«бекітемі н»



Дата25.06.2023
өлшемі25,72 Kb.
#103372

«Б Е К І Т Е М І Н»
Сырдария АПб-нің бастығы
полиция полковнигі
________________ Н.Ибраев
« »______2020жыл

Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды


академиясының 4-курс 403-оқу тобының
курсанты (2017ж.а) Есентай Алмат Талғатұлының оқу практикасынын
өту кезінде атқарылған жұмыстары туралы


ЕСЕБІ



  1. Оқу практикасын өту уақыты: 01.12.2020ж. – 31.12.2020ж. дейін;

  2. Оқу практикасын өту орны: Сырдария аудандық полиция бөлімінің, тергеу бөлімшесі;

  3. Оқу практикасының тікелей жетекшісі: Сырдария аудандық полиция бөлімінің, бастығының тергеу жөніндегі орынбасары полиция подполковнигі Б.Қаппар;

Мен, Есентай Алмат Талғатұлы, 01.12.2020 – 31.12.2020 жыл аралығында Қызылорда облысы, Сырдария аудандық полиция бөлімінің тергеу бөлімшесінде, кезекті оқу практикамды өткіздім. Өз оқу практикамды өту барысында өзіме берілген тікелей жетекшім, мені қылмыстық істермен жене Ішкі істер органдарының қызметіндегі қылмыстық құқық бүзушылықтарды ашу жене келіп түскен шағымдар мен орын алған құқық бұзушылықтарды Сотқа дейіңгі тергеп-тексерудің біріңғай тізілімінің деректі базасына қалай енгізетіндегі туралы таныстырды. Оқу пратикасының келесі күні Сырдария АПБ-не келіп Тергеу бөлімшесінің басқада іс-әрекеттерімен таныстым. Оқу практикасын өту барысында көптеген тергеу саласына қатысты, нақтылап айтар болсам Тергеу және жедел криминалистикалық бөлімшелердің атқаратын жұмыстарымен және басқа да, яғни кезекшілікке түсетін жедел тергеу тобының күнделікті қызыметімен таныстым. Осылай күнделікті оқу практикасының кезекті күнінен өту барысында тергеу саласына және сол құқық қорғау саласын қатысты әртүрлі іс жүргізу тәртібімен және ол істерді сотқа дейіңгі тергеп- тексерудің біріңғай тізілімінің деректі базасына қалай енгізетінін үйреніп және де сол оқу практикамды өтіп жүрген Сырдария аудандық полиция бөліміндегі мұрағаттағы мерзімі үзілген істермен таныстым. Оқу практисынан өтіп жүрген күндері түңгі уақыттар шамасында Сырдария аудандық полиция бөлімінің кезекші бөлімшесіне өзінің Тоқтыбаев №61\1 тұрғын жайына белгісіз адам ұрлыққа түскендігі жөнінде хабарлады. Содан жедел тергеу тобымен бірге оқиға болған жерге барып жәбірленушіден мән-жайды сұрастыра келе тергеу әрекеттерін, яғни кезекші бөлімшеге хабарласып сотқа дейіңгі тергеп-тексерудің біріңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 188-бабының 2-бөлігі 3-тармағымен белгісіз адамға қатысты қылмыстық іс тіркеп, әрі қарай оқиға болған жерге куәгерлердің қатыстырылуымен қарап-тексеру хаттамасын жасап, криминалист мамандармен бірге оқиға орнын және айрықша іздерді фотосуретке түсіріп сол бойынша Сырдария аудандық жедел уәкілдеріне тапсырма беріліп, яғни қолда бар айғақтарға сүйене отыра күдіктіні іздестіруге бірқатар тапсырмалар берілді. Мен, ҚР ІІМ-нің Б.Бейсенов атындағы Қарағанды Академиясында теориялық тұрғыдан алған білімімді тәжібире жүзінде ұштастырып, тергеу әрекеттерінің барлығымен танысып, оқиға болған жерге қарау тергеу әрекетінің қыр-сырларын үйрендім.
Оқу практикасынан өтудің кезекті күндерінде, қылмыс орындарына барып, әр-түрлі тергеу әрекеттерімен танысып үйрендім, нақтылап айтар болсам, тергеу эксперименті мен айғақтарды сол жерде тексеру және нақтылау тергеу әрекеттерін тергеушілер жүргізген уақытта қасында болып, осы тергеу әрекеттерінің ерекшеліктері, айырмашылықтарымен етене танысып, Академияда алған білімімді одан әрі шыңдадым.
Одан соң, өндірістегі қылмыстық істер бойынша жәбірленуші мен күдіктінің татуласуына сәйкес яғни ҚР ҚК-нің 68-бабының талаптарына сай қысқартылуымен және де қылмыстық құқық бұзушылық ісі бойынша күдіктінің анықталмауына байланысты мерзім үзілетіндігін және де оның тәртіптерімен сонымен қатар сол істерді аудандық прокуротураға түсіріп, заңдылығын тексерту жөнінде үйрендім. Осылай оқу практикасын өту барысында Сырдария аудандық кезекші бөлімшесіне көптеген арыз-шағымдар жене шақыртулар немесе хабарламалар келіп түсті, соның бірі Қызылорда облысы Сырдария ауданы, «Қызылорда-Жалағаш» авто жолының 46 шақырымында аты-жөні белгісіз азаматтың мәйіті табылды. Аталған мәйітке қатысты қарап-тексеру әрекетін жүргізіп, аталған әрекетті жұргізу барысында оқиға орын алған жерден мәйітке қатысты заттарды және басқада айғақ зат ретінде танылатын дәлелдемелік маңызы бар заттарды оқиға орнынан тергеу әрекеттерінің заңдылығын сақтай отырып алынды. Одан әрі болған оқиғаны хабарлаған куәдан жауап алдым. Мәйітке қатысты сот медициналық сараптамасын тағайындау мақсатында, мәйітті мәйітханаға жеткіздік.
Одан соң, Сырдария ауданына қарасты Тереңөзек кентінің, тұрғын үйінен есірткі тектес өзіне тән хош иісі бар, кептірілген өсімдік табылып, оларды қапқа салып, баулап есірткінің қай түріне жататындығын анықтау мақсатында сот сараптамалық орталығына жіберілді, ол іс бойынша тергеу әрекеттері жалғасуда.
Бұдан басқа осы оқу практикасын өту барысында жедел тергеу тобымен бірге кезекшілігінде адам өлімі жөніндегі, және Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу және тағыда басқа, бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру мақсатындағы оқиғаларға бардық, атап айтар болсам автомобильді жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу құқық бұзушылық ісі бойынша жәбірленуші тұлға Сырдария ауданына қарасты разъездердің бірінде фазендасына шаруашылық жұмыстарымен барған кезінде өзіне қонақ болып келген Ғалымжан есімді азамат автокөлігін айдап қашып бара жатқанын көріп құқық бұзушылықтың жолын кесу мақсатында Сырдария аудандық полиция бөлімінің кезекші бөлімшесіне хабарлап арызданады, оқиға орнына дереу келіп жеткен жедел тергеу тобы өз кезегінде тергеу әрекеттерін яғни жәбірленушіден оқиғаның мән-жайын және күдіктімен жәбірленушіге тиесілі автокөліктің белгілерін анықтап жедел уәкілдерге күдіктіні табу жөнінде тапсырма берілді. Жедел уәкілдері өздеріне берілген тапсырманы мүлтіксіз орындап яғни сол күні кешкі уақыттар шамасында Қызылорда қаласындағы дүкендердің біреуінің алдынан жәбірленушіге тиесілі автокөлік тауып алынды содан әрі тергеу әрекеттері өз жалғасын тауып жәбірленуші мен күдіктінің татуласуына орай қылмыстық іс қысқартылып тоқтатылды. Осы қылмыстық құқық бұзушылық ісі бойынша Айғақтарды сол жерде тексеру және нақтылау хаттамасын арнайы видеокамераның көмегімен жасадық. Сырдария аудандық кезекші бөлімшесіне келесі адам өліміне қатысты шақыртуларда келіп түсті яғни Сырдария ауданына қарасты Тереңөзек кентінде жене Шаған ауылдық елді- мекенінде өз-өзіне қол жұмсау фактілері яғни медицина тілінде «механический аспект» оқиғасы орын алды,бұл істер бойынша да көптеген тергеу әрекеттерімен танысып үйрендім, яғни жәбірленушінің заңды өкілінен жауап алу жене оқиға орнын қарап-тексеру хаттамасын куәгерлердің қатыстырылуымен толтыруды және осы тектес істердің номенклатуралық іс екенін танып үйрендім, және бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру мақсатындағы қылмыстық іс бойынша жәбірленушіге өз меншігіне тиесілі затын таныту және куәден жәбірленушінің меншігіндегі затын алуды жүргізіп үйрендім. Қорытындылай келе осы көрсетілген мерзімдегі оқу практикамды өту кезінде бірқатар қаулылардың түрлерімен және қылмыстық істерді прокурорға жолдау тәртібімен және күдіктіге бүлтартпау шаралын қолдану яғни күзетпен ұстау және мерзімін ұзарту және электрондық іс жүргізу форматын және өзіме берілген тергеу бөлімшесіндегі жетекшілерім тергеу саласына қатысты жүргізілетін басқа да іс-әрекеттерді таныстырып, үйретті.
Сонымен қатар, Сырдария АПб-нің тергеу өндірісінде, онша ауыр емес, ауырлығы орташа қылмыстық істер электронды форматта тергеліп жатыр екен. Тергеушілер мен анықтаушылардың «Казтокен» флешкасы арқылы, СДТТБТ-не кіріп, өндірісіндегі электронды істермен таныстым


Тікелей жетекшісі:
Сырадрия АПб-нің бастығының
тергеу жөніндегі орынбасары
полиция подполковнигі Б.Қаппар


Оқу практикасынан өтуші:
403-оқу тобының курсанты
полиция қатарындағы А.Есентай

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет