Есімшелердің күрделі құрылымдар жасауға қатысуының парадигмасы
2 Есімшелердің құрмалас сөйлемдер жасаудағы қызметі
2.1 Есімшелердің сабақтас құрмалас жасаудағы қызметі
2.2 Есімшелерлің салалас құрамалас жасаудағы қызметі
2.3 Есімшелер арқылы жасалған күрделі құрмалас сөйлемдер
2.4 Көп бағыныңқылы сабақтас сөйлем
2.5 Аралас құрмалас сөйлем
Кіріспе Қазақ тіл білімінде етістік тұлғасына жатқызып келе жатқан, ерекше бір түрі деп саналатын функционалдық тілдік бірлігі бар. Ол – есімше. Ең алғаш бұл термин 1914 жылдан бастап А. Байтұрсынұлының еңбектерінен бастау алған. Есімше мен көсемше тұлғаларын морфология мен грамматиканың барлық тұлғаларына қатысты сөз етуімізге болады. Ал бұл терминді жаңаша қарастыруға тырысып келген ғалымдар да жетерлік. Дегенмен ең алғаш дұрыс атау берген А.Байтұрсынұлының бөліп қарастыруындай ешкім зерттемеген. Содан бері есімше мен көсемше тұлғалы етістіктердің функционалды жұрнағы аталынып келеді. Дипломдық жұмыстың өзектілігі – есімше тұлғалы сөздердің қолданылу парадигмасы.
Есімше – зат пен субьектінің қимылымен байланысты белгіні білдіретін және анықтауыш ретінде қолданылатын етістіктің бейфенитті тұлғасы деп қарастыруымызға болады. Жалпы есімше туралы анықтамалар қазақ тіл білімінде өте көп кездеседі. Жоғарыда айтылғандай, бір ғалым етістіктің жұрнағы десе, екіншісі финит тұлғасы дейді, енді бірі атрибут тұлға деген, одан ғалымдардың әртүрлі пікірде екені байқалады. Яғни есім сөз бен етістіктің арасында қолданысқа ие екі тұлғалы сөзге де ортақ мәнде қолданылады деп келтіретін ғалымдар да бар. Зерттеу жұмысымның өзектілігі осында, осы мәселелердің ара-жігін ажырата отырып, өз пікіріммен бөлісетін боламын.
Есімшелер – есімдер мен етістіктердің қасиетін бірдей иеленген тілдік құрал деп тануымызға болады. Неге десеңіз, есімдерше септеледі, тәуелденеді және көптеле береді. Сонымен қатар есім сөздің орнына жұмсалып, сөйлемде анықтауыш қызметін де атқара алады. Осы ерекшелігін ескере келе, А.Байтұрсынұлы есімдерше деп алып «есімше» деп көрсетіп кетті. Яғни есім сияқты деген мағынада қолданылады. Бұл бір жағынан есім сөз табынан үстеу сияқты атау сөз ретінде қолданылатыны сияқты деп мысал келтіруімізге болады. Мұндағы айтпағым, үстеу мағынасын тереңірек түсіну қажет, - ше жұрнағы зат есімнің кішірейткіш жұрнағы емес, зат есімнен үстеу тудыратын жұрнақ деп қарастыра аламыз.