«бекітемін» ҚР Ғжбм «Ұлттық тестілеу орталығы» рмқК директоры



бет1/5
Дата05.04.2023
өлшемі40,77 Kb.
#79748
  1   2   3   4   5




«БЕКІТЕМІН»
ҚР ҒЖБМ «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК директоры
___________ Р. Т. Емелбаев
«_____»______________2023 ж.

«Көркем еңбек (ұл балаларға арналған)» пәні бойынша
Педагогтердің білімін бағалауға арналған тест спецификациясы
(2023 жылдан бастап қолдану үшін)


1. Мақсаты: Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлерді аттестаттау барысында Педагогтердің білімін бағалау тест тапсырмаларын әзірлеу мақсатында құрастырылған.
2. Мiндетi: Педагогтердің білім деңгейінің біліктілік талаптарға сәйкестігін анықтау.
3. Мазмұны: «Көркем еңбек (ұл балаларға арналған)» пәні бойынша оқу бағдарламасына сәйкес оқу материалдары енгізілген.



Тақырып



Тақырыпша

Оқыту мақсаты

01

Визуалды өнер

01

Бейнелеу өнеріндегі көркем құралдары. Классикалық өнердің үздік туындылары. Қазақстандық суретшілердің шығармашылығы. Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары. Натюрморт өнері. Ұлттық сәндік натюрморт. Пейзаж. Табиғатпен үйлесім.. Портрет жанры. Қазақстандық суретшілердің шығармашылығындағы портрет.

әлем және қазақ ұлттық мәдениетіндегі өнер, қолөнер мен дизайн туындыларының ерекшеліктерін анықтау; пәндік терминологияны қолдана отырып, өзінің және өзгелердің (суретшілер, қолөнершілер, дизайнерлер) жұмыстарында берілген идеялар мен тақырыптарды сипаттау; шығармашылық жұмыстар мен бұйымдар дайындау үдерісінде қазақтың ұлттық мәдениет элементтерін пайдалану; қоршаған ортаның ассоциативті мағынасы мен визуалды сипаттамасын зерделеу және анықтау (композиция, түс, пішін, фактура, тепе-теңдік); қоршаған ортаның ассоциативті мағынасы мен визуалды сипаттамасын зерделеу және анықтау (композиция, түс, пішін, фактура, тепе-теңдік); қоршаған ортаның ассоциативті мағынасы мен визуалды сипаттамасын зерделеу және анықтау (композиция, түс, пішін, фактура, тепе-теңдік); әлем және қазақ ұлттық мәдениетіндегі өнер, қолөнер мен дизайн туындыларының ерекшеліктері туралы білімі мен түсінігін көрсету

02

Анимация. Қозғалатын элементтер (ермексазды анимация, көлеңкелі театр, саусақты және таяқшалы қуыршақтар). Сценарий дайындау. Кейіпкерлер мен декорациялар құру. Көркем өнер идеяларын іске асыру. Дыбыс қосу

пәндік терминологияны қолдана отырып, өзінің және өзгелердің (суретшілер, қолөнершілер, дизайнерлер) жұмыстарындағы идеялары мен тақырыптарды салыстыру; әлем және қазақ ұлттық мәдениетіндегі өнер, қолөнер мен дизайн туындыларының ерекшеліктері туралы білімі мен түсінігін көрсету; уақыт пен басқа да факторларды ескере отырып, іс-әрекеттің реттілігін анықтау және жоспарлау

02

Сәндік-қолданбалы өнер

03

Сәндік-қолданбалы өнер, негізгі пішіндер мен ерекшеліктері. Қазақстан халқының сәндік-қолданбалы өнері. Сәндік-қолданбалы өнердегі заманауи және дәстүрлі емес материалдар. Өру өнері. Өру түрлері. Материалдар және құрал-жабдықтармен танысу

бірқатар заманауи және дәстүрлі емес материалдарды білу, олардың қасиеттері мен міндеттерің анықтау; конструкциялық, табиғи және жасанды материалдарды өңдеу үшін қол еңбегі құралдары мен жабдықтарын анықтау, сипаттау және қолдану

04

Қазақстан халықтарының зергерлік өнерімен танысу. Зергерлік бұйым нобайын орындау. Материалдар мен құрал-жабдықтарды таңдау

бірқатар заманауи және дәстүрлі емес материалдарды білу, олардың қасиеттері мен міндеттерің анықтау; шығармашылық идеяларды іске асыру үшін нобайлар орындау; әлемдік және қазақтың ұлттық мәдениетіндегі дизайн, қолөнер мен өнер туындыларының ерекшеліктерін түсіну мен білімін көрсету

05

Табиғи материалдардың түрлері мен сипаттамалары. Табиғи материалдардан дайындалатын бұйым нобайын орындау. Бұйым дайындау. Бұйымды көркемдеп безендіру

конструкциялық, табиғи, және жасанды материалдардың физикалық, технологиялық пен механикалық қасиеттерін және олардың қолдану аясын анықтау және сипаттау

06

Пирография өнерімен танысу. Көркемдеп күйдіру техникасы мен тәсілдері.Бұйымды көркемдеп күйдіру. Безендіру

тарихи және мәдени шығу тегі әртүрлі өнер, қолөнер мен дизайн туындыларының ерекшеліктерін өз бетінше зерделеу және сипаттау







07

Заманауи интерьердегі сәндік бұйымдар. Интерьердің сәнді заттарының (шырағдан, сәнді сағаттар) дайындалу техникалары мен тәсілдерін зерделеу. Интерьердің сәндік заттарын дайындау мен безендіру

мазмұнды, ерекше туындыны орындау үшін өз бетінше және сенімділікпен өнердің көркем құралдарын қолдану; бұйымды дайындау мен безендіру барысында заманауи және дәстүрлі емес материалдарды қолданудың өзіндік (оригиналды) шешімдері мен жолдарын ұсыну; шығармашылық жұмыстар мен бұйымдар жасау барысында қазақ ұлттық мәдениет элементтерін пайдалану

03

Дизайн және технология

08

Конструкциялық материалдар. Материалдардың түрлері мен қасиеттерін зерттеу. Конструкциялық материалдарды өңдеуге арналған жабдықтар, қол еңбегі құралдары, құрылғылар. Көркемдеп аралау. Идеяларды құру. Материалды таңдау және дайындау. Сыртқы және ішкі сызықтар арқылы қисық пішінді бұйымды қыларамен көркемдеп аралау

конструкциялық, табиғи және жасанды материалдардың жалпы қасиеттері мен құрылысын, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтай отырып зерделеу; ағаш және темір өңдеу білдегінің тағайындалуы мен құрылысын түсіндіру; конструкциялық, табиғи және жасанды материалдарды өңдеу үшін қол еңбегі құралдары мен жабдықтарын анықтау, сипаттау және қолдану; қол еңбегі құралдарымен жұмыс істеудің қауіпсіз тәсілдерін, еңбек гигиенасының ережелерін білу (жұмыс орнын, құралдарды ұйымдастыру және тазалау, арнайы киімде жұмыс істеу); шығармашылық идеяларды іске асыру үшін нобайлар орындау; шығамашылық жұмысты орындау кезеңдерін анықтай отырып, жоспар дайындау; өлшем мен белгілеу негізінде орындалған бұйым дайындау үшін материалдарды қол құралдарымен өңдеу; түрлі конструкциялық, табиғи және жасанды материалдардан қарапайым бұйым дайындау

09

Түрлі материалдарды қолданып, музыкалық аспаптарды (ұрмалы және соқпалы) жобалау. Музыкалық аспапты құрастыру

шығармашылық идеяларды іске асыру үшін нобайлар орындау; өлшем мен белгілеу негізінде орындалған бұйым дайындау үшін материалдарды қол құралдарымен өңдеу; түрлі конструкциялық, табиғи және жасанды материалдардан қарапайым бұйым дайындау; қауіпсіздік техникасын қадағалап, оның маңыздылығын сезіне және демонстрациялай отырып, материалдар мен құралдарды қолдану; шығармашылық идеяларды іске асыру үшін нобайлар орындау; өлшем мен белгілеу негізінде орындалған бұйым дайындау үшін материалдарды қол құралдарымен өңдеу

10

Электрлік және қол еңбегі құралдары мен жабдықтары.

табиғи, жасанды және конструктивті материалдарды өңдеу үшін пайдаланатын қозғалысты беру механизмдері мен қол электрлік құралдардың құрылысын анықтайды және сипаттайды; қол электрлі құралдары мен жабдықтарымен қауіпсіз жұмыс жасау тәсілдерін, еңбек гигиенасы ережелерін (жұмыс орнын, құралдарды ұйымдастыру мен тазалау, арнайы киімде жұмыс істеу) білу және түсіндіру

11

Көлік құралдарының түрлері туралы жалпы мәлімет. Көлік құралы үлгісін дайындау. Нобай. Материалдарды іріктеу, таңдау. Көлік құралын орындау. Үлгінің жеке бөліктерін дайындау. Үлгіні құрастыру, безендіру

ажырайтын және ажырамайтын біріктіру әдістерін қолданып, бірнеше бөлшектерден тұратын бұйым жасау

12

Ағашты механикалық өңдеуге арналған құрал-жабдықтар. Ағашты механикалық өңдеу барысындағы жұмысты ұйымдастыру. Ағаштан жасалған бұйымды өңдеу. Бұйымның дизайны. Материалды таңдау және дайындау. Бұйымды жасау. Материалдар мен бөлшектерді механикалық өңдеу. Бұйымды безендіру

заманауи технологиялық машиналардың құрылысына және жұмыс барысына сипаттама бере отырып, конструкциялық, табиғи және жасанды материалдарды өңдеу операцияларын орындау; заманауи технологиялық машиналармен қауіпсіз жұмыс жасау жолдарын білу және түсіндіру; жобаланатын нысанды дайындау барысында конструкциялық, табиғи және жасанды материалдардың физикалық, технологиялық және механикалық қасиеттерін анықтау және салыстыру; функционалды (техникалық) және эстетикалық талаптарға сай, дизайн дайындау бойынша тапсырмаларды орындау; графиканың түрлі тәсілдерін қолдана отырып (оның ішінде ақпараттық-коммуникативтік технологияны қолданып), бұйым жасауда эскиздер, графикалық және технологиялық құжаттар дайындау; алған білімдері мен тәжірибелерін қолдана болашақ іс-әрекеттерін анықтау және шығармашылық қызметін жоспарлау; бұйымның өзіндік құны мен материалдық шығындарын анықтау

13

Қазақ халқының тұрмыстық заттарымен танысу. Қазақ халқының тұрмыстық заттарының орындалу техникасы мен материалдарын (торсық, дөңгелек үстел) зерделеу. Материалдарды өңдеу. Бұйымды дайындау

тарихи және мәдени шығу тегі әртүрлі өнер, қолөнер мен дизайн туындыларының ерекшеліктері туралы түсінігін көрсету; жобалау объектісінің қолданылу мақсаты мен ерекшелігін ескере отырып, өңдеудің конструкциялық, табиғи, жасанды материалдары мен әдістерін негіздеп таңдау; заманауи технологиялық машиналарда конструкциялық материалдарды өңдеу бойынша күрделі операцияларды орындау

14

Үстел ойыны. Шығу тарихы. Үстел ойынының тұжырымдамасы. Үстел ойынын дайындау. Графикалық құжаттама. Үстел ойының бөлшектерін дайындау. Көркемдеп безендіру

тарихи және мәдени шығу тегі әртүрлі өнер, қолөнер мен дизайн туындыларының ерекшеліктері туралы түсінігін көрсету; зерттеу нәтижелері негізінде тұтынушылардың өнімнің түрлеріне деген қажеттілігін анықтау; функционалды (техникалық), эстетикалық, эргономикалық және экологиялық талаптарға сай нысан дизайнын дайындау бойынша тапсырмаларды орындау; әртүрлі графика тәсілдерін қолданып, бұйым дайындаудың реттілігі мен тиімді тәсілін анықтай отырып (оның ішінде ақпараттық-коммуникативтік технологияны қолданып), графикалық және технологиялық құжаттар дайындау; бұйымды дайындау мен безендіру үшін заманауи және дәстүрлі емес материалдардың тиімді қолданылуын түсіне отырып өздігінен таңдау; қол, механикалық құрал-жабдықтарын қолдана отырып, бұйымдардың функционалдық және эстетикалық сапасын арттыру үшін материалдарды өңдеу мен безендіру әдістерін анықтау, пайдалану

15

Сәулет өнерінің үздік туындылары. Заманауи сәулет өнері. Қазақстан сәулет өнері. (заманауи және тарихи). Сәулеттік ғимараттар мен нысандардың (имитация немесе өз идеялары) нобайы, сызбасы. Сәулеттік нысанның макетін орындауға қажетті материалдарды анықтау және таңдау

мәдени және тарихи жәдігерлер, қолөнер мен дизайн салалары шығармаларыныңматериалдарын, бағытын, салыстырмалы талдау; бұйымның сапасын және өнімнің сыртқы көрінісін анықтайтын негізгі факторларды (эстетика, атқаратын қызметі, экономика) талдау және бағалау; күрделі нысандар, пішіндер мен образдардың дизайнын дайындау үшін түрлі салалар бойынша білімдерді жалпылау; әртүрлі графика тәсілдерін қолдану арқылы (оның ішінде ақпараттық-коммуникативтік технологияны қолданып) өз бетінше графикалық және технологиялық құжатты құру







16

Интерьер заттары және жиһаздардың өндірілуі. Белгілі бір интерьерге арналған заттарды дайындау (мысалы: көрме залына арналған модульді жиһаз, трансформацияланатын балаларға арналған жиһаз, сәнді шамшырақ). Идеяны дамыту және талқылау. Материалдарды таңдау

әртүрлі өнеркәсіпте технологиялық және өндірістік үдерістер туралы білімдері мен түсінігін көрсету;
пайданы (табысты) анықтау мақсатында түрлі тауарларды өткізу нарығын талдау; күрделі нысандар, пішіндер мен образдардың дизайнын дайындау үшін түрлі салалар бойынша білімдерді жалпылау; жобаланатын нысанның техникалық, эксплатуациялық және экологиялық сипаттамаларын ескере отырып, өз бетінше конструкциялық, табиғи және жасанды материалдарды, өңдеу тәсілдерін негіздеп, анықтау және таңдау

04

Тамақтану мәдениеті

17

Дұрыс тамақтанудың негіздері. Ас мәзірін әзірлеу. Қазақ халқы мен түрлі халықтардың және де қоғамдық тамақтану орындарындағы дастарқан басында өзін-өзі дұрыс ұстау ережелері.

дұрыс және тиімді тамақтанудың ережелерін сипаттау және зерделеу;дұрыс және тиімді тамақтанудың мәзірін құрастыру
қоғамдық тамақтану орындарында, қазақ халқы мен әлем халықтарының мәдениетіндегі дастарқан басында өзін-өзі ұстау ережелерін салыстыру және сипаттау; әртүрлі іс-шараға арналған дастарханды безендірудегі білімдері мен тәжірбиелік дағдыларын көрсету







18

Электр қуатының негізгі көздері туралы жалпы мәліметтер.Электротехникалық арматура. Электр энергиясының әртүрлі көздерімен тәжірибе жасау

электр энергиясының көздері туралы айтып беру; қарапайым электротехникалық арматура мен электромонтажды құралдарды атап шығу мен олардың тағайындалуын түсіндіру

05

Үй мәдениеті

19

Тұрмыстағы жөндеу жұмыстары. Өсімдік шаруашылығының негізгі бағыттары.
Өсімдік шаруашылығындағы көктемгі жұмыстар. Ауыл шаруашылық өндірістегі заманауи техникалар мен жабдықтар

қол құралдарын пайдаланып, ақауларды жою бойынша интерьерді ұйымдастырудың тәжірибелік жұмыстары мен қарапайым жөндеу операцияларын орындау. өсімдік шаруашылығы мен жеміс-көкөніс түрлерінің негізгі бағыттарын зерделеу және сипаттау; өсімдік шаруашылығында көктемгі жұмыстар жүргізу (топырақты өңдеу, зиянкес жәндіктерден қорғау, егу мен отырғызу); техника қауіпсіздігін қадағалап, оның маңыздылығын сезіне және демонстрациялай отырып, материалдар мен құралдарды қолдану. ауыл шаруашылығындағы жабдықтарды және заманауи техникаларды сипаттау, жіктеу және бағалау; шығармашылық жұмыста идеяларын іске асыру мақсатында түрлі ақпарат көздерінің ең тиімдісін таңдай отырып, қолдану







20



Электросызбалардың шартты белгілерімен танысу. Электр тізбегі. Тұрмыстық құрал-жабдықтар мен электроарматураны жөндеу. Үй экологиясы. Үйдегі микроклимат. Интерьер/экстерьердегі ландшафт элементтері.
Интерьердегі жарықтандыру. Табиғи және жасанды жарықтандыру. Интерьерді жарықтандырудың жобасын даярлау (тұрғын үй бөлмелері, өндірістік, қоғамдық орындар)

электросызбалар элементтерінің шартты графикалық белгілерін орындау, анықтау және зерделеу; қарапайым электр тізбектерінің есебін жүргізу және ажырата білу.электротехникалық арматуралардың және тұрмыстық құралдардың қарапайым жөндеу жұмыстарын жүргізу; электр тізбектеріндегі ақауларды табу; есептеулер орындау үшін арнайы бақылау-өлшеу құралдарын таңдау және қолдану. интерьерді ұйымдастыру бойынша тәжірбиелік жұмыстар орындау барысында. жарықтандыруға (табиғи және жасанды), желдеткіш және жылу жүйесіне қойылатын нормаларды сақтау және қарастыру;
ауқымды аудитория алдында дайын болған өз жұмыстарын таныстыру (көрме, сән көрсетілімі). жарықтандырудың типтік және әртүрлі түрін сипаттау мен анықтау; функционалдық, эргономикалық және эстетикалық талаптарды ескере отырып, интерьердегі жарықтандыруды ұйымдастыру бойынша шығармашылық шешімдер дайындау

06

Мәнмәтіндік тапсырмалар (мәтін, кесте, графика, статистикалық ақпараттар, суреттер және т.б).



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет