Бастамашы топтан кәсіби ұйымға (құралы) «спид фонд Восток-Запад»



Pdf көрінісі
бет1/9
Дата15.03.2017
өлшемі0,79 Mb.
#9851
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

Бастамашы топтан кәсіби ұйымға

(құралы)


«СПИД Фонд Восток-Запад»

Алматы, 2013 ж.



Мазмұны

Үкіметтік емес ұйым (ҮЕҰ)/Коммерциялық емес ұйым (КЕҰ) анықтамасы . . . . . . 4

Бастамашы топ па, әлде ұйым ба? . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 5

Ұйымдық-құқықтық нысанды таңдау  . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 7

ҮЕҰ-ды тіркеу  . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 13

Фандрайзинг . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 20

PR  . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 29

ҮЕҰ қызметкерлер құрамын басқару . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 32

Волонтерларды қатыстыру және басқару ерекшеліктері. . . . . . . . . . . . . . . . . . 50

Донорлармен жұмыс істеу . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 65

Жобалық ұсынысты әзірлеу және жазу . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 72

Қосымшалар . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 87

Пайдаланылған дереккөздер тізімі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 92


4

Кіріспе 

Осы материал не мемлекет, не бизнес шешуге дайын емес мәселелерді 

шешкісі келетіндерге арналған. Және егер сіз осы жағдайды өз қолыңыз-

ға алып, шешуге бел бусаңыз, онда мәселені жалғыз өзіңіз емес, қасыңызға 

пікірлес адамдарды біріктіріп  шешкен жөн. 

Мәселелерді шешу үшін не қажет болады? Бірінші – ол идея. Бірақ бір 

ғана идея жеткілікті емес. Оған тағы материалдық-техникалық ресурстар, 

адамдар, уақыт, ақша және тағы басқалары қажет болады... Осының бәрін 

жинап, біріктіріп, міндеттерді шешуге бағыттау бір адамға күрделі болады. 

Егер сіз  ресми мәртебесі бар ұйымды құрсаңыз – бұл қажетті ресурстарды 

тартуға және маңызды мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Мұнда біз кәсі-

би және табысты ұйымды қалай дамыту керек дегенді айтқымыз келіп отыр. 

Сондай-ақ осы оқулық жұмыс істеп тұрған ұйымдарға өз қызметін жақ-

сартуға көмектеседі. Біз өздеріңіздің толғандырған сұрақтарға осы жерден 

жауап табады деп үміттенеміз.

Қазіргі таңда Қазақстанда көптеген үкіметтік емес ұйымдар ресми түрде 

тіркелген. Бірақ сонымен қатар әлеуметтік мәселелерді нақты шешетін ұйым-

дар саусақпен санарлық. Неге бұлай? Неге кейбір ұйымдар үлкен табыстарға 

жете отырып, өздерінің нысаналы тобының ортасында аса сұранысқа ие бо-

лып жатады? Ал басқалары мұртын-мұртқа зорға жеткізіп, соңында жоғалып 

кетеді? Біз сіздермен  осындай ұйымдардың қалыптасу және дамуының түрлі 

кезеңдерінде болып жатқан жағдайларды талдап, және осы жағдайлардың 

неге ұшырататынын талдап көрмекпіз.

Осы оқулықтың кейбір бөліктері ҮЕҰ-дағы біздің кәсіби жұмыс тәжіри-

беміздің негізінде жазылды, кейбіреулері ҮЕҰ-ның жұмысы нәтижелі болу 

үшін біз пайдаланған және әлі күнге дейін пайдаланатын ақпарат көздерінен 

алынған.

«Десента» Қоғамдық Қорының бас директоры – Сергей Гуляевқа және 

«Равный – равному» Ұлттық қауымдастығының президенті – Сағынғали Ел-

кеевке осы оқулықтың жұмысындағы сараптау үлесі үшін және түрлі жоба-

лардың шеңберіндегі бірлескен жұмыстан алған тәжірибесі үшін жеке алғыс 

білдіргім келеді.



AFEW бағдарлама маманы

В. С. Мальчиков.

5

1. ҮЕҰ/КЕҰ анықтамасы

Алдымен қоғамдық ұйым дегеніміз не, соны талдап алайық. Қазақстан 

Республикасының 2001 жылдың 16 қаңтарындағы № 142-ІІ «Коммерциялық 

емес ұйымдар туралы» Заңына сәйкес коммерциялық емес ұйым (КЕҰ) деп 

негізгі мақсаты ретінде табыс алуды және алынған таза кірісті қатысушылар 

арасында бөлуді көздемейтін заңды тұлға болып табылады. ҮЕҰ – үкіметтік 

емес ұйым – бұл да КЕҰ, бірақ мемлекеттік органдардың көмегіне жүгінбей-

ақ адамдар өмірінің қандай да бір әлеуметтік салаларын реттеу функцияла-

рын атқарады. Ресей Федерациясындағы көптеген дереккөздерде КЕҰ деп 

қысқартуды пайдалану қабылданған, Қазақстан Республикасында ҮЕҰ қыс-

қартуы көбірек қолданылады.

Коммерциялық емес ұйымдар әлеуметтік, мәдени, ғылыми, білім беру, қа-

йырымдылық, басқарушылық мақсаттарға қол жеткізу, азаматтар мен ұйым-

дардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау; даулар мен кикілжіңдерді 

шешу; азаматтардық рухани және басқа де қажеттіктерін қанағаттандыру; 

азаматтардың денсаулығын қорғау, қоршаған ортаны қорғау, дене шынықты-

ру мен спортты дамыту; заң қызметін көрсету; сондай-ақ қоғамдық игіліктер 

мен өз мүшелерінің (қатысушыларының) игіліктерін қамтамасыз етуге бағыт-

талған басқа да мақсаттарға қол жеткізу үшін құрылады.

ҮЕҰ-дардың әртүрлі ұйымдық-құқықтық нысандары болуы мүмкін: қо-

ғамдық қорлар, қоғамдық бірлестіктер, кооперативтер, партиялар және т.с.с. 

Қоғмдық ұйымдарға сәйкес келетін ұйымдық-құқықтық нысандар туралы 

сіздерге 3. «Ұйымдық-құқықтық нысанды таңдау» бөлімінде айтатын бола-

мыз. Бұл материалда біз кез келген ұйымдық-құқықтық нысандардағы қо-

ғамдық ұйымдарды таңбалау үшін «ҮЕҰ» қысқартуын пайдаланатын боламыз.


6

2. Бастамашы топ па, әлде ұйым ба?

Бастамашы топ – қандай да бір ортақ проблемаға біріккен және оны шешу 

үшін бірлесе жиналған адамдар тобы. Проблеманы шешу үшін міндетті түрде 

ұйым құрудың қажеті жоқ жайт болады. Әрі белсенді өмірлік ұстанымы бар 

бірнеше азаматтың проблемалық мәселені шешу үшін онымен шұғылданғаны 

жеткілікті болады. Мұндай мәселе абаттандырылмаған аумақ немесе ауданда 

спорт немесе балалар алаңының жоқтығы болуы мүмкін. Бірақ, толығымен 

шешуге болмайтын проблемалар да бар. Жастарды тәрбиелеу, мүмкіндігі 

шектеулі адамдарға көмектесу, әлеуметтік маңызды аурулардың (онкология-

лық, туберкулез, АИТВ, нашақорлық және т.т.) секілді ұдайы әрі тынымсыз  

назар аудару қажет проблемалар бар. Оларды шешу көбіне тиісті қаржылан-

дыруды талап етеді, ал жеке тұлғаларға мемлекеттік немесе халықаралық до-

норлардан қаржыландыру алу қиын, көбіне-көп іске аспайды. Сонда «не істеу 

керек?» деген сауал туындайды. Егер де біз заңды тұлға – ұйымды білдіретін 

болсақ, алдымызда тұрған проблеманы шешу оңай болатын шығар. Мұның 

өзіндік пайдалы және пайдасыз жақтары бар, оны төмендегі кестеден көре 

аласыз:

ПАЙДАЛАРЫ МЕН ПАЙДАСЫЗ ЖАҚТАРЫ

Жақсы

Нашар деп айтуға болмайды, бірақ…

Ресми заңды тұлға

Тоқсан сайынғы және жыл сайынғы салық 

есептілігі

Мөрлері бар ресми бланкілерге хат жаза 

аласыз


Іс қағаздарын жүргізу және ұйымның қыз-

меткерлер құрамын басқару

Мемлекеттік және халықаралық донорлардан 

қаржыландыру ала аласыз

Ұйымның штаты мен кеңсесін ұстап тұру үшін 

ұдайы қаржы іздейсіз

Кестеде барлық сәттер көрсетілмеуі мүмкін, бұл тек автордың субъек-

тивтік пікірі, сондықтан біз сіздерге толтыру үшін бірнеше жол қалдырдық, 

сіз өз жағдайыңызға қарап, бәрін ақылға салып көруге мүмкіндігіңіз бар. 

Ұйымды тіркеу – бұл жай қадам емес, әрі жай шешім емес. Бірақ бір ғана 

тіркеу сіздің мақсатты тобыңыздың проблемаларын шешу үшін жеткіліксіз. 

Тиісінше, ұйымды тіркегеннен кейін сіздің мақсатты тобыңыздың шешкісі 

келген проблемаларға проблемалар қосылады. Бұл ұйымның қызметкерлер 

құрамын басқаруға, қаржы іздестіруге, салық және жобалық есептілікке бай-

ланысты проблемалар, үй-жайды және құрал-жабдықтарды және т.т. ұстау. 

Сондықтан ұйымды тіркеу туралы шешім қабылдамастан бұрын сізге барлы-

ғын жақсылап пысықтап алуды ұсынамыз. Бүгінде Қазақстан Республикасын-

да 18 000-ға жуық ҮЕҰ ресми тіркелген, бірақ іс жүзінде әрі тиімді жұмыс 



7

істейтіндері 1000-нан аспайды. Қалған 17 000 ұйым не үшін тіркелген, бұл 

үлкен мәселе болып қалып отыр.

Б лімге қатысты сауалдар

• 

Сіздің бастамашы тобыңыздың мақсаттары қандай?

• 

Сіздің мақсатты тобыңыз кім?

• 

Өз алдарыңызға қойылған мақсаттарға қалай жеткіңіз ке-

леді?

• 

Сіздің мақсаттарыңызға қол жеткізу үшін қаржыландыру қа-

жет пе?

• 

Сіз өз мақсаттарыңызға жеке тұлға бола отырып, қол жеткі-

зе аласыз ба?

• 

Ұйымды заңды түрде тіркеусіз сіздің мақсатқа қол жеткізуге 

нендей нәрселер кедергі болуы мүмкін?

• 

Ұйымды заңды түрде тіркеу Сізге не үшін қажет?


8

3. Ұйымдық-құқықтық нысанды таңдау

Коммерциялық емес ұйымдар мекеме, қоғамдық бірлестіктер, акцио-

нерлік қоғамдар, тұтыну кооперативтері, қорлар, діни бірлестіктер, заңды 

тұлғалардың  қауымдастық (одақтар) түріндегі бірлестіктері және заңнама 

актілерінде көзделген басқа да нысанда құрылуы мүмкін.

Коммерциялық емес ұйымдар туралы Заңды пайдалана отырып, біз Сіз-

дермен аса кең таралған нысандарды қарастырамыз және олардың пайдалы 

және пайдасыз жақтарын талдайтын боламыз. Ұйымның ұйымдық-құқықтық 

нысанын таңдаған кезде сіздің алдыңызда көптеген мәселелер тұруы мүмкін, 

сіз оларға жауап беруіңіз қажет. Осы жауаптарға сүйеніп, өзіңізге сәйкес ке-

летін нысанды таңдап алыңыз.

Қоғамдық бірлестік

1. Қоғамдық бірлестік заңда басқаша көзделмесе, азаматтардың Қазақс-

тан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін ортақ мақсаттарға қол 

жеткізу мақсатында  олардың ерікті түрде бірігуі нәтижесінде құрылған ұйым 

болып табылады. 

2. Қоғамдық бірлестіктердің мүшелері (қатысушылары) өздерінің осы 

бірлестіктерге берген мүлкіне, соның ішінде мүшелік жарналарына құқық-

тары болмайды. Олар мүшесі (қатысушысы) болып табылатын қоғамдық бір-

лестіктердің міндеттемелері бойынша жауап бермейді, ал аталған бірлестік-

тер өз мүшелерінің міндеттемелері бойынша жауап бермейді.

3. Қоғамдық бірлестіктердің құқықтық жағдайларының ерекшеліктері 

Қазақстан Республикасының «Қоғамдық бірлестіктер туралы» Заңымен рет-

теледі.

 Қор

1. Қор деп азаматтардың және (немесе) заңды тұлғалардың ерікті мүліктік 

жарналары негізінде құрылған, әлеуметтік, қайырымдылық, мәдени, білім 

беру және өзге де қоғамдық пайдалы мақсаттарды көздеген мүшелігі бол-

майтын коммерциялық емес ұйым танылады.

2. Қорды құру кезінде құрылтайшылар (құрылтайшы) шешімімен тұрақ-

ты жұмыс істейтін алқалы басқару органы – қамқоршылық кеңес құрылады. 

Қамқоршылық кеңес қордың атқарушы органын тағайындайды, қордың жар-

ғылық мақсаттарға сәйкестігін бақылайды, сондай-ақ қордың жарғысымен 

бекітілген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады. 

Қордың қамқоршылық кеңесі мүшелерінің көпшілігін некеде тұрған және 

жақын туыстар болып табылатын тұлғалар құрай алмайды, сондай-ақ осы 

қордың штатты қызметкерлері бола алмайды.

3. Қордың атқарушы органы жоғары басқару органы мен тұрақты жұмыс 

істейтін қорды алқалы басқару органының (қамқоршылық кеңесінің) шешім-


9

дері негізінде және соларды жүзеге асыру мақсатында әрекет етеді және 

оларға есепті.

Қордың басқарудың атқарушы органының басшысы мен мүшелері өз-

дерінің қордың жарғылық құжаттарын, осы Заңды және Қазақстан Респуб-

ликасының басқа да заңнамалық актілерін бұза отырып қабылдаған шешім-

дерінен қорға келтірілген залалдарды бірлесіп өтеуге міндетті. Залалдарды 

өтеуден мұндай шешімді қабылдау кезіндегі отырыста қарсы дауыс берген, 

қалыс қалған немесе отырысқа қатыспаған тұлғалар босатылады.

• 

Қордың некеде тұрмаған, жақын туыстық байланысы немесе қасиеті 



жоқ басшысы мен есепшісі болады. Бір немесе сол тұлғаның қос лауазым-

да бола алмайды. Басшы қордың құрылтай құжаттары, басқару органының 

шешімдері негізінде қор атынан мәмілелер жасасауға құқылы. Қордың жар-

ғысында дербес әрекет ете алатын және мәмілелер жасасатын басқа да уәкі-

летті тұлғалардың қызметі салалары белгіленуі мүмкін. Қор басшысының 

қорды сотта, мемлекеттік органдарда, сондай-ақ ұйымдарда сенімхатсыз та-

нытуға құқығы бар.

5.   Құрылтайшылардың қорға берген мүлкі қордың меншігі болып табы-

лады.

Қор құрылтайшыларының қордың мүлкіне мүліктік құқықтары болмайды 



және міндеттемелерін орындамаған жағдайда жарғыда белгіленген тәртіппен 

құрылтайшылардың жалпы жиналысымен қордан шығарылады.

6. Қор жарғыда белгіленген мерзімде қаржы қызметін тексеруге міндетті. 

Тексерістерді ревизор немесе аудиторлық ұйым жүргізеді. Ревизорды сай-

лау тәртібі жарғыда белгіленген, аудиторлық ұйымдар заңнамада белгіленген 

тәртіппен тартылады.

7. Қор ресми баспасөз басылымдарында жыл сайын өз мүлкінің жараты-

луы туралы есептерді жариялауға міндетті.



 Қорлардың  түрлері

1. Құрылтайшылардың құрамына, сондай-ақ қызмет салаларына қарай 

жекеменшік, корпоративтік, қоғамдық, мемлекеттік қорлар құрылуы мүмкін.

Қызмет мақсаттарына қарай әлеуметтік, қайырымдылық, мәдени, білім 

беру және өзге де қорлар құрылуы мүмкін.

2. Жекеменшік қор деп бір жеке тұлғаның немесе жеке тұлғалардың – бір 

отбасының мүшелерінің өз жеке қаражаттары есебінен құрылған қор таны-

лады. Жекеменшік қор сондай-ақ жеке тұлғаның нотариалды куәландырыл-

ған аманаты бойынша да құрыла алады.

Жекеменшік қордың мүлкі  жеке тұлғадан (құрылтайшыдан) немесе жеке 

тұлғалардан – бір отбасының мүшелерінен (құрылтайшылардан) бір жолғы 

және (немесе) тұрақты түсімдер, аманат бойынша түскен мүліктер, сондай-ақ 

Коммерциялық емес ұйымдар туралы Заңның 35-бабында көзделген және же-


10

кеменшік қор қызметінің мақсаттарына сай келетін басқа да көздер есебінен 

құралады. 

Жекеменшік қор құрылтайшысының (құрылтайшыларының) құқықта-

ры, егер бұл құрылтай құжаттарында көзделген болса, мұрагерлік құрамына 

енгізілуі мүмкін.

3. Корпоративтік қор деп бір заңды тұлғаның немесе бірнеше заңды тұл-

ғалардың – коммерциялық және (немесе) коммерциялық емес ұйымдардың 

(құрылтайшылардың) осы ұйымдардың қаражаттары есебінен құрған қор 

танылады.

Корпоративтік қордың мүлкі бір немесе бірнеше заңды тұлғадан – ком-

мерциялық және (немесе) коммерциялық емес ұйымдардан (құрылтайшы-

лардан) бір жолғы және (немесе) тұрақты түсімдер, сондай-ақ Коммерциялық 

емес ұйымдар туралы Заңның 35-бабында көзделген және корпоративтік қор 

қызметінің мақсаттарына сай келетін басқа да көздер есебінен құралады. 

 4. Қоғамдық қор деп бір отбасы мүшелері болып табылмайтын жеке тұл-

ғалар және (немесе) заңды тұлғалар – қоғамдық бірлестіктер құрған қор та-

нылады.


Қоғамдық қордың мүлкі заңды тұлғалар – қоғамдық бірлестіктерден 

және жеке тұлғадан бір жолғы және (немесе) тұрақты түсімдер, сондай-ақ 

Коммерциялық емес ұйымдар туралы Заңның 35-бабында көзделген және қо-

ғамдық қор қызметінің мақсаттарына сай келетін басқа да көздер есебінен 

құралады. 

Қоғамдық қордың мүлкі бір отбасы мүшелері – аталған қордың жалғыз 

қатысушыларының түсімдері есебінен құрыла алмайды.

5. Мемлекеттік қор деп белгіленген тәртіппен мемлекеттік меншікті ие-

лену, пайдалану, иелік ету құқықтары берілген, қордың мақсаттары мен мін-

деттерін мемлекеттік бюджет қаражаттары есебінен жүзеге асыратын мемле-

кеттік органның шешімімен құрылған қор танылады. 

Мемлекеттік қордың мүлкі заңда белгіленген тәртіппен Қазақстан Рес-

публикасының мемлекеттік бюджеті қаражаттары, сондай-ақ Коммерциялық 

емес ұйымдар туралы Заңның 35-бабында көзделген және мемлекеттік қор 

қызметінің мақсаттарына сай келетін басқа да көздер есебінен құралады. 

 6. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген міндетті тө-

лемдер есебінен құрылған қорларды құруға, қызметіне, қайта құруға және 

(немесе) таратуға байланысты туындайтын қатынастар осы Заңның реттейтін 

мәні болып табылмайды.

   Заңды тұлғалардың қауымдастық (одақ) түріндегі бірлестігі

1. Жеке кәсіпкерлер және (немесе) заңды тұлғалар өздерінің кәсіпкерлік 

қызметін үйлестіру, сондай-ақ ортақ мүдделерді білдіру және қорғау мақса-

тында қауымдастықтар (одақтар) құра алады.



11

2. Коммерциялық емес ұйымдар осы ұйымдардың қауымдастықтарына 

(одақтарына) ерікті түрде біріге алады.

3. Қауымдастықтар (одақтар) мүшелері өз дербестігін және заңды тұлға 

құқықтарын сақтайды.

4. Қауымдастық (одақ) өз мүшелерінің міндеттемелері бойынша жауап 

бермейді. Қауымдастықтар (одақтар) мүшелері оның міндеттемелері бойын-

ша қауымдастықтың (одақтың) құрылтай құжаттарында көзделген мөлшерде 

және тәртіппен жәрдем қаражат жауапкершілігін тартады. 

5. Қауымдастықтың (одақтың) мүшелері өз қалауы бойынша құрылтай құ-

жаттарында өзгеше белгіленбесе, қаржы жылының соңында қауымдастықтан 

(одақтан) шығуға құқылы. Бұл жағдайда қауымдастық (одақ) мүшесі шығу 

сәтінен бергі екі жыл ішінде өз жарнасына барабар, қауымдастықтан шық-

қанға дейін туындаған өз міндеттемелері бойынша жәрдем қаражат жауап-

кершілігін тартады.

Қауымдастық (одақ) мүшелері қауымдастықтың (одақтың) құрылтай 

құжаттарында белгіленген тәртіппен қауымдастық (одақ) мүшелерінің 

шешімімен одан шығарылуы мүмкін. Қауымдастықтың (одақтың) шығарыл-

ған мүшесінің жауапкершілігіне қатысты қауымдастықтан (одақтан) шығуға 

қатысты қағидалар қолданылады.

6. Қауымдастық (одақ) мүшелерінің келісімімен оған қауымдастықтың 

жаңа мүшесі ене алады. Қауымдастыққа (одаққа) жаңа мүшенің енуі ол ен-

генге дейінгі қауымдастықтың (одақтың) міндеттемелері бойынша оның жәр-

дем қаражат жауапкершілігіне байланысты болуы мүмкін. 

7. Қауымдастықтың (одақтың) атауы «қауымдастық» немесе «одақ» сөз-

дерін көрсете отырып, осы қауымдастықтың (одақтың) мүшелері қызметінің 

негізгі мәнін көрсетуі тиіс.


12

НЫСАНДАРЫ МЕН КРИТЕРИЙЛЕРІ

Нысандары 

Критерийлері

Қоғамдық 

бірлестік

Қауымдастық (одақ) түріндегі 

заңды тұлғалар бірлестігі

Қор

Құрылтайшылар 

құрамы мен саны

10 адамнан кем 

емес (жеке тұлға).

2 заңды тұлғадан кем емес (со-

ның ішінде коммерциялық және 

коммерциялық емес ).

Жеке-

меншік


Жеке тұл-

ғалар – бір 

отбасының  

(фамилия) 

мүшелері.

ОҚоғамдық 

Туыстық байланысы 

жоқ жеке тұлғалар 

және/немесе қо-

ғамдық бірлестіктер, 2 

адамнан кем емес. 

Корпоративтік

Бір немесе бірнеше 

заңды тұлға – ком-

мерциялық емес 

және/немесе коммер-

циялық. 

Болжалды 

мақсаттары

Ортақ мүдделерді білдіру, қорғау және ілгерілету, 

ортақ проблемаларды шешу, ортақ мақсаттарға қол 

жеткізу.


Әлеуметтік, қайырымдылық, мәдени, білім беру және қо-

ғамдық пайдалы бағдарламаларды іске асыру үшін ресурстар 

жинақтау және бөлу

Мүлік меншігі

Ұйымдардың өздеріне құрылтайшылар мен басқа да 

тұлғалар берген, сондай-ақ өздерінің шаруашылық 

қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлікке меншік 

құқықтары болады.

Құрылтайшылар және басқа да тұлғалар осы ұйымдарға бер-

ген мүлікке құқықтары жоқ және ұйымнан шыққан кезде оны 

иеленуге ұмтылмайды 



Жауапкершілігі

Құрылтайшылар 

бірлестіктің міндет-

темелері бойынша 

жауап бермейді

Құрылтайшылар қауымдастық-

тың міндеттемелері бойынша 

қосымша (субсидиарлы) жауап 

береді

Құрылтайшылар қордың міндеттемелері бойынша жауап 



бермейді

Мүшелік

Қағидалары мен рәсімдерін бірлестіктің басшылық 

органдары белгілейді

Мүшелік ұйым емес

Жеңілдетілген 

(өтініш негізінде).

Күрделі (өтініш, және қажетті 

құжаттар).



13

Б лімге қатысты сауалдар

• 

Ұйым қандай мақсаттар үшін құрылады?

• 

Ұйымның құрылтайшылары жеке немесе заңды тұлғалар бола 

ма?

• 

Құрылтайшылар саны қанша болады деп жоспарланады?

• 

Ұйым қандай қызметпен шұғылданады?

• 

Қаржыландыру қандай көздерден тартылады деп жоспарла-

нады?

14

4. ҮЕҰ-ды тіркеу

Сіз ұйымдық-құқықтық нысанды таңдап алдыңыз. Ендігі қалғаны тіптен 

аз – ұйымды тіркеу. Сіз екі жолмен жүре аласыз: 1) дербес тіркеу; 2) заңды 

фирмаға айналдыру.

Ұйымды тіркеу рәсімінің мәні неде? Ұйымның сол немесе басқа ұйымдық-

құқықтық нысаны құжаттардың түрлі тізімдерін білдіреді, оларды тіркеуге 

әзірлеу қажет (кестеге қараңыз).

Тіркеуге қажетті құжаттардың тізімі

Ұйымдық-

құқықтық 

нысанның атауы

Тіркеуге қажетті құжаттардың тізімі

Фонд


• 

тіркеу туралы өтініш;

• жарғы;

• 

құрылтай шарты (құрылтайшылар саны бірден астам 



болғанда);

• 

тұрған жерін растайтын құжат;



• 

заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен 

өкілдіктерді есептік тіркеу үшін бюджетке алымның 

төленгенін растайтын түбіртек немесе құжат.

Қоғамдық бір-

лестік


• 

Тіркеу туралы өтініш;

• 

құрылтай съезінде (конференцияда, жиналыста) қабыл-



данған жарғы;

• 

жарғыны қабылдаған, құрылтай съезінің (конферен-



циясының, жиналысының) төрағасы мен хатшысы қол 

қойған құрылтай съезінің (конференциясының, жиналы-

сының) хаттамасы;

• 

тегі, аты, әкесінің аты; туған жылы, айы, күні; туған жері, 



үй және қызмет телефондары; жеке қолы көрсетілген 

қоғамдық бірлестіктің бастамашы азаматтарының тізімі;

• 

қоғамдық бірлестіктің тұрақты жұмыс істейтін органы-



ның тұрған жерін растайтын құжат;

• 

заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен 



өкілдіктерді есептік тіркеу үшін бюджетке алымның 

төленгенін растайтын түбіртек немесе құжат.

Қауымдастық 

(одақ) түріндегі 

заңды тұлғалардың 

бірлестігі

• 

Тіркеу туралы өтініш;



• жарғы;

• 

құрылтайшылардың барлығы қол қойған құрылтай 



шарты;

• 

тұрған жерін растайтын құжат;



• 

заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен 

өкілдіктерді есептік тіркеу үшін бюджетке алымның 

төленгенін растайтын түбіртек немесе құжат.



15

Кестені оқып шыққаннан кейін сіздерде қандай сауалдардың туындаға-

нын біз болжалдап отырмыз: Жарғыны қайдан алуға болады? Шартты қалай 

әзірлеуге болады? Ұйымның тұрған жерін растайтын құжат деген не?




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет