Бастамашы топтан кәсіби ұйымға (құралы) «спид фонд Восток-Запад»



жүктеу 0.79 Mb.
Pdf просмотр
бет3/9
Дата15.03.2017
өлшемі0.79 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9

4. Тікелей үнқатысу (Face-2-Face)

Бұл бүгінде әлемдегі ең кең танымал әрі тиімді технология болып табы-

лады. Шын мәнінде бұл промо-акция: қор өкілдері адам көп жиналған жер-

лерде өткіншілерге проблема туралы айтып, қайыр-садақа жасауды ұсына-

ды. Бұл әдістің артықшылығы көп: бұл жеке қатынасу (басқа тәсілдердің 

көпшілігінде жоқ), және сұхбаттастың жеке басының ерекшеліктерінн ескере 

отырып, оған дәл сәйкес болу және нәтижені шапшаң алу (қайыр-садақа бір-


25

ден жасалады) және т.т. мүмкіндігі. Бірақ, кемшіліктері де бар. Біріншіден, 

бұл технология қымбат. Әрине, егер іс-шараға жұмыс істейтін болса, онда 

волонтерлар еңбегін пайдалануға болады, бірақ біз акцияны тұрақты жұмыс 

істейтін шараға айналдырғымыз келетін болғандықтан, волонтерлермен ғана 

бітпейді – «көше фандрайзерлері» - рекрутерлерді жалдауға тура келеді. Бұ-

ған босатылғандардың орнына адамдарды ұдайы толықтырып отыру, тұрақты 

тренингтер өткізу қажеттігін қосыңыз, сонда бәрінің жай нәрсе емес екенін 

көреміз. Бірақ ең басты кемістігі бұл емес, адамдар ішкі себептермен бол-

ған біржолғы қайырмалдықтар (қолма-қол ақшамен, түбіртек бере отырып). 

Тіптен әрі қарай қарқынды тіл қатысу кезінде донорлардың тек 10-20% ғана 

жаңа жарналар жасайды. Бұл акцияны басқа елдердегідей тек «пайдалы» 

етіп қана қоймайды, онда донорлар бірден жүйелі (әдетте, ай сайынғы) тө-

лемдерге «жазылады». Тікелей үнқатысудың жақын жылдарда, тіптен айлар-

да  өзінің тиімділігін көрсететініне сенімдіміз. Бізде жүйелі төлемдер даму 

үстінде, нарықта ендігі тап осы қайырымдылық қорларына арналған акция-

лар өткізуге маманданған алғашқы агенттіктер пайда бола бастады.

5. Іс-шаралар 

Аса мәлім әрі кең танымал инструменттердің бірі. Қайырымдылық кон-

церттері, веложарыстар, таңертеңгілік астар және т.т. Мұның барлығын және 

іс-шараның мыңдаған түрлерін бір нәрсе біріктіреді: біз әлеуетті донорлар-

ды бір жерге белгілі бір уақытта жинаймыз, оларды қандай да бір белсенді 

шараға тартамыз, олардан қайыр-садақалар жинаймыз. Әдетте, іс-шаралар-

да фандрайзингтік механизмдердің тұтас топтары: аукциондар, лотореялар, 

СМС-садақалар, тікелей сұхбат, жәшікке қайыр-садақалар жинау, және т.т. 

қолданылады. Іс-шара тиімді болуы үшін ол көпшілікке қызықты болуы тиіс. 

Осы мақсатта «жұлдыздар», танымал қоғам қайраткерлері жиі шақырылады. 

Сапалы іс-шара қымбатқа түседі: үй-жайды жалға алу, тағам мен сусындар, 

промо-материалдар, техникалық жарақтандыру және т.т. Әлбетте, шығын-

дардың көпшілігі серіктестер мен демеушілердің иығына көбірек түседі. Кей 

жағдайларда фандрайзинг шараларын ұйымдастыруға жұмсалған шығындар 

ақырында жиналған қаражаттан асып түсіп жатады.

6. Жарнама және БАҚ 

Телеарналардағы немесе супермаркеттердегі плазмалық панельдердегі 

роликтер, журналдардағы жарнамалық модульдер мен газет мақалалары – 

мұның барлығы өзіміз шешіп жатқан проблемалар туралы айтып береді және 

қайыр-садақалар тарта алады. Ролик СМС жіберу ұсынысын немесе сайтқа 

кіруді және қайыр-садақа жаауды қамтиды. Журналда төлемдер қабылдауға 

арналған шоттардың реквизиттерін де басып шығаруға болады. Бұл, донор-

ларға үшінші жақтан жүгіну тәсілі – біз өзімізді қанша адам көретінін немесе 



26

оқитынын, біздің үндеуімізге қаоай қарайтынын дәл білмей жатып, эфир-

ге хабар таратамыз. Дегенмен жарнама әркез өз ұйымыңыздың және оның 

проблемалары төңірегінде ақпараттық өріс қалыптастыруға септігін тигізіп, 

сіздің танымалдығыңызды, сайып келгенде, ұйымға деген сенім деңгейін арт-

тырады. Бұл жерде түйінді сөз «сапалы».



7. Телемаркетинг

Қолдауды сұрап телефон арқылы өтініңіз. Әртүрлі елдерде әлеуетті донор-

ларға қайыр-садақа жасауды өтініп, қоңырау шалуға маманданған агенттік-

тер бар. Біздің елімізде, әдетте, бар донорларға алғыс білдіру, сонымен бірге 

оларға жаңа қайыр жасауды ұсыну үшін тілқатысу  сирек пайдаланылады.

8. «Жаңа медиа» («New Media»)

Мұнда Интернет, ұялы телефондар (SMS, MMS, мобильді қолданбалар және 

т.т.) арқылы қолдау көрсетуді өтінеді. Мобильді технологиялар қайыр-сада-

қалар жинау үшін әлі де белсенді пайдаланылмай жатыр. Ал, міне, Интернет 

біздің өмірімізге бұрыннан дендеп енген. Интернетті басқа технологиялар-

дан айыру өте қиын. Онда жіберілімдер де, жарнама да, іс-шаралар да бар 

... Бірақ, бәрі бір барлық басқа инструменттерден бір айырмашылығы бар – 

сөйлесу монитор экраны арқылы жүреді. Жаһандық желіде фандрайзинг ту-

ралы сағаттап әңгіме айтуға болады. Тек маңызды сәттеріне ғана тоқталсақ. 

Біріншіден, сіздің сайтыңыз болуы тиіс. Қазіргі заманғы әлемде сіздің сайты-

ңыз болмаса, - сіздің жоқ болғаныңызбен тең. Сайт сапалы болуы тиіс. Сайтта 

«Көмектесіңіз» деген батырма міндетті түрде болуы тиіс. Әйтпесе, мыңдаған 

адам сіздің сайтыңыздың қасынан өтіп кетеді де, сіздің ақша жинайтыныңыз-

ды тіптен білмейді. Келесі сәт: донорлардың байланыс деректерін міндетті 

түрде жинақтап, алынған базамен ұдайы жұмыс істеу қажет. Интернеттегі 

әлемдік фандрайзинг тәжірибесі Желідегі қаражаттар донорлардың тыным-

сыз базасы бойынша жөнелтілген жіберілімдерден жиналатынын көрсетеді. 

Әрі қарай Интернеттің әу бастан «технологиялық» екенін ұмытпаңыз. Мұны 

пайдалану қажет: сауатты құрылған аналитика мен тестілеуге арналған ар-

наулы инструменттер донорлардың міне-құлқын бағалауға және барынша 

мол тиімділікке қол жеткізуге септігін тигізеді. Тағы бір мәселе, өкінішке қа-

рай, сіздің сайтыңызға кірушілердің барлығында бірдей несие кәртішкелері 

болмайтынын, әрі банкте төлем жасау мүмкіндігі көптеген донорлар үшін ма-

ңызды екенін естен шығармаңыз – адамдарға түбіртекті сайттың өзінен тіке-

лей басып шығаруға мүмкіндік беріңіз.

9. Бизнеспен серіктестік

Бұл барынша сыйымды әрі танымал «технологиялардың» бірі. Асылы, мұны 

технология деп атау дұрыс та болмас, неге десеңіз бизнеспен жұмыс істеу 

шеңберінде тап сол технологияның көпшілігі: жіберілімдер де, іс-шаралар да, 



27

келіссөздер де қолданылады.  Ірі компаниялардың басым бөлігі өз қорларын 

құрып алған немесе қайырымдылы жобаларын әзірлеп қойған. Компания қа-

йырымдылыққа қаражаттарды көп бөлген сайын бұл көмектің түптің түбінде 

бизнестің өзіне де пайда әкелеріне үміт көп. Бұл міндетті түрде сауда-сат-

тықтың тікелей өсуі емес. Бұл биліктің лояльдығы, әрі тұтынушылардың көз 

алдында имидждің жақсаруы, өз қызметкерлеріңіздің лояльдығының артуы 

болуы мүмкін. Бизнестен қолдау алу үшін жеке тұлғаларға жүгінген кездегі 

инструменттер пайдаланылады. Бірақ, олардың кейбірін дәл сол бизнеспен 

жұмыс істеумен ұштастыра отырып, еске салған жөн.



Демеушілік. Біздің жағдайымызда бұл жарнамалық қарымта немесе PR 

алу үмітімен түрлі қайырымдылық бағдарламаларын қаржыландыру. Алай-

да, мұнда демеушілік шарттардың Жарнама туралы заңға кіретінін есте ұстау 

қажет. Сіздің қатынастарыңызды заңды түрде    сауатты рәсімдеуіңіз және 

салық төлеуге әзір тұруыңыз қажет. 

Қызметкерлердің қаражаттарын жинау. Компания тек пайдадан өз 

қаражаттарын қайыр-садақаға жұмсап қана қоймай, өз қызметкерлеріне 

қандай да бір қорға көмектесуді ұсына алады. Мұндай жағдайда компания 

көбіне қызметкерлердің енгізген жарналарын арттыруға, мәселен, еселеуге 

дайын. Қызметкерлерге ашықтықтан басқа компания өз клиенттерін де қа-

тыстыруды ұсына алады. Мұндай тәсіл CRM (cause related marketing) деп ата-

лады. Классикалық үлгісі – қандай да бір тауарды сатудан немесе қызмет 

көрсетуден аударымдар. Мәселен, банктің қайырымдылық картасын пайда-

ланған кезде әр транзакция пайызының оннан бір бірнеше бөлігі қандай да 

бір қорды қолдауға жіберіледі. «Өмір сыйла», WWF, «Балалар үйшіктері» және 

т.т. қорларын қолдауға арналған мұндай карталар қазір бізде де бар. Тіптен 

компаниямен қорға мұндай қайырымдылық тауарын сатып алған клиенттер 

туралы деректер берілетін болатыны туралы да келісуге болады. Міне, бұл же-

кеменшік донорлар жөніндегі базаны толықтырудың үздік мүмкіндігі болмақ.



10. «Досыңды ертіп кел» (Donor gets Donor)

Соңғы кездері адамдар шешімдер қабылдар кезде жарнамаға аздау сеніп, 

көбіне достары мен таныстарының пікірлеріне көбірек сүйенетін болды. Сон-

дықтан таныстар арқылы ілгерілеу – достар, серіктестер, донорлар табудың 

ең тиімді тәсілдерінің бірі. Мұнда  арнаулы акцияларды жақтызуға болады. 

Осындай акциялар кезінде сіз донорларыңызды өз достарын тартуға көмек-

тесуді өтінесіз. Мәселен, сіз оларға бүктемелер жіберіп, оларды өз достарына 

таратуды немесе іс-шараға өз донорларын шақыруды және оларға өз серік-

тестерін ерте келуді және т.т. өтінесіз. Шынтуайтында, біз өз идеяларымызды 

ілгерілету үшін «елшілерді» пайдаланамыз. Мұндай елшілер ретінде тек до-

норлардың өздері  ғана емес, сонымен бірге басқарма мүшелері де, танымал 

адамдар да, серіктес компаниялар қызметкерлері де және т.т. бола алады.



28

Қорытындыда тағы бір ұғымды қосуға болады. Ол – ықпалдастырылған 

науқандар. Бүкіл әлемде олар бұрыннан пайдаланылады. Ықпалдастырылған 

науқандар деп қайыр-садақалар тартуға бағытталған саналуан белсенділік-

тердің тұтас кешенін атайды. Бүкіл науқанның бірыңғай бейнелер жинағы-

ның (мақсаттары, уәждері, тарихы, ұраны), бірыңғай көрнекілік қатары және 

сонымен бірге түрлі ілгерілету арналары мен мақсатты аудиториялары  бол-

ғаны маңызды. Мәселен, ықпалдастырылған науқан шеңберінде бір мезгілде 

жіберілімдерді де іске қосуға, БАҚ-та мақалалар мен жарнама жариялауға, 

арнаулы сайт жасақтап, бірқатар іс-шаралар және т.т. жүргізуге болады.



Фандрайзерлер қайдан шығады және қалай фандрайзер болуға 

болады?

Сіз дипломындағы «мамандық» бағанасында «фандрайзер» деп жазылған 

бірде-бір жоо түлегін таппайсыз. Ресми түрде мұндай мамандық жоқ. Егер 

бүгінгі ең табысты ресейлік және қазақстандық фандрайзерлердің арқаулы 

білімін талдап көрсеңіз, сіз олардың арасынан географтар мен биологтарды

пәлсапашылар мен жорналшыларды, дәрігерлерді, ұстаздарды табасыз, ал 

маркетологтар мен жарнамашылар өте аз ұшырасады. Өйткені, арқаулы білім-

нен гөрі   шабыт пен даму тілегі әзірге аса маңызды болып қалып отыр. Деген-

мен, біздің іске арналған бірнеше арқаулы ғылымдарды терең оқып-үйренген 

адамға табысты фандрайзер болу әлдеқайда оңай. Мұндай арқаулық білім-

дерге маркетинг, жарнама, жұртшылықпен байланыс, психология жатады. 

Дизайн, копирайтинг және т.т. салалардағы білімдер де бөгет бола алмайды. 

Егер сіздің арқауалы біліміңіз осы білімдермен қамтамасыз ете алмаса, онда 

өздгіңізден білім алуыңызға тура келеді. Бұл пәндер туралы үздік кітаптар 

мен курстар өте көп, тек оларды игеруге ықыласыңыз болса-ақ жеткілікті! 

Маңызды бір нәрсе, кітаптар, жиі орыс тілінде, тап осы фандрайзинг жөнін-

де біз қалағандай өте көп те емес. Бірақ бизнес-әдебиетті батыл зерделеуге 

болады, себебі, фандрайзингтегі көптеген технологиялар – тек бизнес-саты-

лымдардың немесе клиенттермен қарым-қатынасты құрудың бейімделген 

инструменттері ғана.

Коммерциялық емес қауымдастықтың бірін-бірі көптен бері танитын әрі 

біріне-бірі көмектесуге ұмтылған адамдар тобы екенін естен шығармағаны-

ңыз жөн. Біз ұдайы сөйлесеміз және сәтті мысалдармен бөлісіп отырамыз. 

Сіз кітапты қанша оқып, қанша курстан өтсеңіз де, тәжірибесіз ұзаққа бара 

алмайсыз. Зерделеу, сынап көру, қателесу, талдау және қайта сынып көру – 

кез келген кәсіпқойдың кәдімгі жолы, және фандрайзерлерде де солай. Тәжі-

рибені шағын жобалардан жинақтауға тырысыңыз, сонда қателіктің құны 

аса көп болмайды. Егер сіз жүздеген адресатқа өте сәтсіз хат жіберсеңіз, 

өзіңіздің нені дұрыс істемегеніңізді, келесі жіберілімде түзелетініңізді кейін 


29

түсінесіз, - бұл мұндай хатты тізім бойынша бірден 50 мың адреске жіберген-

нен гөрі жақсы екендігімен келісетін шығарсыз. Кәсіби тұрғыда дамуыңыз-

ға қарай сіз қоршаған әлемге деген өз пікіріңіздің қалай өзгергенін байқай 

бастайсыз. Қандай да бір сәтте сіз кенеттен кезекті бір жарнаманың алдын-

да тоқтап қалып: «Ол мені несімен қызықтырды? Оны мен жұмысыма қалай 

пайдаланамын?» деп ойланасыз. Немесе газет оқып отырып, сіз осы бір кез-

дейсоқтау көрінген  ақпараттың өз ұйымыңызға көбірек қаражат тартуға қа-

лайша көмектесе алатыны туралы ойлана бастайсыз. Егер мұндай нәрсе бола 

бастаса, құттықтаймыз, сіз фандрайзер болдыңыз!



Б лімге қатысты сауалдар

• 

Сіздің ұйымыңыз қазір қандай қаржыландыру көздерін пайда-

ланады?

• 

Сізге өз ұйымыңыздың қаржыландыру көздерін кеңейту үшін 

нені қолға алу қажет?

• 

Фандрайзингпен кім шұғылданады?

• 

Фандрайзингке күніне қанша уақыт арнайсыз?

30

6. PR

PR – пиар (ағылш. Public Relations сөзінен, қысқаша PR – «пи ар» - жұрт-

шылықпен байланыс, қоғамдастықпен қатынастар) – мақсатты аудитория – 

жұртшылық пен әлеуметтік топтар: демеушілердің, билік органдары мен мем-

лекеттік мекемелердің, клиенттердің, серіктестердің және т.т. көз алдында 

ұйымның, нақты жеке тұлғаның, өнімнің немесе идеяның қолайлы имиджін 

туғызу.

 PR көбіне әртүрлі дереккөздер арқылы белгілі бір ақпаратты ұсыну жо-



лымен жүзеге асырылады. Кейбір мамандардың пікірінше, техникалық тұр-

ғыда PR жарнамадан өзгешелігі сол, мұнда ақпаратты немесе белгілі бір 

пікірді біреулер жай ғана айтып қоймайды, мақсатты аудитория өкілдерінің 

көпшілігі сенетін танымал, беделді адамдардың қолдайды. Мәселен, Восток-

Запад СПИД Қорының (AFEW) қызметін өз кезінде танымал журналист Влади-

мир Познер қолдаған. В.Познер бұл туралы өз хабарларында тікелей айтып, 

AFEW шығарған құжатты фильмдерді дыбыстаған.

PR ұйымдардың өздігінен тиімділігі шамалы, өйткені адамдар ертелі-кеш 

сіздің барлық күш-жігеріңіздің мақсаты – өз ұжымыңыздың және өз табы-

сыңыздың жарнамасы екенін ұғынады. Сіздің өз қызмет салаңызда бәрінен 

де мықты, сауатты, қуатты екендігіңізді көрсеткіңіз келетінін түсініп қояды. 

Шын мәнінде, бұл – мақтаншақтық, және аудитория сізге ықыласын тез жо-

ғалтады. PR идеялар аса тиімдірек жұмыс істейді, сіз оған сенесіз әрі сол үшін 

жұмыс істейсіз. Егер осы стратегияны сауатты құратын болсақ, сіздің ұйымы-

ңыздың даңқы бірден артады, адамдар санасында бірінші кезекте өзін емес, 

қоластындағылардың жайын ойлайтын команда ретінде қабылдайды.

PR-ұйымның маңызды құрамдастары бизнес-құрылымдардан алынған 

маркетинг бөлшектері: ұйымның имиджі мен стилі. Мына тізімді қарап шы-

ғып,  өз ұйымыңызда оның қайсысы бар екенін, қайсысымен әлі де жұмыс 

істеу керектігін салыстыра аласыз?

• 

Атауы мен қысқартылған атауы



• 

ҮЕҰ-ның ұйымдық-құқықтық нысаны

• 

ҮЕҰ-ның жобаларының атауы, қысқаша атауы



• Логотипі

• Айрықша 

түстері

• Айрықша 



қаріптері

• 

Ортақ мақсаттағы фирмалық өнімі (визит кәртішкелері, бланкілер)



•  Нысаналы мақсаттағы фирмалық өнімі (іс-шаралар материалдары, 

БАҚ-қа арналған ақпарат, ақпараттық материалдар, ұйым туралы 

бүктемелер)

•  «Бір оқиға бойынша» сыйкәде өнімі (қаламсаптар, күнтізбелер, 



31

ашықхаттар және т.т.)

• Бейдждер

• Слоган 

(ұран)

• 

Баяндаудың фирмалық стилі 



• 

Клиенттермен, сыртқы құрылымдармен қатынасудың фирмалық стилі 

(телефонға, электронды почтаға жауап беру, өтінімдерге үн қату 

стилі)


• 

Қонақтар мен делегацияларды қабылдау стилі

• 

Жұмыс, іс-шаралар өткізу стилі



• 

Жария сөз сөйлеу стилі және олардың осындай ретінде болуы

• 

Жиналыстарға,  көпшілік шараларға қатысу стилі



• 

Басшының стилі мен имиджі

• 

Бөлменің интерьері мен ішкі безендірілуі.



PR-стратегия

PR-стратегия ұйым стратегиясына тікелей қатысты және барлығынан бас-

қа өзіне қоғамға өз командаңыздың идеясын үлгі ету жөніндегі іс-қимылдар 

жоспарын қамтиды. Бастысы, сіздің өзіңізге сенген және қолдағысы келген 

адамдардан нені – ақшаны, қарым-қатынастарын және мінез-құлқын, заңна-

маны өзгертуге бағытталған қандай да бір әрекеттерін өзгерткенін және т.т.т 

қалайтыныңызды түсініп алғаныңыз абзал. Яғни, стратегияда өзіңіздің адам-

дар ойлайтындай, сіз және сіздің бенефициарларыңыз үшін не істейтіндей 

нені қалайтыныңыз анық жазылуы тиіс.

Нақты іс-қимылдар

Газет-журналдар, теледидар мен радио секілді БАҚ-тарды пайдалану, 

әдетте белгілі бір шығындармен байланысты болады. Оған қоса бұл ақпарат 

арналары біртіндеп танымалдылығын жояды. Бірінші кезекке қазір виртуал-

ды (ауани) БАҚ-тар, соның ішінде әлеуметтік желілер шығып отыр, оларға 

ақпарат орналастыру тегін. Бірден бірнеше бағытарда әрекет етуге болады:

Ұйымыңыздың өз сайтын жасақтаңыз және онда соңғы жаңалықтар мен 

өз тақырыбыңыз бойынша қызықты мақалалар бар блог жүргізіңіз. Сайтты 

арнаулы конструкторлардың тегін жасақтай аласыз:

• http://www.ucoz.ru/

• http://ru.jimdo.com/

• http://ru.wix.com/

Әлеуметтік желілерден бет жасақтау – адамдардың көпшілігі бос және жұ-

мыс уақытын тап осында өткізеді:

• http://vk.com/vk_sozdat_stranitsu


32

• http://www.facebook.com/pages/create.php

Ақпаратты төмендегі танымал сайттарда орналастырыңыз:



• http://www.youtube.com/

• http://www.voxpopuli.kz/

• http://tengrinews.kz/

• http://www.nur.kz/

• http://namba.kz/

• http://kiwi.kz/

Басқа бір сәт – өз мақсатты аудиторияныздың ішінде беделі бар адам-

дарға шығу. Бұл танымал өнер және шоу-бизнес қайраткерлері, өз қызмет 

салаңызда мойындалған сарапшылар және т.т. болуы ықтимал. Мұны да әлеу-

меттік желілер арқылы жасауға болады. Адамды өз идеяларыңызбен қызық-

тырған маңызды. Қайсыбіреу сіздің идеяңызды насихаттау арқылы өзіне  PR 

жасау үшін сізді қолдайтын болса,тағы біреулер сіздің ісіңізге шын беріл-

гендік танытады, кез келген жағдайда – танымал тұлғалармен байланысты 

жолға қою қай кездегіден де оңай. Бастысы, жақсылап дайындалып алу және 

ешқашан асықпау.

Үшіншіден, ешқандай жағдайда, бірақ  басымдығы бойынша виртуалды 

БАҚ-тар арқылы тарату үшін материалдар (мақалалар, репортаждар, сұхбат-

тар, фото және бейнематериалдар) әзірлеу.

Соңғысы, әрі ең бастысы. Егер мұндай істерде сіздің тәжірибеңіз болма-

са, көмекке мамандарды шақыра аласыз. Сіздің волонтерыңыз болуға дайын 

тұрған кәсіпқойлар табыларына сенімдіміз. Мамандар сіздің сайтыңыздың, 

бетіңіздің және материалдарыңыздың қажетті сапасын қамтамасыз етеді. 

Бұл виртуалды әлемде сізді негізді және негізсіз сынға оңай ұшыратуға неме-

се тіптен қудалауға болатындығымен де маңыздырақ.  Материалдар әзірлеу-

ден және түсініктемелерге пікірталастар жүргізуден бұрын интернет-джунг-

лилерде тіршілік етудің ерекшеліктерін зерделеп алыңыз:

• http://ru.wikipedia.org/wiki/Сетевой_этикет

Б лімге қатысты сауалдар

• 

Қалың көпшілік сіздің ұйымыңыз туралы қалай біледі?

• 

Сіздің мақсатты тобыңыз сіздің ұйымыңыз туралы қалай бі-

леді?

• 

Сіз өз ұйымыңыздың танылуы үшін қандай PR әдістерді пай-

далана аласыз?

• 

Сізге өз ұйымыңыздың PR стратегиясының пайда болуы мен 

жандануы үшін не істеу қажет?


33

7. ҮЕҰ қызметкерлер құрамын басқару

Қызметкерлер құрамын басқару (ағылш. «human resources management, 

HRM») HR-менеджмент – экономикалық, ұйымдастыру және әлеуметтік-пси-

хологиялық басқару әдістерін қолдану жолымен ұйымның мақсаттарына 

және қызметкерлер құрамының жеке мақсаттарына қол жеткізу үшін адам 

ресурстарын тиімді пайдалану және дамыту процесі.



Қызметкерлер құрамын жинақтау, іріктеу, жалдау

Қызметкерлер құрамын іріктеу стратегиясы өзіне үш шараны қамтиды: 

кадрларды жинақтау, іріктеу және жалдау. Қызметкерлер құрамын басқару 

процесіндегі әрі қарайғы барлық қызмет ұйымыңызға жинақтаудың қалай 

өткізілгеніне, қандай адамдардың іріктелгеніне байланысты болады.

Қызметкерлер құрамын жинақтау – ұйымға алға қойған мақсаттарына 

қол жеткізуге көмектесуге қажетті мүмкіндіктері, тәжірибесі мен көзқарас-

тары бар үміткерлермен байланыс орнату және тарту үшін пайдаланылатын 

әдістердің жинағы. Бұл әдістерге бос орындар туралы хабарландырулар, 

кадр агенттіктерімен жұмыс, ұйымның ішінен іздестіру, басқа ұйымнан (head 

hunting) тарту, өз таныстарыңыздан іздеу және достарыңыз бен әріптес-

теріңіздің ұсынымдары және т.т. жатады. Бұл әдістердің әрқайсысының өз 

артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Қызметкерлер құрамын жинақтау 

рәсімінің нәтижесі біздің сапалы іріктеуімізге түсуі тиіс әлеуетті қызметкер-

лердің тізімі болып табылады. Бұл тізімде өзіміз іс жүзінде әлеуетті қызмет-

керлерді таңдап ала алатын адамдар болуы үшін, өзімізге кімдер қажет екенін 

түсінуіміз керек. Бұл орайда бізге лауазымдар бейінін әзірлеу көмектесе ала-

ды.

Бейін (профиль) – бұл осы ұйымда сол жұмысты атқаруға қажетті құзі-

реттердің, тәжірибенің, сонымен бірге анкеталық деректердің сипаттамасы. 

Құзіреттер – кәсіби маңызды білімдер, қабілеттер мен дағдылар, басқаша 

айтқанда, жеке басының тұлғалық мінездемелерін (креативтілігі, күйзеліске 

төзімділігі және т.т.) білдіреді. Төменде лауазымдар бейінін әзірлеу үлгісі 

берілген.



34

«Бухгалтер» лауазымының кәсіби бейіні

Крсеткіш

Талап етілетін қасиеттер

Абзал  қасиеттері

Ұнамсыз

Физикалық бейнесі

Интеллигенттілігі, жасы 30-дан 

50-ге дейін

Салауатты өмір салтын сақтайтын

Салақтық 

Білімдер мен дағдылар

Білімі жоғары немесе арнаулы 

орта, ДК сенімді пайдаланушысы, 

1С-бухгалтерия, бухгалтерлік 

және салық есебін біледі

ҮЕҰ-дағы салық және бухгалте-

риялық есептіліктің өзгешелігін 

біледі


Білімінің жоқтығы, төмен білім 

деңгейі, өз ойларын сауатты 

білдіре алмауы

Жалпы қабілеттері

Икемді ойлау, ыждағаттылық, 

аналитикалық ойлау 

Табандылық.

Ойлау жылдамдығы төмен, ша-

шыраңқылық, қызметінің серпіні 

төмен


Арнаулы қабілеттері

Шыдымдылық, күйзеліске 

төзімділік, сауатты сөйлей білу

Егжей-тегжейлерге мұқияттылық

Тұлғалық қабілеттері

Эмоционалдық тұрақтылық, 

мінез-құлқының түзіктілігі, 

кикілжіңсіздік

Мотивациясы жоғары

Мазасыздық, мінез-құлқын 

өздігінен бақылау деңгейінің 

төмендігі, тұйықтық

Сыртқы жағдайлар

Еңбек шартын жасау кезінде та-

лап етілетін құжаттардың болуы

Ұялы телефонының болуы


1   2   3   4   5   6   7   8   9


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет