Билет 1 Бағалаудың өлшемдік технологиялары пәнінің мақсаты. Оқыту мен оқудағы жаңа әдістер


Билет 9 1.Ұстаздарға арналған бағалаудың рейтингтік жүйесінің мəні



бет11/14
Дата31.05.2022
өлшемі55,94 Kb.
#36011
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Билет 9
1.Ұстаздарға арналған бағалаудың рейтингтік жүйесінің мəні.
2.12 жылдық білім беруге көшу.


9.1.Ұстаздарға арналған бағалаудың рейтингтік жүйесінің мəні.
Рейтингті енгізу мақсаты – мектепте білім алушыларды шынайы бәсекеге қабілетті жағдайда өмір сүруге дайындауға мүмкіндік беретін әлеуметтік орта үлгісін құру. Нәтижесінде білім алушылар нақты әлеуметтік тәжірибе алады, және оны талдаудың негізінде өзіндік, жеке сәттілік стратегиясын анықтауға машықтанады. Рейтингке қатысуға 1–11-ші сынып оқушылары жіберіледі. Білім алушылардың қызметін рейтингтік бағалау жүйесі баяндаудан ұпай жинау мәртебесіне ауысуды қамтамасыз етеді. Ол мектептің білім беру бағдарламасымен қарастырылған білім алушының әртүрлі қызметінің нәтижелерін интегралды бағалауды білдіреді.
Ұстаздарға арналған бағалаудың рейтингтік жүйесінің мәні:

  • оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттырады,

  • олардың танымдық оқу қызметін белсендіреді;

  • жекелеген оқушылардың, сондай-ақ жалпы сыныптың оқу үдерісінің нәтижелілігін, оның қарқынын талдау жағдайын жеңілдетеді;

  • оқушыларға жеке тұрғыдан келудің есебінен сыныпта тәрбие жұмысын жүргізудің жағдайы мен нәтижелілігі жақсарады;

  • ұстаздардың оқу-тәрбие үдерісіне қатысуын белсендіреді, олардың оқу нәтижесіне қызығушылығын арттырады.

Оқушыларға арналған бағалаудың рейтингтік жүйесінің мәні:

  • оқу үдерісін ізгілендіру мен демократияландыру артады және оқушылар өз рейтингін өздері анықтай алады;

  • батылдық, мақсатқа ұмтылушылық, ерік-жігері тәрбиеленеді;

  • оқушылардың өз қызығушылықтарын, бейімдіктерін анықтауға әрі дамытуға, адамгершілігін арттыруға көмектеседі;

  • білім, машықтар мен дағдылар сапасы көтеріледі.



9.2.12 жылдық білім беруге көшу.
Қоғамның дамып өркендеуіне байланысты қазіргі таңда білім саласында ең өзекті мəселенің бірі əлемдік білім кеңістігіне жол ашатын 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу болып отыр. Білім берудің бұл үлгісі əлемнің 80% астам елдерінде қолданылады.
12 жылдық білім берудің негізі адамның жеке тұлғалық қасиетін қалыптастыру болып табылады. Адам тұлға болып тумайды, ол өмір сүру барысында тəрбие арқылы қалыптасады. Тұлғалық туралы адам өзін-өзі танып, өз өмірін өзі жасай бастағанда сөз ету керек. Білімді, шығармашыл, бəсекелік қабілеті мол тұлға тəрбиелеу негізінде Қазақстан Республикасында 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасы жасалып отыр.
12 жылдық білім беру мазмұнының негізгі мақсаты — дамып келе жатқан қоғамда өмір сүруге икемді, қоғам пайдасына қарай өзін-өзі толық жүзеге асыруға дайын білімді, шығармашылыққа бейім, құзыретті жəне бəсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру.
12 жылдық білім беру ерекшелігі — білім беру парадигмасының өзгеруі, яғни білім, білік, дағдыға негізделген білім беру мазмұнынан құзыреттілікке негізделген білім беру мазмұнына ауысу.
Жалпы 12 жылдық орта білімге көшу барысында мына мəселелерге аса көңіл аударылып отыр:

  1. Білім беруге арналған оқулықтар мен оқу құралдарының оқушылардың жас ерекшелігіне сəйкестігі.

  2. Мұғалімдердің білім беру барысында қолданатын əдіс-тəсілдерінің оқушылармен жұмыстың тиімділігін арттыруға мүмкіндік туғызу жағдайы.

  3. Бірінші сынып оқушыларына білім берудің ойын əрекетіне негізделіп, біртіндеп оқу əрекетіне көшу талабының орындалуы, алты жасар баланың ерекшеліктерін ескеру мүмкіндігі.

  4. Оқушының ойы мен тілін дамытудың, олардың еркін сөйлеуін, пікір сайысына қатысу деңгейін байқау.

  5. Берілетін білімнің өмірмен, ұлттық салт-дəстүрлермен, жергілікті өлкетану материалдарымен байланысын қамтамасыз ету мүмкіндігі.

  6. Білім беру барысында мұғалімнің бақылау, тəжірибе əдістерін ұтымды жерінде қолдана білу шеберлігі.

  7. Сабақ мерзімінің 30–35 мин аспауы.

  8. Мұғалімнің оқу-əдістемелік кешендерді пайдалану жəне оған талдау жасау шеберлігі.

  9. Мектеп басшылары мен қоғамдық ұйымдар тарапынан эксперименттік сыныптар мұғалімдеріне көмек беру деңгейі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет