктер  мен  жануарлар  орналастырылады,  бақшада  өсу  мерзімі  әр  түрлі 

көкөністердің алуан түрі отырғызылады, мұның өзі еңбекті  неғұрлым жүйелендіреді. 

Балалар еңбегінің көлемі де ұлғаяды. Мектеп жасына дейінгі балалар щеткамен түкті 

жапырақтардың шаңын сүртеді, жерді қоректендіреді, аквариумның суын ауыстырады, 

бақша  мен  гүлзардың  жерін  әзірлейді,  көшет  отырғызады,  жабайы  өсімдіктердің 

жемісін,  ұрығын  жинайды  (қыстайтын  құстарға  беру  үшін).  Еңбек        процесінде    

тәрбиеші    балаларға    өсімдіктердің  өсуі   мен   дамуын қадағалауды, болып жатқан 

өзгерістерді  байқауды,  сипатты  белгілеріне,  жапырақтарына,  ұрықтарына  қарап 

өсімдіктерді айыра білуді үйретеді. Бұл өсімдіктер мен жануарлардың тіршілігі туралы 

ұғымдарын кеңейтіп, оларды ауыл шаруашылығы еңбегі процесіне баулиды. 

Мектепке дайындайтын топта табиғаттағы еңбек түрінде балалар жеке құбылыстар 

арасындағы байланысты анықтауды,  табиғат құбылыстары мен заңдылықтарын аңғара 

білуді  үйренеді.  Табиғи  құбылыстарды  материалистік  тұрғыдан  түсінудің  негізі 

қалыптасады. Өсімдіктер мен жануарлар туралы, жанды мүйістің тұрғындарын   күту   

тәсілдері   туралы мағлұмат көбейеді. Балалардың еңбек іс-әрекеттеріндегі дербестігі 

артады: олар ескертіп жатпай-ақ топырақты суару және қопсыту, өсімдіктерді көшеттеп 

отырғызу, бақшада, гүлзарда, ал қыста – үнемі пияз бен басқа да көк өсірілетін табиғат 

мүйісінде тұқым себу  қажеттігін өздері белгілеп отырады. Балалар қалемшелеу арқылы 

өсімдіктерді көбейтудің, кейінірек топыраққа  көшіріп отырғызу үшін көшет өсірудің 

тәсілдерін біледі. Табиғат мүйісінде жануарларды (құстарды, тиінді, үй    қояндарын,   

көгершіндерді     және т.т.) күту жалғастырылады. 

Балаларда  тірі  табиғат  мүйісінің,  бақша  мен  гүлзардың  жай-күйі  үшін 

жауапкершілік артады. Жеміс ағаштарынан өнім, гүл жинау оларды үлкен қуанышқа 

бөлейді.  Олар  гүлді  ата-аналарына  сыйға  тартады,  бөбектерге  өздері  өсірген  жеміс-

жидектерін ұсынады, көкөніс өнімдерін де жинап, жуады, тазалайды, ас үйге апарады, 

топ бөлмелерін гүлдермен безендіреді. 

Қол  еңбегіне  тоқталып  өтетін  болсақ  алуан  түрлі  материалдардан:  картоннан, 

қағаздан,  ағаштан,  табиғи  материалдан  (ағаш  бүрінен,  емен  жапырағынан,  сабаннан, 

ағаш  қабығынан,  жүгері  сабағынан,  шабдалы  сүйегінен)  тері,  қауырсын,  мүйіз,  жүн, 

мата қиқымдарын, темір-терсек және т.с.с. пайдалана отырып тұрмыстық шаруашылық 

процесінің қажетті бұйымдарын жасау – мектепке дейінгі ұйымның ересектер тобында 

жүзеге  асырылады.  Балалар  өздеріне  қажетті  ойыншықтар,  қазақ  үйдің  сүйектерін 

жасап,  бояйды,  үй  жиһаздарын,  ұлттық  киім  үлгілерін  пішіп,  тігеді,  төрт  түлік 

малдардың  бейнесін  жасайды.  Оларды  дайындау  барысында  балалар    ұлттық  оюлар, 


 

783 


 

нақыштар, өрнектермен танысып, әр түрлі бұйымдар жасайды. Мұндай нәрселер туған-

туыстарға, достарға жақсы тарту болуы мүмкін. Мұның адамгершілік тәрбие беруде зор 

маңызы  бар,  ол  балаларды  маңайындағыларға  ықыласпен  қарауға  үйрете  отырып, 

соларды риза ету үшін еңбектендіреді. 

Қол 


еңбегі 

балалардың 

құрастыра 

білу, 


ойлап 

шығару 


қабілетін, 

шығармашылығын, қиялын дамытады. Мектеп жасына дейінгі балалар ойлаған затына 

сай  келетін  форма  таңдап  алу  үшін  табиғи  материалды  мұқият  қарайды:  үйеңкі 

ұрығынан инеліктің қанатын, ағаш бүрінен – орманшыны жасайды және тағы да басқа. 

Жұмыс процесінде олар әр түрлі материалдардың қасиеттерімен, оларды өңдеу және 

байланыстыру  тәсілдерімен      танысады,      алуан      түрлі      аспаптарды    пайдалануды 

үйренеді. Ойлаған заттарын жасау әрқашан да белгілі мөлшерде күш жұмсауды керек 

етеді.  Жасалған  зат  берік,  әдемі,  сәнді  болу  үшін  бала  табандылық,  шыдамдылық,   

ұқыптылық   көрсетуі   талап  етіледі. Осының бәрі балаларға тәрбиелік жағынан үлкен 

әсер  етеді  де,  олардың  эстетикалық  сезімі  мен  эстетикалық  талғамын  және 

адамгершілік-еріктік қасиеттерін қалыптастырады. 

Балабақшада  жаңа  бағыттағы  тәрбие  жүйесін  іске  асыру  үшін    халықтық 

педагогикаға негізделген дәстүрлі еңбек  тәрбиесінің төмендегідей бағыттарын белгілеу 

керек:  


•  ата-баба дәстүріне, әдет-ғұрпына, ұлттық өнер саласына арналған   материалдар   

жинап,  оны  сәбилер  тобынан  бастап,  мектепке  дейінгі  бала  жасына  лайықты  етіп 

топтастыру, мазмұндық сабақтастығын ескеру; 

• дәстүрлі  еңбек  тәрбиесін  кешенді  жүргізу  мақсатында  тиімді  әдіс-тәсілдерді 

меңгеру; 

• отбасы  мен  балабақша  арасындағы  бірлікті  нығайту,  еңбек  тәрбиесін 

отбасындағы дәстүрлі еңбек түрлерімен байланыстыра отырып жүргізу; 

• тәрбиешінің баланың жеке басының даму ерекшелігін, отбасы тәрбиесінің өзіндік   

сипатын   жете  білуі, осының негізінде еңбек тәрбиесін ұлттық еңбек дәстүріне сәйкес 

жүргізуі; 

• қазақ балабақшаларының материалдық-техникалық базасын нығайту, балаларды 

қазақ  халқының  дәстүрлі  еңбегіне  баулитын  ғылыми-әдістемелік  құралдармен,  түрлі 

дидактикалық  көрнекіліктермен, т.б. қажетті жабдықтармен қамтамасыз ету. 

Қазақстанда мектепке дейінгі ұйымдардың мүмкіндігінше жеке-дара қазақ немесе 

орыс  балабақшасы  болуын  талап  еткен  абзал,  өйткені  аралас  балабақшада  тәрбиені 

ұлттық негізде құру сәбиелерге ана тілін меңгертуде, дәстүрлі еңбек түрлеріне баулуда  

қиындық тудырады. 

Егеменді  еліміздің  болашағы  –  жайқалып,  өсіп  келе  жатқан  кішкентай 

бүлдіршіндеріміз.  Бүлдіршіндеріміздің  ана  тілін  толық  меңгеріп,  ата-бабамыздан 

қалған асыл мұрамызды, әдет-ғұрыпымызды, салт-дәстүрімізді, тарихымызды игергені 

маңызды.  Күнделікті  қарапайым  әрекетінмен  қалыптасатын  еңбек  тәрбиесі  арқылы 

эстетикалық  сезімін  оятып,  эстетикалық  талғамын  және  адамгершілік  қағидаларын 

қалыптастыра отырып, дүнетанымын кеңейтеміз.  

Қорыта келгенде, баланы еңбекке тәрбиелеуге байланысты ерте заманнан жиып-

терген  ұлттық  тәлім-тәрбиесінің  асыл  қазынасы,  мол  тәжірибесі  бар.  Ананың  бесік 

жырынан  басталатын  қарым-қатынас,  іс-әрекет,  әдет-ғұрып,  салт-дәстүр,  халықтың 



 

784 


 

ауызекі шығармашылық үлгілері – мектеп жасына дейінгі балалардың дүниетанымын, 

сана-сезімін,  мінез-құлқын  қалыптастыратын  тәлімдік  мұра.  Осы  мұраның  бастауы 

баланың бойына отбасы тәрбиесінен бастау алып, мектепке дейінгі ұйымнан жалғасын 

табады.  

 

Әдебиеттер тізімі: 



1.

 

Төлеубекова Р. Бала тәрбиесіндегі халықтық педагогика. –Алматы: РБК, 1994. 



2.

 

Серікқалиұлы З. «Дүниетану даналығы» Алматы 1994жыл. 



3.

 

Тәлім-тәрбие  хрестоматиясы  /Құрастырғандар  С.Қалиев,  Р.Ізғұттынова, 



Г.Жексембаева. -Алматы:  Рауан, 1996.  

4.

 



Болатбаев  К.К.  Халықтық  педагогиканы  бейнелеу  өнері  пәнінде  қолдану. 

Алматы: АлМУ, 1995, -76б. 

5.

 

Сәрсенова.Ж. Тәңірбергенова.Ғ. «Әлеуметтану»-Алматы 2000. 



6.

 

http://referat911.ru/Pedagogika/ 



7.

 

Өтешова.Б.«Ұлт  ұрпағының  дүниетанымын  халық  тағылымдары  арқылы 



дамыту» Алматы-2007 ж.  

 

 



МЕКТЕПКЕ  ДЕЙІНГІ  ҰЙЫМДАРДА  АТА-АНАЛАРМЕН   ЖҰМЫС 

ЖАСАУ 


 

Мизан  Манар,Алиева Ж.С 

КМҚК «Балдырған» б/б 

Қарағанды қаласы 

 

Қай  елде,  қай  кезде  болмасын,  бала  тәрбиесін  ерекше  дамытушы  да, 



ілгеріапарушы да  ата-аналар,  яғни бүгінгі ұрпақ 

– 

ертеңгі елдің болашағы. 



Біз  баяндамамыздың  алғы  сөзін  шығыс  ғұламасы  Әл-Фарабидің  сөзінен 

бастағымыз келеді: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз 

берілген  білім 

  адамзаттың  хас  жауы,  ол  келешекте  оның  барлық  өміріне  апат 



әкеледі» делінген. Осыған байланысты балабақшамызда баланы өмірге бейімдеуде 

балабақша,  тәрбиеші    және  ата-ананың  орны  бөлек.  Балабақша,  ата-ана,  ұстаз 

болып бірігіп, сапалы білімді, саналы тәрбиелі, салауатты ұрпақ тәрбиелеу. 

Ата-ананың  күнделікті  өмір тіршілігіндегі еңбегі, адамның  бейнелері, жақсы 

мінез-құлқы,дұрыс  қарым-қатынасы-балаға  үлгі. 

Ата-ананың  басты  қуанышы  -бала.

 

Ата-ананың  басты-қазығы,  алтын  тіреу 



діңгегі-бала. Отбасы тұлғаны дамытатын кішігірім орта. 

Ата-ананың  қоғамдағы  мақсаты;  баланы  дамытып  қана  қоймай,  оны  өмірге 

дайындап, рухани жағынан жеткізіп, тұлға ретінде қалыптастыру. 

Отбасында  баланың  жан-жақты  қалыптасуына  ата-ана  мен  отбасы 

мүшелерінің  қарым-қатынасында  махаббат,  сүйіспеншілік,  адамгершілік, 

қайырымдылық, әділдік, ұйымшылдық, мәдениеттік қасиеттері және т.б келбетін 

сақтайтын тұлға тәрбиелеу керек екендігі бәрімізге аян. 


 

785 


 

Мына жасампаз ғасырда, жаһандану дәуірінде балабақша баланың жан-жақты 

білім алуына ең бірінші ықпал ететін-ұстаз болса, оның сүйеніші ата-ана. 

 Сондықтан, ата-ана өз баласының білім алуына барынша жағдай жасау тиіс. 

 Қандай   жағдай    болмасын ұрпағын   жауын  мен жел өтінен қорғап, ұлттық 

салт-дәстүрді    бойына    сіңіріп,жаман  қылықтардан    қорғап,жақсы  қасиеттерді 

бойына сіңіріп өсіру  ата-ананың  ұлы борышы. 

Баламызды балабақшаға  жіберіп,бақша  тәрбие   береді,білім    береді  деп бар 

ауыртпалықты  тәрбиешіге  салып қойғанымыз  жеткіліксіз. 

Баланы балабақшаға берген соң  ата-ана тәрбиешімен тығыз  қарым-қатынаста 

болып,оның  дұрыс  тәрбиемен  білім  алуына  бірлесе әрекет етуі  тиіс. 

Еліміздің 

өркендеуі,дамуы,болашағы 

қазіргі 


жас 

ұрпағымыздың  

тәрбиелі,білімді болуына  көп  байланысты. 

Ата-аналар  балаға    отбасылық  өмірдің  алуан  түрлі,қыры  мен  сырын    дүние  

жұмбақтарын танытып, тағылым,талғамға, әдептілікке  баулуға тиіс. 

Балабақшада  халық    педагогикасын    бала    бойына    сіңіре    отырып  

имандылыққа, адамгершілікке  тәрбиелейміз. 

Мектепке    дейінгі  тәрбие    мен  оқытудың    жалпыға    міндетті  мемлекеттік 

стандартының    бес    саласының  әр  бөлімдерінің    ұйымдастырылған    оқу  іс-

әрекетінде салт-дәстүрдің барлық  түрлерін бала бойына  сіңірудеміз.  

Мысалы: тұсау кесу, бесікке  салу,асық  ату,ою өрнектерді жапсыру т.б 

Бүгінгі  күнде    жас  ұрпақтың  сана    сезіміне  өз  елінің,жерінің  тарихы    мен 

мәдениеті туралы алғашқы  ұғымдарды кішкентай  кезінен  қалыптастыру. 

Балабақшаның негізгі  міндеті-баланың жеке басының бастапқы  қалыптасуын 

қамтамасыз  ету. 

Қазіргі  ұрпақ    тәрбиесіндегі  басты  мәселе-тұлғаны    рухани-адамгершілік 

тұрғысынан  дамыту. 

Ата-ана  мен бала арасындағы сыйластықтың  дұрыс болмауынан  бала  ата-

анаға деген  өкпе  реніштен, сенімсіздіктен үлкенге  деген  сый  құрметті жоғалтып  

алады. 


Бірақ    ата-ана    мұндай    жағдайда    өз    қателігін    біліп,бала    алдындағы  

жауапгершілігін    нығайтса,балаға    деген  мейірімін    аямаса,  бала  да  

сүйіспеншілікке  бөленері  хақ. 

Ата-аналармен  жұмыс жүргізудің негізгі алғы шарттары: 

*Әрбір  ата-ананың    мықты  жақтары    болады,әр  адам    жақсы    жағынан  

көрінгісі келеді. 

*Ата-анамен    ұйымдастыру    барысында  ата-ананы    тәуелді  ету    емес,  оның  

қиыншылықтарды  жеңу  мүмкіндігін нығайтуды  көздеу. 

*Әр бір отбасы көмекті қажет етеді,көмек түрі отбасының  қажеттіліктеріне 

байланысты  болады. 

*Кейбір    отбасы  көрсетілген    көмектің  тиімділігіне  көзі  жеткенде 

ғана,қоғамдық  жұмыстарға  белсене  араласады. 

*Баланың  дамуы  туралы  ақпарат  ата-аналарға бала тәрбиелеуде өз рөлін 

жүзеге  асыруға ықпал  етеді. 



 

786 


 

*Педагогпен    баланың  оқуға    деген  қызығушылығын    арттыру  жолдарын  

түсіндіреді. 

*Ата-анамен  баланың  ортақ  қарым-қатынастары  жөнінде кеңес  беру. 

*Арнайы  мамандармен ата-аналардың оңаша әңгімелесуіне  жағдай  жасау. 

*Бала    тәрбиесінде  оң    нәтиже  көрсетіп  жүрген  отбасылардың  тәжірибесін 

басқаларға  үлгі қылу.  

«Ұстаз-бағбан,бала-гүл»-деген  қағида  әр кез ұстанымыз. 

Бағбанға    гүлдің    әйтеуір    өскенінен,әдемі  болып    өскені  қажет  екендігі 

сияқты,ата-ана    мен  ұстазға  да  баланың  әйтеуір    ержеткенінен    әдепті  болып  

есейгені қажеттірек. 

Ата-ана  басты    талапты  өздеріне  қойғандары    жөн,баланың  тәрбие    алуына  

қоғамнан өз  орнын  табуына жағдай  жасауына әрбір ата-ана педагогикалық  әдіс-

тәсілдерге  сүйенгені  дұрыс. 

Айталық,ата-ана  өз    алдына    төмендегідей    мақсатты  қойып,оның    жүзеге  

асуына мән  берсе,ұрпағының  тәрбиелі,өнегелі, білімді болып өсуіне жол  ашады. 

1.Балабақшадан  келгенде    көңіл-күйін    сұрау,бүгінгі    тәртібіне  өзіне-өзінің 

баға беруіне үйрету. 

2.Балаға  өз қателігін түсінуге  мүмкіндік  жасау. 

3.Баланың  жақсы  мінез,іс-әрекетіне  назар  аударып,көңіл-күйін   көтеру. 

4.Ата-ана  өзін-өзі ұстай білу,бақылай білуі. 

5.Балаға дауыс  көтеріп,жазалауға асықпай, оны  түсінуге  тырысу. 

6.Баласының  тілін түсініп,онымен  сырлас,дос  болуға  тырысу, және оның  ой 

идеясына  көңіл бөлу.  

7.Өз    баласын  басқа  балалармен  салыстырмай,дұрыс    тәрбие    беріп,  мінез-

құлқын,іс-әрекетін,қателігін түсінуге  мүмкіндік  жасай  білу. 

8.Баланың  психо-физологиялық  даму дәрежесіне,адамгершілікт эстетикалық  

қалыптасуына,жан-жақты жетілуіне  көңіл  бөлу. 

9.Баланың шығармашылық  қабілетін,ақыл-ой сезімін бағалай  білуіне. 

10.Оның  талап  тілегіне  тежеу  жасамау,еркіндік беріп,дүниеге,өмірге  деген  

көз қарасын  бақылай  білу. 

Болашақ    ұрпақ    тәрбиесін    іске    асырып    отырған    кез  –  келген    мекеме    үшін  

отбасымен  жұмысты  тиісті  дәрежеде  ұйымдастырудың  маңызы  өте  зор.  

Себебі, отбасы  баланың  түпкі  тамыры, болмысын  қалайтын  мекен. 

 Сондықтанда  балабақшаның  оқу -тәрбие  жұмысында  ата-аналармен  жұмысқа  

ерекше  мән  беріледі. 

 Сол  себепті,  біз  ата-аналармен бірлескен  жұмысқа  үлкен  көңіл  бөлеміз. 

Көздеген  мақсатымыз: балабақша  мен  отбасындағы  ынтымақтастықты  біріктіре  

отырып  оқу  және  тәрбиелеу  жүйесін  ұйымдастырып, әр  баланы  жеке  тұлға  ретінде  

қазіргі    заман    талабына    сай    рухани    жан    дүниесін    байытып,  бойындағы  

құндылықтарды  дамыту.  

Балабақша  мен  ата-ана  арасындағы  ынтымақтастықты  құру. 

1.

 

Ата-аналарға  балалардың  жас  ерекшеліктеріне  сәйкес  педагогикалық  кеңес  



беру. 

2.

 



Балабақшадағы  іс-шараларға  ата-аналарды  қатыстыру (ертеңгіліктер, сабақ) 

 

787 


 

3.

 



Ата-аналарды  балабақша  өмірімен  қызықтыру. 

4.

 



Үлгілі  ата-аналарды  насихаттау. 

5.

 



Ата-аналар  бұрышын  жасау. 

6.

 



Ата-аналармен  бірге  отырып  құрылған  оқу-тәрбие  жоспарын  жасау. 

7.

 



Балаларды  дамытудың  диагностикасын  жасау. 

8.

 



Күнделікті  оқу-тәрбие  жұмысына  ата-аналарды  тарту. 

Қазіргі  кезде  мектеп  жасына  дейінгі  балаларға  тәрбие  ісін  әрі  қарай  жетілдіру  

отбасы  мен  балабақшаның  бірлескен  жұмысын  дамыта  және  нығайта  түсу  арқылы  

жүзеге  асады. 

Келесі  ата-аналармен  ұйымдастырылған  «Ата салтым-асыл мұрам» атты байқау 

ұйымдастырдық. 

Бұл байқауда  ата-аналар  оқыту  тәрбиелеу  жұмыстарына   декорация  жасауға, 

атрибуттар  дайындауға, ертегілерді  сахналауға  бет  перделер  жасауға  ат  салысады. 

Мұндағы  көздеген  мақсатымыз: балабақшаның  оқу-тәрбие  іс-әрекеті  мәселесіне  ата-

аналар    көңілін    аудару.    Педагогикалық    үрдісті    жабдықтауға,  қазақ    халқының  

мәдениетін, дәстүрін  танып  білуге  белсенді  қатысуын  дамыту. 

 Бауыржан  Момышұлы  былай  деген  еді:  

«Біріншіден, бесік  жырын  айтатын  келіндердің  азайып  бара  жатқанынан  

қорқамын, 

екіншіден, немерелеріне  ертегі  айтып  бере  алмайтын әжелердің  көбейіп  

бара  жатқанынан  қорқамын, үшіншіден,дәстүрді  сыйламайтын  балалардың  өсіп  

келе  жатқанынан  қорқамын». 

Көр, қолына  мылтық  берсең  ата  салады, теңге  берсең  ала  салады, пышақ  

берсең  сұға  салады, намыстанбайды  бұға  салады.  

Кім-кімдіде  болмасын,  бүгінгі  таңда  алаңдататын  мәселе-бала  тәрбиесі. 

Жүйелі    ой,  жинақы    ықпал  ету    арқылы    бала    бойындағы    жылт    еткен  

жаңалықты    көре  білу-бұл  ата-ана  мен  ұстаз  міндеті. 

Бүгінгі  күнде,біз  ата-ана мен  балабақшада бірлесіп жұмыс  жасау арқылы  

болашақ  тәрбиеленушілердің келешегінен  зор үміт күтеміз.  

Қазіргі таңда, біздің өркен жайған бақытты заманымызда өмір есігін тұңғыш 

ашқан 


жас-сәби, 

нәрестелерді 

тәрбиелеп, 

жақсы 


әдет-адамгершілік 

парасаттылыққа тән еңбекке баулып, абзал азамат етіп жетілдіру-әрбір ата-ананың 

борышы.  Ата-ана  балаға  өмір  сыйлаумен  бірге  жан-жақты  тәлім  тәрбие  береді. 

Әрбір ата-ана баласының немен шұғылданатындығын,  қайда барып, қайдан келе 

жатқандығын,  кімдермен  дос  болып  бірге  жүретінін  назардан  тыс  қалдырмауы 

тиіс.  


Отбасы мемелекеттің кішкентай ұясы болса, балабақша-тәрбие ошағы.  

Міне, осы екеуі тығыз байланыста болып, балаға біріңғай талап қойылса, тәрбиенің 

нағыз ықпалды түрі болып табылады.  

Біздің балаларымыз-ертең бұдан да қызықты өмірді өз қолдарымен жасаушылар. 

Біздің  қоғамда  бүгін  мен  ертеңнің  арасында  ешқандай  үзіліс  жоқ.  Ертеңнің  шынайы 

адамдары арамызда өсіп келеді. 



 

788 


 

Баланың    бойына    ізгілік,  мейірімділік,  адамгершілік  сынды  құнды    қасиеттерді  

сіңіруде тәлім-тәрбиенің  бесіктен кейінгі  қасиетті  ордасы-балабақша. 

Балаларға    рухани-адамгершілік    тәрбие    беру    сияқты    ізгі    істі  балабақша  

тәрбиешілер  атқарады.  Осындай  игі  шараларға  ата-аналарды  да  жұмылдыру 

тәрбиешінің  басты  парызы. Балабақшада баланың  рухани-адамгершілік  дамуы отбасы 

мен бірлесе  жұмыс  жасаудың арқасында  ойдағыдай жүзеге асады.  

«Балапан ұяда не  көрсе, ұшқанда  соны іледі» дегендей, ата-ананың  күн  сайын  

атқарып  жүрген  жұмысы  балаға үлкен  сабақ.Жас  баланың  үлкендер  не істесе соны  

істегісі  келетінін, не  айтса соны айтқысы  кеп тұратынын  бәріміз  жақсы  білеміз. 

Балаларға  үлгі-өнеге, жақсы қасиеттер  отбасынан  қалыптасатыны  сөзсіз. 

Ата-ана  баламен тілдесуде,пікірлесуде бейпіл  сөздерді  қолданбай,дөрекі болмай, 

мейірімді,табиғи,  жылы,ақылды    сөздер    айтып    өнеге    бола  білсе,тәрбиеде    үлкен  

жетістіктерге  жетеді. 

Баланың  жеке    тұлға  болып    қалыптасуы    және    даму  процесі    отбасында  

негізделеді. 

Біздің    балабақшада  тәрбиешілер    ата-аналармен  бірлесіп    қаншама    жұмыс  

атқарды. 

 Ата-аналармен    бірге    «Қош    келдің,Наурыз»    көрмесі,  «Біз    шебер  қолдар»  

байқауын, 

 «Жүйрік    мақалшы»  жарысын,  «Анадан    артық    жан    жоқ»  спорттық    жарыстар  

өткіземіз. 

Мақсатымыз:  Ата-аналармен    үнемі  байланыста    болып,бір-бірімізге  көмектесу  

арқылы  келешек  ұрпағымыздың  дарынды,ақылды  азамат  болуына  жол  ашу.  

Ата-ананың    сөзін    сыйлап,құлақ    асу,  пікірлес    болу-  отбасы    тіршілігінің    бір  

ғанибеті  емес пе. Сол арқылы  бала ата-анасының  мерейін  өсіріп,өз ортасында  төрден 

орын  алуына көмектеседі. 

Тәрбиешілер    отбасы    мүшелеріне    бүгінгі    болған  маңызды    оқиғалар    мен  

балалардың  жетістігі, әрекеті  туралы айтып  отырамыз.  

Балаға  қатысты  барлық  мәсәлелерді  бірлесіп шешім  қабылдаймыз.Тәрбиешілер 

баланы  жан-жақты  дамытуға,оның  білуге  құштарлығын  

арттыруда,есі  мен  зейінін    тұрақтандыруда,  тілдік  қатынасы    мен  сөздік    қорын  

байытудағы  отбасының  мүмкіншіліктерін анықтайды.  

Болашақта  ел  тұтқасын  ұстар    азаматтардың  өнегелі    тәрбиесі-  бүгінгі    күннің  

маңызды  мәселелердің  бірі. 

Сөз  соңында-  ата-анамен  тәрбиешінің бірігіп  жасаған  жұмысынан  нәр  алған  

жасөспірімдер 

қоғамдағы 

 

кемшіліктерді 



 

білетін,бүгінгіні 

 

түсінетін, 



ертеңіне  

сенетін,адамгершілік қасиеттерді  жоғары  бағалайтын  иманды, рухани  дүниесі бай  

болуы ақиқат. 

Сондықтан  «Жұмыла  көтерген, жүк жеңіл»- дегендей  болашақ  ұрпақ  тәрбиесіне  

делсал  қарамай, бірлесіп күш  салу игі мақсатымыз. 

 

Қолданған  әдебиеттер: 



1.Қазақ  халқының  салт-дәстүрлері. 

 

789 


 

2. «Отбасы және балабақша» №5,2011 

3. «Тәрбие  құралы» №1,2005 

4. «Отбасы- тәрбие бастауы» №5,2007 

5. Шашақова  А. Халық  тәлімі-тәрбие бастауы.- Алматы: «Рауан»,1999 

 

 



СОЗДАНИЕ УСЛОВИЙ ДЛЯ УСПЕШНОЙ АДАПТАЦИИ ДЕТЕЙ 

К ДЕТСКОМУ САДУ 

 

Митренко Т.В. 



Психолог КГКП детский сад «Байтерек» 

 

    В  государственной  программе  развития  образования  Республики  Казахстан  на 



2011-2020  годы,  определены  цели,  и  задачи  дошкольного  воспитания  которые 

обеспечивают  построение  целостного  педагогического  процесса  направленного  на 

полноценное всестороннее развитие ребенка. 

    Созданием  условий  для  успешной  адаптации  ребенка  к  дошкольному 

учреждению  является  обеспечение  развития  ребенка,  и  выдвигаются  следующие 

задачи: 


-поддержка  ребенка  в  решении  основных  задач  воспитания,  обучения  и 

социализации. 

- предупреждение возникновения проблем воспитания и развития ребенка

- развитие психолого-педагогической осведомленности педагогов и родителей. 

    Система  мер  профессиональной  работы  педагога-психолога,  направлена  на 

формирование социально- психологических условий для успешного психологического 

развития  и  обучения  ребенка  все  это  и  составляет  психологическое  сопровождение 

дошкольника в дошкольном учреждении.  

    Поступление  ребенка  в  дошкольное  образовательное  учреждение  связано  с 

проблемой  его  адаптации  к  новым  нормам  и  правилам  жизни,  не  все  дети 

психологически готовы и успешно справляются с этим при поступлении в ДУ. Поэтому 

фактор  социально-психологической  адаптации  рассматривается    как  существенно 

влияющий  на  психическое  здоровье  ребенка,  а  анализ  состояния  психического  и 

физического здоровья детей, посещающих дошкольные образовательные учреждения, 

и  делает  проблему  адаптации  особенно  актуальной.  Опыт  моей  практической 

деятельности  педагога  психолога  в  детском  саду  показывает,  что  сотрудничество  с 

семьями детей необходимо начинать задолго до того, как ребенок поступает в детский 

сад.  Подготовительный  этап  взаимодействия  в  этом  плане  заключается  в 

информировании  родителей  будущих  воспитанников.  Родителям  представляют 

перечень  документов  и  порядок  зачисления  в  ДУ,  советы  психолога  помогают 

родителям  подготовить  ребенка  к  роли  дошкольника.  Знакомство  с  родителями 

будущих  воспитанников  КГКП  д/с  «Байтерек»  начинается  со  Дня  открытых  дверей. 

Педагоги  нашего  детского  сада  оформляют  информационные  стенды,  специалисты 

совместно разрабатывают содержание буклетов, «Как подготовить ребенка к детскому 

саду», «Ребёнок идет в детский сад», «Как снять эмоциональное напряжение у детей в 


 

790 


 

адаптационный  период».  Предлагаемая  информация  дают  полное  представление  о 

жизни  детского  сада  и  деятельности  детей  в  разных  возрастных  группах.  Затем  на 

территории  детского  сада  организовывается  родительское  собрание,  главная  цель 

которого дать общую информацию о работе нашего учебного заведения, познакомить с 

особенностями проведения адаптационного периода. Педагоги готовят презентацию и 

подробно рассказывают о жизни детского сада. В родительском собрании принимают 

участие администрация, специалисты, педагог -психолог, логопед, медицинская сестра. 

Каждый дает определенную информацию, которая раскрывает специфику его работы с 

первого  дня  пребывания  ребенка  в  данном  учреждении.  Анкетирования  родителей 

неотъемлемая  часть  процесса  организации  дошкольного  образования.  По  итогам 

анкетирования прошлого года  54% родителей оценили организацию адаптационного 

периода  на  отлично,  37%  -  хорошо,  9%  -  удовлетворительно,  неудовлетворительных 

оценок  нет.  Письменный  опрос  родителей  позволяет  сформировать  первичные 

представления о семьях воспитанников и об ожиданиях от посещения детского сада. 

Педагогический коллектив заинтересован в установлении непрерывной обратной связи 

с  семьями  детей,  а  родители  учатся  осознавать  и  отмечать  важность  тех  или  иных 

событий  и  этапов  становления  личности  своего  ребенка.  Работая  в  образовательном 

учреждении педагогом психологом я, вижу детей не в статике, а в динамике. На моих 

глазах  дети  переходят  с  одной  ступени  развития  на  другую  более  высокую.  Помочь 

ребенку в этот период, и есть основная моя задача.  

 Из своей практики работы в детском саду я точно знаю, что в период адаптации 

детей  необходимо  осуществляется  психологическое  сопровождение  всех  участников 

образовательного  процесса.  Решать  возникающие  проблемы  помогает  тесное 

взаимодействие  всех  специалистов  коллектива  нашего  детского  сада.  Для  этого  мы 

создаем  благоприятный  психологический  климат,  комфортные  условия  для  всех 

участников данного процесса. Стараемся повысить психологическую компетентность 

педагогов и родителей. На начальном этапе проводится консультация для педагогов по 

темам:  «Особенности  работы  воспитателя  в  период  адаптации  »,  «Адаптация  это 

серьезно»,  «Возрастные  особенности  детей  »,  «Игра  в  жизни  ребенка»,  «Готов  ли 

ребенок  к  детскому  саду?»,  «Как  подготовиться  к  важному  событию»,  «Воспитание 

общительности»,  «О  режиме  дня  в  детском  саду»,  «Привыкать  к  новому  легче 

постепенно»,  «Первые  дни  в  детском  саду»,  «Техника  расставания».  Для  педагогов 

организовываются  и  проводятся  тренинги  и  мастер  классы  «Мы  вместе  многое 

сможем», «Творческий потенциал он у меня есть», «Мое общение с родителями». Во 

всех адаптационных группах детского сада педагоги  создаются условия для успешной 

адаптации, чтобы ребёнок чувствовал себя  как дома. Отвлечь и успокоить детей после 

ухода  родителей  позволяет  спокойная  обстановка  включается    музыка.  Песенки  из 

любимых мультфильмов, записи со звуками природы все это  поднимает настроение. 

Дети  с  удовольствием  рассматривают  фотографии  в  альбомах,  книгах  с  яркими 

иллюстрациями все это  позволяет им отвлечься,  и не скучать о маме. Педагоги нашего 

заведения стараются  уделить внимание каждому ребенку индивидуально, проводят с 

детьми  пальчиковые  и  театральные  игры,  основная  задача  данной  деятельности 

наладить доверительные отношения с каждым ребенком, подарить малышам минуты 

радости, вызвать у детей положительное отношение к детскому саду, в игровой форме 


 

791 


 

выразить  каждому  ребенку  доброжелательное  отношение.  Педагоги  ежедневно 

знакомят родителей с успехами и неудачами ребенка, сообщают о его самочувствии, 

дают  рекомендации,  обговаривают  время  пребывания  ребенка  в  детском  саду  на 

следующий день. Особенным фактором наблюдения в нашем детском саду стали стили 

общения воспитателя с детьми. Систематическое отслеживание методом включенного 

наблюдения  тактик  общения  воспитателей  с  детьми  позволило  выделить  три  стиля 

общения:  деловой,  эмоциональный  и  информационный.  При  деловом  стиле  общения 

воспитатель  сосредоточен  на  том,  чтобы  организовать  детей  вокруг  какой-либо 

активности-игры,  обеда,  прогулки.  Усилия  педагога  направлены  на  группу  в  целом, 

предполагается, что ребенок уже сориентирован в групповых нормах и режиме группы. 

При информационном общении педагог считает, что необходимо научить детей новым 

знаниями умениям, и настроен на развитие познавательной сферы. При эмоциональном 

стиле  общения  усилия  педагога  направлены  на  поддержку  эмоциональной  сферы, 

поощрение,  тактильный  контакт  с  ребенком.  Именно  этот  стиль  общения  в  период 

адаптации нам показался наиболее эффективным. Мы уделяем особое внимание стилю 

общения  как  фактору,  благоприятствующему  успешной  адаптации,  а    главное  в 

результате такого подхода мы имеем следующие результаты: 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет