Құрылыс материалдардан құрастыруға және салған заттармен ойнауға
үйрету: үлгіні қарау; құрастыру тәсілдерін көрсету; сызбаларды, суреттерді,
фотосуреттерді, кестелерді, модельдерді қолдану; құрастырған заттармен ойнау үшін
материалдарды іріктеу; қағаздан, қатты қағаздан, табиғи және қосалқы материалдардан
ойыншық жасауға үйрету.
Балабақшадағы тәрбиеші уақыт мүмкіншілігі тапшылығына байланысты балаларға
нақты ойын тәжірибесін біртіндеп жинау және жалпылау барысында белгілі бір ойын
дағдаларын меңгеруге себеп болатын бірлескен ойынның осындай көлемін қамтамасыз
ете алмайды.
Ойын дағдыларын қалыптастыру үшін ойынды тиісті жас кезеңінде балалар ойын
құрудың жаңа, күрделі әдісін қолдануға қажеттілігі туындайтын түрде ұйымдастыруға
болады.
Бұл жағдайда балалар бастапқы кезде әдісті жаңадан «ашып», оны ересек адаммен
бірге «таза» түрінде қолданып, кейін әр түрлі мазмұны нақты өзіндік ойынға апарады.
859
Шартты ойын әрекеттер қалыптасу кезеңінде ересек адам көбіне ойынның «бір
тақырыбын, бір сюжетін» әрекеттердің мағыналы тізбегі ретінде өрістетіп, балаларға
сюжеттің дәл осы аспектін атап көрсету тиіс.
Рөлдік жүріс-тұрыстың қалыптасу кезеңінде тәрбиеші үшін кейіпкерлердің
(рөлдердің) іліктес жүйесі ретіндегі бір кейіпкердің басқаларымен қарым-қатынасы,
жаңа кейіпкерлерді енгізу арқылы және «көп кейіпкерлі» сюжет негіз болу тиіс.
Жаңа сюжеттерді құру біліктерінің қалыптасу кезеңінде тәрбиеші мен балалардың
бірлескен ойында әр түрлі оқиғаларды құрамдастыруды болжайтын, жаңа оқиғалардың
қатарын қарастыратын «көптақырыпты» сюжеттерді өрістеру керек.
Балаларды ойынға тартып, олармен бірге ойнау үшін тәрбиешінің өзі белгілі бір
түрде құрылған сюжетті «тірідей» ойын процесінде балаларды қызықтыратын
тақырыпқа сүйеніп, еркін өрістетуге үйрену керек.
Ересек адамның ойын процесінде балалардың ұсыныстарын қабылдап, баланың
ойластырған ойын әрекетін жалғастыра алу, жаңа кейіпкерді (сондай-ақ, ойын рөлін)
енгізе алу, құрастырғанды аяқтау, бала ұсынған оқиғаны өрістету шеберлігінен балалар
үшін ересекпен бірлескен іс-әрекеттің тартымды және қалыптастыратын әсердің
табысты болуы байланысты.
Тәрбиеші ойын сюжет-оқиғалардың элементтеріне, кейіпкерлеріне (рөлдерге),
олардың әрекеттеріне сүйеніп, еркін пайдалану тиіс, әр жастағы балалармен сюжеттерді
өрістете алу тиіс.
Балалармен бірлесіп ойнағанда да, өзіндік іс-әрекетері үшін жағдай жасаған кезде
де, ересек тарапынан мәжбүрлеу, тақырыптарды, ойын рөлдерін, ойын түрін (өздік
немесе бірлескен) міндеттеу мүлде жарамайды.
Балалардың бойында балабақшада «өз еркінше емес, бұйрық бойынша ойнау
керек» деген сезім тудырмау тиіс. Жалпы, педагогикалық процесте ойынға қатысты бір
бірімен тығыз байланысы бар екі құрамдас бөлікті ажырату қажет: ойын процесінде
жаңа біліктері қалыптасатын балалар мен тәрбиешінің біріккен ойыны, және
балалардың өздік ойыны, оған тәрбиеші тікелей қатыспайды, тек ойын белсенді болу
үшін және балалар меңгерген ойын біліктер арсеналындағы ойын дағдыларын қолдану
үшін жағдай туғызады.
Қолданылған әдебиеттер:
1.
Отбасы және балабақша. 2012ж
2.
Отбасы және балабақша 2013ж
3.
Педагогикалық кеңес. 2013ж
860
ҚАЗАҚ ОТБАСЫНДАҒЫ ҰЛ БАЛАНЫ ТӘРБИЕЛЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Нургалиева Балжан Денисовна
№63 «Мөлдір» балабақшасы КМҚК
Әр халықтың бала тәрбиесіндегі өзіндік ерекшеліктері арқылы мәдени
құндылықтары қалыптасады. Ата-бабамыз ұл баланы ертеңгі абыройлы әке, қадірлі
отағасы, елді қорғайтын ер, батыр, би, ақын, ұлттың намысты азаматы ретінде әділдікке,
қайсарлыққа, кешірімді болуына, өнерге, білімге, салт-дәстүрімізді сақтауға
тәрбиелеген. Ұл бала – қазақта шаңырақ иесі, ер-азамат – ата-ананың отын тұтатушы
болып саналады. Қазақ отбасының ерекшелігі жасы кішісінің үлкеніне «сен» деп
сөйлемеуі, алдын кесіп өтпеуі, үлкен тұрып кішінің, әке тұрып ұлдың, шеше тұрып
қыздың орынсыз сөйлемеуінде. Қазақ отбасындағы үлкенді құрметтеу әдеті
жауапкершілік, адамгершілік сезімдерін туғызған. Дұрыс бағытқа бағдарлау көп
жағдайда абыройлы әкеге, үлгілі отағасына, қадірлі ағаларына байланысты. Халқымыз
ұл бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Қай халықта болмасын, ұл бала тәрбиесі – әке
меншігінде. «Ата көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» дей отырып, қазақ
отбасында әкелер өзінің білетін бар өнерін алдарына үйретіп, оларды мерген, аңшы,
яғни «сегіз қырлы, бір сырлы» жігіт етіп тәрбиелеген. Бала ес білгеннен бастап, оның
құлағына «сен ертеңгі шаңырақ иесісің, болашақ әкесің, арқа сүйер жарсын, отбасының
асыраушысысың, сондықтан да жаманнан жирен, жақсыдан үйрен» деген сөздерді
құйып отырған. Халқымыз ер баланың 12-15 жасынан бастап, оның алдында өмірдің
дайындаған талай қиын-қыстау шақтары мен қуанышты сәттері бар екендігін ескере
отырып, «Аты аталмаған жігіттен аты аталған төбе артық» деп намыстандыратын,
«Айтсаң, үйде туып, түзде өлетін жігіттерді айт» деп таңдандыратын, «Өнерлі жігіт өрге
озар, өнерсіз жігіт жер соғар» деп шамдандыратын, «Ерді намыс өлтіреді, қоянды қамыс
өлтіреді», «Ерлік білекте емес, жүректе» деп қайраттандыратын, «Ақыл жастан, асыл
тастан» деп сеніміне шек келтірмейтін, «Атадан ұл туса игі еді, ата жолын қуса игі еді»
деп армандайтын еді халқымыз. Қазақтың ұлы ойшыл ғұламаларының бірі
Ж.Баласағұни өзінің «Құтты білік» дастанында балаға тәрбиені отбасында бер, «ақ
маңдайлы ұл-қыз туса, үйіңде өсір, бөтен жерде қалдырма» деп келер ұрпаққа өсиет ете
отырып, баланы жас кезінен білім мен өнерге, еңбекке баулу арқылы жаны мен тәні
сабақтас жетілген парасатты ұрпақ өсіретінімізді атап көрсеткен. Ата-анасын аялай,
құрметтей білген баладан жақсы азамат шығады. «Әкесін аман сақтап қалу үшін жанын
қиған ұлдың өлімі – ең бақытты өлім болып табылады» – деген Баласағұнидың
ұстазнамалық тұжырымдамасында осындай керемет ойлар жатыр. Шығыстың басқа
ұлт өкілдерінің отбасындағы сияқты қазақта дүниеге ұл келсе, тұқымымыздың жалғасы,
шаңырақ иесі туды деп ұлан-асыр, ат шаптырып той жасау күні бүгінге дейін сақталған.
Дүниеге ұл әкелу әсіресе, әке үшін зор бақыт, үлкен мақтаныш. Қазақта бір кісі қайтыс
болса, артында қалған баласы бар ма еді деген сауалы болады. Бар деген жауап естісе,
«орнында бар оңалар» деп бата береді. Отбасындағы ер баланың өз орны бар. Мысалы,
тұңғыш ұл – кейінгі іні-қарындастарының қамқоршысы, ата-анасының көмекшісі, оған
«Ағасы бардың – жағасы бар» деп арқа сүйенген. Кенже ұл – шаңырақ иесі. Басқа
861
балалар енші алып, бөлек отау құрып жатса да кенже ұл әке-шешенің қолында қалады.
«Ұлға отыз үйден тыйым, он сан үйден сын» демекші, ер жігітке айтылар сын көп,
қойылар талап жоғары. Халықтың дәстүрлі тәрбиесінде осы баға – «жігіт сыны» деп
аталады. Қазақ халқының менің ұлым деп көкірек қағып, мақтаныш тұтар ұлының
қандай болу керектігі туралы халықтың талғамына сай бейнеленеді: а) кескін-келбеті:
«Еңсегей бойлы, өткір көзді, қара қасты, кең маңдайлы, қыр мұрынды, кең маңдайлы,
кең иықты, жуан білекті, темірдей саусақты». ә) қадір-қасиеті: «Қырандай алғыр,
сұңқардай өр, арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, қасқырдай өжет, жау
жүректі, жылқыдай мінезді, бұландай алып, сауысқандай сақ». б) қабілет-икемі: «Көсем
жігіт» – ел басқаратын жігіт, «Шешен жігіт» – дау шешетін тұлға, «Батыр жігіт» – еліне
қамқор, жауына алаберен жігіт, «Сері жігіт» – аттың жүйрігін мініп, иттің алғырын
ертіп, қыранның қырағысын баптап, ат құлағына ойнап, ер қаруы – бес қаруды сайлап,
мың құбылтып ән салып, күмбірлете күй тартатын өнерлі жігіт. «Жомарт жігіт» –
дастарқаны берекелі, пейілі кең, өзі жайдары, «Палуан жігіт» – мойыны жуан,
жауырыны қақпақтай, бұлшық еті темірдей, қимылы шапшаң, иненің көзінен өтердей
епті, алып күш иесі. Осы аталған қадір-қасиеттерді бүгінгі ұландар бойына бойына
дарыта білсек, онда зерделі де зейінді, өнерлі де талантты, жігерлі де қайратты, адал да
парасатты елі-халқы сыйлайтын ер жігіттің келешегі жарқын, жолы ашық. Осы орайда
ойға оларға берілетін тәрбиенің артықшылығы неде деген сұрақ оралады. Өйткені
оларды бесік жырына құлағын қандырудан бастап, ауыз-әдебиеті мен ата-баба
тарихына сусындатудан бірізділікпен ер балаларға негізделген тәрбиенің әдістемесінің
жасалуы ер бала тәрбие маңыздылығын сезіндіріп қана қоймайды. Сондай-ақ, нәтиже
де берері анық. Ал, керісінше, жалқаулықты серік етіп, жанын өтірікпен бағып, біреуді
алдап, біреуді арбап, шыққан тегін білмейтін, отбасы түгілі өз басын да асырай алмай
жүрген ерлерімізден қандай ұрпақ жалғастығын күтуге болады? Осындай керағар
тәрбиеленген ұрпақ өкілдерінің тәрбиесіне кімді кінәлаймыз? Қоғамды ма, әлде ата-
ананы ма? «Атадан тағылым алмаған ұл жаман, анадан өнеге көрмеген қыз жаман»,
«Атасыз ұл ақылға жарымас, анасыз қыз жасауға жарымас», «Бала тәрбиесі – бесіктен»
деп түйіндей отырып, ер бала тәрбиесінің отбасында және мектепте қыздармен қатар
берілуіне ерекше мән беріп, арнайы тәрбие бағдарламалары жасалуға тиіс. Өйткені, ер
баланың дұрыс тағылым-тәрбие алуы, дүниенің сырын танып білуі отбасындағы ата-
аналардың ақыл-кеңесі мен үлгі өнеге көрсетумен байланысты. Ұлттық тәрбиенің
бұрынғы әдістерін бүгінгі күн талабымен жаңаша қарастырған жөн. Ата-бабамыз жасап,
сомдап кеткен жігіттің моделін одан әрі, бүгінгі күннің талабына сай жетілдіріп өсіп
келе жатқан өскелең ұрпағымыздың бойына дарыту, тағдырдың қандай тәлкегін көрсе
де, қайсарлығы мен тектілігін жоғалтпаған дана халықтың ұрпағы екендігін ұғындыру,
олардың бойына мақтаныш сезімін туғызу ата-ананың бірден бір міндеті. Кейінгі
жылдары ұлдар арасында тым жұмсақ мінезділер де кездеседі. Мамандар мұны ер-
азаматтардың ұрпақ тәрбиесінен мүлде сырт қалуының салдары дейді. Кей уақытта бала
әкесіз өсіп, анасының тәрбиесінде болады. Алайда, баланың жігіт болып өсуі тән кейбір
қасиеттерін бойына жинап өсуі де осыдан. Жүрегі жұмсақ аналарымыз кейде ұлды тым
еркелетіп жібергенде, әкенің салмақты сөзі таза ауадай қажет. Ата-бабамыз қан
тазалығына, тектілікке қатаң қараған. Қазақта «Тектіден текті туады, тектілік тұқым
қуады» деп барлық саналы қазақ азаматтарына айтылған. Жеті атаға дейін өз руының
862
қыздарына үйленбеуге тырысқан. Қазақтар ұлдарын он үш жасында отау иесі деп
дайындаған. Бала дүниеге келгенде кіндігін кім кеседі, бесікке кім бөлейді сол адамға
тартады деп те ырымдаған. Адамгершілік, қайырымдылық, әдептілік сияқты қасиеттер
үлкендердің үлгісімен сіңеді. «Әкеге қарап ұл өсер, анаға қарап қыз өсер» дейді дана
халықымыз. Ер баланы алты жасқа дейін хандай көтер, сыйла. Алты жастан он алты
жасқа дейін құлша жұмса. Он алты жасқа толғасын досыңдай сырлас, сыйлас деген
қазақ халқында нақыл сөзі бар. Ер баланың тәрбиесін неден бастауымыз керек? Бала
кезінде ұлдың жұмысы, қыздың шаруасы деп бөлген дұрыс емес. Ата-анасына
көмектескісі келсе, қолын қақпау керек. Бала әкені сенімді дос ретінде санайтын
болсын. Үлгі тұтатын әке болсаңыз, бала сізге адал дос, қолдаушы болады. Ұл бала
ерлерге тән ойлау жүйесін, жігіттік болмыс-бітім, мінез-құлықты бойына қайдан
сіңіреді? Қыздардың – анасына, ұлдардың – әкесіне еліктейтіні анық. Ұл бала әкесіне
ұқсас болғанын қалайды. Ұл үшін әкесінен асып түсер мықты адам жоқ: ол көлік
айдайды, ауыр заттарды оп-оңай көтереді, ештеңеден қорықпайды. Қазақта үстелдің
төрінде әкенің тұрақты орны бар, оған басқа ешкім отырмайды. Балалары әкесі наннан
ауыз тигеннен соң тамақтануға кіріседі, сосын әкелерінің ас қайыруынан соң ғана
орындарынан тұрады. Әкенің мінез-құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы ұл баланың көз
алдындағы үлгі-өнеге алатын, соған қарап өсетін нысанасы. Қазақта біреудің баласы
жақсы азамат болса: оның әкесі немесе атасы жақсы кісі еді, көргенді бала екен, өнегелі
жерден шыққан ғой деп мақтайды. «Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қыз
тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз». Отбасындағы тәрбие әрбір мүшенің өзін-өзін
сақтау, ұрпақты жалғастыру, өзін-өзі сыйлау қажеттігінен туындайды. Баланы дұрыс
тәрбиелеу отбасында, алдымен, жанұя жағдайы, онда қалыптасқан оң моральдық-
психологиялық ахуал, татулық пен өзара түсіністік, сүйіспеншілік пен сыйластық,
отбасы мүшелерінің бір-біріне деген құрмет сезімдері, яғни, отбасындағы кіршіксіз
таза, мөлдір көңіл-күйі тікелей ықпал етеді. Қазақта ұлдар әкесі немесе атасының
бойындағы қасиет пен өнерін үйреніп өскен. Шығармашылықта, ақындықта танылған
жас баланың тәрбиесіне аса назар аударған. Ата өнерін ұрпағының қууы, оны мирас етуі
қазақ отбасыларында жиі кездесетін дәстүр. Әкесінің баласына қалдырған ең үлкен
мұрасы – оны жақсы тәрбиелеуі дей отырып, баласын оқытып, жақсы көріп, баласына
ат қою, баласын сау етіп өсіру, үйленер жасқа келгенде баласын үйлендіру – қазақ
отбасының басты міндеттерінің бірі. Қандай ата-ана болсын баласының дұрыс адам
болғанын, өзінен артық болғанын қалайды. Бұл – ниет қана. Тәрбие беру барысында
қателіктерді болдырмау, жетістікті нәтиже алуда тәрбиенің түрлі әдіс-тәсілдерін
қолдануы қажеттігін ата-ана ұғына бермеуі мүмкін.
Қолданылған әдебиеттер:
1.Ислам және өркениет 2015 ж
2. Интернен ресурстар.
863
ЗАМАНАУИ ТЕХНОЛОГИЯНЫ МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ ОҚЫТУ ЖӘНЕ
ТӘРБИЕЛЕУДЕ ҚОЛДАНУ
Нұғматуллаева С.Е. , Дүйсенбек С.
№145 «Балапан» балабақшасы КМҚК
«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас
ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың
тағдыры ұстаздардың қолында»
Н.Ә.Назарбаев
Мектепке дейіңгі білім беру мекемесінде оқу- тәрбие үрдісін іске асырудың бір
жолы балаларды ойын арқылы оқыта отырып дамыту. Ойын бала үшін оқу да, еңбекте.
Ойын айналадағы дүниені танудың тәсілі. Ойын балаларға өмірде кездесетін
қиыншылықтарды жеңу жолын үйретіп қана қоймай, ұйымдастырушылық қабілеттері
де қалыптасады.
Ойын- баланың жан серігі. Қай бала болмасын ойнап өседі. Ойын сырттай
қарағанда қиындағы жоқ, оп- оңай көрінуі мүмкін. Ал іс жүзінде бала үшін ойынға
қатысты басқалармен тіл табысып, өзінің ойлаған ойын іске асыру оңай емес. Ойынға
зер салып, ой жүгіртіп қарар болсақ, сол ойындардан үлкен де мәнді- мағыналы істер
туындап өрбитінін байқаймыз. Өйткені, ең алдымен не нәрсенің болсын жол бастар
қайнар көзі болатыны белгілі. Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі
мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып отыр. Сондықтан мектепке дейінгі
балаларды оқыту мен тәрбиелеудің негізгі мақсаты – баланың жеке басының
қалыптасуы мен дамуы болып отыр. Жаңа заман баласы ертеңгі еліміздің болашағы.
Жаңа заман баласын қалыптастырып, дамыту үшін, тұлғаның ішкі дүниесі мен оның
қыр сырын анықтап, мүмкіншіліктері мен қабілетінің дамуына жағдай туғызу қажет.
Әрине, ол үшін мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде балалардың жеке басының
қалыптасуы мен дамуында педагогтардың педагогикалық технологияларды қолдана
білу сауаттылығына да байланысты.Сондықтан жас ұрпаққа, жас буынға жаңаша білім
беру жолында түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр. Бүгінгі ғылым мен техниканың
қарыштап даму заманында мектепте дәстүрлі оқыту технологиясының оқушылардың
ғылым негіздерін мемлекеттік стандарт деңгейінде толық меңгеруіне кепілдік бермей
отырғандығы оқушылардың білім жетістіктерінің нәтижелерінен көрінуде. Сондықтан
оқу-тәрбие үрдісін жандандырудың қазіргі педтехнологияларын жетілдіріп, оны пән
сабақтарын оқытуда тиімді қолдану арқылы білім сапасын жоғарылату үшін басты
бағыт-бағдар берілуде.Бүгінгі таңда мектептерде оқу-тәрбие үрдісінде түрлі
инновациялық педагогикалық технологиялардың қолданылып жүргені мәлім. Бұл
технологиялардың бәрін бір пән сабақтарында қамту мүмкін емес. Сондықтан,
мектептегі әрбір пәнді ұтымды меңгертуде оқыту технологиясын таңдап, іріктеу және
оны іс-әрекеттік тұрғыда жетілдіру арқылы оқушының әрекеті-технологияны
қабылдауы, оған деген ынтасы, құштарлығына мұғалім тарапынан көңіл бөлінуі
тиіс.Қазіргі инновациялық-озық технология туралы айтатын болсақ, технология грек
сөзінен, яғни өнерпаздық, шеберлік, іскерлік деген ұғымды білдіреді. Ғалым–педагог,
864
психологтар пайымдауына жүгінсек, В.Беспалько өзінің «Слагаемые педагогической
технологий» деген еңбегінде оны «Оқу-тәрбие процесінің алдын ала жүйелі түрде
жобалануы, оны тәжірибеде жүзеге асыру, яғни белгілі педагогикалық жүйенің
тәжірибеде жүзеге асатын жобасы»,- деп қарастырады. Инновациялық (озық) білім беру
деп - тұлғаның бағдарлы қөзқарсты, білімдегі дәлдікті, шығармашылық бастауды,
сонымен бірге жаңа технологиялық мағлұматтарды игеруін айтады. Оқыту
технологиясы оқу мазмұнын өңдеуге, көлемі мен мақсатын тұжырымдауға арналған
әдістер мен құралдырдың жиынтығы болса, екінші жағынан, оқушының оқыту
үрдісінде қажетті ақпараттық, техникалық құралдарды пайдаланып, оқушыға оң әсер
ету әдістерін зерттейді. Демек, оқыту технологиясы – педагогикалық әрекеттерді
ғылыми-әдістемелік, іс-тәжірибелік негізде нәтижелі болатындай етіп, жоспарлы түрде
ұйымдастыру қажет.
Жаңа технологиялардың педагогикалық негізгі қағидалары:
н қарау;
Ғылыми-қолданбалы бағытта нақты педагогикалық идеялар мен тұжырымдарға
негізделген жаңа педагогикалық технологиялар жобаланады; мұғалімдерге
педагогикалық технологияларды оқытудың бірнеше түрлерін бөліп көрсетуге
мүмкіндік береді. Қазіргі әдістемеде технологиялардың бірнеше түрлері бар. Солардың
ішінде орта оқу орындарының оқу үрдісінде қолдануға ұсынылатын бірқатар
технологиялар бар. Солардың бірі оқушылардың шығармашылық қабілетін, ұшқыр
қиялын дамытуға бағытталған деңгейлеп саралап оқыту технологиясы.Бұл мәселені
алғаш Қазақстанда Ж.Караев зерттеген екен.Деңгейлеп саралап оқыту нәтижесінде
оқушылар жеке, жұппен , топпен жұмысты жақсы жүргізеді. Белсенділіктері артады,
қызығушылықтары басым болады. Сабақта өз ойын еркін жеткізе алады,
шығармашылық қабілеттері дамиды.Инновациялық технологиялардың бірі –
ақпараттық технология. Оқытудың ақпараттық технологиясы - ақпаратпен жұмыс
жасау үшін қолданылатын арнайы тәсілдер, педагогикалық технологиялар,
бағдарламалық және техникалық құралдар.Ақпараттандыру технологиясы арқылы
заман талабынан сай сабақ берудің тиімділігі өте көп. Күнделікті сабаққа видео, аудио
қондырғылар мен теледидарды, компьютерді, интерактивтік тақта мен мультимедиалық
проекторларды пайдалану үлкен нәтижелер беретініне әр мұғалім өзі көз жеткізіп
отыр.Жаңа ақпараттық технолгияның ерекшелігі мұғалімдер мен оқушылардың
бірлесіп, шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал етеді. Мектептердің оқу-тәрбие
үрдісіне жаңа ақпараттық технологияны енгізу арқылы оқу сапасы жақсарып, дамыта
оқыту жүзеге асырылып, сабақ қарқыны жеделдетіледі. Ақпараттық технологияның
ерекшелігі: оқушылардың өздері ақпараттар жинап, жаңалық ашуға ұмтылып, ізденіп
жауабын тауып, өзінің қөзқарасын логикалық түрде дәлелдейді. Әр баланың жеке даму
процесіне, оның тұлғалық қалыптасуына кешенді педагогикалық бақылау жүргізетін
бір мезгілде оқытушы да, психологта болуы тиіс.Ойын технологиясы – оқу-тәрбие
865
міндеттерін шешуге бағытталған әртүрлі ойындарды көздейтін дидактикалық жүйелер.
Ойын дегеніміз - жас ерекшелікке қарамайтын, адамның көңіл-күйін көтеретін,
ойландыратын үрдіс. Ойын-төзімділікті, алғырттықты, тапқырлықты, ұқыптылықты,
ізденпаздықты, іскерлікті, дүниетаным өрісінің көлемділігін, көп білуді, сондай-ақ
басқа да толып жатқан сапалылық қасиеттерді қалыптастыруға үлкен мүмкіндігі бар
педагогикалық тиімді әдістердің бірі. В.А.Сухомолинскийдің сөзімен айтар болсақ,
«Ойынсыз ақыл ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес». Ойын
дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі
жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Ұлы педагог
А.С. Макаренко ойынға үлкен мән бере отырып, өзі басқарған мекемелерінде ойынды
тәрбиеленушілер өміріне міндетті түрде енгізіп отырды. Ойын баланың өмірін қызыққа,
қуанышқа бөлеуін қамтамасыз ету үшін ол балалардың ойынға деген сүйіспеншілігі мен
қызығушылығын тәрбиелейді,- деп қарастырады.Ойын - халық педагогикасының
құрамды бір бөлігі. Ұлттық ойындар халықтың әлеуметтік - экономикалық
жағдайларына байланысты туып, дамығанына қазақ халқының ұлттық ойындарымен
таныса отырып, көзіміз әбден жетеді. Ойынның да өзіне тән мотивтері болады. Ол
ойындар баланың тапқырлығын, байқағыштығын, зейінділігін арттырумен қатар, ерік
сезім түрлерін де дамытады Кез-келген сабағын қызықты өткізу үшін ізденіс, жаңаға
ұмтылу жұмысын жүргізу әрбір ұстаз үшін бұлжымас қағида. “Оқытып жүріп, өзіміз де
үйренеміз” қағидасын ұстанған ұстаз үшін өзінің әрбір сабағы бірінші өзіне жаңалық
болуы тиіс. Ұстаздың өзі – ізденуші. Сонда ғана өзі қызыққан ұстаз сабағын басқаларға
да қызықты жеткізе алады деп ойлаймын. Әрбір сабақта озық технологияларды
пайдаланып өткізу әрине жақсы нәтижелер береді. Ұстаз әр кез ізденуші бола білсе, өзі
үшін білім жинақтайды, оқушы үшін сабақты қызықты ете алады. Жаңа заман
тәрбиешісі – бұл сауатты маман, бағдарламаны және әдістемелік шараларды анықтай
алатын білімді адам. Атақты ұлы педагог Амонашвили «Тәрбиеші бұл- өзге адамның
дамып жетілуін өз жауапкершілігіне алатын кәсіби тұлға» деп атап өткен. Тәрбиеші тек
балаға белгілі бір дағдыларды қарапайым үйретуші, білім элементтерінен түсінік
беруші ғана емес,олар қуанса бірге қуанады, мұңайса себебін таба білетін маман.
Тәрбиешінің
қызметі
туралы
славянның
ұлы
педагогы
Ян
Амос
Коменский:"Мұғалімнің атқаратын қызметі өте құрметті. Әрі тамашалығы соншалық,
күн астында мұндай қызмет жоқ"-деп бағалаған.
Тәрбиеші өз талабына ұқыпты болуы қажет.Бала тек адамның жеке басының
тікелей тигізетін әсері арқылы ғана тәрбиеленеді.Балабақша тәрбиешісі жас ұрпақты
жан-жақты дамытып,тәрбие беру,оны өмірге,еңбекке даярлауда педагогикалық білімді
көпшілік арасына насихаттау сияқты әрі жауапты,әрі қадірлі қоғамдық міндеттер
атқарады.
Қазіргі кезеңде білім ғылым саласында инновациялық педагогикалық
технологиялар қаншалықты маңызды болса, мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту
мен тәрбиелеуде де педагогикалық технологиялар ұғымы кеңінен қолданылатын
ұғымдардың біріне айналды.
Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі мемлекеттік саясаттың
ажырамас бөлігі болып отыр. Сондықтан мектепке дейінгі балаларды оқыту мен
тәрбиелеудің негізгі мақсаты – баланың жеке басының қалыптасуы мен дамуы. Жаңа
866
заман баласы ертеңгі еліміздің болашағы. Жаңа заман баласын қалыптастырып, дамыту
үшін, тұлғаның ішкі дүниесі мен оның қыр сырын анықтап, мүмкіншіліктері мен
қабілетінің дамуына жағдай туғызу қажет. Әрине, ол үшін мектепке дейінгі білім беру
мекемелерінде балалардың жеке басының қалыптасуы мен дамуында педагогтардың
педагогикалық технологияларды қолдана білу сауаттылығына да байланысты.Яғни,
педагогикалық технологияны қолдану негізінде келешек ұрпақтың еркін дамуына, жан-
жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына жағдай жасау қазіргі таңдағы
әрбір педагогтың міндеті. Қоғамдағы қазіргі даму кезеңінде мектепке дейінгі
мекемелердегі білім беру жүйесінде оқыту, тәрбие беру үрдісін технологияландыру -
басты мәселенің бірі.
Бала тәрбиесі –баршаның ісі. Отбасының да,балабақшаның да мектептің де мақсат
-мүддесі біреу ол – заман талабына сай ұрпақ тәрбиелеу. Бүгінгі бала тез жетіліп келеді.
Олар айналадағы болып жатқан барлық оқиғаларды білгісі келеді. Баланың тұлға болып
қалыптасуына отбасының тәрбиесі аздық етеді. Бұл орайда бала тәрбиесіндегі
балабақшаның орны ерекше. Тәрбиеші балаға деген ыстық ықыласын бір сөзбен айтып
көрсетіп қана қоймай, бар жүрегімен және жан-тәнімен сезіне білуі қажет. Тәрбиешінің
жұмысы күрделі де қызықты. Тынымсыз еңбектің жемісін көру үшін, тәрбиешілік
жұмыс тәрбиешінің бойынан-жігерлілік пен еңбекқорлықты қажет етеді. Осы ауыр
жауапкершілікті қабылдаған тәрбиеші күндіз-түні тыным таппасы анық. Тәрбиші жігері
оның бала санасына «мол суымен сабырлы аққан кең арналы өзендей»таси құйылған
білімі мен дана тәрбисінен көрінеді.Балалар –өмір гүлі. Ал гүлдер ешқандай
жасандылықсыз, шынайылықпен баптағанда ғана өседі. Бала зейінін дамытып, жеке
тұлғаға айналдыру әр тәрбиешінің басты міндеті.Қоғамдағы қазіргі даму кезеңінде
мектепке дейінгі мекемелердегі білім беру жүйесінде оқыту, тәрбие беру үрдісін
технологияландыру - басты мәселенің бірі. Осыған орай мектепке дейінгі мекемелердің
тәжірибесіне оқыту мен тәрбиелеудің әр түрлі технологиялары жасалып енгізілуде.
Ойын ең алғаш баланың қоғамға әсер етуді қажетсінуі қалыптасады , ойынның
жалпы мәніде осында.Ойын екі түрлі уақыттық бағытта дамиды: қазіргі және болашақ.
Біржағынан бала бірден, осы мезетте қуанышқа бөленеді; екінші жағынан ойын
әрқашан болашаққа бағытталған, өйткені ойын барысында тұлғаның келешек өміріне
ықпал ететін сапалы қасиеттері мен іскерлік дағдылары қалыптасады. Ойын жөнінде
айтылған философиялық көзқарастар әлем мәдениетімен тығыз байланысты.
Сондықтан да, қазіргі замын талабына сай бала тәрбиесінде, балалар ойындарына
ерекше мән беріліп отыруы тиіс. Ойын балалар өмірінің нәрі, яғни оның рухани жетілуі
мен табиғи өсуінің қажетті алғы шарты болып табылады. Ойын дегеніміз- жаттығу, ол
арқылы бала өмірге әзірленеді. Ойын мектеп жасына дейіңгі балалардың негізгі іс-
әрекеті болып табылады.
Ойын арқылы оқыту технологиясының мақсаты дидактикалық, тәрбиелік,
дамытушылық, әлеуметтендірушілік мақсатқа жету. Ойын технологиясының
ерекшелігі ойындық іс-әрекеттің психологиялық механизмі жеке бастың өзіндік талап-
талғамдарына сүйенеді. Баланың бойындағы білімділік, танымдық, шығармашылық
қасиеттерін аша түсуді көздейді. Ойын - балалар үшін оқу да, еңбек те. Ойын
айналадағы дүниені танудың тәсілі. Сонымен қатар, ойын балаларға өмірде кездескен
қиыншылықтарды жеңу жолын үйретіп қана қоймайды, олардың ұйымдастырушылық
867
қабілеттерін де қалыптастырады. Ойын-әлеуметтік қызмет. Ол баланың жасына қарай
өзін қоршаған ортаны танып білуге құштарлығын арттырады. Ойын арқылы бала
қоршаған ортамен қарым-қатынас жасауға ұмтылады, негізгі құндылықтарды түсінеді.
Балабақшадағы
компьютерлік
технологиялар-
баланың
шығармашылық
қабілеттерін тәрбиелеу мен дамытуға, оның тұлғасын қалыптастыруға интелектуалдық
ортасын байытуға көмектесетін баламен жұмыстың ерекше бағыты. Бұл білім беру және
дамытудың қосымша мықты мотивациясы, себебі: компьютер әр баланы ақылды
ойыншық ретінде қызықтырады.
Қазіргі заман технологияларын баланың психикалық үрдістерін, тұлғаның
жүргізуші орталарын қалыптастыруға, шығармашылық қабілеттерін дамытуға арналған
дәстүрлі дамыту құралдарымен гармониялық біріктіру.
Компьютерді қолдану бала өмірінде, оның дамуының түрлі жақтарына, бала
тұлғасын қалыптастыруда маңызды әсер етеді. Компьютер бала өміріне ойын көмегімен
енуі керек. Себебі, ойын- тәжірибелік ойлау қабілет түрінің бірі. Ойында бала өз
білімдерімен , тәжірибесімен, әсерімен, бұрын естіген немесе көрген білімдеріне
сүйенеді. Сондықтан оқутушылық ойындар көмегімен бала тек жаңа білім алып қана
қоймай, бар білімдерін бекіту үшін арнайы ойындар таңдау керек. Егер баланың
виртуалды әлемге серуендеуін бақыласақ, бала компьютер алдындағы жұмыс істеу
ережелерін сақтаса, онда уақыт өткізу зиян келтірмейді. Жаңа ақпараттық
технологиялармен ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде балалардың компьютердегі
жұмыс 10 минуттан аспайды. Көз шаршағандығын және кемістіктерінің алдын алу үшін
гимнастика орындалады. Сергіту сәттер мен саусақтық гимнастика туралы да
ұмытылмайды. Оқу жылының басында балалармен техника қауіпсіздігі мен тәртіп
ережелері туралы нұсқаушылық жүргізіледі, қауіпті жәйттер талқыланады.
Балалардың ойындық іс-әрекеті «оңайдан күрделіге» әдісі бойынша тек
тапсырмаларды шешуде ғана емес, компьютерлік дағдыларды қолдануда да
ұйымдастырылған. Сөйтіп, ойынның тапсырмасын орындай отырып, балалар алдымен
тінтуірді дұрыс ұстауды, оның батырмаларын айыруды, объектке бағыттауды, бірлік
шертуді орындауды, содан соң электронды тақтаның қаламсабымен жұмыс істеуді
меңгеруі тиіс.
Жаңа жаңа заманғы технология арқылы балалардың көрушілік, қозғаушылық,
бұлшықет- сезгіштік сараптамалары жұмыс істейді. Одан басқа бейнелеу есте сақтау
қабілетін, зейінді дамытады, ұсақ моториканы, баланың ойлау және сараптауға,
өлшеуге, салыстыруға, қиялдауға үйретеді. Компьютер баланың жан- жақтылығын
дамыту құралы ретінде дұрыс қолданылса, оны мектепке дайындау кезінде тамаша
нәтижелерге жетуге болады. Оның негізгі құрлымы тіл болып табылады.
«Балабақшаның тәрбие бағдарламасы» атты құжатта баланың денесі мен психикалық
жетілуі жеке басының дамуы үшін ойынның маңызы нақты көрсетілген. Ойын
балаларға тән әрекет болып табылады. Ойын- қоғамдық тәрбиені меңгеруге және
дамытуға бағытталған шартты жағдайдағы әрекет формасы. Яғни, ойынды жаңа
ахпараттық технологиямен бірге балаларға ұсынған жөн. Демек, балаларды бір қалыпта
дамытып қана қоймай жан-жақты болуға тәрбиелеу тәрбиешінің міндеттерінің бірі
болып табылады. Сонымен қатар, мектепке дейінгі мекемелерде инновациялық білім
беру құралдарын қолданудың да маңызы зор. Инновациялық білім беру құралдарына:
868
аудио, видео, құралдар, компьютер, интерактивті тақта, интернет, мультимедиялық
құрал, электрондық оқулықтар, мен оқу әдістемелік кешендер, инновациялық
ақпараттық банк, инновациялық сайт және тағы басқалары жатады. Қазіргі таңда
көптеген интерактивтік бағдарламалық бөлімдер, қозғалмалы объектілер құруға
мүмкіндік беретін векторлық және графикалық жабдықтар көптеп шығып, қолданыс
табуда. Осындай құралдардың бірі-мультимедиялық оқулықтарды балабақшаларда
кеңінен пайдалану. Бұл жағдайда тәрбиеші әр оқу іс-әрекеттерін бастар алдында жиі
көрнекіліктер ауыстырмаған болар еді. Ал, мультимедиялық оқулықтар арқылы
тәрбиеші
уақытты
тиімді
және
ұтымды
пайдаланар
еді.
Бала бақша баласына мультимедиялық оқулықтар біріншіден, балалардың
қызығушылығын арттырады, екіншіден, зейін қойып көрумен қатар түсінбеген
жерлерін қайта көруге мүмкіндік алады. Мультимедиялық оқулықтар балабақшада
балаларға арналған таптырмас құрал болып табылады. Өйткені, балалардың зейіні әр
түрлі әдемі түстерге, ойыншықтарға, әдемі суреттерге, әсемдікке әуес
болады.Мультимедиялық электронды оқулықтар бала үшін де, тәрбиеші үшін де күнде
дамытылып отыратын анық түрдегі әдістемелік жүйе болып табылады.
Мектепке дейінгі мекемелерде ақпараттық қатынастық технология құралдарын
қолданудағы мақсаты - баланың танымдық қызығушылығын қалыптастыру. Балада
танымдық қызығушылықтың болуы олардың оқу іс-әрекеттерге белсенді, білімінің
сапалы болуына, жағымды мінез құлықтарын қалыптастыруға мүмкіндік береді.Заман
талаптарына сай мектепке дейінгі мекемелерде АКТ оқыту процесінде кенінен
пайдаланады. Түрлі танымдық салаларына арнаулы компьютерлік бағдарламалар
құрылуда. Баланың жас ерекшелігіне және пайдаланатын компьютерлік
бағдарламаларға сай интерактивті тақта ойындағы баланың оппоненті, бағдарлаушы
(әңгімелеуші), жаттықтырушы, емтихан қабылдаушы болуы мүмкін. Оқытуда
балалардың түрлі психикалық функцияларын дамытуға араналған пайдаланатын
компьютерлік құралдар бар: олар қөру, есту арқылы қабылдау, зейін, есте сақтау,
логикалық ойлау, т.б. Интерактивті тақтаның жетістіктерінің кіші жастағы балаларда
оқуға, жаңа білім алуға деген құштарлық туғызады. Интерактивті тақта ақпаратты
кеңінен ұсыну құралы болып келеді және баланың мотивациясын күшейтеді.
Мультимедиалық технологияларды пайдалану арқылы (түс, графика, дыбыс, замануи
видеотехникалық құралдар) түрлі жағдайлар мен ортаны моделдеуге болады.
Мультимедиалық бағдарламаларға еңгізілген ойын компоненттері үйренушінің
таңымдық әрекетін белсендіреді және материалды ұғынуды күшейтеді.Тәрбиеші – бала
бойына білім нәрін себетін басты тұлға. Жаңашыл тәрбиеші даярлауға қойылатын
талаптар студенттерді оқытудың жаңа түрлерімен қаруландыра отырып, қазіргі
уақыттағы кәсіптік дағдыларын игеруге бағытталған оқытудың жаңа жолдарын енгізуді
көздейді. Өсе келе бала қажетті дағды мен іскерлікті меңгереді, сонымен қатар балада
тәуелсіздік, өзіне деген сенімділік сезімі қалыптасады. Бұл технологияның негізгі
мақсаты-баланы азамат етіп тәрбиелеу, олардың танымдық күшін қалыптастыру және
дамыту, баланың жаны мен жүрегіне жылылық ұялату.
Жалпы білім берудің мақсаты- терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін
бағдарлай білуге, өзін- өзі дамытуға адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдерді
қабылдауға қабілетті тұлғаны қалыптастыру, яғни жеке тұлғаны қалыптастыруға
869
негізделген, ақпаратты меңгерген, жылдам өзгеріп жататын бүгінгі заманға лайықты,
жаңашыл тұлғаны қалыптастыру.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1) Коробейников Н.А. Компьютер ойындарының тәрбиелік мүмкіндіктері.
Балабақша және отбасы, 2002,05.
2) Левченко И.В. Кіші жастағы балаларды бағдарламалық қамтамасыздандыру
жұмысындағы оқыту. Информатика және білім беру, 2000, 10.
3) Минькович Т.В. Есептер және ойындар түрінде информатика. Логомиры,
шығармашылық. Информатика және білім беру, 2000, 10.
4) Тұрғынбаева.Б.Қ. Мұғалімнің шығармашылық әлеуметін біліктілікті арттыру
жағдайында дамыту.: теория және тәжірибе // Aлматы. 2005, 174-бет
5) Бұзаубақова К.С. //Жаңа педагогикалық технологиялар//Алматы-Білім. 2000ж.
83-85б.
6) Кириллова Г.Д. Теория и практика урока в условиях развивающего
обучения.//Москва-Просвещение,1990ж.-159с.
МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ – МӘҢГІЛІК ТІЛІН ҮЙРЕНУДІҢ КІЛТІ-ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯ
Нұртаева Г.Қ.
КМҚК «Бәйтерек» балабақшасы
Дамыған ел қатарына қосылу, білім беру және экономика жағынан баскеге
қабілетті ел болу қазіргі заманның әр мемлекеттің алдындағы тұрған басты
міндеттердің бірі болып отырғандығы белгілі. Біздің елбасымыздың да халыққа
жолдауларындағы әрбір сөзінде айтылатын ойда осында жатыр. Елбасымыз
Н.Ә.Назарбаев: «Ұлттық бәсекелестік қабілетті бірінші кезекте оның білім
деңгейімен анықталады. Қазіргі кезеңдегі басты мәселенің бірі жаңа
технологиялардың даму кезеңінде болашақ ұрпақтың дамуы, тәрбие мен білім
алуында ұстаздардың атқаратын ролі ерекше. Егеменді еліміздің болашағы оның
әлемдік өркениеттегі өз орны ең алдымен білім мен тәрбиенің бастауы ұстаз
қолында»,-деп атап көрсеткен[1.12-б.]. Әлемнің көптеген алдыңғы қатарлы елдерінің
білім беру технологиясы білім берудің құрылымын, мақсаттарын, мазмұны мен
технологиясын түбегейлі өзгертті. Міне, сондықтан, біздің елімізде бұл мәселіден
тысқары қалып қоймайтыны да анық. 1997 жылы еліміздің білім беру саласына
білім технологиясын ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасы енгізілген. Білім
бердің ақпараттық технологиялармен жабдықталуы жоғары оқу орындарынан бастау
алып, одан әрі орта білім беретін, кәсібі білімдік мекемелерде де орнығып, қазіргі
уақытта толық жабдықталған. Алдыңғы кезекте осы технологиялармен жұмыс
істейтін кәсіби маман иелерін дайындау көзделген. Бұл істе де біраз айтарлық
жұмыстар атқарылған. Қазақстан көптеген жетекші елдердің ЖОО мен мектептерімен
байланыс орнатқан, сол елдердің мамандарымен іс-тәжірибе аламсып отырады,
студенттерін, оқушыларын тәжірибелік практикалар өтуге жібереді, ең бастысы
870
елбасымыздың «Болашақ» степендиясы арқылы тегін шет елдердең білім алуға
мүмкіндік ашатын бағдарламасы бар, ал қазіргі таңда «Назарбаев зияткерлік
мектептер» және университеттердің ашылуы біздің еліміздегі білім жүйесінің
айтарлықтай деңгейінің көтерілгендігін көрсетеді.
Сол озық елдерден біздің білім беру жүйемізге келген жаңа технологиясы –
қашықтықтан білім беру. Қашықтықтан білім беру технологиясы ХІХ ғасырда белен
алды. Бұл технология арқылы елдегі әр азаматтың тіпті өзге елдегі азаматтардың
білім алуына мүмкіндік бар. Қазақтан қашықтықтан білім беру технологиясын
Лондон университеті, ТГУ, СГУ т.б. ұйымдастырып, мегауниверситеттерге айналып
отыр. Осындай мүмкіндіктер ашылған еліміздің азаматтары бәсекеге қабілетті ел
ұрпағы болатындығы анық.
Қашықтықтан білім беру технологиясын біздің елде әртүрлі тіл үйрену
орталықтары да өз тәжірибелерінде қолдануда. Ол өте тиімді деп санайымын.
Қашықтықтан білім беру үшін алдымен әр адамда
Копьютер
Интернет
Почтаға рұқсат кілті
Ал қазіргі уақытта әр бір үйде компьютер бар. Еңбектеген балаға дейін ұялы
телефонға қызыға қарап, қызығушылығы оянғандығы баршаға белгілі, ал интернет
жүйесін қолдануды ересектер мен қатар мектеп оқушылары да жақсы меңгеру үстінде.
Қашықтықтан білім беру үшін арине интернеттің алатын орны зор. Интернет арқылы
білім берілетін салабойынша сат ашылып (почта), сол білім берілетін сала бойынша
өз
бағдарламаңызды
енгізіп,
әртүрлі
тапсырмалар,
тест,
кеңестер,
дәрістер,дидактикалық құралдар т.б. енгізуге болады. Скайп жүйесі арқылы білім
алушымен тікеле сөйлесіп, сұрақтарына жауап беру мүмкіндіктері бар.
Қашықтықтан білім беру технологиясын қазақ тілін үйренуде қолданудың
маңызы жоғары. Елімізде тіл мәдениетін, тіл құзіреттілігін, тілді үйренуге көптеген
қаражат бөлінгені рас. Сол қаражаттың көмегімен біраз өзге ұлт өкілдерінің
азаматтары қазақ тілін меңгерді, оларға ақшалай сыйақы да берілгендігі де
ақпараттарда жазылып, айтылып жатты.
Мәңгілік елдің мәңгілік тілі - қазақ тілі. Қазақ тілін меңгеру, түсіну, құрметтеу
әрбір отандастарымыздың міндеті, борышы. Осы борышты орындау үшін тіл
үйренушілерге еш қаражат жұмсамай, уақытын үнемдей отыра мемлекеттік тілді
меңгеруге қашықтықтан білім беру технологиясы арқылы мүмкіндік ашуға болады
деп санаймын.
Алдымен тілді үйренуді балабақшадан бастап үйрету, ол баланың санасына
басты тіл қазақ тілі екендігін және оны меңгеру біздің міндетіміз екендігі санасына
құйылады. Білім мен тәрбие елімізде балабақша ордасынан бастау алады. «Тәрбие
тал бесіктен басталады» деп қазақ даналығын ұстанған басшымыздың ұстанған
саясатында терең мән бар. Балабақшалардың көптеп ашылуы, ондағы білім мен
тәрбиенің жүйесін бала жас ерекшеліктеріне құрылуы, мамандардың арнайы жаңа
заман талабына сай білім алуда. Мектепке дейінгі мекемелерде жаңа
технологиялармен жабдықталған, электронды оқулықтар, құралдардың көмегімен
балаларға заманауи білім беріледі. Осындай жолмен балабақшадағы өзге ұлт
871
өкілдерінің балаларына қазақ тілін меңгерту үлкен жолға қойылған. Осындай
бағытты ұстанып жұмыс жасап отырған қаламыздағы «Бәйтерек» балабақшасының
қазақ тілі кабинетінде интерактивті тақта, интернет желісіне қосылған компьютер,
электеронды құжат тасушы оқу құралдары т.б. орнықтырылған. Қазақ тілін үйретуде
арнайы сайт құрылып онда қазақ тілі маманының жылдық жоспарына сәйкес
жүргізілетін қазақ тілі оқу әрекетінің жұмыстары енгізеледі. Әр тақырыпқа сай
тапсырмалар, ойындар, дидактикалық материалдар, жаңа сөздер, үйге тапсырмалар,
кеңестер, ертегілер, өлең және тақпақтар енгізіледі. Және бұл сайтта ата-аналарға да
арналған тіл үйренуші парағы ашылған. Ата-аналар балаларымен қоса қазақ тілін
үйренуіне болады. Тіпті осындай қашықтықтан оқыту технологиясы арқылы ата-
аналар баласының күнделікті іс – әрекетін Skype жүйесі арқылы көріп бірге қатыса
алады. Бірақ, оқу іс-әрекеті барысында сұрақ қоюға болмайды, себебі бұл балаларға
арналған оқу әрекеті. Бұл оқу әрекетінде баса назарда балалар. Ал ата-ана мазалаған
сұрақтарын ата-аналарға арналған блокта қойып, жауаптарын ала алады.
Қашықтықтан оқыту балабақшада тіл үйренуге үлкен мүмкіндіктер ашады.
Себебі, баласының қазақ тілін ерте жастан үйренуіне қызығушылық танытқан ата
–аналардың саны күннен күнге артуда. Ал бұл әрекетте қашықтықтан білім беру
технологиясы баланың ата-анасымен бірге мемлекеттік тілді үйренуіне жақсы
ықтимал болып отыр.
Қазақ тілін үйретуде қашықтықтан оқыту технологиясы арқылы дәстүрлі
оқытудың тиімді жақтарын қамтып, оның жаңа қырларымен, көрсеткіштерімен
толықтырудамыз. Балаларға берілген үй жұмыстарын бала ата-анасымен бірлесіп
орындайтын болғандықтан, ата-анаға түсінікті болу үшін тапсырмалар екі тілде
беріледі. Жаңа сөзде қазақ тіліндегі аудармасымен, көрнекіліктерімен ұсынылады.
Қазақ тілін үйренудің жолдары бойынша кеңестер беріледі. Сонымен қатар осы
техника әдісі арқылы балабақшаға суық тиіп немесе белгілі бір отбасылық
себептермен қатынай алмай жүрген балалар да оқу іс-әрекетіне қатысады. Яғни,
белгіленген кесте уақытымен жүйеге қосылып, мұғалімнің жаңа оқу әрекетін
тыңдап, сұрақтарын қойып, мұғалімнің сұрағына жауап беріп, топтық жұмысқа да
қатыса алады, осындай әдістін көмегімен ол бала жаңа сөздерді үйренуге, яғни жаңа
тақырыптың меңгеруден қалмайды.
Қашықтықтан оқыту технологиясы баланың тек тілді меңгеруіне жол ашып
қоймай, оның жаңа технологиялық құралдарды ересектердің көмегімен дұрыс әрі
тиімді қолдануына, ой-өрісінің дамуына, өзіндік жұмыс, еркін ойлай, сөйлей және
қимыл іс-әрекет жасауына жағдай жасайды.
ҚББ-ді жаңа ғасырдың білім беру технологиясы деп айтып келеді. Оны білім
беру саласын жаңа қырдан дамытатын өзіндік сипаты бар білім технологиясы деп
қаруға болады. Жаңа технологияны балабақшада қолданудың жолдарын зерттеп,
бағдарлау әлі де болса қажет. Мектепке дейінгі мекемелерде қазақ тілін үйренуде
осы технологияның тиімділігін арттыру, қолайлы жағдайлар жасау қажет деп
санаймын. Жаһандық білім беру заманында өз ана тіліміздің қадір қасиетін сақтап,
меңгерудің маңызын жоғалтпауды есте тұту әрбір қазақстандықтың бойтұмарындай
болса игі еді.
872
Мәңгілік елдің-болашағы да мәңгілік жарқын болуы айқын. Болашаққа білім мен
бастау құятын білім беру ордасындағы - ұстаздар. Кәсіби қызметтің еңбек субьектісі,
еңбек құралдары мен пәнін өзара байланыстыратын тұлғааралық қатынастар аясындағы
үрдіс ретінде қарастырылатыны белгілі. Сондықтан, еңбек қызметі мен оның жүзеге
асырылу шарттарын біріктіре негіздеу теориялық тұрғыдан маңызды болса, ал еңбекті
технологиядан бөліп қарау кәсіби қызметті дамытуда практикалық тұрғыда маңызды.
Олар біріге отыра, кәсіби құзырлықты қалыптастырудың ғылыми-практикалық негізін
құрайды.
Әрине, педагогика ғылымында кәсіби құзырлық ұғымы жалпы анықталған. Ал
тәрбиеші –педагогтың кәсіби құзырлығы-бұл оқыту мен тәрбиелеу барысында
қалыптасып, қашықытықтан оқытуды ата-аналармен жұмыста, педагогикалық тәжірибе
алмасу семинарларында кәсіби тиімді ұйымдастыруды қамтамасыз ететін кәсіби
маңызды қасиеттер жиынтығы, сонымен қатар, коммуникациялық құзырлықтары
жүйесін толықтыратын жүйеқұраушысы ретінде педагогтардың қашықтықтан оқыту
кезінде іске асырылып, кәсіби іс-әрекеттер барысында дамитын интерактивті сапа.
«Қашықтықтан оқыту» ұғымына ғылыми-әдіснамалық әдебиеттерде әртүрлі
анықтама берілген. алайда қазіргі таңда білім беру саласында қашықтықтан оқытуды
талдау, білім беру мекемелерінің көбінде қашықтықтан оқыту бойынша ақпараттық-
коммуникация құралдарын ғылыми-педагогикалық негізде қолдану тәжірибелерінің,
оның үстіне, ол бойынша зерттеулердің аздығын көрсетеді. сондықтан бұлжүйемен
мектепке дейінгі мекемеде жұмыс жүргізудің жолдарын толығырақ зерттеуден
өткізудің жолы ерекш маңызға ие.
Мектепке дейінгі мекемеде қашықтықтан білімберу арқылы қазақ тіліне оқытуды
тек балалармен жұмыста ғана өткізуді талап етудің қажеті жоқ. Балабақшадағы әр
баланың ата –анасы әртүрлі салада қызымет етеді. Қазақстанда мемлекеттік тілді 100%
меңгерген өзге ұлт азаматы санаулақ. Қазақ тілін меңгергендер мемлекеттік мекемеде
жұмыс жасайтында мен педагогика саласындағы мамандар деп айтуға болады. Ал
балабақшаға әртүрлі маман иесі баласын алып келеді. Сол ата-аналармен қазақ тілін
үйрену жұмысын жүргізсе, қазақстандық әр азамат мемлекеттік тілді құрметтеп,
сөйлейтін болады. Ата-аналарға қазақ тілін үйретуде жаңа ақпараттық
технологиялардың маңызы зор. Баласына берілген үй жұмысын орындау арқылы ата-
ананың сөздік қоры өседі. Туындаған сұрақтары бойынша қазақ тілі маманы ашқан сайт
арқылы немесе қашықтықтан оқыту жүйесі арқылы сұрақтарын қойып, өзіне арнай
берілген тапсырмаларды алып орындауға мүмкіндік алады. Балабақшаға баласын алып
келіп, ондағы қазақ тілін үйренуге деген құлшыныстары оянған отбасылар көптін қасы.
Шындығына келсек, кезінде ана тілдің өзектілігі маңызды болмағаны рас. сол кездері
өзге ұлт азаматтары тұрмақ, қаракөз қазақтарымыз да өз ана тілін жатсынып,
менсінбегендігі туралы көптеген мақалалар жарық көріп жатты. Осындай жайттарды
естіп ішіміздің күйгені де бар. Ал, қазіргі таңда еліміздің біраз реформалары
қарастырылып, тіл жанашырларының арқасында қазақ тілінің мәртебесі көтерілді.
Балабақшаларда, мектептерде, арнайы орта білімдер мен ЖОО-да ана тілін білуге баса
талап қойылуда. Баласының болашағы жарқын болу үшін сапалы білім алғанын
қалайтын әр отбасы баласының балабақшадан тілдерді меңгергенін қалайтындығы
өзіміздің жүргізген сауалнамалардың көрсеткішінде байқалды.
873
Қоғам, заман талабы өзгерген сайын ана тілді меңгертудің әдіснамалық жолдары
да жаңданып отыр. Бір сарында жүргізілген оқу жүйесі нақты сапалы көрсеткішке ие
болмағандықтан, жаң технологияларды қолдану арқылы тілді үйрету өте тиімді. Тілді
үйретуші маманда жаңа технологияларды меңгерген жан-жақты, шығармашыл маман
болуы қажет. Педагог өз пәнін шәкіртіне қызықтыра алса, шәкірті сол алған білімін
өмірінде қолдана алса, мақтан тұстса, байқауларда жүлделі орындарға ие болса, шәкірті
де жаңа технологялар арқылы білімге қызықса, міне сонда ғана мәңгілік елдің ұрпағын
тәрбиелеуге үлес қосқандығынызды байқай аласыз.
Мәңгілік елдің –тілі де мәңгілік. Қонақжай, бейбітшіл елімізге келген әрбір
шетелдік азамат қазақ тілін үйренуге құштар, ал сол азаматтың жалынын өшіріп алмау
үшін мамандар жаңа технологияның тілін беліп, тілді үйретуі абзал.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.
«Қазақстан - 2050» ҚР-ның Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына
жолдауы.
2.
Қазіргі заманның ұстазын қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша кәсіби
дайындаудағы педагогикалық инновациялар // ҮІІМеждународная научно-
методическая конференция «К экономике знаний через инновации и образование».
Алмата, 2006.
БАСҚА ҰЛТ ӨКІЛДЕРІНІҢ БАЛАЛАРЫНА ҚАЗАҚ ТІЛІН ҮЙРЕТУ
Достарыңызбен бөлісу: |